Инфоурок Информатика Другие методич. материалыСабақ жоспары "Электрондық почта"

Сабақ жоспары "Электрондық почта"

Скачать материал

Тақырыбы: Электрондық пошта қызметі

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Электронды пошта  туралы білімдерін кеңейту. Электронды поштаның жетістіктері және оның адам өміріндегі маңызы  туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту. Топтық жұмыс арқылы белсене жұмыс жасауға ұмтылу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, комуникативтілікке, өз-өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі: Тәжірибелік сабақ 

 

Сабақтың әдісі: Интерактивті оқыту

 

Сабақтың уақыты: 90 минут

 

Өтетін орыны: 302 кабинет

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Power Point бағдарламасы, Padlet.com виртуалды тақтасы, «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық», тірек сызбалар, үлестірмелі қағаздардағы тапсырмалар.

 

Сабақтың жоспары:

 

1. Сабақты ұйымдастыру;

-  студенттермен сәлемдесу;

-  олардың сабаққа қатысын және аудиторияның әзірлігін тексеру.                 2 мин.

2. Үй тапсырмасын тексеру (шығармашылық жұмысты қорғау).                     15 мин.

3. Тәжірибелік сабақтың тақырыбын хабарлау және мақсат қою                     2 мин

4. Тірек білімін өзектендіру.                                                                                  3  мин.

5. Болашақ мамандарға арналған осы тәжірибелік сабақтың қажеттілігін ашып көрсететін оқу қызметінің негіздемесі                                                                                           5 мин

6. Тәжірибелік сабаққа берілген тапсырманың орындалуы бойынша нұсқау 13 мин

7. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеулерін ұйымдастыру және тапсырманың орындалу барысын бақылау                                                                                                        30 мин

8. Сергіту сәті                                                                                                          5 мин

8. Тәжірибелік сабақтың қорытындысын шығару                                              10 мин

9. Сабақтың қорытынды бөлімі                                                                             5 мин

а) үйге тапсырма

б) оқушыларды бағалау

 

І. Сабақты ұйымдастыру.

-  студенттермен сәлемдесу;

-  олардың сабаққа қатысын және аудиторияның әзірлігін тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (шығармашылық жұмысты қорғау)

1.      Интернет

2.      Интернеттің ақпарат іздеу қызметтері

3.      Әлеуметтік желілер

 

ІІІ. Тәжірибелік сабақтың тақырыбын хабарлау және мақсат қою

«Электрондық пошта қызметі»

 

ІV. Тірек білімін өзектендіру.

Білуі керек:

Электронды хат дайындайтын бағдарламалар;

Outlook Express бағдарламасын;

E-mail электронды поштасының қызметтерін.

Істей білуі керек:

Хатты дайындау;

Хатты жіберу, қабылдау;

Электронды пошта құру.

 

V. Болашақ мамандарға арналған осы тәжірибелік сабақтың қажеттілігін ашып көрсететін оқу қызметінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.

Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет. Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады.

Электрондық пошта не үшін қажет?

Электронды почта медицина саласында

 

VІ. Тәжірибелік сабаққа берілген тапсырманың орындалуы бойынша нұсқау

Алғашқы пошта жәшігі XVI ғасырда Флоренцияда пайда болды. Ол ағаштан жасалып, «тамбур» деп аталды. Негізінен арнайы шағымдарды салу үшін шіркеулер маңына орналастырылды.

1820 жылы Брайтондағы қағаз сатумен айналысатын Бревер деген саудагер кәдімгі конвертті ойлап тапты.

1840 жылы Ұлыбританияда пошта маркасының шығарылуы осы сала тарихының ең маңызды тұсы болды

Қазір Бүкіләлемдік пошта одағында әлемнің 189 елі бар.

Қазақстанда ресми пошталық байланыс бөлімшесі алғаш рет 1860 жылы Алматы қаласында (Верныйда) ашылды.

Электронды поштаның  пайда болуын 1965 ж жатқызуға болады. Осы жылы Массачусетк-технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды

1971 жылы BBN компаниясының қызметкері Рэй Томлинсон тарату желісі арқылы хат жіберу мүмкіндігіне қол жеткізді.

1972 жылы Рэй Томлинсон пошталық бағдарламасын жаңартып, Интернетке дейінгі, ARPANET желісіне сай жасады.

1975 жылы Джон Виттал ‘‘MSG’’ бағдарламасын жасап шығарды. Ол келген хатқа жауап беру, келіп түскен хаттарды қайта жіберу, сұрыптау мүмкіндігін іске асырды.

Электрондық пошта-(ағылшынша email, e-mailelectronic mail) интернет арқылы электрондық хабарларды жіберу және алу қызметтерін көрсететін технология  («хат» немесе «электрондық  хабарлама» жіберу). Басқа да осындай жүйелерден айырмашылығы (мысалы, тікелей хабарласу қызметтерінен) кейінірек жіберу мүмкіндігі және тәуелсіз пошта серверлері арасында хабар алмасудың өте дамығандығы.

Электрондық поштаны пайдалану үшін интернетте осы қызметті ұсынатын және жүзеге асыратын компаниялардың сайтында тіркелу керек. Мұндай компанияларды пошта-провайдерлері деп атайды.

Дүниежүзілік пошта провайдерлері:

www.hotmail.com - Microsoft компаниясы

www.gmail.kz - Google компаниясы

www.inbox.com – шет елдік

www.ojooo.com - шет елдік

Ресейлік пошта провайдерлері:

www.mail.ru – mailru

www.rambler.ru – Rambler

www.yandex.ru - Yandex

 

Пошта қызметін пайдалану

Электрондық пошта қызметін пайдалану үшін ең алдымен провайдер сайтына кіріп, сұраныс беру керек, оны басқаша - register, регистрация, тіркелу дейдіБұл әрекетті сайттағыПошта”, “Пошта жәшігін ашунемесе осыған мағыналас арнайы формада жүзеге асырады. Ол әдетте сайттың бір шетінде, анық көрінетін жерде орналасады.

Регистрациябатырмасын тышқанмен шерткенде арнайы тіркелу беті, онда тіркелу формасы ашылады. Бұл форманы өте мұқият толтыру керек.

Пошта провайдерінен e-mail адрес, логин мен пароль алу

Пошта провайдеріне тіркелгеннен кейін жаңадан ашқан пошта жәшігіңізге оның e-mail адресі, логин мен пароль келіп түседі.

E-mail адресі, мысалы, былай жазылады:

askar16@mail.ru , B.dulat@gmail.kz , Kuat_Yerjan@mail.kz

@ таңбасы міндетті түрде жазылады. Оны - айқұлақ дейміз. Оның сол жағына қолдаушының аты-жөні немесе логині, ал оң жағына провайдердің атауы мен елдің аты көрсетіледі. Оларды - домен немесе - үйшік дейміз.

Пошта клиенті программалары

Outlook Express - Windows 98-XP операциялық жүйелерімен бірге орнатылатын өте ыңғайлы да шағын пошта клиенті.

Microsoft Office Outlook Microsoft Office пакетінің құрамына кіретін пошта клиенті. Ол - поштадан басқа жұмыс пен жұмыс орнын жанжақты ұйымдастыру қызметі бар, яғни өте білікті хатшы міндетін атқара алатын қуатты программа. Сондықтан да оны органайзер, яғни ұйымдастырушы деп атайды.

Windows Live Mail Windows 7, 8 операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін пошта клиенті. Жүйеге бөлек орнатылады.

ThundderbirdMozilla фирмасы жасаған атақты да өте қуатты пошта клиенті. Мүмкіндіктері өте жан-жақты. Және интернетте тегін таратылады.

Спам және онымен күрес

Электрондық поштамен көп мөлшерде бөтен, яғни сізге арналмаған хабарламалар келеді. Олар не адресі жоқ, мағынасы да жоқ, тіпті түсініксіз тілдерде жазылған, дөрекі мазмұнды сурет пен клиптер алып келеді. Ең жаманы – дәл осындай қаңғыбас хаттар арқылы Интернетте зиянкес вирустар мен программалар таратылады. Мұндай «шақырусыз» келетін күтілмеген, бетпақ хаттарды СПАМ деп атайды.

СПАММЕН күресу үшін түрлі әдістер ойлап табылған – хаттарды спамға фильтрлеу (сүзгілеу), спам хатты және оны тарату көздерін дәл анықтау, спам тарату көздерін жауып тастау (блокирование).

ЕСКЕРТУ! Өзіңізге арнайы келмеген, бөтен жазуы бар, бөтен тілде, белгісіз біреулерден келген хабарламаларды ашып көрмеңіз! Бірден жойып тастаңыз.

 

VII. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеулерін ұйымдастыру және тапсырманың орындалу барысын бақылау

 

·         Пошталық серверлерге кіріп электронды тіркелі

·         Пошта жәшігіне кіріп материалдар жіберу

·         Пошта жәшігіне кірістірілген материалдармен танысу

 

VII. Сергіту сәті

  1. Миға шабуыл
  2. Мақал-мәтілдің түпнұсқасын ата

 

VIII. Тәжірибелік сабақтың қорытындысын шығару

 

ІХ. Үйге тапсырма: «Электрондық пошта қызметі» Тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтап, шығармашылық жұмыстану. 2016-2019 жылдарға аранлған денсаулық бағдарламасын «kgs-76@mail.ru» электронды поштасына жіберу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Электрондық почта""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Рейтинг: 5 из 5
  • 19.01.2018
  • 1017
  • 7
«Информатика», Босова Л.Л., Босова А.Ю.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2018 3665
    • DOCX 29.5 кбайт
    • 66 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гупранов Канат Сагындыкович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гупранов Канат Сагындыкович
    Гупранов Канат Сагындыкович
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 32544
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 806 человек

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе