Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Поэзия менімен егіз бе едің?
2 слайд
Менің және менің кұрдастарымның балалық шағы болған емес. Соғыс салдарынан балалық кормей, есейдік... Біз соғыс атаулыны танып өскен, балалықтың бар дәмін татып көрмеген балалар миллионбыз, тіпті одан да көппіз …
М.Мақатаев
3 слайд
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев
“Елім барда” өлеңі
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: интербелсенді тақта, суреттер, өлең жинағы
Сыныбы: 6-сынып
4 слайд
Нәтижеге бағытталған білім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығын оқушыларға таныстыру; Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, эстетикалық тәрбие беру;
Дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау, ауызша да , жазбаша да еркін көркем сөйлеуге, ақын шығармашылығы арқылы үйрету;
Тәрбиелік:
Отанын, елін, жерін сүюге, өлеңді бағалауға, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру.
5 слайд
І Қызығушылығын ояту
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
6 слайд
“Менің анкетам”
- Туған жерің ?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931ж. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін...
- Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
- Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
- Бар тірліктен бағалы оны санаймын
- Білімің ше?
- Орташа ғой
- Алайда өзім жоғарыға балаймын.
7 слайд
“Мен туған жер Қарасаз баурайдағы ......”
8 слайд
“М.Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер.
Ол ең алдымен ақын, қазақ жырының құдіреті.”
(Ф.Оңғарсынова)
9 слайд
10 слайд
11 слайд
12 слайд
Ақынның анасы Нағиман апа:
“Менің ұлымның ақындығы сағыныш атты сезімнен бастау алған деп ойлаймын... Жыр шашуы түгесілмесін, іргеміз бүтін, еліміз еңселі болсын! Құдай жастарымызға ғұмыр, қарттарымызға иман берсін!”
13 слайд
Жұбайы
Баласы
Келіні
14 слайд
Мұқағали атындағы мұражай
15 слайд
Мұқағали мұражайынан
Ақын киген сұп пальто
Мұқанның жазу мәшінкесі
Ақын ұстаған
қоңыр портфель
16 слайд
Мұқағали мәңгілік ғұмыр
17 слайд
Мұқағали туралы қанатты сөздер:
“Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады”
(Күләш Ахметова)
“Мұқағали мұрасы, маржан поэмасы - болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы” (Зейнолла Серікқалиев)
“Жыр басы Қарасаздан басталған М.Мақатаев бүгін де ән болып аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады” (Рыза Қунақова)
18 слайд
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы,
Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27.3.1976ж.Алматы қаласы)
Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.
Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес»)ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылындаҚызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі»,
жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер. Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды.
Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж).
19 слайд
Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі.
Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада»,«Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды.Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде.
20 слайд
V - бұрыннан білемін
+ - мен үшін жаңалық
- - бұл оймен келісе алмаймын
? - нақты білгім келеді
21 слайд
1931 жылы 9 ақпанда Алматы обл. “Қазақ әдебиеті” газетінде
Қазіргі (бұрынғы Қазақ “Жұлдыз”
Райымбек Нарынқол) радиосында журналында
ауданы
Қарасаз ауылында
“Дариға жүрек” “Аққулар ұйықтағанда” “Аманат” жыр кітабы
үшін ҚР Мемлекеттік
“Өмір - “Атамекен” сыйлық
дастан” өлеңдеріне 100-ден астам әндер берілді берілді
жазылды
“Райымбек,Райымбек” т.б. кітаптары Қарасазда мұражайы бар
жарық көрді
Мұқағали
Мақатаев
дүниеге
келген жері
Қызметі
ақын
Қоғам қайраткері
22 слайд
табиғаты әдемі
тәуелсіз кең, байтақ
қонақжай дамыған
ынтымағы мол, тату
Еліміз
қандай?
23 слайд
ІІ Мағынаны тану
Тақырыбы “Елім барда”
Идеясы Туған еліне арқа сүйеу, соның
болашағына сеніммен қарау .
Шумақ 4 шумақ
Әр шумақ 4 жолдан құралған
Бунақ саны 3 кейде 2 ( не сыйлайды, не
береді келер күн?!)
Буын саны 11 буын
Ұйқас түрі 1-шумақ а,а,б,б егіз ұйқас
2,3-шумақтар а,а,б,а
қара өлең ұйқасы
Метафора Көгендегі қозысымын,
желідегі құлынымын.
24 слайд
Көп білсең дана боласың!
Метафора – суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа баламалап айтады.
25 слайд
ІІІ Ойтолғаныс
Әрқашанда өзіңе сен!
Берілген сөздерді байланыстырып, шағын эссе жазыңдар.
Ұланымын ұлы елдің, туған өлке, таулы жер, хош иісті гүлдер, өзен, Қазақстан, Республика, кең, халық, ыстық, елім, тіршілік, ақын, ырыс, бақыт, болашақ.
26 слайд
5 жол өлең
1- жол – Зат есім-1
2-жол - Сын есім -2
3-жол – Етістік – 3
4-жол – Сөйлем
5-жол - Синоним
Ел
Бақытты, тату
Дамиды, көркейеді, өседі
Өз елім бәрінен де қымбат.
Атамекен
27 слайд
28 слайд
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ...
Оның өлеңдерінің тақырыбы ...
Оның өлеңдерінің жинақтары ...
Ақынның қанша өлеңдеріне ән жазылған ?
“Елім барда” өлеңінің тақырбы мен идеясы?
Біз Мұқағалидың ...
29 слайд
Үй тапсырмасы: “Елім барда” өлеңін жаттау,
ақынның өмір жолын оқу,
“Ел тілегі - бейбітшілік” деген тақырыпта
шағын шығарма жазу.
30 слайд
Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам соған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім - деп ақын жырлағандай, расында да, Мұқағали өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес.
д
“Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты
халық” (Фариза Оңғарсынова) еп ақын жырлағандай, расында да, Мұқағали өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес.
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Менің және менің кұрдастарымныңбалалық шағы болған емес. Соғыс салдарынанбалалық кормей, есейдік... Бізсоғыс атаулынытаныпөскен, балалықтың бар дәмін татыпкөрмеген балалармиллионбыз, тіптіодан да көппіз …
М.Мақатаев
Білімділік:
Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығын оқушыларға таныстыру; Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, эстетикалық тәрбие беру
Дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау, ауызша да , жазбаша да еркін көркем сөйлеуге, ақын шығармашылығы арқылы үйрету
6 458 799 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Бексейтова Венера Насибуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Что такое избегающее поведение
Тревога: инструкция по применению
Все о подростках
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.