Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ

Скачать материал

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ  ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ

                                                      

                                                                Бірманова Қ.И.

мектеп директоры,ЮУМГУ магистрі,

 Рудный қаласы әкімдігінің

«№7мектеп-гимназиясы»КММ

Рудный қаласы,Казақстан

dikon.77@mail.ru

 

             Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие дәстүрлерін,озық әдістерді жинақтап, оны бүгінгі оқушы, ертеңгі ұрпақ тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үдерісінде қолдану уақыт талабы. Тарихтың қатпар беттерінен қазақ патриотизмі ерте кезден бастап қалыптасқан. Патриотизмнің  бастауы, қайнар көзі-отан десек, оның мазмұны –туған жер, ұлттық тіл,салт-дәстүр,тарихи орындар мен ескерткіштер. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына біздің жаңаша дамудың жаңа кезеңі өтіп жатыр. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 27 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сондықтан да болар, Қазақстан қазіргі кезде әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты. Еліміз қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған қуатты мемлекеттердің біріне айналып отыр. Елімізде білім беру саласы да өркениетті әлемнен өзіне лайық орын алу үшін адамзат тәжірибесіндегі озық үлгі, тиімді үрдістерді өз білім беру жүйесіне енгізе отырып, дамудың жаңа сатыларына көтеріліп келеді

Кемел ойлы кемеңгер,елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында   халықтың көкейінде жүрген келелі мәселелер қозғалды. Ел Президентінің пайымды саясатының нәтижесінде еліміз кешегіден бүгіні көш ілгері екені айқын. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауы  да  ел болашағының   жарқын көрінісі.

Осыған дейінгі «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, «100 нақты қадам» бағдарламаларында айтылып келген алғы шарттар, көрсетілген негізгі ойлар-Қазақстан қоғамы дамуының жаңаша жалғасы. Еліміздің терезесі тең елдермен қатар тұруы үшін заманауи инновациялық  технологияларды меңгеру  туралы жан-жақты  айтылды.  Оқушы бойында патриоттық сезімді ұялату, отансүйгіштікке тәрбиелеу де аса үлкен мән-мағына, мектептің даму жоспарында көзделгендей стратегиялық мақсат-міндеттер жатыр. Рухани жаңғырудың  жаңа бағыттағы өсу белесі деп білемін.  Өз елінің патриоты болу білім ошақтарында яғни мектептерден  бастау алатыны сөзсіз.  Қоғам дамыған сайын,  халықтың әл ауқаты жақсарған сайын, кемелдену мен қатар сұраныстың да артатыны анық. Жасыратыны жоқ мектептегі  педагогикалық ұжым да, білім алушылар үшін де көш озық болу, сандық технологиялар арқылы жаңа сапаға, жаңаша санаға ілгерілеуіміз қажет екенін  бағдарлап отыр. Бұл тек мектептерде ғана емес,  барлық салада  жаңа технологиялар енгізілгенде  өндірісте дамып, қарышты қадам жасайды.  Бұған бізді  бүгінде әлемдік тәжірибе дәлелді дәйегімен көз жеткізіп отыр.

    Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  тұғырнамасынан Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани әлеміміздің жаңа бастауы деп түсінемін.Көш бастаған  елдермен қатар жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты.

Озық дәстүрлерді , адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен жарқын келешегі үшін жасалып жатқан  игі қадамдар. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл адамзат  үшін, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.[1] Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді.

«Мәңгілік ел» болуымыз ақыл-парасаты мол,бәсекеге қабілетті, болатыны ақиқат. Әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.  «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

 Алты бағыт бойынша осы тұрғыдан Рудный қаласы әкімдігінің №7мектеп-гимназиясы  білім беруді жаңарту және рухани жаңғыру бағдарламаларының үндестігін, жаңашыл идеялар мен шешімдерімізді, елжанды ұрпақ тәрбиелеу жолында  «ТАҒЫЛЫМ» моделі(сүлбесі) арқылы жүйені ұсынып отырмын.

 

1.Бәсекелік  қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына  қажетті алғышарттар.Бәсекелік қабілет роботты ұялы телефонмен басқару әдісін және белгілі шеңберден кедергілерді тауып шыға­ру, сондай-ақ  роботтар арқылы түрлі жобалар жасау, смарт технологияларды еңсеру, жаңа инновациялық үйірмеміз балалар­дың шығармашылық  қабілеттерін дамытуды, байланыс әдістерін жетілдіруді, техникалық сауаттылықты қалыптастырады. Жалпы, білім жүйесіндегі негізгі тапсырмалар ақпарат жиынтығы мен әдістемелердің топтамасын меңгеруге, сондай-ақ ойлау технологиясын же­тілдіріп, тәжірибе жүзінде қолдануға жол ашады.  «STEAM», «Робототехника», «Bilim Land», «Моноблокты»  орталық ,  «Шұғыла» студиясы, «Алтын көпір»   білімалушыар мен ұстаздармен сандық мультимедиялық қорларды сабақтарда ұтымды пайдалану жолдары ұсынылған. «Үш тілде білім беру», «Үш тілділік» бойынша да мектебімізде әр аптаның сәрсенбі күндері ағылшын бірлестігінің мұғалімдері мектеп мұғалімдеріне ағылшын тілін үйрету мақсатында ақысыз курстар және клубтар жұмыс жасайды.Оқушыларымызды, әріптестерімізді  ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың бастапқы қадамы.

                                                  2. Прагматизм

Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бәр сәт үңілсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.  Алайда ол үшін сананың тазалығы, ақылдың даналығы қажет. Сананың таза болып, ақылдың дара да сара болуы адамның білімділігіне байланысты.Ал адамның білімді болуы, оны білімге ғылымға деген ізденісінің нәтижесінде туындайтын болса,сол нәтижеге жол сілтеу бүгінгі ұстаздың міндеті.  Негізінде өрен жастың өсу  жолындағы ең құдіретті күш-оқу,білім теру,іздену,ғылымды зерттеу.Бұған негіз болушы әрине,ұстаз.  Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан қазақтың шоқтығы биік,дарабоз ақыны  Абай атамыздың  айтқан үнемді болу,  еріншек болмау, қабілетті болу, сол қасиеттерді бойға сіңірту.

Бұл бағыт бойынша «Экоша» экологиялық танымдық клубы, «Атамұра», «Адал ұрпақ»клубы, «Салауаттылық» кешені,«Жерұйық» экологиялық зерттеу зертханасы өз жұмысын жандандырып келеді.

3.Ұлттық бірегейлік

   Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс. Белсенді оқушы, оқушы үні болса онда рухани жаңғыру бағыты мектеп үшін айқын.  Рухани идеология, кез-келген басшы осы бағдарламада айтылған рухани талаптарға сәйкес критерийлер жасап,қадамдар жасауы керек. Ұлттық код- рухани біліктілігіміз.  Болашаққа қандай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз? Бұл мақаланың қазақ тілінде жариялануы тегін емес. Елбасының сабақтастығын идеологиясы деп білемін. Ұлттық код дегеніміз - даналарымыз Абай, Әл Фараби,Жамбыл, Махамбет деп білеміз. Өйткені бұнда намыс, пәлсапа,ғылым,білім жатыр.Бұл ұлт ретіндегі біздің өзгешелігіміз.Ұлттық болмысты сақтай отыра,  сипаттарымызды  өзгерту. Біздің қоғам және біз туралы пікірі. Осы бағытта

«Сөнбес жұлдыздар», «Айбын»клубы, «Қамқорлық кеңесі»,«Толғау» өнер орталығы жалпы оқушыларда патриоттық сезімді  қалыптастыру, біріктіру. Бұл жерде кез-келген оқушы алтын ұя мектебін, кіндік қаны тамған туған жерімен біте қайнасу керек. Клуб, орталықтарға, мектебіне үлес қосу. Прагматизм тұрғыдан қарағанда қолынан келгенше көмек көрсету.яғни осы білім ошағының түлегімін, ұстазымын деген сезім пайда болады.

4. Білімнің салтанат құруы

 Білімді көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет.Білімнің салтанаты мектеп ұжымындағы жалпыға ортақ болуға тиісті.

 Жақсы сапалы білім беру, мүмкіндігін арттыру арқылы  қоғамды тәрбиелеу, жаңа сапаға апару.Болашақты ұрпақпен есептеуіміз керек. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Жаңартылған білім мазмұнында көзделгендей оқушыға серпіліс тудырту. Оқушы сұранысы, қоғам сұранысына сай болу.

«Ұлағат», «Көшбасшылар», «Ізбасарлар», «Тірек мектебі». Табысқа жетудің кілті-білімде екені сөзсіз.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

 Біз тарихтың өткен тағылымдарына ден қоюымыз керек.   Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса,  латын әліпбиіне оралу арқылы біз рухани,  саяси дербестігімізді де нығайта түсеміз. Менің ойымша, тіл  ұлттың  аса ұлы  игілігі әрі оның өзіне тән ажырамас бөлігі. Ұлттық тәлім-тәрбиені іске асыратын ұлттық тіл екені даусыз. «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Жаңа кезең. Сенім мол. Эволюциялық жолмен жауап беру керек сияқты. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімді адамдар ғана табысқа жетеді

 Оқушымен кері байланысқа түсу, бетбұрыс жасау. Мұны үнемі әкімшілік қадағалап отырады. Мектебіміздегі «Тұлға » жобасына сеніміміз мол.   Жаңа ұрпаққа бағытталған білім,ғылым, өнерді ұштастырып өзінің тұлға екенін көрсету.Білімнен нәр алып,  оқуға деген уәжі арту керек. Бізде формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Жаңартылған білім мазмұны  білімдегі сүбелі үлес. Ендеше  эвалюциялық даму қағидасы әрбір оқушының жеке басының дербес бағдарына айналуы тиіс.  Осы тұрғыдан ауқымды, дүниетанымдық , рухани жұмыстарымыз  «Цифрлы кітапхана» бар ресурстармен шектелмей одан әрі толықтыру, «Тұлға» жобасы рухани-адамгершілік, зияткерлі құзыреттілігін көтеру, «Адам ізі» тарихи-географилық зерттеулер, мұражайлық қызмет, киелі жерлерге зерттеу жүргізе отыра, жаңа  бағытты айқындайды,санаңды сәулендіреді, өркениет өріне жетелеуде өзіндік үлес қосады. «Мирас» этноауыл өзін көшпенділер бейнесінде сезініп, өткен жүзжылдықтардың оқиғасын басынан өткеруге жағдай туғызатын нағыз мүмкіндік беретін шара болмақ. Ата-ана,  қала жастары, білім ошақтары қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен және дәстүрімен таныса алады,  көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасына тап болады.Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнері фестивалі, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптар, көрмелер,  ұлттық спорт жарыстары  өтеді.

 

6.  Сананың ашықтығы

 Сананың ашықтығы Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ.Сондықтан қоғам  талабына сай,қоғамды көркейтетін, дамытатын  яғни біздер. Тәжірибесі бай, түйгені мол, қосар кеңесі көп жандардан үлгі алып, сол рухани білім баспалдағын жалғастыратын келешек ұрпақ. Тәжірибе негізі-ғылым, даналық негізі-білім деп қазақ халқы біліммен ғана бәріне қол жеткізетіндігін мақалмен сөзін өрнектеп әрлеген.Бүгініңнен ертеңім биік деп алдына үлкен мақсат қоя білген. Заманалар өзгерді. Заманалармен бірге нормалар да жаңарды. Адамзат қауымы ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан сайын ақыл-ой деңгейі биіктей береді,талғамы да өзгере өседі. Әр қадам сайын өзі үшін үнемі жаңалық ашады. Қоғамымыздағы түбегейлі өзгерістер әрқайсымыздың белсенділігімізді арттырып, ой-өріс, санадағы өрлеуге жаңа жол ашып отыр. «Ғылымға жол»жобасы, «Бизнеске қадам» алаңы, «Білімдегі жаңалықтар» редакциясы, «Даналық-сөз кілті», «Алтын қалам», «Дарабоз» зияткерлі жобасы. Жас ұрпақты, жастарды қолдаудың тиімді жүйесін жасау оқушыларды ынталандыратыны сөзсіз. Оқушыларды белгілі бір тақырыптар бойынша ғылыми жобаларға қатыстыру, елдің дамуына қажетті ғылым үшін алдына мақсат қойып, нәтижеге жетуде өздерін қамшылау жас ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі екені анық. Рухани жаңғыру мен жаңартылған білім мазмұны бағдарламалары  кәсіби қызметке шеберлік, жаңаша серпін береді. «Тағылым» моделінен күтілетін нәтиже жоғарыда келтірілген    6 бағыт бойынша  көш озық, қарышты қадам жасап қана қоймай, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру жолы, жаңа талап, жаңа ой, қарышты қадамдарды  іске асыру мақсат, міндеті тұр.  Ел біздікі деген үндеуге келіп саяды. Бұл  өз кезегімізде  білім беруді жаңарту және «рухани жаңғыру» бағдарламаларының жаңартыған бағдарламалардың үндесуі,жасалған бастапқы қадамдар. Тұлға тәрбиелеудегі басты мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу. Рухани жаңғыру мен Отансүйгіштік тәрбиелік бірінсіз бірі болмайтын  тұтас  жүйе.  Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Өткен-бұл біздің мұрамыз, Бүгінгі- біздің жауапкершілік, Келешек- батыл қадамға шақыру. Өзгерістің өзімізден басталатынын ұмытпағанымыз абзал!

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Шарипова О. Ұлттық тәрбие-патриоттық сезімнің негізі // Бастауыш мектеп. 2007.№ 4. б.15-17. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие дәстүрлерін,озық әдістерді жинақтап, оны бүгінгі оқушы, ертеңгі ұрпақ тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үдерісінде қолдану уақыт талабы. Тарихтың қатпар беттерінен қазақ патриотизмі ерте кезден бастап қалыптасқан. Патриотизмнің бастауы, қайнар көзі-отан десек, оның мазмұны –туған жер, ұлттық тіл,салт-дәстүр,тарихи орындар мен ескерткіштер. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына біздің жаңаша дамудың жаңа кезеңі өтіп жатыр.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 711 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2020 579
    • DOCX 169.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бирманова Кымбат Исланбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бирманова Кымбат Исланбековна
    Бирманова Кымбат Исланбековна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20659
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе