Инфоурок Литература Рабочие программыСабақ жоспары 1курс "АҚШАЛЫ және ҚАРЖЫ ЕСЕП БЕРУ ҚҰЖАТТАРЫ"

Сабақ жоспары 1курс "АҚШАЛЫ және ҚАРЖЫ ЕСЕП БЕРУ ҚҰЖАТТАРЫ"

Скачать материал

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

Тараз қаласы

Пәні: Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Оқытушы: Оралбаева А.С.

 «Есеп және аудит» мамандығы

Тобы: 1УиА-19-1

 

Ақшалы және қаржы есеп беру құжаттары

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы:  Ақшалы және қаржы есеп беру құжаттары

Сабақтың түрі:  Интерактивті сабақ

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру, кубизм,               

                               Венн диаграмасы

Сабақтың мақсаты:

         Білімділік: білімгерлерге ақшалы және қаржы есеп беру құжаттары туралы түсінік  бере отырып, білімдерін нығайту, жетілдіру.

         Дамытушылық: білімгерлердің логикалық ойын, тілін дамыта отырып, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

         Тәрбиелік: мемлекеттік тілді құрметтеуге, отанға, еліне деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімін оята отырып адамгершілікке, инабаттылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, калькулятор, шот жоспары, нормативтік құжаттар, слайдтар, оқулықтар, құжат үлгілері, тест тапсырмалары

 

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

«ҚР  Бюджет кодексі» 2009 ж., «Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары», Инструкция по составлению сметы расходов государственных казенных предприятий, Мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есеп 2009 жыл, Ильясов К.  «Государственный бюджет» издательство «Қаржы Қаражат» Алматы 1994ж.,Дербисов  Е.   «Диалоги  о  бюджете  переходного  периода»   издательство «Қаржы. Қаражат» Алматы 1994ж.,Мельников В.Д., Ли В.Д. ,«Егеменді Қазақстан» 2009ж., 2010ж. Қазақстан бюджеті елдің стратегиялық мақсаттарында қол жеткізу тетігі “ВК. КZ PRINT ” баспасы, 2008ж .

Скала « Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу» А.2008ж. Т.Ө. Нұрғалиева «Іс қағаздарын жүргізу және техникалық құжаттама» Астана 2008ж

 

Пән аралық байланыс: Қаржылық бақылау және аудит, бухгалтерлік есеп, информатика.

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                           2 мин

1) Білімгерлермен сәлемдесу.

2) Аудиторияның сабаққа әзірлігін тексеру.

3) Назарларын жаңа сабаққа аудару.

 

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау                                                             15мин

Тақырыбы: Коммерциялық хаттың құрылымы

1 – кезең. «Бой қыздыру» (Сұрақ-жауап әдісі арқылы)

1.  Коммерциялық хат дегеніміз не?

2.  Коммерциялық хаттың жазылу стилі қандай?

3.  Коммерциялық хаттың бөлімдері

4.  «Көңіл аудару» бөлімінде қандай сөздер қолданылады?

5. «Қызығушылық тудыру» бөлімі қалай құрылады?

6.  «Өтініш» бөлімінде қандай мәселе қарастырылады?

7.  «Іс-әрекетке шақыру» бөлімі қалай құрылады?

 

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау                                                                                      54 мин

І-кезең. (Түсіндіру әдісі арқылы)

1. Қаржылық-есептік құжаттарға қойылатын талаптар

2. Банктік шоттарды  ресімдеу және ашу

3. Қаржылық-есептік оперцияға байланысты құжаттар (кассалық кіріс, шығыс ордерлері, төлем тапсырмалар, есеп-фактура)

4. Құжат деректемелері және үлгілері

5. Сөздікпен жұмыс

 

2-кезең. Интеллектуалды ойын (Ұяшықтарды таңдау арқылы берілген тапсырма бойынша кіріс, шығыс ордерлерін және есеп-фактура арқылы төлем тапсырмаларын ресімдеу)

 

3- кезең. «Кестені дұрыс толтыр»

Әр сұраққа дұрыс жауапты бағдаршамен орналастыру

 

IV. Жаңа сабақты бекіту                                                                                       15мин

1. «Кім жылдам» (Сұрақ-жауап әдісі арқылы )

Интерактивті тақтадағы 15 сұрақ

2.Тест тапсырмалары

3. Топтастыру әдісі

V. Қорытындылау, бағалау                                                                          2мин

 

VI. Үй тапсырмасы                                                                                      2мин

1-тапсырма: Кіріс кассалық ордері мен шығыс кассалық ордерін ресімдеу

2-тапсырма: Төлем тапсырмасын ресімдеу                                                       Интерактивті тәсіл арқылы жаңа сабақты баяндау   j0301252                                                                                                                          

Қаржылық-есептік операцияға байланысты құжаттар қаржылық-есептік операцияның шын мәнінде жүзеге асқандығының немесе оның атқару құқығының жазбаша құжаттары болып табылады.

Қаржылық-есептік оперцияға байланысты құжаттар, сондай-ақ жеке меншіктің сақталуын, қолданыстағы заңдардың қадағалануы мен жүргізілетін операциялардың орындалғанын бастапқы және кейінгі бақылауға да көмектеседі.

Бастапқы бақылау – қызметкерлердің ағымдағы және корреспондеттік шоттарға ақша аударуы.

Кейінгі бақылау – құжаттық теусерулер түрінде және бухгалтерияға барлық келіп түсетін құжаттарды тексеру жолымен жүзеге асырылады.

Құжаттар арқылы шаруашылық қызмет сараптамасы жүргізіледі. Құжаттардан жекеменшіктің тоналуын, лауазымды тұлғалардың құқықтарын теріс пайдалануын, қаржылық-есептік тәртіптің бұзылуының дәлелдерін табуға болады. Сот органдарында іс және талас қаралуы кезінде құжаттар негізгі дәлелдеме көзі ретінде қолданылады.

Қаржылық-есептік құжаттарды жасауға жалпыға ортақ талаптар қойылады. Барлық құжаттар өз уақытында операция атқарылған мезетте жасалып, шындыққа сәйкес деректерді объективті түрде көрсетуі керек және міндетті деректемелері болуы тиіс. Деректердің шындыққа сәйкестігі мен құжаттың сапалы жасалуына құжатқа қол қоятын адамдар (басшы, меңгеруші, бас бухгалтер, кассир, қабылдап алушы) жауап береді.

Құжаттар сиямен, таза, қатесіз, тазартусыз жазылады. Ақша құжаттары – чектер, кассалық кіріс және шығыс ордерлері, төлем тапсырыстары т.б. келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.

Кассалық кіріс және шығыс ордерлеріне қосымша берілген барлық құжаттарғы, сондай-ақ банк құжаттарына «Алынды», «Өтелді» деген мөр басылып отыруы тиіс. Басқа құжаттардағы қателер корректура жасау арқылы келісіліп, құжаттарға қол қойған адам бекітеді. Ережеледі сақтамай жасалған құжаттар заң күшіне ие емес.

Қаржылық-есеп оперцияға байланысты құжаттар кейіннен өңделу барысында қатаң тексеруден өтуі тиіс.

Форма бойынша тексеру – құжат жасалуының дұрыстығын, деректемелердің толтырылуы, қолтаңбалардың түгел болуы, мазмұнындағы операцияның көрсетілу толықтығы т.б. тұрғысынан тексеру.

Мазмұны бойынша тексеру – операцияның дұрыстығы мен орындылығы, оның нормативтік актілерге сәйкестігі т.б. тұрғысынан бақылау.

2. Ағымдағы корреспонденттік және жинақ ақша шоттарын ресімдеу және ашу.

Кәсіпорындарда қаржыландыру көзі қандай болса да, уақытына бос ақшалай қаражатын сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін банктер шот аша алады.

Қазақстан республикасының 1998 жылы 29 маусымдағы «Төлемдер мен ақша аударулар туралы» № 237 Заңына, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Ұттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде тапсырыскерлер шоттарын ашу, жүргізу және жабу реті анықталады.

Банктік шот – бұл банк пен тапсырыскер (клиент) арасындағы депозит (салым) қабылдауға және банктің тапсырыскерге шартта, заңдарда және банктік қызметті жүзеге асыруына байланысты келісімдік қанынастарды бейнелеп көрсету амалы.

Банктік шоттар теңгемен де, шетел валютасымен де ашылып, жүргізіле береді және өз ішінде ағымдағы, жинақтық және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді.

1. Ағымдағы немесе жинақтық шоттар – заңды және жеке тұлғалардың оқшауландырылған бөлімшелерінің филиалдар мен өкілдіктер банктік шоттары.

2. Корреспонденттік шоттар – банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ағымдардың банк шоттары.

Ағымдағы немесе корреспонденттік шот ашу үшін банкке мынадай құжаттар тапсырады:

Шот ашу туралы банк бекіткен үлгідегі өтініш

Тапсырыскердің салық есебіне тіркелгенін растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы.

Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растап, өкілетті орган белгіленген формадағы құжаттың көшірсемі.

Қаржылық-есеп операцияларына байланысты құжаттар:

есеп шоттар;

ақшалық-есептік чек кітапшаларын беру туралы өтініш;

есептік шоттар бойынша жазбаларды тексеру нәтижелері туралы хаттар;

фактура-шоттар;

кассир міндеттемесі;

кассаны түгендеу актісі;

төлем тапсырмасы;

дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысу салыстыру актісі

Еңбек келісімдері. Келісімшарттар, атқарылған жұмыстарды өтеу туралы өтініш-шоттар.

 

Кассалық кіріс және шығыс ордерлері. Операциялар бойынша ақшалардың банк кассасына түсуі «кіріс кассалық ордерлерді» жасау жолымен ресімделеді. Клиенттермен банк кассасына қолма-қол ақшаларды қабылдау кіріс кассалық құжаттарымен жүргізіледі. Басқа құндылықтырды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресімделеді. Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексергеннен кейін тапсырыскерді шақырып, одан көрсетілген соманы қабылдап алады.

Кассадан қаражаттардың шығарылуы ақшалай чектермен және шығыс кассалық ордерлермен ресімделеді. Ақшалай чектік кітаптар қатаң есептеме бланкісіне жатады., олардың есебі 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баластан тыс шотында жүргізіледі. Сондықтан да оларды беру қатаң бекітілген түрді клиент өтініші бойынша жүзеге асырылады. Сол уақытта 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шығыс ордері толтырылады.

Төлем тапсырмасы – Бұл заңды тұлғалар арасында жиі кездесетін есеп айырысу формасы болып табылады. Ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, құжатта көрсетілген соманы бенефициар шотына аудару туралы табыстамасы.

Есеп-фактура – Кең тараған қаржылық-есептік құжаттардың бірі. Есеп-фактура – жеткізушінің (салық төлеушінің) тауарды сатып алушыға берген кезде жазып беретін тауарлық-есептік құжаты. Есеп-фактуралар – келісім міндеттемелерінің, төлем тапсырыстарының, есеп айырысу чектерінің орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Кассир міндеттемесі – «Касса операцияларын жүргізу ережелерін» фирмалар есеп саясаты аясында өздері жасап бекітеді. Мұнда кассалық операциялардың жүргізілудің тәртібі, ақшаны қабылдау, беру, сақтау ережелері белгіленеді.

Кассирді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығара отырып, мекеме басшысы оны жоғарыдағы аталған ережелермен таныстыруға және материалдық жауапкершілік туралы шарт жасауға міндетті.

 

БАНК ТЕРМИНДЕРІНІҢ ОРЫСША-ҚАЗАҚША СӨЗДІГІ

 

кассалық кіріс ордері – приходный кассовый ордер

кассалық шығыс ордері – расходный кассовый ордер

счет-фактура – есеп-фактура

отчисления  - аударым, өтелім жарнасы

соглашение – келісім

банковское плетежное поручение – банктің төлем тапсырмасы

безналичный платежный оборот – қолма-қол ақшасыз төлем айналымы

главный бухгалтер – бас бухгалтер

вклад не текущий счет – ағымдағы шотқа арналған салым ақша

внесение платы – төлем салу, төлем төлеу

корешок – түбіртек

межбанковские денежные расчеты

погашение - өтеу

подпись на банковских документах – банк құжаттарындағы қолтаңба

Дайын өнім мен тауарлар бойынша шоттар корреспонденциясы

 

Оперциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1.

Кіріске алынған материалдар құны кассадан төленді

1310-1350

1010

2.

Есеп беруге тиісті адамдар арқылы сатылып алынған материалдар құны

1310-1350

1250

3.

Заңды және жеке тұлғалардан қайтарымсыз, ақысыз келіп түскен

1310-1350

6280

4.

Негізгі құралдарды бұзудан алынған материалдар

1350

6210

5.

Түгендеу кезінде артық шыққан материалдарды кіріске алу

1310-1350

6280

6.

Кәсіпорынның өзінің қажетіне пайдалануға арналған дайын өнімдер қоймаға материалдар есебінде кіріске алынды

1310, 1350

8010,

8020,

8040

7.

Материалдарды дайындайтын жұмысшыларға есептелінген еңбекақы

1310-1350

3350

 

 

ҚҰЖАТ ҮЛГІЛЕРІ

 

                                                                            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

                                                                                                        2004 жылғы 19 наурыздағы

                                                                                                       № 128 бұйрығымен бекітілген

 

                                                                                                   № КО – 1 үлгілік нысаны

 

Кодтары

 

 

 

 

____________________________                          БҚЖЖ бойынша нысаны                                                                                                                                                                              Ұйым, мекеме                                                                        ҚҰЖЖ бойынша

                                                                                                             СТН

 

 

 

КІРІС КАССАЛЫҚ ОРДЕРІ

 

Дебет

Құрылымдық бөлімше

Кредит

Сомасы (теңге)

Мақсаты, тағайындау коды

Корреспондеттік шот, субшот

 

 

 

 

 

_______________________________________________________________ қабылданды

Негіздеме:

 

Бас бухгалтер_________________________

Кассир алды__________________________

 

 

 

 

«___»__________________20___ ж. алушы банкке түсті.

Қабылдау уақыты: ___________________________

 

 

ТӨЛЕМДІК ТАПСЫРМА №

«____»___________ 20___ж.

 

Ақша жіберуші:

СТН:

ЖИК

Коды

 

Жіберуші банк

БИК

Бенефициар:

 

СТН:

 

ЖИК

 

БЕК

Бенефициар банкі:

                     БИК

Делдал банк:

 

СТН:

ЖИК

БИК

Жазумен сомасы:

Тауарды алу (қызмет көрсету) күні:

Төлемді тағайындау коды

 

Төлемді белгілеу

Бюдж. сыныптау коды

 

Валюталау күні

 

 

 

МО

                          Ұйым басшысы:  ___________      ________________________

                                   (жеке қолы)                          аты-жөні

 

                         Бас бухгалтер:   ___________       ______________________

                                                         (жеке қолы)                          аты-жөні

 

 

 

 

 

 

№ _______ Есеп-фактура «___»___________ 20____ж

 

Жабдықтаушы ЖШС ___________________ (2)

Жабдықтаушының СТН-і мен мекен-жайы ______________________ (2а)

Жабдықтаушының есеп айырысу шоты      _______________________ (2б)

Тауарларды жеткізу (жұмыс, қызмет көрсету) шарты № ____ «____» _______________ (3)

Шарт бойынша төлемақы мөлшері ____________________________________________(3а)

Тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) жеткізілетін пунт______________________________(4)

                                                                                                                 (мемл., аймақ, облыс, қала, аудан)

Тауарлар мына сенімхат бойынша жеткізілді, № _______ «____»___________________ (5)

Жөнелту тәсілі ______________________________________________________________(6)

Тауар-транспорт жүкқұжаты № _______ «____»__________________________________ (7)

Жүк жөнелтуші _____________________________________________________________(8)

                                                               (СТН-і, аты-жөні және мекен-жайы)

Жүк қабылдаушы ___________________________________________________________ (9)

                                                             (СТН-і, аты-жөні және мекен-жайы)

Сатып алушы ______________________________________________________________(10)

 

Сатып алушының СТН-і мен мекен-жайы_____________________________________ (10а)

Сатып алушының есеп айырысу шоты № _____________________________________ (10б)

р/с

Тауар (жұм, қызм. атаулары)

Өлш. бірлігі. тг

Саны

(көлемі)

Бағасы

Тауарлардың (жұм., қызм.) ҚҚС-сыз бағасы

Қосымша құн салығы

Барлық өткізу құны (теңге)

Акция

Ставка

Сомма

Ставка

Сомма

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шот бойынша барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

    Ұйым басшысы                                       Өткіздім (жабдықтаушының жауапты өкілі)

 

_____________________                        _____________________________________

           (аты-жөні, қолы)                                                       (лауазымы, аты-жөні, қолы)

 

                                                                   М.О.

Ұйымның бас бухгалтері  

___________________                         

        (аты-жөні, қолы )

 

Логикалық сызбанұсқалар

 

 

                     лшоьшло        1P2RLYCA7IPWMCCAEYA4YQCAW00CM2CAUBC9JXCAGO6EB9CAPD2FJ9CAJMLGZUCACVI87GCAN70EO1CAYEQ9ZECA31RHQ4CA83M79VCA8UQ2G2CA5XIE9DCAMS6XURCAP93AS7CA4VVAWWCAJUOH0ECANCZRMD      D683YACAE6OWNBCA0DJ9PLCAQPUW2DCARQLKTQCAFZW320CARL3KCWCAHT3U5ACA52JDC5CAFHDMROCALP0ZHECAVMBZA0CAQ8T3RMCAZ0U66UCASO17WPCAB52VXICAE93DUSCAGL11NKCAG5GC9ZCATFCCZU

 

ІІ-кезең. Интеллектуалды ойын (Ұяшықтарды таңдау арқылы берілген тапсырма бойынша құжатты ресімдеу)

Шарты.  Берілген тапсырма бойынша кіріс кассалық ордерін ресімдеу.

7 сәуір күні 2011 жылы АҚ «Рахат» кәсіпорнының кассасына келесі нақты ақшалар келіп түсті:

1-тапсырма. ЖШС «Алуадан» Өмірзақов Айдос Жеңісұлына арқылы халық тұтыну тауарларын өткізуден түсім – 520,0 мың теңге;

2-тапсырма. АҚ «Асланнан» Серікова Гүлнұр Нұрланқызына арқылы шикізатты өткізуден түсім – 406,0 мың теңге;

3-тапсырма.  ЖШС «Дастаннан» Татенов Самат Мөрбекұлына арқылы дайын өнімдер үшін түсім – 156314 мың теңге.

 

Шарты. Берілген тапсырма бойынша шығыс кассалық ордерін ресімдеу.

ЖШС «Арай» (шот нөмірі 3350,  РНН 600700208010) ұйымының кассасынан нақты ақша берілді:

4-тапсырма. Шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Санатова Инабат санатқызына  шикізаттар мен материалдар сатып алуға - 350,0 мың теңге;

5-тапсырма. Цех қызметкері  Амрадинов Дахнан Ержанұылына отын жағар жанар май сатып алуға 180.0 мың теңге;

6-тапсырма. Бухгалтерия бөлімінің қызметкері Бектемисова Айжан Болатқызына  өндірістік тауарларды сатып алуға 250.0 мың теңге.

Осы тақырыптарға байланысты шығыс кассалық ордерін ресімдеңіз.

 

Шарты. Мына мәліметтер  бойынша төлем тапсырмасын ресімдеңіз

 

7-тапсырма. Ақша жөнелтуші АҚ «АРМАН» көрсеткен қызметі үшін (шот-фактура № 189910, СТН 600700208010) ЖШС «СЕРІКТІҢ» есеп айырысу шотынан төлем тапсырмасымен қолма-қолсыз 570 000 теңге төлем аударды.

Төлем тапсырмасын ресімдеуге қажетті мәліметтер:

АҚ «АРМАН» есеп шоты ИИК № 2467496,

СТН 600400017126,

         ЖШС «СЕРІК» есеп шоты ИИК № 5457405, 

СТН  6004885017096, Коды-16. КБе 17

        Басшының аты-жөні: Абдуллаев Нұрсұлтан Ермекұлы

Бас бухгалтердің аты-жөні: Өнербекова Жансая Ералықызы

Төлеуші банк: Казкоммерцбанк БИК 190501926,  СТН 6000700112089

Төлем мақсатының коды – 830.

         Бенефициар банк: Халықбанк. БИК 185107030, СТН 600708210114

        

8-тапсырма. Ақша жөнелтуші ЖШС «МАЙ ӨНІМДЕРІ» көрсеткен қызметі үшін (шот-фактура № 206, СТН 330100220725,) АҚ  «АЭРОПОРТ ҚОРҚЫТ АТА» арқылы 73000 мың теңге қолма-қолсыз төлем тапсырмасымен ақша аударды.

Төлем тапсырамасын ресімдеуге қажетті мәліметтер:

        Ақша жөнелтуші: ЖШС «МАЙ ӨНІМДЕРІ» есеп шоты ИИК № 005467080,

СТН 330100220725,

АҚ «АЭРОПОРТ ҚОРҚЫТ АТА»  есеп шоты ИИК № 0007057СТН 331000046604 Коды 15. КБе 15.

         Басшының аты-жөні: Кемелова Динара Қадіржанқызы

Бас бухгалтердің аты-жөні: Тұрбекова Айнұр Еркінбекқызы

Төлеуші банк: АҚ Центр Кредит банк. БИК 192101820, СТН 6000757121488

         Бенефициар банкі: АҚ Халықбанк БИК 192101601, СТН 600700208010

         Төлем мақсатының коды - 560

 

9-тапсырма. Ақша жөнелтуші бенефициар банкке әр түрлі банк қызметін көрсеткен үшін төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысты. Жөнелтілген қаражаттың сомасы – 100000 теңге. Осыған байланысты төлем тапсырмасын ресімдеңіз.

10-тапсырма. ЖШС «Альфа банк» негізгі жабдықтарды жөндеу мақсатында ЖШС «Сенімге» Казкоммерцбанк арқылы ақша аударды.

Алфа банк. ИИК шоты № 2467496, БИК 190501926,  Коды – 17. 

Казкоммерцбанк. ИИК 000467125, төлем мақсатының коды -830, КБе -17.

 

 

ІІІ-кезең. «Кім жылдам» (сұрақтар). Интерактивті тақтадағы 6 сұрақ 

Кассалық жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы мен есептің дұрыс жүргізілуі және уақытылы есеп беруді жүзеге асыру үшін жауапты тұлғалар кім?

Кассаға ақша қаражаттарының қабылдануы мен шығырылуы қандай құжаттармен ресімделеді?

Кассалық операцияларды тексеру нәтижелері бойынша жүргізілетін шоттар корреспонденциялары қандай?

Төлем тапсырмасында қандай міндетті деректемелері көрсетілуі тиіс?

Корреспонденттік және жинақ ақша шоттарын ашу үшін банкке қандай құжаттар тапсырылады?

Есеп-фактура дегеніміз не?

 

ІҮ кезең. «Кестені дұрыс толтыр»

Әр сұраққа дұрыс жауапты бағдаршамен орналастыру

 

 

 

Құжаттық теусерулер түрінде және бухгалтерияға барлық келіп түсетін құжаттарды тексеру жолымен жүзеге асырылады

Төлем тапсырмасы

Қызметкерлердің ағымдағы және корреспондеттік шоттарға ақша аударуы.

 

Есеп-фактура

операцияның дұрыстығы мен орындылығы, оның нормативтік актілерге сәйкестігі т.б.

Шығыс кассалық ордері

Жеткізушінің тауарды сатып алушыға берген кезде жазып беретін тауарлық-есептік құжаты.

Кіріс кассалық ордері

Ақша жөнелтушінің қызмет көрсететін алушы банкке көрсетілген соммадағы ақшаны бенефициарға аудару туралы табыстамыс.

Кейінгі бақылау

Кассадан қаражаттардың шығарылуы

Бастапқы бақылау

Операциялар бойынша ақшалардың банк кассасына түсуі

Форма бойынша тексеру

Құжат жасалуының дұрыстығын, деректемелердің толтырылуы, қолтаңбалардың түгел болуы, мазмұнындағы операцияның көрсетілу толықтығы т.б.

Мазмұны бойынша тексеру

 

IV. Жаңа сабақты бекіту            

1.Сұрақ-жауап әдісі арқылы                                                                                   15мин

1. Қаржылық есептік-есептік операцияларға байланысты құжаттар дегеніміз не?

2. Бастапқы бақылау дегеніміз не?

3. Кейінгі бақылау дегеніміз не?

4. Қаржы есеп беру құжаттарының сапалы жасалуына қандай лауазымда жауапты?

5. Кассалық кіріс және шығыс ордерлеріне қандай мөр басылып отыруы тиіс?

6. Ақшалы қаржы есеп беру құжаттарын форма бойынша тексеру дегеніміз не?

7. Мазмұны бойынша тексеру дегеніміз не?

8. Банктік шот дегініміз не? Банктік шоттар өз ішінде қандай шоттарға бөлінеді?

9. Ағымдағы немесе жинақтық шоттар дегеніміз не?

10.Корреспонденттік шоттар дегеніміз не?

 

 

 

2. Тест тапсырмалары

 

1.Қаржылық есептік операцияға байланысты құжаттар

А) төлем тапсырмалары

Б) шешімдер

С) бұйрықтар

Д) хаттамалар

Е) ережелер

 

2. Қызметкерлердің ағымдағы және корреспондеттік шоттарға ақша аударуын жүзеге асырылатын бақылау

А) бастапқы

Б) мерзімдік

С) нормалық

Д) кейінгі

Е) есептік

 

3.Қаржылық есептік құжаттарды жасауға қойылатын талаптар

А) шындыққа сәйкес деректерді обьективті түрде көрсету

Б) мәтінде қысқарған сөздер жіберіледі

С) құжаттарды тексеру

Д) құжаттың мәтініне көңіл бөлу

Е) тақырып қысқа, өткір құрылады

 

4.«Алынды»,  «Өтелді» деген мөр басылатын құжаттар

А) банк құжаттары

Б) мекеме құжаттары

С) бөлім құжаттары

Д) кәсіпорын құжаттары

Е)  қосымша құжаттар

 

5.Құжат жасалуының дұрыстығын көрсететін тексеру түрі

А) форма бойынша

Б)  мазмұны бойынша

С) тақырыбы бойынша

Д) мәтіні бойынша

Е) мерзімі бойынша

 

6. Корреспонденттік шот ашу үшін банкке тапсырылатын құжат

А) шот ашу үшін банк бекіткен үлгідегі өтігін

Б) ұсыныс хат

С) хабарлама хат

Д) баяндау хат

Е)түсініктеме

 

7.Банкте шот ашудың мақсаты

А) қолма-қол есеп айырысуды жүзеге асыру

Б) құжат қозғалысын анықтау

С) құжаттармен ақпараттық  жұмыстар

Д) құжаттарды сақтауға дайындау

Е) құжаттарды архивке өткізу

 

8.Заңды тұлға шот ашу үшін қажетті құжат түрі

А) мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын куәлік

Б) құрылтайшылар бекіткен жарғы

С) клиенттің әлеуметтік жеке коды

Д) жеке куәлік көшірмесі

Е) құрылтайшылар шарты

 

9.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын шоттар

А) коррреспонденттік

Б) ағымдық

С) нақтылы

Д) жинақтық

Е) банктік

 

10. Ағымдағы шот ашу үшін банкке қажетті құжат

А) өтініш

Б) бұйрық

С) анықтама

Д) түйіндеме

Е) ереже

 

11.Кіріс кассалық ордерінің анықтамасы

А) Операциялар бойынша ақшалардың банк кассасына түсуі

Б) Кассирді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

С) Кассадан қаражаттардың шығарылуы

Д) кассалық операциялардың жүргізілудің тәртібі, ақшаны қабылдау, беру,

Е) филиалдар мен өкілдіктер банктік шоттары.

 

12.Есеп-фактураның анықтамасы

А) жеткізушінің (салық төлеушінің) тауарды сатып алушыға берген кезде жазып беретін тауарлық-есептік құжаты.

Б) бұл банк пен тапсырыскер (клиент) арасындағы келісім

С) тапсырыскердің салық есебіне тіркелгенін растайтын құжаты

Д) материалдық жауапкершілік туралы шарт

Е) шаруашылық қызмет сараптамасының құжаты

 

Табличка: ?3. Топтастыру әдісіОвал: ?

Табличка: Ақшалы құжаттарға қойылатын талаптар
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


V. Қорытындылау, бағалау                                                                          2мин

 

VI. Үй тапсырмасы                                                                                      2мин

1-тапсырма: Кіріс кассалық ордері мен шығыс кассалық ордерін ресімдеу

2-тапсырма: Төлем тапсырмасын ресімдеу

Интерактивті тақты арқылы сабақта қолданылатын слайдтар

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары 1курс "АҚШАЛЫ және ҚАРЖЫ ЕСЕП БЕРУ ҚҰЖАТТАРЫ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2019 1968
    • DOCX 4.1 мбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оралбаева Айгуль Сенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оралбаева Айгуль Сенбековна
    Оралбаева Айгуль Сенбековна
    • На сайте: 4 года и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 95094
    • Всего материалов: 36

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе