Инфоурок Другое КонспектыСабақ жоспары 7 сынып қазақ тілі

Сабақ жоспары 7 сынып қазақ тілі

Скачать материал

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тілі

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ тілінің халық үшін баға жетпес қазына екендігін,өте бай тіл екендігін оқушылар сабақ барысында дәлелдейді, тіл тарихына шолу жасап,  меңгерген қазақ тілі салаларын қайталайды;

2. Ой-өрісі мен шығармашылық қабілеттері, тіл байлықтары мен шапшаң ойлау икемділіктері  дамиды.

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:пікірталас,сұрақ-жауап

Көрнекіліктер:Тіл туралы жазылған нақыл сөздер

Пәнаралықбайланыс:Құқық,әдебиет

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,оқушылар назарын сабаққа аудару

2.Жаңа сабақ.

а)Қазақ тілі мен әдеби тіл туралы түсінік.

ә)Тіл туралы  заңмен таныстыру

б)Ана тілі жайлы әңгімелесу

3.Жаттығу жұмыстары.1-жаттығу.Қазақ тілін неліктен баба тілі дейтінін жазбаша түсіндіріңдер.

2-жаттығу.Ана тілінің қадірі-қасиеті жайында ауызша әңгімелеңдер.

Сабақты бекіту:Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Қазақ тілін әдеби тіл деп атаудың мәнін түсіндіріңдер.2.Қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен қолдану аясы туралы айтыңдар.3.Қазақстанда қазақтардан басқа қандай халық тұрады?4.Олардың ішінде түркі тілдестері бар ма?5.Қазақ халқы Қазақстаннан басқа тағы қандай жерлерде тұрады?

Үйге тапсырма:«Ана тілім-тірлігімнің айғағы»атты тақырыпқа ой-толғау жазу.

Оқушылардың еңбегін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:Әдеби тілдің лексикалық нормасы

Сабақтың мақсаты:а)Сөйлеу тіліндегі сөздердің әдеби нормасы жайлы түсінік беру,меңгерту;

Ә)Мәдениетті сөйлеуге,сөйлеу әдебін сақтауға тәрбиелеу;

Б)Адамгершілік ой-өрісі мен шығармашылық қабілетін,тіл байлығын дамыту

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау

Көрнекіліктер:оқулық

Пәнаралық байланысәдебиет:

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,назарларын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Ана тілі жайлы өткенді пысықтап,ой-толғауды оқып шығу.

3.Жаңа сабақ.

1.Тілдегі сөздердің қолдану аясы жайлы әңгімелеу

2.Әдеби нормаға жатпайтын сөздер:

а)Диалектизмдер

ә)Дөрекі,былапыт,жаргон сөздер

б)Қазақ тілінде баламасы бар термин сөздер

3.Жаттығу жұмыстары.4-жаттығу.Берілген сөздердің қандай жолмен жасалғанын түсіндіріңдер.Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздерді атаңдар.

5-жаттығу.Үлгі:жаны жақсы-адамгершілігі мол,бауырмал,қайырымды,ақылды,еңбекқор.

Сабақты бекіту:Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы пысықтап бекіту.

Үйге тапсырма:6-бет,6-жаттығу.

 

 

3-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:Бақылау диктанты

Сабақтың мақсаты:а)Оқушылардың білімі мен сауаттылығын бақылау;

 

б)Ой-өрісі мен сөздік қорын дамыту.

Сабақтың типі:

Сабақтың түрі:бақылау сабағы

Сабақтың әдісі:баяндау

Көрнекіліктер:Диктанттар жинағы

Пәнаралық байланысӘдебиет

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.

 

Сөз қадірін білген халық

      Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық.Кеңдігін де, елдігінде, кеменгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық.

    Оның тарихы да,тағдыры да,тәлімі мен тәрбиесі де,даналығы мен көңілі де сол сөзде жатыр.

  Қазақ тарихында сөздің орны ерекше.Бітпес даудың,бәтуәсіз шудың кесіміде,шешімі де сөз болған.Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр,лып еткен сезім,терең ақыл,кемел ой,арман-мұрат,мұң мен сыр-бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе,қазақтай-ақ білсін.Оның рухы,жан құпиясы төзім-сезімі сөз құдіретімен тұтас,туыс.Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш,құдірет жоқ.Тоқтам жоқ.

  Қазақ-«ат сүрінгенше» ақыл тапқан,ұшқыр ойды қастерлеген,ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген,ардақтысы да,аяулысы да сөз болған халық.

122 сөз.(Газеттен).

Грамматикалық тапсырма.

1.Зат есімдерді тауып ,астын сыз.

 

 

4-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:Мәтін

Сабақтың мақсаты:а)Мәтін туралы ,оның қалай жасалатыны туралы түсінік беру,меңгерту;

ә)Оқушыларды мәдениеттілікке,адамгершілікке,мейірімділікке жаттығулар мен тапсырмалар арқылы тәрбиелеу;

б)Адамгершілікң ақыл- ойын,шығармашылық қабілетін,сөздік қорын дамыту.

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:дәстүрлі

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру.Өткен сабақты қайталап,еске түсіру.

3.Жаңа сабақ.

  Мәтінде бір-біріне жалғасып,байланысып келетін бірнеше күрделі ой болады.Бір бүтін күрделі,жүйелі ой жазуда бір абзац арқылы көрінеді.Кейде мәтінде негізгі ой өз жүйесінен ауытқып,жаңа ой,жаңа пікірді айтуға көшеді немесе негізгі ойға қосымша ой қосады.Осылар жазуда абзацпен беріледі.

 Оқушыларға мәтіндер беріп,ондағы мәтінге тән белгілерді тауып алған білімдерін жинақтау.

  Жаттығу жұмыстары:7-жаттығу.мәтіннің тақырыбы ретінде алынған сөздерге талдау жасаңдар.мәтін неге бір ғана абзацтан құрылған.Орфаграфиялық нормаға жатпайтын сөздік қолданыстарды табыңдар.

Үлестірмелі карталар беріп,оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалау.

  14-жаттығу.Көшіріп жазып,қаратпа сөздердің астын сызыңдар.

 Сабақты бекіту:Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақты бекітіп,пысықтау.

Үйге тапсырма:15-жаттығу.

 

 

5-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты:а)Ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру,Бай тіл екендігіне оқушылардың көздерін жеткізе білу;

ә)Ана тілін ардақтауға.сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу;

б)Оқушылардың ой-өрісі мен шығармашылық қабілетін,сөздік қорын дамыту.

Сабақтың типі:қайталау сабағы

Сабақтың түрі:құрамдастырылған

Сабақтың әдісі:іздену,сұрақ-жауап,пікіралмасу

Көрнекіліктер:оқулық

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты еске түсіру.Жаттығу жұмысын тексеру.

Жаңа сабақ.Жаттығу жұмыстары.

Оқушыларды үш топқа бөліп деңгейлік тапсырмалар беру.

1-деңгей.1.әр сөзде неше буын бар?Әр сөзді тасымалдап көр.Буын саны тасымалмен сәйкес келе ме?

Балалық,қыстыгүні,сырғанақ,көкпеңбек,ұсыныс,шекарашылар,бастық,

ғарыш,қоян,жорық,ұя,сыйлық,ардақты,таңертеңгі,бастық,қысқы,балапан,ғалымдар,оқушылар.

2.Көп нүктенің орнына и,й әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар

Күн қас қас...етті нұрын аяма... төгіп тұр.Біз Ма...раны тазалықшы етіп са...ладық.

Жан қ...налма...,жұмыс бітпес,

Талап қылма...,мұратқа жетпес.

3.Төмендегі кісі аттарын алфавит ретімен жазыңдар.Әлия,Ырысты,Балым,Кенже,Қанат,Арман,Мұхтар,Төлеген,Әділ,Рахима,Қамза,Нілжан,Сағындық,Өтеген,Ораз,Айбек,Бағдат,Ержан,Зәмзә,Сәкен,Шәмшия,Ханым,Іргебай.п

2-деңгей.1.Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін құрамына қарай талдап,араларындағы дыбыс үндестігін табыңдар.

Бұрынғы.Аймангүл.Он бес.Орманбай.Тұзсыз.Көре алмадым.Көз сала жүр.есенгелді.Амангелді.Досжан.Тас жол.Бос жүрмін.

2.Төмендегі сөздерді айтылу ережесмі бойынша жазып көрсетіңдер.

Үлгі:жүйрік-жүйрүк,жүйткі-жүйткү т.б.

Жүйрік           май қаймақ                     мөңіреу                

Жүйткі            майталманға                 пүліш    

Жүксіз            құлын                             сөгілу 

жүзгіш            қытыр-қытыр                  сөйлегіш

3.Төмендегі сөздерге қосымша жалғап көшіріңдер.

Дивизия              экспонат                    сыйлық

Диалог                     экран                                тыйым салу

Мүсінші               кино                           диагноз

Ұңғы                    экскаватор                 корректор

3-деңгей.1.Мәтінді оқыңдар.Баланың әрі қарай не істеуі мүмкін екендігін ойланып,өздерің мәтінді жалғастырып жазыңдар.

2.Мәтін суреттеуге жата ма,хабарлауға жата ма?Көшіріп жазып ауыспалы мағыналы сөздердің астын сызыңдар.

3.Жоғарыдағы мәтінде қолданылған ауыспалы мағыналы сөздерді қолданып сөйлем құраңдар.

Сабақты бекіту:Әдеби тіл нормаларын білу үшін не керек?деген сұрақ төңірегінде пікір алмасу.

Үйге тапсырма:14-бет.28-жаттығу.

 

 

 

 

 

 

 

6-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Морфология.Зат есімнің түрленуі.

Сабақтың мақсаты:а)Зат есімге жалғаулардың жалғануы және олардың атқаратын қызметі жайлы мәлімет беру,меңгерту;

ә)Оқушыларды адамгершілікке ,еңбекқор болуға,халықтық өнерді бағалай білуге тәрбиелеу;

б)Ой-өрісі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі:құрамдастырылған сабақ

Сабақтың әдісі:баяндау,сұрақ-жауап

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.Амандасу,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру.Өткен сабақты еске түсіріп пысықтау,жаттығу жұмысының орындалуын тексеру,бағалау.

3.Жаңа сабақ.      

1.Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.Жалғаулар,бір жағынан.өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе,сөйтіп,зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса,екінші жағынан,өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады.Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі:көптік жалғау,тәуелдік жалғау,септік жалғау және жіктік жалғау.Зат есім негізінен көптеледі,септеледі,тәуелденеді.Тек адамға байланысты,адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады.Мысалы:мен бала-мын,сен бала-сың,сіз баласыз,ол-бала.Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер жіктеледі.Мысалы:Мен асқар таумын,сен төбесің;сен темірсің,мен көмірмін,еріткелі келгенмін

Зат есімге  –лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тердеген көптік жалғаулары үндестік заңы бойынша жалғанып келіп,заттың көптігін білдіреді.

Тәуелдік жалғау бір заттың екінші затқа тәуелді,меншікті екенін білдіреді.тәуелденетін сөз үш жақтың біріне тәуелдене,меншіктеле айтылады.

Жаттығу жұмыстары:36-жаттығу.Мәтінді оқып,Тоныкөк өздеріңе белгігі Орхон жазуының авторы екенін біліп алыңдар.Ондағы зат есімдерді

тауып,оларға жалғанған жалғаулардың түрлерін ажыратыңдар.

   37-жаттығу.Көп нүкте қойылған орындардың қажетті дген жеріне көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып,қандай үндестік заңына бағынып жалғанғанын түсіндіріңдер.

39-жаттығу.Берілген жалғаулы сөздердің оңаша түрін ортақ,ал ортақ түрін оңаша тәуелдеуге айналдырып жазыңдар.

Үлгі:қуанышым-қуанышымыз,...

        Әкеміз-әкем,...

 

Үлестірме кестелерде берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

Сабақты  бекіту:сұрақ тапсырмалар арқылы сабақты пысықтап,меңгерту.

Үйге тапсырма:21-бет,40-жаттығу.

Оқушылардың еңбегін бағалау.

 

 

7-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:Септік жалғау

Сабақтың мақсаты:а)Септік жалғауының түрлері менсөздерге үстейтін грамматикалық мағынасы жайлы,жалғауларының жалғану заңдылықтарын түсіндіріп,тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы меңгерту.

ә)Оқушыларды тілін,мәдениетін сүюге,құрметтей білуге,елжандылыққа тәрбиелеу.

б)Ой-өрісін .адамгершілік ақыл-ойын,шығармашылық қабілетін,тіл байлығын дамыту.

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау
Көрнекіліктер:Септік жалғауларының кестесі,перфокарталар

Пәнаралық байланыс:әдебиет,тарих

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.Амандасу,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру:Зат есімнің түрленуі,көптік жалғауы мен тәуелдік жалғауының жалғану ережелері жайлы өткенді еске түсіп,жаңа сабақпен байланыстыру.

3.Жаңа сабақ

Септік жалғау зат есімге жалғанғанда,оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп,сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді.Қазақ тілінде 7

түрлі септік бар:атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес.септік

жалғаулары сөзге буын үндестігі мен ілгерінді ықпал заңдары бойынша жалғанады.Тек көмектес септік жалғауы ғана буын үндестігіне бағынбайды.

Зат есім көптік,тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып та септеле береді.Көптік жалғаулы зат есімнің септелуі оның жекше түрде септелуімен бірдей.

Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс,табыс,жатыс септіктерінде айырмашылық бар.

Жаттығу жұмыстары:

41-жаттығу.Өлең мәтінін рөлге бөліп оқыңдар.Әсептіктің сұрақтары мен жалғауларын естеріңе түсіріңдер.

42-жаттығу. Өлеңді дәптерлеріңе көшіріп жазып,септік жалғаулы сөздердің қай септікте тұрғанын айтыңдар.

45-жаттығу.Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер.

Сабақты бекіту:Сұрақ –тапсырмалар арқылы сабақты пысықтау.

Үй тапсырмасы:24-бет.46-жаттығу.

 

8-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің жіктелуі

Сабақтың мақсаты:Зат есімге жіктік жалғауының жалғану ерекшеліктері жайлы түсінік беру.жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту:

Ә)оқушыларды тапқырлыққа, зеректікке,сөз мағынасын түсіне білуге тәрбиелеу;

Б)Ой-өрістері мен шығармашылық қабілеттері мен тілдік қорын дамыту.

Сабақтың типі:

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі:

Көрнекіліктер:

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.Амандасу,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты еске түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

Лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктеліп келіп,жіктеу есімдіктерімен қатынасқа түседі.Адам аттары мен мамандық кәсібіне қатысты зат есімдерді үш жақта бірдей жекеше,көпше түрде жіктеп айтуға болады.Зат есімдердің қалған тобы жіктелмейді.Кейде көркем әдебиетте нәрселер мен құбылыстардың,жан-жануарлардың аттары адамның

әр алуан қасиеттерін бейнелеу үшін ауыспалы мәнде жұмсалады.

Тапсырма.Төмендегі зат есімдердің қайсысы жіктеліп,қайсысы жіктелмейді?Жіктелетіндерін үш жақта жекеше,көпше түрде жіктеңдер.

Заңгер,құжат,заң,зейнетақы,зейнеткер,ғарыш,ғарышкер,үйрек,бүркіт,бүркітші,қой,жылқышы,ар,тілек,тілекші,Арман,Қанат,Сәуле.

Жаттығу жұмыстары:

49-жаттығу.Төмендегі өлеңдерден жіктеліп тұрған зат есімдерді тауып,жіктелу себебін түсіндіріңдер.

Үлестірме қағаздар бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс істеу.

Сабақты бекіту.Тапсырма.Ойлан.Ізден.Тап.

1.Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма?

2.Тәуелдік жалғауы қандай сөзден соң тісіп қалып айтылады

3.Септік жалғауларын бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

4.Ілік жалғаулы сөз қай жалғаудағы сөз табымен байланысып келетінін байқадыңдар ма?

Үйге тапсырма:27-бет,50-жаттығу.

 

 

 

9-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:а)Зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру,жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар арқылы  меңгеру;

Ә)Оқушыларды мейірімділікке,еңбекқорлыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Б)Оқушылардың шығармашылық қабілетін,тіл байлығын, адамгершілік ақыл-ойын дамыту.

Сабақтың типі:

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі:

Көрнекіліктер:

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.Амандасу,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты еске түсіру,пысықтау.Жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

А)Зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы түсінік.

Ә) Септік жалғауына кластер жасау.

Б)Сөйлем мүшелеріне түсінік беру.Тақтадағы сөйлемдер арқылы зат

есімдердің қай сөйлем мүшесі екендігін анықтау.

Жаттығу жұмыстары.51-жаттығу.Үлгі:парашютпен-көмектес септігінде,сөйлемде толықтауыш қызметін атқарып тұр.

53-жаттығу.Берілген сөздерді жекеше,көпше түрде жіктеңдер.Қандай қызметте жұмсалып тұрғанын анықтаңдар.

55-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауларын қойыңдар.Зат есімдер қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.

Сабақты бекіту.Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақты бекітіп,пысықтау.

Зат есімдер қатысқан жұмбақтар жасырып,топ-топқа бөлініп ойнау.

Үйге тапсырма.31-бет.56,57-жаттығулар.32-бет пысықтауға арналған сұрақтарға дайындалу.

 

 

10-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Сын есімнің түрленуі.

Сабақтың мақсаты:а)Сын есімнің шырай формасына енуі туралы түсінік беру,меңгертубілімділігін арттыру;

Ә) Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жайлы мәліметтер бере отырып,оқушыларды  ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге,дәріптеуге тәрбиелеу;

Б)Адамгершілік ақыл-ой мен шығармашылық қабілетін,сөздік қорын дамыту.

Сабақтың типі:

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі:

Көрнекіліктер:

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы.1.Ұйыдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты еске түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

Cын есімнің шырай формасына енуі оның түрленуі деп аталады.Бір тектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін,әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атайды.

Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:салыстырмалы шырайжәне күшейтпелі шырай.

Жаттығу жұмыстары.1-деңгей.65-жаттығу.Берілген сын есімдердің бір тектес

сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазыңдар.

2-деңгей.64-жаттығу.Мәтінді өздік диктант етіп жазыңдар.Құрамындағы сапалық сын есімдерді табыңдар.

3-деңгей.66-жаттығу.Сын есімдерді тауып,оларды байланысып тұрған сөздерімен бірге теріпжазыңдар.Сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңдар.

Сабақты бекіту.Перфакарталар толтыру.Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақты бекітіп,пысықтау.

Үйге тапсырма.Әдебиет оқулығынан сын есімнің шырайларына 5 мысалдан жазып келу.

 

11-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Салыстырмалы шырай

Сабақтың мақсаты:Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.Салыстырмалы шырай

Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады:үлкен-үлкенірек,жақсы-жақсылау,терең-тереңірек.

1)-рақ,-рек,-ырақ,-ірек;жұқарақ,кішірек,биігірек;

2)-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,теу;жақсылау,күреңдеу,кішілеу;

3)-ғыл,қыл,-ғылт,-гілт,-қылт,-кілт,ғылтым,-қылтым;сарғыл,сарғылт,бозғылтым;

4)-шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім;ақшыл,ақшылтым,көкшіл,көкшілтім;

5)-ғыш,-ілдір;сарғыш,көгілдір;

6)-аң,-қай,-ша,-ше;қуаң,қоңырқай,ұзынша,көкше;

Жаттығу жұмыстары.67-жаттығу.

Үлгі:толық-толықтау,толығырақ,толықша;

68-жаттығу.Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып,жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар.

Сабақты бекіту.Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы жаңа материалды пысықтау.

Үйге тапсырма.38-бет.69-жаттығу.

 

12-сабақ

Cабақтың тақырыбы:Күшейтпелі шырай

Сабақтың мақсаты:Күшейтпелі шырайдың жасалу жолдары туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:ойын,салыстыру

Көрнекіліктер:шағын мәтіндер мен үлестірме қағаздар

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.Күшейтпелі шырай

Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екенін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады.:үлкен-үп-үлкен-тым үлкен,тамаша-тап-тамаша-өте тамаша;

1.Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады:суық-сұп-суық,ұзын-ұп-ұзын,

2.Күшейтпелі шырай сапалық негізгі сын есімдерге өте,тым,аса,ең,нағыз,тіптінақ,шымқай,орасан,ыңғай,кілең сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады:өте күшті,тым биік,нағыз жүйрік,шымқай қызыл.

 

 

 

 

Жаттығу жұмыстары.71-жаттығу.Берілген сын есімдерден күшейтпелі шырай жасаңдар.

73-жаттығу.Берілген күшейтпелі шырайды қатыстырып,сөз тіркесін құрап жазыңдар.

75-жаттығу.«Өте зейінді оқушы»деген атпен шағын шығарма жазыңдар.

Сабақты бекіту.Кім көп біледі?ойыны.Төмендегідей күшейткіш буындар арқылы құралған қос сөздерді кім көп тауып жазса,сол озып шығады.Олар қандай сөз табы болады?

Тап-(5сөз)

Ап-(6сөз)

Жап-(10сөз)

Үйге тапсырма:40-бет.76-жаттығу.

 

13-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:Сын есімнің сөйлемде қандай қызмет атқаратыны  туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:құрамдастырылған сабақ

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау

Көрнекіліктер:оқулық,суреттер

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

1.Сын есі м әдетте анықтауыштық қызмет атқарады.2.Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы да болады:Сен бір артық көркемсің.3.Сөйлемде етістіктің алдында тұрып,қимыл,іс-әрекеттің сынын білдіріп,пысықтауыш болады.

 

 

 

 

 

 

 

4.Сын есім заттанып келіп,бастауыш қызметін атқарады.5.Сын есім табыс,барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде келіп,заттанып,толықтауыш та болады.

Жаттығу жұмыстары.81-жаттығу.Мақалдарды оқып шығып,зат есімнің қызметі атқарып тұрған сын есімдердің қай септіктежұмсалып,қай сөйлем мүшесі екенін айтыңдар.

84-жаттығу.Үлгі:Қалың қара сақалды:сұрағы-қандай?-үш сөздің тізбегінен-ды деген жұрнақ арқылы жасалған күрделі сын есім,қатыстық сын есім.

Сабақты бекіту.Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

Үйге тапсырма.44-бет.82,83-жаттығулар.

 

 

14-сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Сан есімнің түрленуі                                                                                             Сабақтың  мақсаты:Сан есім туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

1.Сан есім туралы төменгі сыныпта өткенді еске түсіру.

2.Сан есім түрлеріне кластер жасау.

3.Сан есімнің түрлену жүйесі туралы түсінік.,

4.Тақтадағы мысалдар арқылы сан есімнің түрлену ережесін анықтау.

Жаттығу жұмыстары.88-жаттығу.Мәтіндегі заттық ұғымда жұмсалып тұрған сан есімдерді табыңдар.Қалай түрленіп тұрғанын түсіндіріңдер.

 

 

 

 

 

 

 

90-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазыңдар және құрамына қарай талдаңдар.

Үлгі:он екі,

Сабақты бекіту.Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

1.Сан есімдер нені білдіреді?2.Сан есім құрамына қарай қандай түрге бөлінеді?3.Сан есімнің мағыналарына қарай қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?4.Сан есімнің емлесін рет-ретімен айтып беріңдер.

Үйге тапсырма:49-бет.991,92-жаттығу.

 

 

 

15-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Сан есімнің сөйлемдегі қызметі                                                                                           Сабақтың  мақсаты:Сан есімнің сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:Жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:жаңа сабақтан алған бағыттарын жүзеге асыру.

Көрнекіліктер:Газет-журналдар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

1.Сан есім заттың мөлшерін,ретін,санын білдіріп анықтауыш қызметін атқарады.

2.С.е. жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп,баяндауыш болады.

3.С.е.атау септікте тұрып бастауыш болады.

4.С.е.септеліп те,септелмей де етістіктің алдында келіп,пысықтауыш қызметін атқарады.

5.С.е.барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде келіп,толықтауыш болады.

6.С.е.зат есіммен я қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп,сөйлемнің күрделі мүшесі болады.

Жаттығу жұмыстары.93-жаттығу.Мәтінді оқып шығып,құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойыңдар,қай мүше екенін,қандай сөзбен тіркескенін айтыңдар.

Үлгі:Қанша үйлі жан?-жиырма-анықтауыш,есептік сан есім.

94-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып,сан есімдердің қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын астын сызып көрсетіңдер.

Сабақты бекіту.Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы жаңа материалды пысықтау.

Үйге тапсырма.«Уақыт-таразы»деген тақырыпта сан есімдерді түрлендіре жұмсап,мақала жазыңдар.

 

16-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Есімдіктердің түрленуі                                                                         Сабақтың мақсаты:Есімдік және оның түрленуі туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:құрамдастырылған сабақ

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:жаңа сабақтан алған бағыттарын жүзеге асыру.

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

1.Есімдік туралы төменгі сыныптарда өткенді еске түсіру.

2.Есімдік және оның түрлеріне кластер жасау.

3.Заттық ұғымдағы есімдіктердің зат есімдерше түрленуі.

4.Заттық ұғымдағы есімдіктер.

5Заттық мағынадағы есімдіктер

Жаттығу жұмыстары.96-жаттығу.Оқып шығып,есімдіктерді табыңдар және заттық ұғымда тұрған есімдіктерді бір бөлек,заттық белгіні білдіріп тұрған есімдіктерді бір бөлек жазыңдар.

Тапсырма.Мәтіннің тақырыбы неліктен адамгершілік мәселесі болып тұрғанын дәлелдеңдер.

Үлестірме қағаздарды үлестіріп,ондағы тапсырмалармен жұмыс жасау.

Сабақты бекіту.Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақты пысықтау.

Үйге тапсырма.Көркем әдебиеттен есімдік тің түрлеріне 7 мысал жазыпкелу,ереже жаттау.

 

 

 

 

 

17-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Жіктеу есімдіктердің түрленуі                                                                         Сабақтың мақсаты:Жіктеу есімдік және оның түрленуі туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:құрамдастырылған сабақ

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:жаңа сабақтан алған бағыттарын жүзеге асыру.

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

1.Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнында жүріп,затесімдерше жіктеледі,септеледі.

2.Ж.е. септелу үлгісі

А.мен             сен             ол                біз             сіз             сендер            сіздер              

І.менің            сенің          оның            біздің        сіздің        сендердің      сіздердің

Б.маған          саған          оған             бізге         сізге          сендерге        сіздерге

Т.мені             сені             оны             бізді         сізді           сендерді         сіздерді

Ж.менде         сенде          онда           бізде        сізде          сендерде        сіздерде

Ш.менен         сенен          одан           бізден       сізден       сендерден       сіздерден

К.менімен       сенімен      онымен       бізбен      сізбен       сендермен       сіздермен

 

 

3.Ж.е.жіктелу үлгісі

1.менмін                  бізбіз    

2.сенсің                   сенсіңдер          

    Сізсіз                    сізсіздер

3.ол                          олар

 

Жаттығу жұмыстары.97-жаттығу.Өлеңді оқып,есімдіктерді табыңдар.Олар есімдіктің қай түрі екенін айтыңдар,түрлену жолдарын түсіндіріңдер.

Үлгі:сен-жіктеу есімдігі,...

Тапсырма.Ақынның кімді құрметтеңдер деп тұрғанын әңгімелеңдер.

98-жаттығу.Мәнерлеп оқыңдар.Б.Бұлқышев жайлы әңгімелесіңдер.Мәтінен ашық және жасырын қолданылып тұрған есімдіктерді табыңдар.

Үлестірме қағаздарда берілген деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.

Сабақты бекіту.Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жаңа материалды пысықтау.

Үйге тапсырма.55-бет.99-жаттығу.

 

 

18-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Сілтеу есімдіктердің түрленуі                                                                         Сабақтың мақсаты:Сілтеу есімдігі және оның түрленуі туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:құрамдастырылған сабақ

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:жаңа сабақтан алған бағыттарын жүзеге асыру.

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

Сілтеу есімдігі зат есімнің орнына жүріп,зат есімше тәуелденеді және септеледі.

Сілтеу есімдіктеріне кейде көптік,тәуелдік жалғаулары жалғанады.

Сілтеу есімдіктері септелгенде заттанып,зат есімнің орнына жұмсалады.

Жаттығу жұмыстары.100-жаттығу.Мәтінді оқып,жіктеу,сілтеу есімдіктерін табыңдар және олар қандай тұлғада тұрғанын айтыңдар.

Тапсырма.Мәтіндегі фразеологизмдерді табыңдар.

101-жаттығу.Құрамында сілтеу есімдігі бар сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Тапсырма.Бұғы ана туралы не айтар едіңдер?Топ-топқа бөлініпа,пікірлеріңді бірлесіп жазып шығыңдар.

Сабақты бекіту.Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа материалды меңгерту.

1.Сілтеу есімдігі қалай түрленеді?

2.Сілтеу есімдіктері септелгенде қандай өзгеріске ұшырайды?

3.Сілтеу есімдіктері септелгенде қандай ерекшеліктер байқалады?

Үйге тапсырма.59-бет.102-жаттығу.

 

19-cабақ

Сабақтың тақырыбы:Сұрау есімдіктердің түрленуі                                                                         Сабақтың мақсаты:Сұрау есімдігі және оның түрленуі туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:құрамдастырылған сабақ

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:жаңа сабақтан алған бағыттарын жүзеге асыру.

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

Сұрау есімдігі зат есімнің орнына жүріп,зат есімдерше тәуелденеді,септеледі және жіктеледі.

Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана 1,2жақтарда жіктеледі.Себебі 1және 2 жақ,яғни айтушы(мен,біз) және тыңдаушы (сен,сендер,сіздер) адам ғана болады.3 жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді.

Оқушыларға түсінікті болу үшін топтарға бөліп,1-топқа сұрау есімдіктерінің тәуелдетіп,2-топқа септетіп,3-топқа жіктетемін.

Жаттығу жұмыстары.1-топ.103-жаттығу.Мәтінді оқып,құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағыналық ерекшеліктеріне және қолданысына назар аударыңдар.

106-жаттығу.Нешінші?қайсысы? деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдепжазып,мағыналық,тұлғалық жағынан салыстырыңдар.

2-топ.105-жаттығу.Жаңылтпаштарды айтып үйреніңдер.Құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағынасын және сөйлемде қандай қызмет атқарып тьұрғанын түсіндіріңдер.

107-жаттығу.Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.

3-топ.104-жаттығу.Шешендік сөздерді оқып,түрленіп жұмсалған сұрау есімдіктерін табыңдар.

Шешендік сөздерде қандай қасиеттер туралы айтылғанына ой-толғаңдар.

Үйге тапсырма.59-60-беттердегі мәтінді оқып,сұрау есімдіктерін жіктеу.

20-сабақ

. Сабақтың тақырыбы:Өздік,белгісіздік есімдіктердің түрленуі                                                                         Сабақтың мақсаты:Өздік,белгісіздік есімдіктері және олардың түрленуі туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:құрамдастырылған сабақ

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:жаңа сабақтан алған бағыттарын жүзеге асыру.

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

Өздік есімдігі тәуелденіп барып септеледі,жіктеледі.

Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен немесе зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады.

Біреу,кейбіреу,қайсыбірену,бірдеме,әрне,кімде-кім,әлдекім,әркім,әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалады.Олар көптік,тәуелдік,септік жалғауларында жұмсалып,сөйлемде атау септікте тұрып,бастауыш,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде тұрып толықтауыш,ілік септікте тұрып анықтауыш қызметтерін атқарады.

Жаттығу жұмыстары.108-жаттығу.Өлең мәтіндерінен үш автордың  айтпақ ортақ ойын түйіндеңдер.Өздік есімдіктерді тауып,қандай тұлғада түрленіп тұрғанын айтыңдар.

109-жаттығу.Төмендегі белгісіздік есімдіктерін түрлендіріп,септелу үлгісін кестемен көрсетіңдер.

110-жаттығу.Мәтінді оқып,нелер жайында айтылғанын түсініп алыңдар.Мәтіндегі есімдіктерді тауып,қандай тұлғада жұмсалып тұрғанын айтыңдар.

Тапсырма.«Сезімсіз өмір сүруге бола ма?»деген тақырыпта шағын ойтолғау жазыңдар.

Сабақты бекіту.Сұрақ-тапсырмалар арқылы жаңа материалы пысықтау.

Үйге тапсырма.65-бет.115-жаттығу.

 

 

21-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Есімдіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:а)Есімдіктің сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру,жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар арқылы  меңгеру;

Ә)Оқушыларды мейірімділікке,еңбекқорлыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Б)Оқушылардың шығармашылық қабілетін,тіл байлығын, адамгершілік ақыл-ойын дамыту.

Сабақтың типі:құрамдастырылған сабақ

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау

Көрнекіліктер:суреттер,үлестірме қағаздар

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.Амандасу,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты еске түсіру,пысықтау.Жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүргендіктен,сөйлемде әр түрлі мүшенің  қызметін атқарады.

1.Есімдіктератау септікте тұрып бастауыш болады:Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

2.Есімдіктер барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады:Кеудемде жаным бардаГауһарды ешкімге бермеспін.

3.Есімдіктер ілік септікте немесе сын есімменсан есімнің орнына қолданып,анықтауыш болады:Бірнеше жұмсақ алақан көтеріп бара жатқандай.

4.Есімдіктер мезгіл,мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса,пысықтауыш болады.:Бірен-саран шыққан астықты жұрт әлдеқашан жинап алған

5.Есімдіктер жіктеліп қолданылса,баяндауыш болады:Менің іздегенім сенсің.

Жаттығу жұмыстары112-жаттығу.Сөйлемдердің құрамындағы есімдіктерге сұрақ қойып,олар қай мүшенің қызметін атқарып тұрғанын ажыратыңдар.

Үлгі:Кім туралы шағым айтып келген?-біреу туралы-толықтауыш.

115-жаттығу.Барлық,барша,күллі,бәрі деген есімдіктерге сөйлем құрап, құрастырған сөйлемдерге ситаксистік талдау жасаңдар.

Тақтадағы сурет бойыншатесімдіктерді қатыстырып мәтін құра.

Сабақты бекіту.Үлестірме қағаздар бойынша тапсырмаларды орындау,сұрақ –тапсырмалар арқылы жаңа материалды меңгерту.

Үйге тапсырма.67-бет.116-жаттығу.

22-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Етістіктің түрленуі ,етістіктің шақтары туралы түсінік.                                                                        Сабақтың мақсаты:Етістік,оның шақтары және оның түрленуі туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:құрамдастырылған сабақ

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:жаңа сабақтан алған бағыттарын жүзеге асыру.

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

1.Етістік туралы төменгі сыныптарда өткенді еске түсіру.Кластер жасау.

2.Етістіктің шақтары:осы шақ,келер шақ, өткен шақ.Мысалдар арқылы іс-әрекеттің қай кезде орындалғанын анықтап,қай шақта тұрғанын айту.

3.Етістіктің шақтарының жасалу жолдары:есімше,көсемше тұлғалы етістік түбіріне-ды,-ді,-ты,-ті және-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Жаттығу жұмыстары.122-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқып,ақын суреттеген табиғаттың әсемдігін әңгімелеңдер.Өлеңдегіетістіктерді теріп жазып,қай шақта тұрғанын айтыңдар.

Тапсырма.Құстар қалай сайрайды?Тізбектеп жазып шығыңдар.

Үлгі:қаздар қаңқылдайды,үйректерқұрқылдайды,...

123-жаттығу

Үлгі:осы шақ:шашып тұр,...

        Өткен шақ:тіккенбіз,...

        Келер шақ:ұшып келеді,...

Сабақты бюекіту:үлестірме қағаздар арқылы тапсырмалар беріп,сабақты бекіту.

Үйге тапсырма:73-бет.124-жаттығу.

 

 

23-сабақ           

  Сабақтың тақырыбы: Осы шақ және оның түрлері                                                                                        Сабақтың мақсаты:Осы шақ және оның түрлері туралы түсінік беру,жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту,сауаттылығын арттыру;

Ә)Оқушылардың білімділігі мен сауаттылығын арттыру,мәдениеттілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу:

Б)Адамгершілік қасиеттері мен ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі:құрамдастырылған сабақ

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:жаңа сабақтан алған бағыттарын жүзеге асыру.

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақты ескуе түсіріп,пысықтау,жаттығу жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

 

 

24-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ

Сабақтың мақсаты:а) Оқушылар түсінігін арттырып, өздігімен жұмыс жасау қабілетін арттыру;

ә)Сабақты меңгерту арқылы тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

б) Ойлау қабілетін арттырып, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:сатылай комплексті талдау

Сабақтың әдісі: талдау, түсіндіру

Көрнекіліктер:мысалдар, тіл туралы жазылған нақыл сөздер

Пәнаралықбайланыс:тарих,әдебиет, география

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау

2.Жаңа сабақ.

а)Лексика тарауы бойынша түсінік жұмыстары.

ә) Мысалдар мен сөйлем мағыналарына шолу

б) Тіл байлығына деген көзқарас

3.Жаттығу жұмыстары.1-жаттығу. Ауыспалы осы шақтағы  сөздердің тура мағынасын ашу

2-жаттығу.Ана тілінің  байлығы жайында ауызша әңгімелеңдер.

Сабақты бекіту:Деңгейлік тапсырмалар

Ауыспалы осы шақтың мәнін түсіндіріңдер.

Ауыспалы осы шақтың қолдану аясы туралы айтыңдар.

Ауыспалы осы шақтың омонимдерден айырмашылығын анықтаңыз

Негізгі ерекшеліктеріне толығымен тоқталыңыз

Үйге тапсырма: «Шақтың түрлері мен қолданылу аясы» атты тақырыпта эссе жазу.

Оқушылардың еңбегін бағалау.

 

25-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ

Сабақтың мақсаты:а) Келер шақты толығымен түсіндіре отырып, тақырыпты меңгерту;

ә) Ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру;

б) тіл байлығын мен шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Құрамдастырылған сабақ

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: тірек-сызба

 

 

 

 

Көрнекіліктер: Келер шақ мағынасында  жазылған нақыл сөздер

Пәнаралықбайланыс: тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,оқушылар сабаққа даярлығын қадағалап, назарын аудару

2.Жаңа сабақ.

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік.

ә) Келер шақтың қолданылу аясы

б) Келер шақты мысалға ала отырып пікірлесу

1-жаттығу. Етістік тақырыбында  жазбаша мәтіндермен жұмыс.

2-жаттығу. Шақ түрлері негізінде ауызша әңгімелеңдер.

 3-жаттығу. Келер шақта қолданылатын сөздер бойынша тест жұмысын құрастыру

 

Сабақты бекіту: Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Етістіктің мәнін түсіндіріңдер.

2. Келер шақтың қолдану аясы туралы айтыңдар.

3. Сөздер ішінен келер шақты қалай айыруға болады?

4. Берілген сәйкестік тесттердің жауаптарын анықтау

5. Тақырып бойынша бірізділікті жүзеге асыру

Үйге тапсырма: Топтық және жекелеген тапсырмалар бойынша жұмыс

Оқушылардың еңбегін бағалау.

 

26-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Келер шақтың түрлері, болжалды келер шақ

Сабақтың мақсаты:а) Шақ және оның түрлері тақырыбын жете меңгерту;

ә) Тіл байлығын құрметтеуге тәрбиелеу;

б) Сөз мағыналарын түсіндіре отырып, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың типі: Жүйелеп оқыту

Сабақтың түрі:саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Талдау, жобалау

Көрнекіліктер: Болжалды келер шақ негізіндегі мысалдар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару

2.Жаңа сабақ.

а) Жалпы етістік туралы қайталау

ә) Болжалды келер шақ туралы түсінік.

б) Әр шақ төңірегінде  пікіралмасу

3.Жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу. Келер шақты ауызша түсіндіріңдер

2-жаттығу. Болжалды келер шақ болатын бірнеше мысалдар құрастыру

 

 

 

 

Сабақты бекіту:Сұрақтар мен деңгейлік тапсырмалар

1. Етістік және оның түрлерінің мәнін түсіндіріңдер.

2. Шақ түрлерінің қолдану аясы туралы жазбаша жұмыстар

3. Болжалды келер шақ төңірегеінде тапсырмаларды орындау

4. Шақ түрлерінің айырмашылығын анықтайтын деректер жазу

 

Үйге тапсырма: Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау

Оқушылардың еңбегін бағалау.

 

 

27-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Мақсатты келер шақ

Сабақтың мақсаты:а)Қазақ тілінің халық үшін баға жетпес қазына екендігін,өте бай тіл екендігін оқушыларға жеткізу,меңгерту;

ә)Оқушыларды  ана тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу;

б)ой-өрісі мен шығармашылық қабілетін,тіл байлығын дамыту.

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:пікірталас,сұрақ-жауап

Көрнекіліктер:Тіл туралы жазылған нақыл сөздер

Пәнаралықбайланыс:Құқық,әдебиет

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,оқушылар назарын сабаққа аудару

2.Жаңа сабақ.

а)Қазақ тілі мен әдеби тіл туралы түсінік.

ә)Тіл туралы  заңмен таныстыру

б)Ана тілі жайлы әңгімелесу

3.Жаттығу жұмыстары.1-жаттығу.Қазақ тілін неліктен баба тілі дейтінін жазбаша түсіндіріңдер.

2-жаттығу.Ана тілінің қадірі-қасиеті жайында ауызша әңгімелеңдер.

Сабақты бекіту:Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Қазақ тілін әдеби тіл деп атаудың мәнін түсіндіріңдер.2.Қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен қолдану аясы туралы айтыңдар.3.Қазақстанда қазақтардан басқа қандай халық тұрады?4.Олардың ішінде түркі тілдестері бар ма?5.Қазақ халқы Қазақстаннан басқа тағы қандай жерлерде тұрады?

Үйге тапсырма:«Ана тілім-тірлігімнің айғағы»атты тақырыпқа ой-толғау жазу.

Оқушылардың еңбегін бағалау.

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райлары

Сабақтың мақсаты: 1.Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы екенін мысалдар арқылы меңгерту.

2. Оқушының ой-өрісін дамыту, әдеби тілде сөйлеу машықтары және ойын жүйелі жеткізу машықтарын қалыптастыру.

3.Ұлттық құныдылықтарды білу және құрмет тұту, бірін-бірі сыйлау жауаптарын тыңдау, достыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап ,ойын түрлері

Көрнекіліктер:кесте, үлестірмелер

Жұмыс формасы: Топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару,түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау. Бағалау парақшалары арқылы оқушылар бағаланады.

3.Психологиялық дайындық :Оқушылардың жай-күйін өздерінің есімдерінің алдына сын есімді қою арқылы  таныстырып өту .Мыс: Тапқыр Мейрамхан. Ойлы Ақмарал  т.б.

II .Үй жұмысын тексеру

1.Үйге берілген жаттығуды тексеру

 III. Үйге берілген тапсырманы пысықтау

1.топ басшылары үй жұмысының қаншалықты орындалғаны жөнінде хабарлау

2. Ортаға әр топтан бір оқушы шығып, бір оқушы мақалдың  басын айтады, екінші оқушы жалғастырады,үшінші оқушы етістікті тауып қай шақта тұрғанын табады.

IV.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

Әр топтан үш оқушы шығып, сиқырлы қалтадан сөздер алады. Ондағы сөздер :

Ол райынан қайтпады. Бүгін ауа рай жақсы емес.

Осы екі сөздің мағынасын түсіндіру

 V .Жаңа тақырыпты меңгерту.

«Кім жылдам» ойыны  үш топ оқулықтағы ережені тез оқып шығады. Қайсысы тез оқиды сол топ бірінші болып түсіндіреді.Тақтадағы кесте бойынша  түсіндіреді. Топ басшыларының қайсысы жақсы түсіндіргенін мұғалім бағалайды.

161-жаттығудағы кілт сөздерді табу.Әр топтан бір оқушы шығып, кілт сөздерді тауып, сол сөздерге байланысты сөйлемдер құрастырады.

Қымыз, ақсақалдар, сәлем беру, әдепті бала т.б.

16жаттығудан 1-топқа етістіктің осы шағын,2-топқа келер шақты,3-топқа өткен шақты табу беріледі.

Жаттығудың Б.Момышұлы шығармасынан алынғандығы жөнінде

Осы шағын үзінді бойынша Бауыржан Момышұлына мінездеме жазу

VI.Жаңа тақырыпты пысықтау

1.Әр оқушы  оқыған ережелері бойынша айтып шығады.

2.Үш топқа етістіктің шағы мен етістіктің райының айырмашылығын таптыру

VII.Сабақты қортындылау

VIII.Бағалау парақтары бойынша білімдерін бағалау

IX. Үйге тапсырма:       Б.Момышұлының мақал-мәтелдерін тауып, етістіктерді табу

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ашық рай

Сабақтың мақсаты:1. Ашық рай үш шақтың бірінде қолданылып,сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын білдіретінін меңгерту. Етістіктің шақтарын қайталату.

2.Теориялық білімдерін практикада қолдану машықтарын қалыптастыру, әдеби тілде сөйлеу және сөздерді дұрыс қолдану машықтарын қалыптастыру.

3.Оқушылардың білім алу үрдісініе жауапкершілікпен қарауы және ақылдылыққа өзін-өзі ұстай алуға тәрбиелеу

 

Сабақтың типі:  жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс ойын

Сабақтың әдіс-тәсілдері. Салыстыру, өлең шығару, тест,сұрақ

Жұмыс формасы: топпен

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы

 I.Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсатын хабарлау.өткізілу барысын түсіндіру.

Сабақты «Хан жақсы ма?» ойыны арқылы өткіземіз.

Әр топтан бір ақын және хан сайланады, қалғандары уәзірлері болады.

Ханның уәзірлері сабақты жақсы айтып, ақындары өлеңді жақсы шығарып, ханның көңілін көтеруі  тиіс.

Мұғалім: Сабақты Абай атамыздың 31-қарасөзімен бастаймыз.Оқушылардан сұрау.

Естігенді ұмытпау үшін не істеу керек деген Абай атамыз? Басқа нәрсе ойлап отырмау керек. Естігенді ынтамен ұғу керек. Ой кеселдерінен сақ болу керек. Олай болса, біз де осы шарттарды сақтаймыз.

Әр топтың хандары өз топтарына сабақта  өзін-өзі ұстауы және сұрақтарға қалай жауап беру керектігі жөнінде тапсырма береді.

  II .Үй жұмысын тексеру

1.Сабақта  ақындар өздернің хандарына бір шумақ өлең шығарады. Әр ақын өз ханын мақтауы тиіс. Ал уәзірлері шығарған өлеңнен етістіктерді табады.

2.Уәзірлер үйге берілген тапсырма бойынша Б.Момышұлының мақал-мәтелдерін айтады.

 III .Үй  жұмысын пысықтау

Хандар өз тобына Отансүйгіштікке байланысты ақыл айту, ойларын мақал-мәтелмен қорыту.

 IV : Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

 Әр топ өз беттерінше оқулықтан және тақтадағы кесте бойынша ашық райдың ережесін және мысалдарын оқиды.

 V .Жаңа тақырыпты меңгерту

«Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінділер жазуға оқушыларға берілген тапсырмалар бойынша әр топ өздерінің үлестірмелерін жайып қояды. Осы сөйлемдерден топтан үш оқушы шығып, етістіктерді тауып, оның қай шақта тұрғанын және оның ашық рай екенін түсіндіру.

 VI. Жаңа тақырыпты пысықтау

Хандар бір-біріне жұмбақ жасырады. Уәзірлері жұмбақтардан етістіктерді тауып, қай шақ екенін ажыратады.

VII .Сабақты қортындылау

1.Топтан ақындар шығып сабақтың басынан бері бірінің қателігін бірі айтып, сабақта не меңгергендіктері туралы айтып, айтысады.

2.Хандар өз топтарына өзінің көңілінің қаншалықты көтеріңкі болғанын жеткізу.

3 Тест алу 

VIII Хандар арқылы білімдерін бағалау
IX. Үйге тапсырма: 168-жаттығу  Әдебиеттен көркем шығармадан адамның мінез-құлқына байланысты үзінді жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Бұйрық рай

Сабақтың мақсаты:1. Қимылдың іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрінің бұйрық рай екенін және оның жасалу жолдарын меңгерту

Оқушының  ой-өрісін дамыту, жұмыс істеу белсенділігін арттыру,өз ойын жүйелі қисынды, дәлелді айтып үйрену машығын дамытуға ықпал ету

Оқушының өмір жолына дұрыс бағдар беру, бірін-бірі сыйлауға,адал достыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары

Жұмыс формасы: жекелей,жұппен

Көрнекіліктер:кестелер,үлестірме қағаздар.С.Назарбаеваның портреті

Пәнаралық байланыс: әдебиет,өзін-өзі тану

 

Сабақ барысы

 I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аударып және  түгендеу, сабақтың мақсатын хабарлау.

2. Әл-Фарабидің сөзімен бастау

«Адамның қолына қонған бақыттың тұрақты болуы өзінің мінезіне байланысты»

Осы нақыл сөз арқылы өз ойларын айтқызу.Өздерінің сыныптарындағы оқушылардың мінездері жөнінде тоқталу

 II.Үй жұмысын тексеру

1.Үйге берілген жаттығуды  оқушылар бірінің дәптерін бірі тексеру және бағалау, ашық райды қаншалықты түсінгендіктерін көршілері бақылау.

2. Ережесін айтқызу.

III. Үй жұмысын пысықтау

Көркем шығармадан  адамның мінез-құлқына байланысты жазылған үзінділерден етістіктерді табу, оның ашық райда тұрғанын ажырату.

IV.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

1.Тақтаға кесте іліп,  және сөқйлемдер жазу арқылы  оқушылар өздері ізденеді.

 V.Жаңа тақырыпты меңгерту

Мақал –мәтелдерден бұйрық райды өзеріне және мұғалімнің көмегімен табу және мағынасын ашу

1.Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атаңа ауыр жүк артпа!

2.Оң қолың ұрыс бастаса,

Сол қолың арашашы болсын.

3.Ақылдыдан үйрен,сұмнан жирен.

4.Сырын білмеген адамға сырыңды айтпа,

Қасақы жауға шыныңды айтпа.

5.Ашу –дұшпан, ақыл-дос,

Ақылыңыа ақыл қос.

Мақалдардың мағынасын аштыру.

«Өзін-өзі тану-өмірді тану» шағын  пікірталас жүргізу

Тақтадағы С.Назарбаеаның портретін неге іліп қойылғаны туралы сұрау, қосымша мәліметтер беру.Биылғы жылы Сара апамызға 70 жас болатынына да тоқталу.

 VI.Жаңа тақырыпты пысықтау.

1.Оқушылардан ашық рай мен бұйрық рай бойынша тест алу.

2.Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі бұйрық райды түсіндіру

3. Өздері бұйрық райға нақыл сөз ретінде мысалдар келтіру

 VII. сабақты қортындылау

Мұғалім оқушыларға бұйрық райды және ашық райды «венн диаграммасында» салыстырып,түсіндіреді

VIII. Білімдерін бағалау

IX.Үйге тапсырма:

         Мақал-мәтелдер және  М.Қашқаридың нақыл сөздерін жаттау

 

 

Сабақтың тақырыбы: Шартты рай

Сабақтың мақсаты:1. Қимылдың іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп,-са,-се жұрнақтары арқылы жасалатын райдың түрін меңгерту

Оқушының  өзіндік ой-пікірін еркін жеткізу машығы және әдеби тілде сөйлеу машығын қалыптастыру, тероиялық білімін практикада қолдану дағдысын қалыптастыру.

Адамгершілікке, достыққа,адалдыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың типі:  жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары

Жұмыс формасы: жекелей, жұппен

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,кесте

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

 I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару және түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

М.Қашқаридың нақыл сөздерінен оқушыларға үзінді оқу.

«Білімді адамға жолықсаң,оған күнде барып, өнер білгін,үйренгін, кербез,тәкаппарлықты қойғын.»  бұл кімнің сөзі? Мағынасын өз сөздерімен түсіндіру.Тәкаппар қандай адам?

 

 II. Үй жұмысын тексеру

1.Оқушылардан ереже сұрау

2.М.Қашқари кім? Қосымша материалдар бойынша

 III.Үй жұмысын пысықтау

Берілген нақыл сөздерден бұйрық райда тұрған етістіктерді табу

Егер саған қиындық күндер туса,қатыгездік басқа түссе, оны өтпелі қиындық,өтіп кетеді деп сабыр сақта.

Су бермеске, сүт бер. Адам көпке түкірсе, өзінің жүзіне түсер.

 IV. Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

1.Шартты райдың жасалу жолын ,жұрнағын айту

V. Жаңа тақырыпты меңгерту

1.Оқушыларға әр түрлі сөздерді алып шартты райдың жұрнағын жалғап, жіктеуге тапсырма беріледі.

2.Оқушыларға « Орхон-Енисей» ескерткіштерінде шартты райдың жұрнағы –сар,-сер екенін айтып түсіндіру

VI.Жаңа тақырыпты пысықтау

Оқушылардан шартты рай бойынша тест алу

174-жаттығуды орындату ауызша. Мақал –мәтелдерді оқып, мағынасын ашу және шартты райды табу

VII.Сабақты қортындылау

Оқушыларға шартты рай,бұйрық , ашық райдың айырмашылықтарын тақтаға сыздыру

Мұғалім қосымша түсіндіреді. Кесте бойынша

VIII. Оқушылардың білімін бағалау

IX.Үйге тапсырма: 175-176-жаттығуларды орындау

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қалау рай

Сабақтың мақсаты:1.Қалау райдың жасалу жолдарын меңгерту,қалау райдың –қы,-кі,-ғы,-гі жұрнақтары және са-се жұрнағынан кейін игі еді тіркесінің қолданылуы арқылы жасалатынын меңгерту

2.Оқушының  ой-пікірін еркін жеткізу, әдеби тілде сөйлеу машығын қалыптастыру

3. Оқушының өмірден өз орнын табуы,  достарымен қарым –қатынаста сыйластықтың, бірліктің болуы, білімді болуға тәрбиелеу 

 

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс

Сабақтың әдістері: ойтолғау, салыстыру,сұрақ –жауап

Жұмыс формасы: топтық

Көрнекіліктер: нақыл сөздер,тапсырмалар, кестелер

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақ барысы

 I .Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

Сабақта топпен жұмыс жасаймыз.

Әр топтан әр түрлі мамандық иелерін таңдап алынады.

Мұғалім –сабақ түсіндіреді

Психолог-оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру,жай-күйін бақылау

Тілші-сабақ барысындағы барлық іс-әрекеттерді газетке жазады.

Психологиялық дайындық : Оқушылардан қандай маманыдқ иесі болғылары келетіні сұралады.Неліктен ол мамандықты таңдайсың?

Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан» өлең жолы қай өлеңінен алынған және мағынасын ашып өз ойымен ,өз көзқарасын білдіру.

 II.Үй жұмысын тексеру

Мұғалімдер оқушылардың үй жұмыстарын тексереді.Қателерін айтып, жақсы орындаған оқушыларды атап өтеді.

 III Үй жұмысын пысықтау

1.Үлестірмелер арқылы ережені сұрау

Әр топтың ұстаздары үй жұмысының қаншалықты орындалғаны жөнінде хабарлау

Психолог  өз сөздерімен оқушылардың көңілін көтеру.

Тақтадағы нақыл сөзбен «Адам баласы адам баласынан тек ақыл –білім арқылы озады»  Осы нақыл сөзбен өз оқушыларына сабақ барысында барлық назарлары сабақта болу керек екенін және білім алудың маңыздылығы, еліміздің болашағы екенін өз сөздерімен жеткізу.

 IV .Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

Әр оқушы «кім болғым келеді» шағын шығарма жазу, тыңдау

V .Жаңа тақырыпты меңгерту

Тақтадағы кестеден және оқулықтан ережені оқып, әр топтың ұстаздары тақтаға  шығып, түсіндіреді.

Жасалу жолдарын меңгере отырып, әр топтан бір оқушы шығып, өзінің мысалдарын тақтаға жазады.

VI. Жаңа тақырыпты пысықтау

1.«Кім болғым келеді» шығармаларынан қалау райдың жұрнақтары арқылы жасалған етістіктерді табу. 

2.Жаттығу жұмыстарынан тақтаға жаттығу орындау

 VIII Сабақты қортындылау

Мұғалім  райдың түрлеріне тоқталып, қалау райдың өзгешелігіне тоқталып, түсіндіру

Әр топтың психологы,мұғалімі  оқушыларды бағалайды,тілшілері және психологы сабақты қортындылайды.

IX Үйге тапсырма: 180-жаттығу

 

 

Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі

Сабақтың мақсаты: 1.Есімшенің екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі екенін меңгерту.

2.Оқушының ой-өрісін дамыту,  ойын жүйелі айту, еркін және әдеби тілде сөйлеу машықтарын қалыптастыру

3. Білім алу үрдісіне жауапкершілікпен қарау, бір-бірін сыйлау, достыққа, адалдыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой шақыру ,

Көрнекіліктер: үлестірмелер, кестелер

Жұмыс формасы: жұппен

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

Психологиялық дайындық:  «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,Жаманмен жолдас болсаң,қаларсың ұятқа»

«Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізер»

Осы мақалдарды мағынасын түсіну арқылы сабақты жұппен жұмыс жасайтынымыз және бірлік және адамгершілік болғанда жеңіске жететіндері жөнінде айту.Әр оқушы өзіне жұп таңдайды.

Әр жұп өзіне ұран алады.

 II . Үй жұмысын тексеру

1.Әр жұп бойынша өздері жұмыстарын тексеріп, бір-бірін бағалайды

III. Үй жұмысын пысықтау

 Ұпай бойынша сұрақтарға жауап береді

Ең жоғарғы ұпай 10 ұпай Ең жоғарғы ұпай бойынша сұрақтар ережені толық айту және морфологиялық талдау

Қызыл жетондағы 10 ұпайдың сұрағы  Қалау райдың  ережесі және берілген сөйлемдердегі етістіктерді талдау

Көк жетондағы  10 ұпайдың сұрағы  Шартты райдың ережесі және сөйлемнен етістікті тауып, морфологиялық талдау

Қызыл жетондағ 10 ұпайдың сұрағы Ашық рай және тапсырма

САры жетондағы Бұйрық рай және тапсырма т.б тапсырмалар

IV.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

Берілген мақалдардан есімшелерді табу.Әр жұп өздері мақал-мәтелдерді алады.

1.Қырсыққан жігіт мал таппас

2.Айтқан сөз –атылған оқ.

3.Көп біріксе, ел болар, көп тілегі көл болар.

4.Адам тілі тас жарар,тас жармаса,бас жарар.

5.Білімдіден шыққан сөз,Білімдіге болсын кез

6.Ексең егін ,ішерсің тегін.

7.Тозбас жасау болмас,

Бас білмес,асау болмас.

Осы мақалдардан есімшенің жұрнақтарын табу.еске түсіру

Әр жұп тақтаға шығып, есімшенің жұрнақтарын жазып кетеді.

  V.Жаңа тақырыпты меңгерту

1.Әр жұп барлық есімше жұнақтары бойынша төрт жалғауды жалғап көреді.

2.Оқулықтағы кесте бойынша  өздері қарап, тәуелдеп, септеп, жіктеп және көптеп мысалдар жазады.

Шығатын қортынды не?

Есімше барлық жалғауларды жалғай береді

 VI.Жаңа тақырыпты пысықтау

1.Жаттығу жұмыстарын орындау. Екі жұп бір-бірінің жұмыстарын текеседі.

2.Әр жұптан екі нұсқада тест алу, бір-бірін тексеру,түзету жұмыстарын жүргізу

 VII.Сабақты қортындылау

1.Мұғалім өз сөзімен түсіндіреді.

2.Жұптарға баға беру

Сабақты Н.Назарбаевтың сөзімен аяқтау «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан халықтың алмайтын асуы жоқ»

VIII.Білімдерін бағалау

IX.Үйге тапсырма: 188-189-жаттығу

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Есімшелердің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мқсаты: 1.Есімше әрі есім,әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан,ыңғайына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алатынын меңгерту.

2.Оқушының  өз ойын еркін жеткізу, ережелерді ,ойын жүйелі айту, әр сөздің мағынасына түсініп, жеткізу ,теориялық білімін практикада қолдану машықтарын дамыту.

3.Адамгершілікке ,үлкенге құрмет көрсету, ата-ананы сыйлау,үлгілі болуға тәрбиелеу

 

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сатылай кешенді талдау, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекіліктер: кесте.үлестірме

Жұмыс формасы: жекелей

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақ барысы

 I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

II.Үй жұмысын сұрау

1.Есімшенің түрленуінің ережесін сұрау.Үлгірімі төмен оқушылардан. Қатесі болса, басқа оқушылар түзейді.

2.Дәптерлерінен жаттығу жұмысын  тексеру

III .Үй жұмысын пысықтау

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей.Үлестірмелердегі тапсырмалар бойынша көп нүктенің орнына  тиісті жалғауларды қою.

2-деңгей Етістіктерге сатылай комплексті талдау жасау

3-деңгей Мәтінді оқып, әрі қарай өз ойымен жалғастыру

 IV.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

1.Сөйлем мүшелерінің сұрақтарын еске түсіру.

Әрқайсысынан сұрау.Берілген сөйлемдерді талдату

Ол шай құя бастады.Ол хат жазып отыр. Сабақ аяқталып келеді.Жұмысымды кеше аяқтадым.Ол қайта-қайта күрсініп қояды. Ол-сараң адам.

 V.Жаңа тақырыпты меңгерту.

1.Есімшелердің сөйлемдегі қызметінің ережесін әр оқушыға кезек-кезек оқытып,түсіндірту.Түсінбеген жерлерін басқа оқушыдан сұрау

А)Жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауыш қызметін атқаратынын

Ә)Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрыпанықтауыш қызметін атқаратынын

Б)Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін атқаратынын

В)Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызмет атқаратынын

Г)Есімше барыс және жатыс,шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп пысықтауыш қызметін атқаратынын оқушыларға оқытып, түсіндіру.

 V.Жаңа тақырыпты пысықтау

191-жаттығу мақал-мәтелдердегі есімшелердің сұрақтарын анықтап,олар қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын айту,мағынасын түсіндіру

Туған үйдің түтіні жылы. Туған –анықтауыш

Туған ананың  күтімі жылы.

Көптен бүлінген үй оңбс. Бүлінген –анықтауыш

Қосылғанның қолы ұзын. Қосылғанның-кімнің-анықтауыш

Ұйымдасқан ұтады.Ұйымдасқан-кім-бастауыш

Бірлігі мықты елдің

Белін ешкім сындырмас. Сындырмас-баяндауыш

Батыр мақтанса,Жауға шапқанын айтар.Айтар-баяндауыш

Шапқанын-толықтауыш

Ер жігіттің екі сөйлегені-өлген. Сөйлегені-бастауыш

Өлгені-баяндауы.

192-жаттығу

Өз беттерімен орындату

VI .Сабақты қортындылау

Мұғ: Оқушылар, бүгінгі сабақта тәрбиелік мақсатымыз қандай болды деп ойлайсыңдар?

Ата-ананы сыйлау,бірлік,сыйластық,адамгершілік.

Ата-ана туралы мақалдар айтқызу

VII.Білімдерін бағалау

VIII.Үйге тапсырма Оқулықтағы мақалдарды жаттау 194-жаттығу

Етістіктерге сатылай комплексті талдау жасау.

 

 

Сабақтың тақырыбы:Көсемшенің  түрленуі

Сабақтың мақсаты: 1.Көсемше де есімше сияқты екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатынын,жіктеліп немесе күрделі етістіктің негізгі сыңары болып, нақты қимылды білдіріп, етістік қызметінде қолданылса, енді бірде қимылдың амалын білідіріп,үстеу қызметінде қолдаынлатынын меңгерту

2.Оқушының  өз ойын еркін жеткізу, әдеби тілде сөйлеу машығын дамыту. Айтылған пікірлерді орынды қорыту дағдыларын қалыптастыру

3.Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету, ананы ренжітпеу, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі : жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері:талдау, ойтолғау,

Жұмыс формасы:топтық 

Көрнекіліктер:тапсырмалар кесте, үлестірме қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

II.Үй жұмысын тексеру

1.Оқушылардың дәптерлерін топ басшылары тексеріп, бағалау парақшаларына бағаларын қояды және қателерін айтады.

 Топ басшыларын мақал-мәтел жарысына шақыру.

III.Үй жұмысын пысықтау

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі тақырыбынан тест алу.

IV. Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

1.Әр топқа Ғ.Мүсіреповтың ана туралы әңгімелер топтамасынан үзінділер беріледі.

1-топ Мен мына қыздың шешесімін. Қызым қазір он бесте.Дәл қызымның жасында өзім де сергелдеңге ұшырап едім. Соның суық ызғары  табанымнан ,қара таңбасы маңдайымнан әлі кеткен жоқ.

2-топ Елім дейтін елім бар дейсің бе: сай сағалап,өзен жағалап жүретін төрт үйлі бір ауыл болыпты,сол ауылда Сонар дегеннің қызы едім.

3-топ Әкем арбасын жөндеп, шешем көжесін қайнатып жатыр еді, он шақты салт сау ете түсті.

Әр топтан бұл қай шығармадан алынғаны туралы және кім туралы айтылып отырғаны сұралады.

2.Көсемшенің жұрнақтарын естеріне түсіру

V.Жаңа тақырыпты меңгерту

1. Көсемшенің түрленуін оқулықтан оқытып, түрлендіру.

201-жаттығу Көсемшенің жасалу жолын және қай жақта жіктелгенін ажыратып айту  Әр топ бойынша сөздерді бөлу және бір-бірінің жауабын тыңдап, түзету жұмысын жасау 

VI.Жаңа тақырыпты пысықтау

1.Әр топтың мүшелеріне жеке-жеке сөйлемдер беріледі. Сөйлемдерден көсемшелердің қалай түрленіп тұрғанын табу

Қара шаштары тарқатылып, жалаңаш көкірегін жабуға кеудесіне түскен, беті шойындай қап-қара.Бірақ жасымаған көзі от шашып,әмір етіп тұрғандай.

Тыңда !-деді әйел.-сен не істесең де адам ғанасың.Ал енді мен-ана!Сен өлімге қызмет етесің,мен өмірге қызмет етемін.Сен өлім шашасың.,мен өмір шашамын.Дүниеге адам әкелем  білдің бе?Сондықтан мен сені адамға санамаймын да.

-Мен ешкімнің қалаай саналуымен есептесіп көрген де емеспін,есептесе алмаймын да! Жұмысыңды айт,әйел!-деді тәкаппар темір.

Темір патша да мұны ұғарлық данышпан еді.Шығыстың салқын данышпандығын алмады дейсің бе,әйелдің сөзіндегі батылдық пен күштілікті де сезіп.

VII.Сабақты қортындылау

1.Көсемшіенң түрленуін топ басшылары  толықтырып түсіндіреді.

2.Тест  алу  3. Ең жақын адамың кім?

Оқушылар  әрқайсысы өз пікірлерін айту.  «Ана –сарқылмайтын бұлақ» тақырыбында  шағын ой толғау жазу

VIII. Білімдерін топ басшысының көмегімен бағалау

IX. Үйге тапсырма:  Ғ.Мүсіреповтің әңгімелерінен үзінді жазу. Қай шығармадан алынғаны және көсемшелерді талдау

 

Сабақтың тақырыбы:  Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты: 1.Көсемшенің сөйлемдегі қызметін мысалдар арқылы меңгерту.

2. Сұрақтарға  толық жауап беру, ойын жүйелі және еркін жеткізу, өмірмен байланыстыра айту дағдыларын қалыптастыру

3. Оқушыларды   ананың құдіретін түсіну,адамгершілікке, адал достыққа  және білім алу үрдісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс Әдеби қонақжай

Сабақтың әдістері: талдау, ойтолғау, рөлдік ойын

Жұмыс формасы: жұптық

Көрнекіліктер: Ғ. Мүсірепов әңгімелері,суреттер, кесте, тапсырмалар

Пәнаралық байланыс:әдебиет

 

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

Сабақтың барысын түсіндіру

I.Үй жұмысын тексеру

Әр жұп бірінші бір-бірінші жұмыстарын тексеріп, қатесіз  қонақтарды күтіп алуға тырысады. Әр жұп бір-біріне үйге берілген тапсырманы өз қонақтарына қтесіз көрсетуі тиіс.

Өздері  жазып келген Ғабит М-тің әңгімесінен алынған үзінді бойынша қызықты оқиға айтып беруі тиіс.

III.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

1.Әр жұп өздеріне тапсырманы тақтадағы тапсырманы таңдайды.

Тапсырма: Ана туралы шығармалардан үзінді.Сыртында тақырыптары жазылған үзінділер

«Ер ана»    «Өлімді жеңген ана»    «Ананың арашасы»  «Ашынған ана»

Осы тақырыптардың артында сөйлемдер жазылған. Осы сөйлемдерді алып ,өздері көсемшелерін табады.

IV.Жаңа тақырыпты меңгерту

 «Ер ана» тақырыбы  бойынша үзінді Көрінген бұтаны  бойтаса  жасап, қалаға қарай жалғыз әйел келе жатыр. Түп ізі-қалың орман,меңзегені осы қала сияқты. Жауған оқты елемей,өлім қаупін ескермей келе жатқан ана еді ол. Өмір үшін сынға түссе, ана жүрегі бүлк еткен бе! Әйел бұршақтай бораған оқ астына қарай кіріп келе датыр.Бұл аңыраған ана Наталья еді.

 Әр жерле топтанып отырған тойған құзғындар «қашан ортамызға түсесің, жаназаңды қашан оқимыз?» дегендей,Наталья анаға тұнжырай қарасады.

«Өлімді жеңген ана» тақырыбы бойынша үзінді

-Мен тәңірі құлы Темірмін,тиісті сөзді ғана айтам. Міне, менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге дейін өзім білмеген сезімді қозғап,мені жеңіп барады. Бұл әйел менімен әйелше сөйлесіп отыр,-бұйырады.Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл өмірдің иесі,бұл ана,бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі,ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой.Кім біледі,мүмкін, ол ұшқыннан әлденеше ғасырға кететін жалын туар.Мүмкін, жерді жылытып, бақыт себетін адам болар. Мен жерге өлім егіп, қанмен жақсы суардым. Жер қазір майы сорғалаптұр қыртыстанды. Енді семіз жерге бақ екпей,бақыт егетін адам керек шығар.

 Дүниені жалмап, адам баласына топандай тиген ,тәңірімен таласқан Темір тағы да көп ойланып отырды да:

 Мен тәңірі құлы Темірмін, тиісті   ғана айтам.Үш жүз салт әскер,қазір жердің төрт бұрышын аралауға аттансын.Тапсын олар мына әйелдің ұлы! Әйел осында  күте тұрады. Мұнымен бірге мен де күтіп отырам. Кімде-кім мұның ұлын әкелсе, ол шын бақыттың дәмін татады. Солай ғой,әйел?-дейді.

Әйел бетіне түскен қара шашын кейін сілкіп тастады да:

-Солай! Осыны істе!-деді азырақ езу тартып.

«Ананың арашасы» үзіндісі

Ана арқасында қайыс қамшы жыландай жүйткіп жүр. Арашаға жарай алмаған ауыл ұятына тұншыққандай тым-тырыс.Тек отыз өрім қамшы ғана әйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн жоқ.Асыл жігер мен құр өктем күш кездесіп қалып, біріне бірі тізе бүгер емес. Қара көк жапырақты ақ көйлек қызылға айналып.арқа жағы тілім-тілім болып кетті.Қанға боялған қамшы ана денесінің ашылған жерлерін иіскеп табатындай,жанға батар жеріне дәл-дәл тиеді. Қамшы сарт етіп қалғанда ана көзінен от ұшықыны да жалт етіп қалады.Сіресіп қалғандай табан аудармай,кек кернеген ана тұр да мың сұрауына бір жауап ала алмай ызаға булығып Антонов тұр.Ана тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты,қырысып қалған тісті тіске айқастыра түседі.

Осы үзінділер бойынша көсемшені тауып, қай сөйлем мүшесі екенін келген қонақтарға түсіндіру.

Осы үзінділер бойынша бір үйге қонаққа келіп, өз ойларын айтады.

 VI. Жаңа тақырыпты пысықтау

1.Оқушылар қонақтағы болған әңгімені одан алған әсерлерін айту

2.Көсемшенің сөйлемдегі қызметі тест алу

VII.сабақты қортындылау

Мақал-мәтелдер арқылы мағынасы оқушылар түсіндіреді.

Ата-ана туралы

 VIII. Білімдерін бағалау

IX Үйге тапсырма:   207-жаттығу Мақал-мәтелдерді жаттау

 

 

 

 

 Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі

Сабақтың мақстаы:  1.Зат есімдерше түрленіп, шақпен де,жақпен де байланысты болмай,қимылдың ,іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің рекше түрінің тұйық етістік екенін меңгерту, септелуі және тәуелденуін меңгерту

2.Оқушының  ой-өрісін дамыту, қиялын дамыту, әдеби тілде сөйлеу машықтарын қалыптасытру

3. Айналаңдағы араласатын жолдастарыңның пікірлерімен санаса білу, құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі : дәстүрлі

Сабақтың әдістері:ойтолғау, тест,

Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар,кестелер

Жұмыс формасы:жекелей

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақ барысы

 I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу

2.Сабақтың мақсатын  хабарлау

 II Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан ережелерді сұрау. Оқушыларға бір-бірінің жаттығуларын тексерту

Мақал-мәтел жарысын өткізу.

III.Үй жұмысын пысықтау.

 Тақтадағы үлестірме қағаздардан тапсырмалар бойынша көсемшенің сөйлемдегі қызметіне қарай талдау жұмысын жүргізу

 IV.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

Әр оқушыға жеке-жеке  тұйық етістіктері бар сөйлемдер жазылған үлестірмелер тарату.

Тұйық етістіктердің астын сызу. Сатылай комплексті талдау жүргізу

V.Жаңа тақырыпты мең герту        

Кесте бойынша тұйық етістіктің түрленуін оқушылар кезек-кезек келіп түсіндіреді.

Жаттығу жұмыстарын жүргізу.

213-жаттығу Тұйық етістіктерді тауып, олардың қай септіктерде тұрғанын ажыратыңдар

 «Адамдарға сөзіңмен ұнауың үшін не істеуің керек?» деген сұрақтың төңірегінде ойланып, пікірлерін тыңдау.

VI. Жаңа тақырыпты пысықтау

1.Берілген  өлең жолын оқып, ішінен тұйық етістікті тауып, қалай түрленгенін айт.

 Ей, балалар,балалар,

Болмаңдар ,сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы-

Бар қасиет нанада бар!

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар!

 

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады.   М.Жұмабаев

 

Сөз туралы мақал-мәтел және тұйық етістіктері болса, талдау жүргізу

 VI.Білімдерін бағалау

VII.Үйге тапсырма:  215-жаттығу ережелерді жаттау

 

 

Сабақтың тақырыбы: Синтаксис

Сабақтың мақсаты: 1.Грамматиканың сөз тіркесі мен сөйлем туралы саласы туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен сөз тіркестерін таптыру2.Оқушының  cөзді жүйелі қолдану ойын жүйелі жеткізу дағдыларын дамыту. 3. Оқушыларды тапқырлыққа ,жылдамдыққа

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрден  тыс ойын

Сабақтың әдістері:

Жұмыс формасы:топтық

Көрнекіліктер:кесте, ұлттық ойын түрлері

Пәнаралық байланыс. Дене шынықтыру

 

Сабақ барысы

 I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

Сабақты ұлттық ойын түрлерімен өткіземіз.

II.Оқушылардың субьективті тәжірибесін өзектендіру

Тақтаға ұлттық ойын түрлері ілінген кестені теріс қаратып ілінеді.

Оқушылардан қандай ұлттық ойын түрлерін білеміз?

III.Қабылдауды ұйымдастыру

«Асық» ойынымен бастаймыз. Сынып үш  топқа бөлінеді.

Ортада 9 асық жатыр әр асықтың сыртында  синтаксис деген сөздің әріптері жазылған.

Осы асықтарды алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

«с»  Тіл  білімі неше салаға бөлінеді?

«и»  Фонетика нені зерттейді?

«н» Лексика нені зерттейді?

«т» Грамматика нені зерттейді?

«а» Морфология нені зерттейді?

«к»  Зат есімдер қалай түрленеді?

«с»  Есімше қалай түрленеді?

«и»  Көсемше қалай түрленеді?

«с» Синтаксис нені зерттейді деп ойлайсың?

«Асық» ойынының соңында синтаксистің сөз тіркесі саласы туралы мұғалім түсіндіру.

IV. Пайымдауды ұйымдастыру

«Сақина салмақ» ойынын ойнату арқылы пайымдауды ұйымдастыру. Мұғалім оқушыларға сақинаның орнына ережелер жазылған қағаздарды үлестіреді. Мысалдарымен .Оқушылар өздері оқып ,түсініп алу керек.

V.Түсінуді алғашқы тексеру

«Теңге алу» ойынының шарты бойынша  жерде жатқан тест  тапсырмалары бар қағаздарды  көп жинауға тырысады. Онда тест сұрақтарында  дұрыс жазылған сөз тіркестерін белгілеу. Қай топ көп орындайды. Сол топ «Теңге ілу» ойынында жеңіске жетеді.

VI.Алғашқы бекітуді ұйымдастыру

«Шөген»  ұлттық ойыны жазылған мәтін бойынша топ жұмыс жасайды. Сөз тіркестерін табу.

VII.Талдау

Оқушылар сабақ  бойынша талдау жүргізеді және «Шөген» ойынын сабақ барысында сұрақтармен байланыстырып өткізуге жоба құру

VIII.Білімдерін бағалау

IX. Үйге тапсырма: 232-жаттығу  Ұлттық ойын түрлерін іздену.Ұлттық ойын түрлерін сабақта қолдану

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің грамматикалық байланысы

Сабақтың мақсаты: 1.Сөздер ойды білдіру үшін бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайтынын, және олардың байланысы әр түрлі болатынын меңгерту

Оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, әдеби тілде сөйлеу машықтарын қалыптастыру.

Елін, жерін,өз отанын  сүйетін азамат қалыптастыру

Сабақтың  түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру

Көрнекіліктер: кесте,тапсырмалар,мақалдар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу.

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

II.Үй жұмысын тексеру

1.Оқушылардың ұлттық ойын бойынша құрған жобасымен үй жұмысы тексеріліп, бекітіледі.

II.   Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

1.«Құсбегілік» мәтінінен сөз тіркестерін табу

2. С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» үзіндісін еске түсіру.

Саятшылық деген не?

Қандай сал-серілерді білеміз? Олардың халыққа қандай пайдасы бар?

Жігіттер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

III.Жаңа тақырыпты  меңгерту

 Ақан сері және Біржан сал өмірін оқыту .Сөйлемдерден грамматикалық байланысқа түскен сөз тіркестерін таптыру.

Қазіргі жігіттер мен Ақан серіні салыстыру .Ақан сері туралы тағы не білеміз?

IV.Жаңа тақырыпты пысықтау

Мақалдарды оқып, мкағынасын ашу және сөз тіркестерін табу

Туған жерге туыңды тік.Ел іші алтын бесік. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар. Сағынған елін аңсайды,сары ала қаз көлін аңсайды. Елінен безген ер оңбас,көлінен безген қаз оңбас. Айырылған азады, қосылған озады.Батыр туса-ел ырысы,жаңбыр жауса-жер ырысы.Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.Көп жасаған білмейді,көп көрген біледі.

V.Сабақты қортындылау

Сөздердің грамматикалық байланысын кесте бойынша түсіндіру

VII Білімдерін бағалау

VIII. Үйге тапсырма: 233-жаттығу Оқып шығып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен грамматикалық байланысына қарай бөлек-бөлек көшіріп жазыңда13

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: 1. Сөздер сөйлемде әр түрлі ыңғайда,әр түрлі сипатта байланысатынын ,жалғау арқылы,шылау арқылы ,интонация арқылы және орын тәртібі арқылы байланысатынын меңгерту.

2.Оқушының сөздік қорын молайту, сөздерді ,сөз тіркестерін орынды қолдану, әдеби тілде сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды білім алу үрдісіне жауапкершілікпен қарау және ана тілімізді құрметтеу, және тіліміздің байлығын дұрыс қолдану

Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері. Болжау, өз ойын айту,

Көрнекіліктер: тапсырмалар, кесте

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы

I .Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу.

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

Оқушылар бірі-біріне көңілді  тілектер,құттықтаулар айту. Көктем мерекелерімен құттықтау

II.Үй жұмысын тексеру

1.Ережені сұрау

2.Үйге берілген жаттығу жұмысын тексеру,түзету жұмыстарын жүргізу

III.Үй жұмысын пысықтау

Тест жұмысын орындау.

 IV.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

 «Ана тілі» мәтіні бойынша байланысқан сөздерді тауып олардың қалай байланысқанын өздері іздеп табу

V.Жаңа тақырыпты  меңгерт у

1Ережені оқытып, түсінбеген жерлерін түсіндіру

Тіл туралы нақыл сөздерді еске түсіру.Нақыл сөздерді тақтаға жазып, байланысу  амалдарын табу

Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі байланысу тәсілдерін түсіндіру

V.Жаңа тақырыпты пысықтау

«Баба тілі» өлеңінен үзіндіні жатқа айтқызу

Баба тілін қадірле,

Болашақтан түңілме!

Айналайын боздақтар,

Аралас тілге үңілме.

Миды оят, жамиғат,

Қазақша алтын жезіңді.

Қазақша жазбай жүргенді,

Түзет құрып тезіңді.

Осы өлең жолдарының авторын табу және сөз тіркестерін тауып, байланысу тәсілдерін табу.

VI Білімдерін бағалау   VII. Үйге тапсырма:240-238- жаттығу

 

Сабақтың тақырыбы : Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты. 1. Сөздердің байланысу түрлерініе жалпы тоқталып өту, бір сөз екінші сөзбен қиыса,қабыса,жанаса, матаса байланысатынын меңгерту

2.Оқушының сөздік қорын молайту. Теориялық білімін практикада қолдану машықтарын қалыптастыру, әдеби тілде сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.Ана тіліміздің құдіретін білу және құрметтеу, мақтаныш ету

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, үлестірмелер

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақ барысы

I .Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару ,түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

II.Үй жұмысын тексеру

Сөздердің байланысу тәсілдері ережесін сұрау

2.Үйге берілген жаттығуды тексеру

III.Үй жұмысын пысықтау

Тіл туралы нақыл сөздерден сөз тіркестерін табу

«Әрбір саналы,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік»  М.Әуезов

 

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту-бүкіл ата –бабамызды ,тарихымызды ұмыту» Ғ.Мүсірепов

 

«Түрлі-түрлі байлық бар.Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім.Өйткені тіл байлығы- бәрінен де сенімді байлық»  Ғ.Мүсірепов

Сөз тіркестерін тақтаға жазып, байланысу тәсілдерін ажырату

IV.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

Сөздердің байланысу тәсілдерін қайталап сұрау

Өздеріне тіл туралы мақал-мәтел айтқызу Одан сөз тіркестерін табу

V.Жаңа тақырыпты меңгерту

1Сөздердің байланысу түрлері не кесте көрсету

Әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өту

2.241-жаттығуды ауызша талдау

VI.Жаңа тақырыпты пысықтау

«Инсерт» әдісі  бойынша  бүгінгі сабақтан не түсінгендіктерін бақылау

«Кубизм» әдісі сұрақтар сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін және түрлерін ажырату

VII.Сабақты қортындылау

 «Менің тілім өлмейді» эссе жазу

VIII.Білімдерін бағалау

IX.Үйге тапсырма: 242-жаттығу

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі туралы түсінік

Сабақтың мақсаты. Сөз тіркесінің екі сыңардан тұратындығы, басыңқы сыңары және бағыныңқы сыңарының болатындығы , басыңқы сыңары сөз тіркесі жасауға тірек болатынын меңгерту

2.Өзіндік ой-пікірін еркін жеткізу машығын қалыптастыру, теориялық білімін практикада қолдану машығын дамыту.

3.Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, ұқыптылыққа  ,жан-жақты болуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері. Талдау, сұрақтар,

Көрнекіліктер: тапсырмалар

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару және түгендеу.

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

II. Үй жұмысын тексеру

Үйге берілген жаттығуды бір-біріне текесерту

Бір-бірінің қателерімен  жұмыс жүргізу

Жаттығудағы Абылайдың түсі бойынша оқушылардың өз ойларын сұрау. Түс жору туралы не біледі

III.Үй жұмысын пысықтау

Сөздердің байланысу түрлері ережесін сұрау

IV. Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

Тақтаға мысал жазып, сол сөйлемнен өздеріне сөз тіркестерін таптыру

Олардың қалай байланысып тұрғанын анықтау

V.Жаңа тақырыпты меңгерту

1.Сөз тіркесі туралы түсінікті оқулықтан оқыту.

Бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңарын түсіндіру

Өздеріне сөз тіркестерінен бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарын таптыру

244-жаттығу

Сыбаға дегеніміз не? Ол кімдерге сақталады?

 244-жаттығудан  сөз тіркесерін тауып ,олардың бағыныңқы сыңарын және басыңқы сыңарын тауып ,талдау жасату

VI. Жаңа тақырыпты пысықтау

Сөз тіркесі туралы сұрақтар арқылы білімдерін пысықтау

Бір-біріне сөз тіркестерін құрастыртып, оның қалай байланысқанын таптыру

Оқушылардан табақ түрлерін сұрау

Қандай табаққа қандай мүше салынатыны туралы сұрау

VII. Сабақты қортындылау

Мұғалім өзі сөз тіркесі туралы мысалдар арқылы қортынды жасайды

VIII Білімдерін бағалау

IX.Үйге тапсырма:245-жаттығу

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты:1. Сөз тіркесі және күрделі сөз, тұрақты тіркестердің бір-бірінен айырмашылығын меңгерту

2.Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, теориялық білімін практикада қолдану  машықтарын қалыптастыру

3. Өздігінен білім алуға жауакершілікпен қарау, тапқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: жарыс

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО  стратегиялары

Көрнекіліктер:тапсырмалар,нақыл сөздер

 

Cабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару және түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау,өтілу барысын түсіндіру

Ек і топ болып бөлініп жарыс түрінде өткізу. Топ басшыларын белгілеу. Топ басшылары өз топтарының оқушыларының сабаққа дайындығы және әрқайсысына жеке мінездеме береді.

Топтың ұранын алады.

II. Үй жұмысын тексеру.

1Екі топ бірі-бірінің жаттығуларын тексеру.Екі топ бір-біріне үй жаттығуына баға қояды.

IIIҮй жұмысын пысықтау

Берілген сөзге тез сөз тіркесін құрастыру және байланысу тәсілін және байланысу түрін айыру

Мәтіннің мазмұнын айту

IV. Бұрынғы білімін өзектендіру

1Әр топтан үш оқушы шығады

 1-оқушы 5 минут ішінде 10 сөз тіркесі

2-оқушы   10 тұрақты сөз тіркесі

3-оқушы  10 сөз күрделі сөз

2.Екі топқа «Венн диаграммасында» салыстырту

Сөз тіркесі мен күрделі сөз

Күрделі сөз бен тұрақты тіркес

Сөз тіркесі тұрақты сөз тіркесі

V.Білімдерін бақылау және бағалау

10 сұрақтан тұратын тест беру және тексеріп, қателерін дұрыстау

VI.Өзін-өзі бағалау

Екі топ бір-біріне сұрақтар құрастырады.

Осы сұрақтар бойынша жауап береді

VIIБілімдерін бағалау

VIII.Үйге тапсырма:248-жаттығу

 Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінің түрлері

Сабақтың мақсаты: 1.Сөз тіркесінің түрлері  есімді және етістікті сөз тіркесі болып бөлінетіні және оның басыңқы сыңарына байланысты болатынын меңгерту

2.Оқушының  сөздік қорын молайту, әдеби тілде сөйлеу машықтарын қалыптастыру.

3.Жақсылыққа тәрбиелеу,жаман қылықтардан аулақ болу, өнерлі болу, үлгілі болу

 

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері:талдау,

Көрнекіліктер:тапсырмалар,тапсырмалар

Сабақтың әдістері:  СТО стратегиялары

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

                     1.Сабақтың  мақсатын хабарлау

II.Үй жұмысын тексеру

Үйге берілген жаттығуды тексеру

III.Үй жұмысын пысықтау

Оқушыларды үш топқа бөлу

1-топтың тапсырмасы

Мына берілген сөздерге тұрақты сөз тіркесін құрау

Қас, қабақ,қол,көз

2-топтың тапсырмасы  Мына сөздерге күрделі сөздер

Қазан,сүйек, қашан, екі,

3-топтың тапсырмасы

Мына сөздерге еркін сөз тіркестерін құрастыру

Қас,қабақ,қол, қазан

 

IV.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

Сөз тіркесінің түрлері

Кесте бойынша  бірнеше сөз тіркесінің басыңқы сыңарларын таптыру

Өздері 10 сөз тіркесін тауып, басыңқы сыңарының қай сөз табынан болатынын белгілеу

V.Жаңа тақырыпты меңгерту

1.Берілген және өздері жазған сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларына байланысты сөз тіркесінің екі түрін түсіндіру

253-жаттығуды орындау

1.Үш топтан оқушылар шығып, жаттығу бойынша жұмыс жасайды.

2.Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтел

3. С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін еске түсіру

VI.Жаңа тақырыпты пысықтау

254-жаттығу

Осы жаттығу бойынша топ басшылары сұрақтар дайындайды.

Ал қалған оқушыларға тест беріледі.

Тест орындап болғаннан кейін топ басшылары өздерінің құрастырған сұрақтарын келесі топ мүшелеріне қояды. Өздері бағалайды

А.Құнанбаевтың туысқандары жөнінде сұрақтар

VII.Сабақты қортындылау

VIII.Білімдерін бағалау
IX.Үйге тапсырма:

254-жаттығуАбайдың туыстары сөзжұмбақ құру

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінің құрылысы. Матасу

Сабақтың мақсаты. Байланысу түрлеріне қарай сөз тіркесінің құрылысын және біріншісі зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында ,екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесінің матаса байланысқан сөз тіркесі екенін меңгерту.2. оқушылардың өз ойын жеткізу, қиялын дамыту,өз бетімен жұмыс істеуін дамыту.

3.Оқушылардың топта кез келген серіктесімен ынтымақтастықта болу, барлығы бірдей еңбектенуге тәрбиелеу

 

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:дәстүрлі

Сабақтың әдістері: талдау ,тест

Көрнекіліктер:тапсырмалар,кесте

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақ барысы

 I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

II. Үй жұмысын текесеру

1.Топ басшылары тексеріп, үй жұмысының қаншалықты орындалғанын бағалайды.

III.Үй жұмысын пысықтау

1.Абайдың туыстарына арналған сөзжұмбақты шешу

2«Танымдық ойын» ақынның портретін көрсетіп, олқай ақын екенін және оның бір шығармасынын үзінді,бір сөйлем оқу.

Осы сөйлемнен барлығы сөз тіркестерін екі бағанға жазу.

Есімді және етістікті сөз тіркесі  дәлелдеу

IV.Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

1.Сөз тіркесінің құрылысын кесте арқылы көрсету

Матасу    Жанасу  Қиысу     Меңгеру    Қабысу

Осы сөз тіркесінің құрылысы туралы өз болжамдарын айту

Матасуға байланысты сөз тіркестерін жазу

Асқардың кітабы  ,Ағамның көйлегі, анамның ақылы, әжемнің сырғасы

V. Жаңа тақырыпты меңгерту

1.Оқулықтан сөз тіркесінің құрылысын оқыту

2.Берілген мысалдардан матаса байланысу дегеніміз не екенін дәлелдеу

Тағы да екі топ матаса байланысқан сөз тіркесін табу

258-жаттығу Мәтіннен матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер,әрбір сыңарына талдау жасаңдар.

VI .Жаңа тақырыпты пысықтау

1.Матаса байланысқан сөз тіркесі бойынша тест сұрақтары

2.Тест сұрақтарын тексеру. Түсінбеген оқушылармен жұмыс жүргізу.Өздеріне сөздер беріп, мысалдар құрастыру

3.258-жаттығуағы мәтіннің мазмұныны сұрау

«Қымыздың адам денсаулығына пайдасы» әңгіме

Осы әңгімеден матаса байланысқан сөз тікесін табу

VII Білімдерін бағалау

VII.Үйге тапсырма:259-жаттығу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың тақырыбы: Меңгеру

Сабақтың мақсаты: Барыс ,табыс,жатыс,шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркестері деп аталатынын меңгерту

2.Оқушының сөздік қорын молайту,ой-өрісін кеңейту, ойын жүйелі айту машықтарын дамыту

3.Білім алу үрдісіне жауапкершілікпен қарау , талаптануға,еңбектенуге тәрпбиелеу, салауатты  өмір салтын ұстану

 

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс ойын

Сабақтың әдістері: ойын түрлері ,талдау

Көрнекіліктер: доп, тапсырмалар, кестелер

Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

II. Үй жұмысын сұрау

Сабақты  «жағдайлы волейбол» ойынымен өткізу .Оқушылар ортаға шығып, бір-біріне допты лақтырып, сұрақтар қояды. Кімге допты лақтырады сол сұраққа жауап береді. Кім жауап берсе, сол ойыннан шығып, тест сұрақтарына жауап береді.

Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

Ойын бойынша топ басшылары ең бірінші өздері  меңгеріле байланысқан сөз тіркесін өздері түсініп алады.

Содан кейін өз тобына түсіндіреді.

«Жағдайлы волейбол» ойыны бойынша топ басшысы  келесі топ ойыншысына артына қарап тұрып допты лақтырады. Ол тапсырмаларда сөздер берілген.Сол сөздерді пайдаланып, меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құрастыру

Солай оқушыларға топ басшылары қаншалықты түсінгендіргендері байқалады.
IV.Жаңа тақырыпты меңгерту

Мұғалім допты кімге лақтырса, сол осы меңгеруге байланысты септіктердің атын атау. Сол септікпен меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құрастыру

263-жаттығу

V. Жаңа тақырыпты пысықтау

1.Әр топ өздері  тағы да бір ойын ұйымдастырып, оны оқушыларға ойнату. Сұрақтармен

2. Тест орындау, қателермен жұмыс

VI .Білімдерін бағалау

VII. Үйге тапсырма: 264-*жаттығу Әдебиеттен  матаса және меңгеріле байланысқан сөз тіркесін тауып, жазу

 

Сабақтың тақырыбы: Қабысу

Сабақтың мақсаты: Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан сөз тіркестерін қабыса байланысқан сөз тіркестері екенін меңгерту

2.Оқушының  сөздік қорын молайту, ойын жүйелі жеткізу машығын дамыту, әдеби тілде сөйлеу машықтарын қалыптастыру

3. Үнемі бірлікте болу, сыйластыққа тәрбиелеу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың  түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару және түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

II. Үй жұмысын тексеру

1.Жатығу жұмысын тексеру

2. Әдебиеттен жазылған мысалдардан меңгеру және матаса байланысқан сөз тіркесін табу

III.Үй жұмысын пысықтау

Сәйкестендіру тестін орындау

Баланың кітабы     меңгеру

                                     

Абайдың немересі      матасу

Дүкенге бару             меңгеру

Сабақты орындау      матасу

Мақтамен орау    меңгеру

Кестені тоқу     матасу

Тапсырмалар ды орындау   матасу

Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

Қабысу орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан сөз тіркестерінің қабыса байланысқан сөз тіркесі 

Ережені өздеріне оқыту

V.Жаңа тақырыпты меңгерту

Жаттығу  жұмыстарын орындап, қабыса байланысқан сөз тіркесін табу.

267-жаттығу Мәтінді оқып шығып, серуенді суреттеген тұсты ажыратыңдар. Қабыса байланысқан сөз тіркестерін тауып жазыңдар.

VI .Жаңа тақырыпты пысықтау

268-жаттығу орындату. Мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың қабыса байланысқан сөз тіркесерімен көшіріп жазыңдар

Тест орындау

VII. Білімдерін бағалау

VIII. Үйге тапсырма: М.Ғабдуллин туралы айту 269-жаттығу

 

 Сабақтың тақырыбы: Жанасу

Сабақтың мақсаты: 1.Орын тәртібі арқылы іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркестерін жанаса байланысқан сөз тіркестері екенін меңгерту 2. Оқушының ой-өрісін дамыту, әдеби тілде сөйлеу машықтарын қалыптастыру. 3. Білім алуға жауапкершілікпен қарау және бір-бірінің жауабын тыңдау, сыйластыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу

                      Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: талдау, тест, салыстыру,өзара тексеру,өзін-өзі  тексеру

Көрнекіліктер: тест тапсырмалар,кесте

Пәнаралық байланыс: әдебиет

                      Сабақ барысы

 I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

II.Үй жұмысын тексеру

1.М.Ғабдуллин туралы жазып келген қосымша мәліметтерін оқытып, ішінен  қабыса байланысқан сөз тіркестерін таптыру

2.Үйге берілген жаттығуды өзара тексерту,бағалау

III.Үй жұмысын пысықтау

1.Оқушылардан жанаса байлангысудың ережесін сұрау

Сөздердің байланысу түрлерінің басқа түрлерімен венн диаграммасында салыстыру

IVЖаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

1.Жанасу атынан қандай байланыс болуы мүмкін?

Оқушылар өз ойларын айтады. Өткен тақырыптарды еске түсіру

V.Жаңа тақырыпты меңгерту

1.Үлестірме қағаздардың ішінен жанаса байланысқан сөз тіркестерін таптыру

Мақал-мәтелдерден жанаса байланысқан сөз тіркестерін табу

                    VI.Жаңа тақырыпты пысықтау

272-жаттығу қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестерін бөлек-бөлек көшіріп жазу.

 Күзек үйдің көрінісін есте сақтау және бүгінгі өздерің сабаққа дайындалатын бөлмемен салыстыру

273-жаттығу Жанаса байланысқан сөз тіркестерін көшіріп жазыңдар

Хан сарайын мәтіндегідей суреттеу

VII.Сабақты қортындылау

Жанасу мен қабысудың айырмашылығы және ұқсастықтарын табу

VIII.Білімдерін бағалау

IX.Үйге тапсырма: 275-жаттығу

 

 

 Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркестерін қайталау

Сабақтың мақсаты: 1.Сөз тіркесі тақырыбынан алған білімдерін пысықтау,бақылау,есепке алу

2.Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту,ой-өрісін дамыту,пікір,қарым-қатынастар дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқушылардың білім алу үрдісіне жауапкершілікпен қарауы, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру,елсүйгіштікке баулу,табиғат-анаы аялау,экологиялық тәрбие беру, ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың түрі: дәстүрлі, тренинг

Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары интерактивті

Қолданылатын көрнекіліктер:өлеңдерден үзінді,суреттер, үлестірме қағаздар

Пәнаралық байланыс. Математика, әдебиет

 Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың мақсатын және барысын түсіндіру.Келісімге келу.Оқушылар өздерін таныстырып шығады.Топтағы үш оқушы кім сабаққа қалай қатысып отырғанын бақылау және өздерінің араларынан өте жақсы деген жұмысты өздерің баға беріп, алып шығу,бір-біріңе көмектесу.Олай болса, балалар, біздің сабағымыз мына қақпаны ашудан басталады. Қақпа ашылу үшін біз 10 минуттың ішінде 10 сұраққа жауап беруіміз керек.

 1.Байланысу түрлерін айт

2.Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары етістіктен болса, ол қандай сөз тіркесі болады?

3.Орын тәртібі арқылы іргелес арқылы байланысқан байланысу түрі?

4.Бағыныңқы сыңары  есім сөздерден болса, ол қандай сөз тіркесі болады?

5. Бағыныңқы сыңары қандай, қай, қанша, неше, кімнің, ненің деген сұрақтарға жауап беретін синтаксистік қатынастың түрі?

6.Бастауыш пен баяндауыш тың арасындағы байланыс түрі?

7. Мектепке келдім байланысу тәсілі қандай?

8.Синтаксистік қатынас түрлерін айт

9. «Сылдыраған су» байланысу түрі қандай?

Қақпа ашылады. Қақпаның ар жағынан  «пейзаж» деген сөз шығады.

 1-тапсырма

Төмендегі мәтінде 10 қиыса байланысқан, 6 меңгеріле байланысқан,15 қабыса байланысқан сөз тіркестері бар. Ал жанаса байланысқан сөз тіркесінің саны үшеуінің санынан 2 есе артық.Ал матаса байланысқан сөз тіркесінің саны төртеуінің санынан 3 есе кем. Сонда барлығы неше матаса, неше байланысқан сөз тіркесі бар?

2-тапсырма

Табиғат, жыл мезгілдері туралы ақын ағаларымыздың  көптеген өлеңдері бар.Соның  ішінде Абай атамыздың өлеңдеріне тоқталайық. Қандай өлеңдерін білеміз? Көз алдымызға күз және жаз мезгілін елестетіп, тұрмыс-тіршіліктерді жазайық. Абай атамыздың өлеңдерінен үзінділерге

«Күз», «Желсіз  түнде жарық ай» , «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы» өлеңдерінен үзінді тыңдап, сөз тіркестерін теріп жазу және сөздерге  морфологиялық  талдау жасау

3-тапсырма: «Жағдайлы  волейбол» ойыны .Мен сендерге сөз тіркестерін айтып, допты лақтырамын. Сендер біреуің сөз тіркесінің түрін, біреуің сөздің байланысу түрін, байланысу тәсілін, синтаксистік қатынас түрін табу.

4-тапсырма: «Дыбыстарды сөйлету»  Әр топ бір дыбыстан басталатын 1 шумақ өлең жазасыңдар. Әрине, табиғат, яғни жыл мезгілі немесе табиғат құбылыс ы туралы

5-тапсырма: «Сиқырлы сөздер» ойыны Сөз тіркесі мен күрделі сөздердің айырмашылығы.Тақтада мынадай күрделі сөздер берілген. Желаяқ,Көлтауысар, Көкшетау, жазғытұры осы күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің айырмашылығын табу.

6-тапсырма:  «Наурызым «қорығы туралы мектебіміздің мұғалімі Көдебаева К.Ә қызы жазған  «Табиғат мұражайы-Наурызым» Наурызым әнұранынан сөз тіркестерін табайық.

7-тапсырма:  Ойтолғау  «Менің өлкем»

Оқушылардың өзін –өзі бағалауы

Үйге тапсырма: көркем  шығармадан табиғатты суреттеуді тауып жазу,сөз тіркестерін көшіріп жазып, талдау

 

 Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар

Сабақтың мақсаты:  1. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары өзара белгілі бір грамматикалық  мағынаны білдіріп ,соған сәйкес белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалатыны  және олардың

анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста болатынын меңгерту.2.Оқушының ой-өрісін дамыту, әдеби ітлде сөйлеу машығын дамыту,

3.Тапқырлыққа , ептілікке,шапшаңдылыққа тәрбиелеу

 

      Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Саюбақтың түрі: ойын

Сабақтың әдістері: ойтолғау ,салыстыру ,сұрақ, жауап

Көрнекіліктер: тапсырмалар,кесте

Пәнаралық байланыс: ұлттық ойын,әдебиет

   Сабақ барысы 

 I .Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың мақсатын хабарлау

2. Сабақтың өтілу барысын түсіндіру

Сабақты  «Айгөлек» ойынының шарты бойынша өткізу

Сыныпты екі топқа бөлу.

II.Үй жұмысын тексеру

Үй жұмысына байланысты екі топ сөз тіркестерін құрастырып, сұрақтар дайындайды.

Сұрақты дайындап болғаннан кейін , қарсы топтың қатысушысын өздері таңдап шақырады. Ол шақырылған оқушы сұраққа жауап бере алмаса, осы топтың қатысушысы ретінде қалып қояды.

Екінші топтың ойыншылары да сұрақтарын дайындап, екінші топтың ойыншысын сұраққа жауап беруге шақырады. Сұраққа жауап берсе, өзінің тобына қайта оралады. Жауап бере алмаса, ол да сол топта қалып қояды

Үй жұмысын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды бірінші топ екінші топтың арасынан кімнің жаттығуын тексергісі келсе, сол оқушыны шақырады. Егер де ол оқушы, жаттығудан қате жіберсе, сол топтың ойыншысы ретінде қалып қояды. Екінші топ та дәл солай қайталайды.

Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық

Мұғалім: кесте арқылы синтаксистік қатынастарды түсіндіреді.

V.Жаңа тақырыпты меңгерту

Оқушылар өздері оқулықтан мысалдармен бірге

оқиды.

 

280-жаттығу бойынша екі топ өздері сұрақтар құрастырады. Сол сұрақтарын «айгөлек» ойыны бойынша қарсы топтың ойыншысын шақырып, қояды. Егер жауап бере алмаса, сол тпта қалады. Сбақтың соңына дейін қай топ көп қатысушы жинайды сол жеңімпаз топ атанады.

Жаңа тақырыпты пысықтау

1.280-жаттығу бойынша нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру. Екі топтың топ басшылар сайысын өткізу

Осы нақыл сөздің біреуін алып, талдап түсіндіру.

Топ  басшыларына мұғалім баға беру. Егер де топ басшылары дұрыс жауап бере алмаса, өз ойын толық жеткізбесе, өз тобынан бір оқушыны келесі топқа беруге мәжбүр болады.

Синтаксистік қатынастар бойынша  сұрақтар құрастыру және жауап беру.

Сабақты қортындылау

Оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма:285-286-жаттығулар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Синтаксис тарауын қайталау

 Сабақтың мақсаты: 1.Синтаксис таруаы бойынша алған білімдерін пысықтау, бекіту,бағалау

2.Оқушының еске түсіру қабілетін және ой-өрісін дамыту, ойын жүйелі әрі анық жеткізу машықтарын дамыту.

3.Білім алуға жауапкершілікпен қарауға және уақытты ұтымды пайдалана білу, жолдастарының жауабын ықыласпен тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың түрі : дәстүрден тыс сынақ

Сабақтың әдістері: ойын түрлері,

Көрнекіліктер:тапсырмалар,кестелер,оқулық

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

II. Алған білімдерін бұрынғы тақырыптармен байланыстыра отырып, жаңғырту

Тапсырма: Сын есім тіркесімен аталатын республикамыздың қала, тау,көл аттарын атаңдар.

Мысалы: Қызылорда,Ақтөбе,Талдықорған,Ақтау,Алакөл,Ащысай,Көкшетау,Алатау

Сын есім тіркесімен келетін әдеби шығармиалардың аттарын атаңдар

Мысалы:  «Қызыл жебе»  «Қызыл ат»  т.б

Тапсырма: төмендегі сөздерге лайықты сөздерді тіркеп жазу, арқылы «Кім жылдам жалғаыстыра алады?» ойынын ойнату

Бір шымшым, бір шөкім, бір жайым, бір қайнатым, бір салым, бір асым, бір жұтым, бір ұрттам, бір ауыз, бір атым

Керекті сөздір: айран, су, өлең, бұлт, шай, насыбай, ет, қамыр,,тұз

III. Бірін-бірі  бағалау

«Тез тауып бөгелмей айтыңдар»  Бір оқушы төмендегі зат есімдерді бір-бірлеп оқиды. Екінші оқушы оларға әр түрлі етістіктерді  тіркеп, бөгелмей айтып отыруы керек, Қалған оқушылар жауабының дұрыс-бұрыстығына баға береді.

Жел, күн, жаңбыр, мал, палуандар, тапсырма, жиын, сабақ, өлең, кино

IV.Өзін-өзі бағалау

17Төмендегі есімшелерге  лайықты зат есім тауып тіркестіру арқылы  «Кім жедел» ойынын ойнату

А)еңкейген ,еңбектеген,жайнаған, масайраған, марқайған, қауқиған, ербиген, селтеңдеген, сөйлер, айтылар, келер, бітер, алатын, оқитын,істейтін, көретін осы тапсырмаларды орындағаннан кейін, өздерін –өздері тексеріп, қателерін шығарады. Немесе көрші отырған оқушыдан көмек сұрайды.

V. Білімдерін пысықтау Сұрақтарға жауап беру

Мыналарды қалай атаймыз?

1.Кем дегенде толық мағыналы екі сөз бір-біріне бағынып тұрады?

2.Байланысқан тіркескен екі сөздің бірі-бағыныңқы, бірі-басыңқы болып, бағыныңқысы түрленіп келіп отырады.

 

Мыналар сөз тіркесіне жата ма, жоқ па?

1.қара бұйра,жетпіс бес. хат жаз

2.көргім келді,оқып отыр, үйге таман

3.аузымен орақ орған, мұртынан күлді, желдей есті

 

 

Ойлан.Ізден.Тап.

Мына тізбек бойынша  сөз тіркестерін құрастыр, және талдау жасау

Зат есім-зат есім   Мысалы:  ағаш күрек,қабысу,орын тәртібі, анықтауыштық қатынас

Бағыныңқы сыңары зат есім ,басыңқы сыңары зат есім

Сын есім +зат есім Мыс: алтын сағат, қабысу, орын тәртібі арқылы, анықтауыштық қатынас , бағыныңқысы-сын есім,басыңқысы-зат есім

Сан есім+зат есім Мыс: он алқа, қабысу, орын тәртібі ,анықтауыштық қатынас,бағыныңқысы-сан есім, басыңқысы-зат есім

Есімдік +зат есім Мысалы: әр бала, орын тәртібі,қабысу, анықтауыштық қатынас, бағыныңқысы-есімдік,басыңқысы-зат есім

Есімше +зат есім   Мысалы: Айтылған сөз, орын тәртібі арқылы,қабысу, анықтауыштық қатынас, бағыныңқысы-есімше, басыңқысы-зат есім

Септеулі зат есім+етістік    Мысалы:    Баламен ойнады, жалғау арқылы , меңгеру,толықтауыштық қатынас, бағыныңқысы –септелген зат есім, басыңқысы- көсемшелі етістік

Зат есім-етістік      Мысалы: Ана   күлді, жіктік жалғауы арқылы, қиысу,бағыныңқысы –зат есім, басыңқысы-етістік жедел өткен шақта

Оқушылардың білімдерін бағалау

Үйге тапсырма: Синтаксис тарауы бойынша сөз тіркестерін қайталау және әр оқушы 15 сұрақтан тест құрастыру

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Диктант

Сабақтың мақсаты: 1. Етістіктің райлары тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру,сауатты жазу дағдыларын дамыту

2.Оқушының білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.3. Тазалыққа ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: білімді бекіту,бағалау

    Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: талдау,

Сабақтың көрнкліктері; диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: тарих

 

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

 

Диктанттың тақырыбы:   «Ақсақ құлан» күйі туралы

1.Оқып шығу,қиын сөздерге түсінік беру.

2.Мазмұнын қысқаша, тарихпен байланыстыру

3. Диктантты жаздыру

  

Бір ханның жалғыз ұлы болыпты. Ол құлан аулауды жақсы көреді екен. Бір күні ханзада әкесіне айтпай жалғыз аңға шығады. Ол көп құландарды көріп,ата бастайды. Бір кезде оның оғы таусылады. Сонда құландардың бастаушысы  ақсақ құлан ханның баласын тұяғымен теуіп өлтіреді.

  Ханзада жоғалып кеткеннен кейін хан бір жамандық болғаынын сезеді де: «Кім маған балаң өлді деп айтса, соның аузына балқыған қорғасын құямын»,-дейді.

   Ханның сөзін естіп,адамдар оған баласы туралы шындықты айтуға қорқады. Күндердің бірінде біреу келіп: « Балаңыз туралы мына домбыра айтып береді»,- дейді де,күй тартып береді. Күйді тыңдаған хан бәрін түсініп, ашуланады. Жаман хабар әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйрық береді. Осылайша, «Ақсақ құлан» күйі халықты ханның қаһарынан қорғап қалған екен.  105 сөз

 

 

Тапсырма:  Етістіктерге морфологиялық талдау жасау

Етістіктің қай райда тұрғанын көрсету

4.Мәтінді қайтадан оқып, тексерту

5.Тапсырмаларды орындау

6. Дәптерлерін жинап алу

26 Сабақтың тақырыбы: Диктант

     Сабақтың мақстаы: 1.Сөз таптарының түрленуі бойынша алған білімдерін пысықтау, бағалау,білім-білік дағдыларын тексеру. 2. Сауатты жазу дағдылары және білім-біліктерін қалыптастыру

3.Тазалық,ұқыптылыққ, жинақылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

 

Сабақтың типі: білімді бағалау

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: талдау

Көрнекіліктер: диктанттар жинағы, талдау үлгісі

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

 

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару және түгендеу.

2.Сабақтың мақсатын хабарлау

3.Диктанттың тақырыбы: «Құлагер»

4.Диктант мәтінін оқып шығып, қиын сөздерді тақтаға жазу

5.Диктант мәтінін жаздыру

Құлагер

Ереймен елінде Сағынай деген кісінің асы болады. Ақан бір нәрсені сезгендей ол асқа барғысы келмейді. Өзінің де,Құлагердің де жауы бар екенін біледі.ол Құлагерді жасырып алып барады.Бәйгеге қосылып кеткенше ешкім білмесін дейді. Бірақ Құлагердің бәйгеге қосылатынын Батыраш,Қотыраш деген байлардың балаларын естіп қояды.

Олардың Аққошқар деген аттары бұрынғы бәйгеде Құлагердің шаңына да ілесе алмай қалған еді.Осылар енді Құлагерге кастық жасамақ болады.

 Ат арқылы халыққа беделі артып, бай балаларынан қадірлі болып бара жатқан Ақан серінің де белін сындырығысы келеді.

 Топ аттың алдында жалғыз келе жатқан Құлагердің жолын тосып тұрып, Құлагерді шоқпармен ұрып өлтіреді.

   Төбенің басына шығып,Құлагерді қарап, Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін көріп, бірден тынышсызданады.Ақан сүйікті жүйрігінің өліп жатқанын көреді.Құлагерді жоқтап өлең шығарады.

6.Мәтінді қайтадан оқып шығу

7.Тапсырма:  1-нұсқа  Зат есімдер мен сын есімдерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасау  10 сөзге

2-нұсқа Есімдік пен етістіктерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасау

Мысалы:  Сағынай-зат есім дара, жалқы  деректі

Ұрып  өлтіреді-етістік,күрделі,негізгі,сабақты,болымды

 Түбірі-ұр, ып-көсемшенің жұрн.  Түбірі-өл, тір-өзгелік етіс жұрнағы,е-көсемше жұрнағы, ді-жіктік жалғауының 3-жағының жалғауы

7.Дәптерлерін жинау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары 7 сынып қазақ тілі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 195 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2018 9932
    • DOCX 91.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурпеисова Самал Амангельдыевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14836
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Спортивная подготовка: теория и практика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека