Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақ жоспары "Семей қаласы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ жоспары "Семей қаласы"

библиотека
материалов

Астана қаласы

71 мектеп – лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі А. Б. Кайранбаева

Тақырыбы: Менің қалам.

Мақсаты: Өтілген материалды қайталап, бекіту.

Міндеттері:1. Туған қаламызға саяхат жасау арқылы өткен лексика-

грамматикалық тапсырмаларды қайталайды.

2. Сұрақтарға жауап беру, сөйлесу, әңгімелеу арқылы

оқушылардың сөйлеу мәдениеттері қалыптасады, сөздік

қорлары молаяды.

3. Туған жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиеленеді.

Тегі:бекіту сабағы

Түрі:саяхат сабақ

Әдісі:мәнерлеп оқу, топтық жұмыс,сұрақ-жауап, талдау, сөйлесу, әңгімелеу,

аудару

Көрнекілігі: «Семей қаласына саяхат» бағыт плакаты, автобус, маркерлер,

ақ беттер

Техникалық құрал: интерактивті тақта, POWER POINT бағдарламасында жасалған слайд

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу

Ә) Әнұран орындау

Б) Түгендеу

ІІ. Поэзия минуты.

Туған қалам – Семейім,

Қай қалаға теңейін.

Әнге қосып атыңды,

Әлемге айтып берейін.

Қаласы деп Абайдың,

Тарихыңа қараймын.

Бір көруді аңсаған,

Арманысың талайдың,- деп ақын ағамыз біздің қаламызды өлеңге қосқан екен. Өткен сабақта біз «Менің қалам» тақырыбын өткен болатынбыз. Бүгін өткен сабағымызды бекіту мақсатында саяхатқа шығамыз. Әр топтың топ жетекшілерін сайлап алайық:

1 топтың жетекшісі-Наиль.

2 топтың жетекшісі-Евгений.

3 топтың жетекшісі-Темірлан.

Топ жетекшілері бағалау парақтары бойынша әр оқушыны бағалап отырады.

ІІІ. Саяхатқа шықпас бұрын назарымызды Интерактивті тақтаға аударайық. («Туған қалам – Семейім» әні орындалып,слайд көрсетіледі).

Балалар, тақтадан не көрдіңдер? (Балалардың жауабы)

IV. Үй тапсырмасын тексеру. (Қаланың көрікті жерлерінің суреттерін салу)

Ал, саяхатқа шығу үшін көлік түрін таңдап алайық.(Тақтада көліктің түрлері көрсетіледі)

Барлығымыз дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қояйық.

V. Семей қаласына саяхат.

  1. Алғашқы аялдамамыз «Шәкәрім атындағы университетінен» автобусқа отырамыз. Ол үшін билет аламыз.

  2. «Аспалы көпір» аялдамасы.Грамматикалық тапсырмалар орындаймыз.

1 топ. «Автобус» сөзін септе.

2 топ. «Көпір» сөзіне фонетикалық талдау.

3 топ. «Саябақ» сөзін тәуелде.

  1. «Аквосаябақ» аялдамасы. Сұхбат құру

1 топ. «Кітапханада»

2 топ. «Мектепте»

3 топ. «Дүкенде»

  1. «Абай мұражайы» аялдамасы. Әңгіме құру.

1 топ. «Стадионда»

2 топ. «Театрда»

3 топ. «Мұражайда»

  1. «Абай театры» аялдамасы. Сергіту сәті «Қаражорға» биі.

-Балалар театрда не өтеді?

-Адамдар театрға не үшін барады?

6. «Абай кітапханасы» аялдамасы. Мәтінмен жұмыс.

  1. Соңғы аялдамамыз «Абай ескерткіші» аялдамасы.

Отан, туған жер туралы мақал – мәтелдер айтамыз.

VI. Бекіту

«Семей» сөзіне топтау жасап, сабақты бекіту.

VII.Бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: «Туған қалам - Семейім» тақырыбына әңгімелеу.




Сабаққа өзіндік талдау.

Сабақ 5 «Б» сыныбында өтті. Сыныпта 21 бала бар. Білім сапасы: 50%. Сабақтың тақырыбы: Менің қалам. Сабақтың мақсаты: Өтілген материалды қайталап, бекіту.Міндеттері:1. Туған қаламызға саяхат жасау арқылы өткен лексика-грамматикалық тапсырмаларды қайталайды. 2. Сұрақтарға жауап беру, сөйлесу, әңгімелеу арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеттері қалыптасады, сөздік қорлары молаяды. 3. Туған жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиеленеді. Тегі:бекіту сабағы. Түрі:саяхат сабақ. Сабақта қолданылған әдістер:мәнерлеп оқу, топтау,сұрақ-жауап, талдау, сөйлесу, әңгімелеу, аударма. Көрнекілігі: «Семей қаласына саяхат» бағыт плакаты, автобус, маркерлер, ақ беттер. Техникалық құрал: интерактивті тақта, Power Point бағдарламасы бойынша жасалған слайд.

Ұйымдастыру кезеңі әнұран айтумен, поэзия минутымен басталды. Сабақтың мақсаты айтылып, сынып топқа бөлінді, топ жетекшілері сайланды. РOWER POINT бағдарламасы бойынша жасалған презентация көрсетіліп, «Туған қалам-Семейім» әні тыңдалып, балалар өз ойларын айтты. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында берілген үй тапсырмасында оқушылар қаламыздың көрікті жерлері бойынша салып келген суреттерін әңгімелеу әдісі арқылы қорғады. Интерактивті тақта бойынша саяхатқа шығатын көлік түрін таңдап алып, бірінші аялдамамыз «Шәкәрім университетінен» өтілген модуль бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы билет алды. Екінші «Аспалы көпір» аялдамасында оқушылар грамматикалық тапсырмалар орындады. Үшінші аялдамамыз «Аквосаябақ» аялдамасында оқушылар берілген тақырыптарда сұрақ-жауап әдісі арқылы пікірлесті. Төртінші аялдамамыз «Абай мұражайы» аялдамасында берілген тақырыптар бойынша әңгімелеу әдісі арқылы әңгіме құрастырды. Келесі «Абай театры» аялдамасында оқушылар «Қаражорға» биін билеу арқылы сергіту сәтін жасады. «Абай кітапханасы» аялдамасында аударма әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жүргізді. «Абай ескерткіші» аялдамасында жылдамдылықтарын арттыру мақсатында Отан, туған жер туралы мақал- мәтелдер сайысы өтті. Сабақ топтау әдісі бойынша бекітілді. Оқушылар бағаланып, үй тапсырмасы берілді. Сабақ мақсатына жетті.



Пән мұғалімі А. Б. Қайранбаева



Автор
Дата добавления 10.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров426
Номер материала ДВ-247461
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх