Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ жоспары "Үлкенге құрмет, кішіге ізет"

Сабақ жоспары "Үлкенге құрмет, кішіге ізет"

Скачать материал

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

                                                                    9  сабақ

Тақырып:  Үлкенге- құрмет,  кішіге - ізет

Құндылық:  Қиянат жасамау

Қасиеттер:  Мейірімділік,ақылдылық, ақкөңілділік.

Сабақтың мақсаты:

  « Сыйластық», « құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

 

Міндеттері:

- үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

- сыйластықты қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

( белсенді тақта, кітап, дәптер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты  ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

     Өздерің ерекше сыйлайтын адамдар туралы айтып беріңдер.

 

2.Дәйексөз

   Өзгеге жасаған ізетің –

   Өзіңе жасаған құрметің.

Халық даналығы

 

3.Әңгімелеу

 

   Үш дос

Көп пәтерлі  үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене балалар ойыншықтарын алып, қызылшеке болып ойнайды. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың қастарына Самат келді. Ол Қазанқапқа:

   - Ойындарыңа мен де қосылайыншы, деп өтінді.

  - Ойынға қоспаймыз, деді бірден келісімін беріп

  Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болсын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін. Қарымсақ Қазанқапқа:

   -Кел! Ойынға сен де аралас,- деді. Қазанқаптың кешегісі есңне түсті.

  -Самат мені ойынға қоса ма?,- деп қипақтады.

 -Кел, ойнай бер.  Мен ойыншығымды қызғанатын сен  сияқты емеспін. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.

 

4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    Ә. Ахметовтың « Кішілік-  кісілік» өлеңін рөлдерге бөліп оқыңдар

 

5.Топпен ән айту

 

   Бақытты балалар әні

с. Қ. Мүсірепов

ә. И. Нүсіпбаев

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз сайраңдап

Бақытты елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайраңдап.

 

Бөбектерді қуантып,

Құрметтейміз қарттарды

Өнерге біз құмартып,

Өсіреміз бақтарды.

 

6.Үй тапсырмасы

   Үш дос мәтінің оқып келу.

 

 

7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Үлкенге құрмет, кішіге ізет""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 849 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 1944
    • DOCX 21.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кезенбаева Алмагуль Кайрдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48329
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой