Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Үнемшілдік"10 сынып

Сабақ жоспары "Үнемшілдік"10 сынып

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:  Үнемділік- ырыс, ысырапшылық- шығыс

  Мақсаты:

 Оқушыларды білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру.

- Оқушыларды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуге ықпал ету.

- Оқушыларға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлумат бере отырып, олардын шығу жолдарын түсіндіріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу

.                                                                                     

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта. 

 

      Сабақтың барысы:    

ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару,  экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру.Топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құралады.

І-топ. «»

ІІ-топ «»

                                 Сабақта жасалынатын әрекеттер:

-         топқа бөлу,

-         жеке жұмыс, ой-пікірін тыңдау (ой-шақыру)    

        -пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі,топ лидері    мен топ мүшелері жауап береді)

    -    эксперттер тобының жұмысы (бағалау)

-         мұғалімнің қорытынды сөзі.

   Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

 Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет- адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпак тәрбиелеп өсіру.

 

 Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа,

Аларында шара жоқ, алдамасқа.

Табысына табынып, қалтаң қағып,

Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.

Мал жияды мақтанын білдірмекке,

Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.

Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,

Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке.

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп

Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.

Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,

Алтын алсаң, береді боғынан жеп.

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай

Мұғалім:

« Үнемділік-ырыс,ысырапшылық- шығыс» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

-Қазір заман ағымы жылдан- жылға күрделі талаптар қоюда,сенің осы ағымға көз қарасың қандай

 

  - Қай уақытта үнемшіл бола аламыз?

 – Адамдардың басым бөлігі әрбір тапқан тиынын лезде жұмсап, қарызға және несиеге дүние алуға бейім тұрады. Егер де осы әдетіңізден құтылмасаңыз сізде ешуақытта ақша болмайды, байымайсыз. Үнемшілдікті әдетке айландырыңыз. Ақшаны бет алды шашпаңыз. Байлыққа баратын жолды аңсап тұрсаңыз, ол жол базарға барғандай қарапайым әрі түзу. Ол негізінен мына екі сөзден тұрады – ынтаңыз бен үнемшілдігіңізден. Уақытыңызды бет алды ысырап қылып, ақшаңызды рәсуа қылып шаша бермеңіз. Осы уақытыңыздың да, қаражатыңыздың да қарымтасы барынша қайтатындай етіп ақшаңыз бен уақытыңызды жұмысқа жегіңіз, мүмкіншілікті ұтымды пайдаланыңыз.

Адам табиғатында өмір сүруге керекті жанталастың тұқымы салынған. Осы өмір үшін жанталас – адамзаттың алға жылжып дамуының басты себебі. Туғаннан өлгенге дейінгі аралық, пенде үшін алма-кезек қайталанып жататын сынақ алаңы. Осы өмір үшін күресте біз баға жетпес тәжірибе жинақтаймыз. Осы күресте, алдымызға қойған мақсатымызға жеткізетін даналық, күш, қуатқа ие боламыз.

Өмірде жолы болмаған пенделер өздерінің өмірлерін «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» өткізгісі келеді. Олардың түсінбейтіні, өмір осыларды езіп жіберетіні. Өмірдің шырғалаңдарына қаймықпай қасқайып қарсы тұру үшін мықты мінез, айқын мақсат, нақтылы жоспар болу керек.

Өмірдің мәнін түсінгеннен кейін, біз осы мақсатқа жетелейтін күрестің шартын қабылдаймыз. Нәтижесінде ерінбей еңбек етіп, көрсеқызарлықтан, бет алды тапқан табысыңды оңға-солға шашып, қарызға кіре беруден құтылмай мақсатқа жетуге болмайтынын түсінеміз.

-Бай мен кедейдің қандай алшақтық бар?Қазіргітаңда баймен кедей бар ма?Баймен кедейге бөлінемізбе? Қалай ойлайсындар?( қағазға өз ойларын түсіріндер)

-Отбасының кірісіне не жатады?

-Шығынға не жатады?

 

Бізге ақша туралы қалай ойлаған жағымды? Барлығы ақшаға әкеліп соғады?

 – Сіз онсыз да ақшаны жағымды жағынан ойлайсыз. Егерде үнемі: «менде ешуақытта ақша болмайды» – деп ойлай берсеңіз, осы ойды өзіңізге тартып аласыз. Нәзік әлем тілегіңізді бұлжытпай іске асыра береді. Өміріңізді осыған қалыптастырып аласыз. Сондықтан да қанша ақша керек екені, оны қалай жұмсаймын, осыдан қандай ләззат аламын деп, тек қана ылғи жақсы жағымды ойларды ғана ойласаңыз, осы тілегіңіз қайтсе де қабыл болады!

Көптеген адамдардың ақшасының болмауының, кейбір кәсіпкерлердің құлдырауының себептері неде?

Адамдарда ақшасының болмауының тағы бір себебі, соңғы жылдары рухани, діни, тылсым дүние туралы көркем, ғылыми, көпшілікке арналған әдеби-оқу кітаптары көбейіп кетті. Бұл әрине өте тамаша! Осының салдарынан көптеген адамдардың ойлау жүйесі жердегі күйбең тіршілікке емес, рухани бағытқа бұрылып кеткенінің дәлелі. Осы адамдардың ойлау жүйесі нәзік әлемдерден рухани ілім сұрағаннан кейін, табиғат осылардың қалауын орындап, сұрағандарын беруде. Бұндай адамдардың қалталарының таяз болатын жөндері де бар.

Бұл әсіресе кәсіпкерлікпен шұғылданатын адамдарға әсерін тигізуде. Егер де кәсіпкер (бизнесмен) , немесе ірі кәсіпорын басшысы, рухани ілімге беріліп кетіп, нәзік әлемнің тылсымына сүңгіп кетіп, бар уақытын, ойлау жүйесін осының тылсымын түсінуге арнаса, жердегі күйбең тіршілігі мен шаруашылығымен шұғылдануына уақыты да қалмай қалады. Осының салдарынан кәсіпкерлігінің деңгейі төмендеп, бар ақшасынан айырылып, шаруашылығының тоз-тозы шығып кетуі мүмкін. Осының бұрын кәсіпкерлікпен айналысқан, ал қазіргі уақытта саясатпен шұғылданып жүрген саясаткерлерге де қатысы бар.

Онда кәсіпкерлерге рухани болмыстарын дамытпай, тек қана мешітке барып садақа берумен, жоқ-жітіктерге т.б. ақшалай көмек көрсетуімен ғана шектелуі керек пе? Қалай ойлайсындар?

Жоқ, олай емес. Бұл іске саналы түрде өзінің жоспарларының, істейтін істерінің рухани жақтарын сараптай, талдай өзінің істеп жүрген ісіне толықтай бақылау жасап, келешектегі кірісін есептеп, жоспарлап, рухани мен фәнилік дүниенің үйлесімділігін тауып барып келуі керек. Осылай істегенде нәзік әлемді рухани да, фәнилік те қоректендіріп отыратын болады, келе-келе бұл әдетке айналып, өмірдің екі жағын ойлау жүйесін, керек уақытында кезек алмастыруды қалыптастырады.

Айта кету керек, қазіргі көптеген кәсіпкерлер осы жолды өздерінің ішкі дауысының көмегімен тауып алған. Өздерінің ойлау жүйесінің ағымын сауатты түрде басқарып өмірдің рухани жақтарын да ұмытпайды, себебі кәсіпкерлігі мен шаруашылығы көңілдегідей дамуда.

Егер осы тарауды оқып отырғанда тек қана жұмысты, жанұяңызды, спортты, өмірдің рухани жақтарын ғана ойлап, ақшаны ара-тұра ғана ойласаңыз, берер кеңесім – ойлау жүйеңізді өзгертіңіз. Ақша туралы жиі-жиі ойлаңыз, есіңізден шығармаңыз, ақшаны ми қыртысының бір бөлігіне қашап жазып алыңыз! Ақшаны кем дегенде күніне үш қабат ойлауды әдет қылып қалыптастырыңыз!

Бұл мәселенің күрделілігі – егер ақша өміріңіздің басты мақсаты, негізгі бөлігі болмаса, онда ақша туралы ойлау қиын болады. Онда ақшаны күнделікті еске түсіріп отыратын әдіс құрыңыз. Бұл үшін қандай болмасын әдіс жарай береді – бөлмеңіздің, көлігіңіздің т.б. өзіңіздің тұрақты отыратын, көзге ұрымтал жерлеріңізге ақшаны қыстырып не іліп қойыңыз. Бұл сізге ақшаны, ақша болған кезде алатын қанағат сезіміңізді үнемі еске түсіріп отыратын болады. Ойлау жүйеңіз ақша туралы ойлануға мәжбүр болады.

                                Ой сергіту

І.  Мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар.

1.     Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес).

2.     Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді).

3.     Судың да ...................(сұрауы бар).

4.     Теңге ................(тиыннан құралады).

5.     Көрпеңе қарай ......... (көсіл).

6.      Ақыл азбайды ........(білім тозбайды).

7.     Ақшаны табудан ....... (шашу оңай).

8.      Ақшаны ..... (ақша жасайды).

9.      Ақша кетуге тырысады,

Есеп ...... (ұстауға тырысады).

10.                         

 Көрініс «Баймен Алдар Косе»

 Қорытындылау: Осы жерде көріністе не байқадық. Үнемшілдік ысыраптын қандай айырмалшақтарын байқадық

 

Мұғалім:

    Біле бер, қанша білсең-тағы тіле,

    Жетесің мақсатыңа біле-біле,- деп Жүсіп Баласағұн жырлағандай келесі сұрақ:

 

-Ақшаға не сатып алуға болады?

Тамақ                 Киім                          тауар

Денсаулық         Білімі                         достық

        Қауіпсіздік          Ауа                                сәттілік

        Ойын-сауық        Қызмет көрсету         Бақыт

 

 

 

Мұғалімнің   қорытынды сөзі.

      

-         Сабырлық,үнемділік және қажетсіз ысырапкершілікке жол бермеушілік,пайғамбарлық сипатының жиырма төрт қасиетінің бірі.Ысырапкершілікке жол берменіз. Пайғамбарымыз Мұхаммед.

 

      Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сіздер мен біздер. Ендеше  М.Әуезов атамыз: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, (     адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңде сақтаңдар



Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров503
Номер материала ДБ-029866
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх