Инфоурок Окружающий мир КонспектыСабақтың тақырыбы: «Моншақтарды тізу.»

Сабақтың тақырыбы: «Моншақтарды тізу.»

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы:  «Моншақтарды  тізу.»

Сабақтың  мақсаты:

1. Моншақтарды  жіпке  тізіп үйрету.

2. Тақырып  бойынша  сөздік  қорын  молайту,сөйлеу  тілі мен  іс-қимылды  үйлестіру.

3. Ойлау, есте  сақтау  қабілеттілігін  дамыту, ұсақ  қол  қимыл  қозғалысын  арттыру.

4. «Сыйлық» жіпке  моншақ  тізу  арқылы сыйлық  жасату.

5.Геометриялық  пішіндер  арқылы моншақтар  тізбегін  жасап, жапсыруға  деген  қызығушылықтарын  арттыру.

Сабақтың   түрі:  аралас  сабақ.  

 Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту  сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: суреттер,қапшықтар,түрлі-түсті моншақтар,жіп,тақта,бор.

I апта

Сабақтың  барысы:   

 I. Ұйымдастыру   кезеңі:

 Балаларды  түгендеу, оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы).

 Шаттық  шеңбер:    Қуанамын  мен де!

                                       Қуанасың  сен  де!

                                       Келіп  шыққан  күнге!

                                       Күніміз  жарық  болсын!

                                       Түніміз  тыныш  болсын!

                                       Ауамыз  таза  болсын!

                                       Суымыз  мөлдір  болсын! -деп  бүгінгі  сабағымызды  бастайық.           

 III.  Жаңа  сабақ. Ұсақ  қол  моторикасы-саусақтар  қозғалысы  және  қолдың  буындарын үйлестіру дегенді  білдіреді. Ұсақ  моториканы  маңыздылығы-адамның  бас  миында  саусақ  қимылына  және  сөйлеуге  жауап  беретін орталықтар  өте  жақын  орналасқан.Ұсақ  қол  қимыл  қозғалысын  дамыту  үшін  жаттығулар  жасаймыз.

-Бөлме  ішін  айналып  шық, ал мен  алақан  соғып  тұрамын. (бала  ритм  бойынша  қимылдауы  қажет).

-Менің  тапсырмамды  орында:

Қолыңды  алға, жоғары, төмен.

Оң қолыңды - оңға, сол қолыңды – солға.

Оң  қолыңды - белге, сол  қолыңды - басыңа.

Оң аяқты -алға, сол  аяқты -қасыңа

IY.Сергіту  сәті:  Бас  бармағым  бастап  берді

                                Саусақтарым  ән  салып  берді.

                                Шылдыр  шүмек  шылдырлады.

                                Кіші  бөбек  былдырлады.

Мен  әдемі  моншақпын,

Нүктелерім  бар  сонша  көп.

Ақылың  болса  адаспай,

Тізбектеші  шатаспай.

II  апта

Сабақтың  барысы:   

 I. Ұйымдастыру   кезеңі:

 Балаларды  түгендеу, оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы).

 Шаттық  шеңбер:    Сәлемдесейік иіліп,

                                        Жылы жүзбен жымиып.

                                        Қызығы мол сабақта

                                        Ойнайық та күлейік.

«Қомағай»  саусақ  жаттығуы:

Әр  қатысушы  бала беторамалдың ұшынан  ұстайдыда  біртіндеп жұдырығына  жинайды. Бұл  кезде  баланың  екінші  қолы  көмектеспеуі  керек.

Қарным  менің  қомағай

Бәрін-бәрін  жұтады.

Қомағайдың  қарны  енді

Сусиырдай  болып  кетті. Бұл  жаттығу  екінші  қолға  да  жасалады. Содан  соң  екі  қол  бірге қатарласа  жасайды.

IY.Сергіту сәті:  Оң қолымда бес саусақ,

                               Сол қолымда бес саусақ

                               Қосып едім екеуін

                               Болып шықты он саусақ.

III  апта

Сабақтың  барысы:   

 I. Ұйымдастыру   кезеңі:

 Балаларды  түгендеу, оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы).

 Шаттық  шеңбер:     Сәлемдесейік иіліп,

                                        Жылы жүзбен жымиып.

                                        Қызығы мол сабақта

                                        Ойнайық та күлейік.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық»

Мазмұны: Балалар қапшықтар ішіндегі үлкен- кіші моншақтарды  саусақпен ұстап сезу арқылы ажыратады.-Балалар, біз моншақтармен жүмыс жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

Саусақ жаттығуы:

Қолымыздағы жалғыз моншақты алақанымызға салып, қос алақанмен айналдыру, қыздырып алу;

Моншақтарды басбармақпен басқа саусақтарды ауыстыра отырып ұстау.

Қос саусақ арасымен  моншақты  қысып ұстау.

IY.Сергіту сәті:   Ормандағы  аюдың                                    

                                Құлпынайы  көп  екен

                                Теріп-теріп  аламыз

                                 Қалтамызға  саламыз   

IY  апта

Сабақтың  барысы:   

 I. Ұйымдастыру   кезеңі:

 Балаларды  түгендеу, оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы).

 Шаттық  шеңбер:    Аспанымыз  ашық  болсын!

                                       Көк  туымыз  биік  болсын!

                                       Деніміз  сау  болсын!

                                       Еліміз  тыныш  болсын!      

IY.Сергіту сәті:  Оң қолымда бес саусақ,

                                Сол қолымда бес саусақ

                                Қосып едім екеуін

                                Болып шықты он саусақ.

Альбоммен  жұмыс: Моншақтарды түрлі-түсті қарындаштармен, су бояумен  бояу.

V.  Бекіту.

«Моншақ» ойыны.

Мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі  сөздерді  қайталау  және  ажырата  білу.

Шарты: қатты  қағазға жуан  және  жіңішке  түбірлі  сөздерді  жазу. Сыныпты  екі  топқа  бөліп, қағазға  жазылған  сөздерді  тарату. Белгіленген  уақыттан  кейін  әр  тпобір жуан,  бір  жіңішке түбірлі  сөздерден  жіпке  моншақ  тізулері  қажет. Қай  топтың  моншағы бірінші  болып  тізілсе, сол  топ  жеңеді. 

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап  арқылы  тақырыпты  қорытындылау.     

VII. Бағалау.

Балаларды  жеке-жеке мадақтау.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: «Моншақтарды тізу.»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.10.2016 2085
    • DOCX 15.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейдахметова Акмарал Зикиралиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 59772
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе