346307
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеКонспектыСабақ. "Мен және менің отбасым"

Сабақ. "Мен және менің отбасым"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Қоршаған ортамен таныстыру

Жеке белемен жүргізілетін жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «Мектеп. Отбасы. Қоғам»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: балаларға мектеп туралы түсінік беру, оқу құралдарымен

таныстыру, аттарын атауға үйрету.

ә) Коррекциялығы: Баланың танымдық әрекеттерін жетілдіру.Көру

арқылы қабылдау түйсігін дамыту.

б) Тәрбиелігі: Мектепті құрметтеуге, оны қадірлей, бағалай білуге

тәрбиелеу.

Көрнекілік: Суреттер, оқу құралдары

Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу


Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Баланы психологиялық жағынан тақырыпқа дайындау

Балаларды партаға отырғызып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау, тәрбие сағатына назар аудару.


ІІІ. Жаңа сабақ

Сәлем достар, балалар!

Жаңа білім күніңмен!

Сағынғаннан сендерді,

Ұйқтағам жоқ түнімен.


Білім күні мереке,

Ән салсам да әдемі.

Туған тілім – береке,

Сөз арнасам кәделі!

Құрметті балалар, сендерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!

Суретке назар аудару, сурет көрсету.

- Мынау – мектеп.

- Мектепке кімдер барады?

- Мектепте балалар не оқиды?

- Мектепте оқығыларың келеді ме?

-Мектепте балаларға сабақты кім береді?

- Мектеп қызметкерлерін қалай атаймыз?

Енді балалар, осы мектептің тәртібі ерекше болады. Сабаққа кешігіп баруға болмайды. Сабақта тыныш отыру керек. Сабақты жақсы отыру керек. Жақсы оқыған балаларға мұғалімдер қандай баға қояды?

Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы – жеткіншек ұрпақтарды білімді, тәрбиелі, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеу.

Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата- ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады.

Сол себепті ата – ана баласының оқып жүргеніне немқұрайлы қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне де, отбасына да, мектепке де, қоғамға да көптеген реніш әкеледі. Ата – ана осыған байланысты баласының мектепке барған күннен оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап, көмектесуі керек.

Олардың кітап оқуына, мәдени тынығуына жағдай жасап көмектесу қажет. Кітапханаға жазғызу: сөздік қоры молаяды, ойын дұрыс жеткізуге үйренеді.

Көптеген ата – аналар нарық ықпалымен қаржы табу мақсатында жүріп, баланың сабақтан тыс уақытындағы жайынан бейхабар болып, қадағалаусыз қалдырып, барлық жауапкершілікті мектепке артады.

Кейбір жастар сабақ оқымай, бос жүріске салынып, қоғамға жат іс - әрекеттерге үйренуге бейім тұрады. Бұл қоғамға өте қауіпті.

Міне осындай тәртіпсіздікті болдырмау үшін, ата – ана мектеппен бірігіп байланыста болу керек.

- Балалар, сабақты жақсы оқу үшін. Бестік баға алу үшін балаларға қандай оқу құралдары керек?

Қане, кім айтады, оқу құралдарына не жатады?

- Кітап, дәптер, ручка, қалам, сурет дәптер, сызғыш, портфель, өшіргіш, бор, тақта т.б.

- Балалар, өте жақсы, енді мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер мұқият тыңдап, жұмбақтың шешуін тауып көріңдер.

«Өзі қап – қалың, ішін ашсаң ішінде тізбектеліп жазылған әріптер көп. Әріптерді оқысаң өте қызық және білімің тереңдеп сауатың ашылады».

- Ол не?

-Шешуі: «Кітап»


ІҮ. Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Дәптер дегеде отырып,

Қалам дегенде тұрайық.


Ү. Бекіту 1. Дидактикалық ойын

«Қол соғу»

Мақсаты: оқу құралдары білімдерін тереңдету, айтқанды мұқият тыңдауға үйрету.

Ойын шарты: Мен сендердің нені дұрыс есте сақтап қалғандарыңды тексеремін. Әр түрлі заттардың аттарын айтамын, сендер тек мектепке қажетті заттарды атағанда ғана қол соғасыңдар.



2. Дидактикалық ойын «Не жоқ»

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Тақтаға оқу құралдарының суреті ілінеді, балалардың көздері жұмулы отырады. Педагог тақтада ілулі тұрған бір суретті алып тастайды, балалар ненің суреті жоқ екенін табады.


ҮІ.Қорытынды.

Балалар біз бүгін не жайында әңгімелестік?

- Мектеп жайында не айтасыңдар?

- Оқу құралдарын ата


ҮІІ. Бағалау























Қоршаған ортамен таныстыру

Топпен жүргізілетін жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің отбасым»

Мақсаты: а) Білімділік: отбасы туралы жаңа сөздер енгізіп, отбасы мүшелерін атау. Отбасында үйлесімді қарым – қатынас жасауға үйрету.

ә) Коррекциялық: Отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту. Сұрақ – жауап арқылы сұхбатқа үйрету, баланың сөздік қорын байыту.

б) Тәрбиелілігі: Отбасындағы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: Отбасы мүшелерінің мазмұндық суреттері.

Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу

Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Баланы психологиялық жағынан тақырыпқа дайындау.

Шаттық шеңбері

Балалар қол ұстасып, шеңберге тұрып, Е. Өтетілеуовтың «Біздің шаңырақ» өлеңін апайымен бірге қайталайды.

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар;

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін, еремін!

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақ

- Балалар жайланып отырып, көздеріңді жұмып өздеріңнің отбастарыңды, үйлеріңді көз алдарыңа елестетіңдер.

Үйіміз қандай әдемі.Бөлмеміз жайлы, жинақы. Бөлмедегі әр нәрсе өз орнына қойылған.

Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз, қарындасымыз дастарқан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!

Көздеріңді жайлап ашып, ойларың сезімдеріңмен бөлісейік.

Сұрақ – жауап арқылы баламен әңгімелесу

- Отбасыларыңда бір – бірлеріңді қалай еркелетіп атайсыңдар?

- Сендер өз отбасыларыңды қандай істеріңмен қуантасыңдар?

- Ал, олар сендерді қалай еркелетеді?

Балаларға өз отбасына сүйіспеншіліктерін білдіріп, айтқызу мақсатында «Менің отбасым» ойынын жүргізу

Ойын «Менің отбасым»

Шарты: балалар шеңберге тұрып, кезекпен өзінің отбасы туралы жағымды сөздер айтады.

Менің отбасым - көңілді ,

Менің отбасым - мейірімді,

Менің отбасым - бақытты,

Менің отбасым - тату,

Менің отбасым - әдемі,

Менің отбасым – қайырымды,

Менің отбасым – қонақжай,

Менің отбасым – сыйласымды.


Ү. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біз мейірімді баламыз!

Біздер тату боламыз,

Гүл – гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз

ҮІ. Бекіту Дәптермен жұмыс

1. Сурет салу

Шарты: Балаларға ақ қағаз, қалам беріп, қағазға өз үйлерінің суретін салғызу.

ҮІІ. Қорытынды

- Балалар, бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, оларға көмектесуге үйрендік.

ҮІІІ. Бағалау




Қоршаған ортамен таныстыру

Жеке баламен жүргізілетін жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «Күз мезгілі»

Мақсаты: а) Білімділік: баланың күз мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, күз мезгілінің ерекшелігін бақылау.

ә) Коррекциялық: Сұрақ – жауап арқылы сұхбатқа үйрету, баланың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

б) Тәрбиелілігі: табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Күзгі аула бағы, суреттер

Әдіс –тәсілі: Сұрақ – жауап, көрсету, жомарт күз

Жаңа сөздер: дымқыл, жомарт күз, ызғар.

Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Баланы психологиялық жағынан тақырыпқа дайындау.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау

Отбасы мүшелерін ата

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар;

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін, еремін!

ІҮ. Жаңа сабақ

Жауып жаңбыр,

Жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады,

Бұл қай кезде болады? (Күз)


  • Қазір жылдың қай мезгілі екен?

  • Күз мезгілі екенін қайдан білдің?

  • Адамдар күзде қалай киінеді?

  • Күз туралы не білесің?

  • Күз мезгілінің қандай белгілерін білесің?

Балаға күз мезгілі туралы түсінік беру.

-Күз мезгілі басталысымен балалар мектепке берады, жемістер мен, көкөністер піседі. Ағаштардың жапырақтары түсін өзгертеді; сарғаяды, қызыл, болады. құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар егінін жинай бастайды. Күзде ауа райы жиі суытады. Аспанды бұлт жабады, суық жаңбыр жиі жауады. Гүлдер мен шөптер қурайды.

Ү. Сергіту сәті

Ал, балалар тұрмаңдар!

Өнімдерді жинаңдар.

Мына қатар – жемістар,

Мына қатар – көкөніс.

Түгел жанап алыңдар

Мол өнімді алтын күз 2-3 рет


ҮІ. Бекіту

«Көп - біреу» түсінігін бекіту

Мақсаты: біреу және көп ұғымының айырмашылығын ажырата білу.

Шарты: баланың назарын екі ыдысқа аудару. Бірінші ыдысқа сары, жасыл түсті жапырақтар жиналған, ал екінші ыдыс бос тұр. Педагог қолына жапырақ алып:

-Мен қанша жапырақ алдым?

- Біреу

- Ал, ыдыста қанша жапырақ қалды?

- Көп.

- Мен қазір бір – бірлеп жапырақты қолыма алып жинаймын, ыдыстағы жапырақ шоғы біртіндеп азая береді.Соңында ыдыста бір де бір жапырақ қалмайды – деп қимылмен көрсету.


ҮІІ Қорытынды. Сұрақ – жауап

Күз мезгілі қандай болады?

  • Күде қандай құбылыстар болады?

  • Күз мезгілі ұнады ма?

ҮІІІ. Бағалау.





Общая информация

Номер материала: ДВ-441438

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Основы туризма и гостеприимства»
Курс «Инспектор по кадрам»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Страхование и актуарные расчеты»
Курс профессиональной переподготовки «Основы организации рекреационной деятельности и лечебного туризма»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс повышение квалификации «Информационная этика и право»

Комментарии:

9 месяцев назад

Рахмет сіздерге барша Қызылордалық тұрғындардан! Мен сіздермен біргемін рахметттт!

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.