Инфоурок География КонспектыСабақ жоспары география пәнінен тақырыбы: «Көлдер» (6 сынып)

Сабақ жоспары география пәнінен тақырыбы: «Көлдер» (6 сынып)

Скачать материал

Сабақ:  № 34                    

Сыныбы:  6 «А»                           

 Күні: 12.01.2016 ж.

 

Тақырыбы:  Көлдер

 

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға көлдер, көл қазаншұңқырларының пайда болуы, шаруашылыққа маңызы  жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

 

Болжамдап отырған нәтиже:  Көлдермен танысқан тұлға.

 

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.             4. Б.Ү.Ү. кестесі.              

                              2. Әңгіме-дәріс.              5. Кестемен жұмыс.

                              3. Топтастыру.             6. Тірек-сызбамен жұмыс.       

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

                            

Сабақтың жоспары:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

            Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Өзен бөліктері.

2. Өзенге жер бедерінің әсері.

3. Шоңғалдар.

4. Сарқырамалар.

5. Өзеннің шаруашылыққа маңызы.         

Қорытындылау.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

            Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

            Топтастыру арқылы ежелден бері адамзатқа қызмет етіп келе жатқан көлдерді түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3. Кестемен жұмыс.

            Кесте арқылы ағынды, ағынсыз көлдерді  түсіндіру.

 

Ағынды көл

Өзен ағып шығады. Зайсан көлі.

Ағынсыз көл

Өзен ағып шықпайды. Балқаш көлі.

 

 

4. Тірек-сызбамен жұмыс.

            Тірек-сызба арқылы көл қазаншұңқырларын түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қорытындылау.

 

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

 

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

            Үйге: Көлдер. жоспар бойынша көлге сипаттама беру: 1) көлдің атауы, 2) географиялық орны, 3) қалай пайда болғаны; 4) ағынды не ағынсыздығы; 5) көлдің батпаққа айналу қаупінің бар-жоқтығы; 6) көлдің шаруашылық маңызы; 7) экологиялық проблемалары.

 

 

 

 

                Мұғалім ең алдымен «өзен» деген ұғымға анықтама береді. Содан кейін өзеннің элементтерін сипаттайды. Ол үшін оқулықтағы «Өзен аңғарларының көлденең қимасы» суретін немесе тақтаға сызылған қарапайым сызбаны қолдануға болады. Содан кейін өзен жүйесіне сипаттама береді. Ол үшін мынадай сызбаны қолдану қажет: бастау, орта ағысы, оң саласы, сол саласы, көл (бастау), бұлақ, жоғарғы ағыс, сол жағасы, саға, оң жағасы, теңіз. Мысал ретінде жергілікті өзенді немесе оқулықтың мәтініндегі мысалды ала отырып бастау, сала, өзен аңғары, саға, атырау, өзен алабы, су айрықтары, жоғарғы, орта, төменгі ағысы сияқты ұғымдарды қалыптастыру қажет. Бұл ұғымдарды қалыптастыру барысында олардың ерекше, өздеріне ғана тән белгілеріне оқушылардың назарын аудару қажет. Мұнда оқулық суреті, карта, сызба суреттер пайдаланылады. Ірі өзендердің атырауы өте үлкен болады. Мысалы, Амазонка өзені атырауының аумағы 100 мың км2. Оқушыларға өзен ағысының бағыты туралы түсінік беру үшін мұғалім төмендегідей сұрақтарды пайдаланады.

- Қалай ойлайсыңдар, өзендердің ағу бағыты неге байланысты? Жазық жерде және талы өңірде судың ағысы қандай болады? 

«Өзендердің суға молығуы», «су тасуы», «тасқын» ұғымдары эвристикалық әңгімелесу арқылы қалыптастырады. Бұл жерде жергілікті өзенді мысалға алып, оқушылардан мынадай сұрақтарға жауап алған жөн. Мысалы, 1) неліктен өзен көктемде тасиды? 2) қандай кезде суы азаяды? Оның себебін түсіндіріңдер.

Оқушылардың «көл» туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін оның анықтамасын береді. Көлдің өзеннен айырмашылығы – ол бір бағытта ағып жатпайды, ал теңізден айырмашылығы  - оның мұхитпен тікелей байланысы жоқтығында. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болады. Табиғатта ауданы  бірнеше шаршы метр ғана болатын өте шағын көлдер де кездеседі. Сонымен қатар «теңіз» деп аталатын көлдер де бар. Қазақстан аумағында қандай көлдерді теңіз деп атайтынын сұрайды. Қазақстан аумағында 48 мыңға жуық көл бар. Оның көбі Көкшетау өңірінде (оқушылар карта бойынша табады).  Қазақстан аумағында Арал, Балқаш сияқты үлкен көлдер орналасқан.  Ал енді, балалар, ойланып көрейік, көл қазаншұңқырлары қалай пайда болады екен? Неліктен олар әр түрлі болып келеді?  Жер шарындағы Байкал, Рудольф, Танганьика, Ньясса сияқты терең көлдер, сондай-ақ біөздің еліміздегі Зайсан, Бурабай, Шарбақты көлдері тау жасалу үрдісі кезінде пайда болған. Ал таудың опырылуы салдарынан өзен аңғарлары бөгеліп қалған жағдайда бөген көлдері пайда болады. Көлдердің үшінші түрі – қалдық көлдер, олар – бір кездегі үлкен теңіздің бөлігі. Сөнген жанартаулардың кратерлерінде пайда болған көлдерді жанартаулық көл деп атайды. Жазық жерлердегі өзендердің ескі арналары кішігірім көлдерге айналады. Оларды қарасу деп атайды.      Суретке қарай отырып және мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, оқушылар әр өзенде арна, жайылма, террасалар, жаға болатынын ұғынады.

Кейін өзен жүйесін сипаттамасына келесі анықтамаларды жазып алады: өзен алабы ол өзеннің және оның салаларының су жинайтын жері. Атырау – өзеннің көлге немесе теңізге құятын сағалық бөлігінде өзен тасқынынан пайда болатын тармақ пен тарамдар торына тілімделген ойпат. Оқушылар мұғалімнің мысалдарын қарай отырып, өздері карта бойынша кейбір өзендерге сипаттама беруге тырысады.

Кейін мұғалімнің қойған сұрағына жауап іздей отырып, өзеннің ағатын бағыты жер бедерінің еңістігіне байланысты екендігін түсінеді. Сонымен бірге жер бедері өзендердің ағыс сипатына одан да көбірек әсер ететінін аңғару керек. Нәтижесінде жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу, ал тау өзендері жылдам, көбік шашып, гүрілдеп ағатынын айту керек. 

Жергілікті жердің метериалын пайдалану оқушылардың білімді тиянақты меңгеруіне көмектеседі. Бұл жағдайда, басқаша айтқанда индуктивті-дедуктивті әдіс қолданылып, себеп-салдар байланыстарын оқушылардың өздері айқындайды. Өзендер молығуының негізінен төрт көзі бар. Олар жаңбыр, қар, мұздық және жер асты сулары. Көп өзендердің қоректенуі аралас болып табылады. Олай болуына жыл мезгілдерінің ауысып тұруы және ағып өтетін ауданы әсер етеді. Жыл маусымдарына қарай өзендегі судың мөлшері өзгеріп отырады. Өзен деңгейінің, яғни оның су мөлшерінің өзгеру заңдылықтарын олардың режимі дейді – деген қорытынды айтылады. «Шоңғалдар» мен «сарқырамалар» ұғымдарын қалыптастыру үшін оқушылардың тау жыныстары туралы білімдері еске түсіріледі. Оқулықтың мәтініндегі түсініктемелерді дәптерлеріне жазып, олардың зиянды және пайдалы жқтары айтылады. Оқушылар ірі сарқырамаларды картадан көрсетіп, неліктен ол сол жерде орналасқанына байланысты өз божамдарын айтады.

«Көлдің» анықтамасын жазып алады: көлемі жағынан ауқымды, жер бетіндегі суға толған табиғи тұйық шұңқырлар.

Оқушылар мұ,алімнің сұрағына Каспий мен Арал теңіздерін атайды және олардың «теңіз» деп аталуына әр түрлі болжам жасайды. Мұнан кейін оқушылар атлас немесе картаны ашып, оларға қандай өзендер құятындығын анықтайды. Көлдердің ең терең жерлерін картадан табады және қай бөліктері тереңірек екенін анықтайды. Кейін карта бойынша Қазақстан аумағында көлдің шоғырланған жерін табады. Мұғалімнің көлдер туралы әңгімесінен кейін неліктен көлдер ағынды және ағынсыз деп аталатынын айтады. Осыған байланысты картадан ағынды, ағынсыз көлдерді көрсетеді. Көлдің батпаққа айналуын оқушылар оқулықтың суретін талдау кезінде меңгереді. Кқлдердің шаруашылық маңызы туралы оқушылардың өздері айтуы керек.

3       Жаңа тақырыпты бекіту үшін оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа тапсырма беріледі. Бірінші топ – Ертіс өзеніне, екінші топ – Миссисипиге, үшінші топ Конго өзеніне сипаттама береді. Сипаттама мынадай жоспар бойынша оындалады: 1) географиялық орны (қай материкте орналасқан, қандай мұхит немесе теңіздің алабына жатады, бастауы, сағасы, салалары туралы мәліметтер); 2) ағысының сипаты (таулы, жазық); 3) өзен қай кезде тасиды, қай кезде сабасына түседі; 4) өзенде сарқырамалар мен шоңғалдар бар ма? 5) шаруашылықта қалай пайдаланады; 6) экологиялық проблемалары. оқушыларға физикалық картадан Еділ, Енисей, Амур, Конго, Амазонка, Миссипи өзендерін тауып, оларды кескін картаға түсіруге тапсырма беріледі.     Оқушылар мұғалімнің берген жоспары бойынша өзендерге сипаттама береді. Кейін оқушылардың жауаптарын тыңдап талдайды. Қателері түзетіледі. Өзенді сипаттағанда картаның алдында жұмыс істеулері талап етіледі.

Кейін кескін картамен жұмыс ітейді: кескін картаға  Еділ, Енисей, Амур, Конго, Амазонка, Миссипи өзендерін түсіреді.

4       Сабақты оқушылардың өздеріне қортындылатады. Ол үшін келесі сұрақтарды қояды: Бүгінгі сбақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?    Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қортындылайды: бүгінгі сабақта өзендер мен көлдер туралы, олардың түрлерін, ерекшеліктерін білдік. Картамен, кескін картамен жұмыс істеу қызықты болды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары география пәнінен тақырыбы: «Көлдер» (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.04.2016 2871
    • DOCX 24.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бугенбаева Сания Сматқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бугенбаева Сания Сматқызы
    Бугенбаева Сания Сматқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 284930
    • Всего материалов: 51

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1000 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 383 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 445 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 14 регионов

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе