Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов "Жаңа достар" («Қазақ солдаты» романына)(5 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов "Жаңа достар" («Қазақ солдаты» романына)(5 сынып)

библиотека
материалов


Күні: 17.02.2016 оқу жылы

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романына)

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Жаңа достар» әігімесінің тақырыбы мен идеясын ашу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. С.Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.

  2. Серпілме сұрақтар» Сұрақтарға тез жауап береді

1

Оқиға қай ауылда болды?

11

Лашын деген қандай құс,оны суреттеңдер?

2

Ауыл тұрғындарының балаларын кім оқытыпты?

12

Ахмет лашын салуға неше мезгілде шығады?

3

Жаңа әдіспен оқытуға кіріскен жаңашыл мұғалім кім?

13

Лашынның үйрек алу әдісін әңгімелеп беріңдер?

4

Ауыл адамдарының , балаларының Көзқарасы қандай болды?

14

Қазды алу үйрекке қарағанда оңайлау ма екен? Қазды алу әдістерін әңгімелеп беріңдер?

5

Менің ерекше есімде қалған адам кім?

15

Лашынға аулауға қиындық тудыратын құс қандай құс? Ол туралы не айта аламыз?

6

Балғабайдың Ахметінің портретін айтып беріңдер?

16

Осы шығармадағы өлеңдерді кім айта алады?

7

Ахмет қандай қасиеттерімен көрінді?

17

Шығармада Абайдың қандай сөздері бар?

8

Құсбегілік дегеніміз не?



9

Атбегілік дегеніміз не?



10

Дабыл дегеніміз не?




ІІІ.Жаңа тақырып. Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы  «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан)

http://www.minber.kz/wp-content/uploads/2012/09/Gabit.jpg

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы  (22 наурыз 1902 – 31 желтоқсан 1985)

  • қазақтың халық жазушысы;

  • драматург,

  • сыншы,

  • мемлекет және қоғам қайраткері.

  • Қазақ КСР ҒА академигі (1985),

  •  Социалистік Еңбек Ері (1974),

  • Қазақстан халық жазушысы

  • Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961),

  • КСРО Жазушылар Одағының хатшысы

1902 ж 22 наурызда

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында дүниеге келеді 

1908-1910ж

ауыл молдасынан хат танып, діни сауатын ашады. 

1916-1918ж

Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныпты бастауыш училищеде оқуын жалғастырады.

1918-1921ж

Пресногорьков жоғары бастауыш училищесінде білім алады. 

1923-1926ж

Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыды. 

1927ж

Партия қатарына өтеді. Омбы ауыл шаруашылығы академиясында білім алады. 

1927-1928ж

Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып істейді. 

1928-1932ж

Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметін атқарады. 

1932ж 4 шілдеде

Республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген жай жайлы Қазақ өлкелік комитетіне “Бесеудің хатын” жолдайды. 

1934-1935ж

Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы қызметін атқарады. 

1945ж

Қазақ батыры” повесі жарық көрді. 

1950 ж

Қазақ батыры” повесі өңделіп, толықтырылып, “Қазақ солдаты” романы болып жарияланды

1972ж

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 

1984ж

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 

1985ж 31 желтоқсанда

Алматы қаласында дүниеден өтті. 


ІҮ.«Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан)

 Шығармадағы оқиға орны – Гурьев қаласы. (Атырау қаласы).

Қазақ солдаты - роман

Қазақ солдаты  Ғабит Мүсіреповтің 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен жарыққа шыққан, 1950 жылы қайта өңделіп, толықтырып жазылған романы.

Қысқаша мазмұны

«Қазақ солдаты» романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтіңтұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.


Кейіпкерлер:

Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев. Ол 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.

Шеген – дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.

Бораш - өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.

Анасы , Мария, апай, милиционер, базаршы әйелдер.


Композициялық құрылымы:
1. Шығарманың басталуы – Қайроштың қалаға қашуы
2. Шығарманың байланысы – Қайроштың Шегенмен, Борашпен танысуы, достасуы
3. Шығарманың дамуы – Тамақ табу үшін базар халқына өнер көрсетуі
4. Шығарманың шиеленісуі – Милиционердің балаларды қууы.
5. Шығарманың шарықтау шегі - Қайрошты балалар үйіне тапсыруы.
6. Шығарманың аяқталуы – Қайырғалидің балалар үйінде қалуы, оқуға ниет білдіруі


«Мағынаны ашу» стратегиясын қолданамын.

Мұндағы алғашқы тарауға ғана көмек беріп,қалғанын өздеріне беремін.

Бөлім

Тақырыбы

Оқиғалар

І

Қайроштың қалаға қашып келуі



Кездесу

1.Қайроштың сиырды тастап, қалаға қашуы.

2. Ыңыранған қаракөк Каспий

3.Алыстан жымыңдаған қала оттары.

  1. Кездескен екеу.

  2. Қайрош әрекеті

  3. Алғашқы таныстық

  4. Қамқорлық

ІІ

Базар алаңы




«Жазғы театрда»

1.Шегеннің өнері

2.Әнші Бораш

3. «Салқын сарай»

4.Кітапқа құмарлық

5.Шай үстіндегі уәде

  1. Саратау операсы

  2. Қайрош пен Бораш полиция қолында

  3. Құтылған Шеген

ІІІ

Ана сағынышы

  1. Қайроштың анасының балалар үйіне келуі

  2. Мейірімді Мария апай

  3. Ана мен бала сағынышы

  4. Қайроштың оқуға келуі

  5. Ана келісімі




hello_html_7a27f655.jpg

Шығармадағы басты кейіпкер – Қайрош (Қайырғали Смағұлов) - өмірде болған адам.

Әкесінен ерте айырылған Қайырғалиды анасы Биғайша өзі өсіріп, жастайынан білім алуға құштар оның жолына еркіндік береді. Оралда оқып, елге оралған Қайырғали 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Отанын жаудан қорғауға соғысқа аттанады. Ал 1943 жылы қарашада Керчь түбіндегі майданда көрсеткен ерен ерлігі үшін Қ.Смағұловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1945 жылы елге оралады. Өмірінің соңғы күніне дейін жас ұрпаққа білім берген батыр аға республикамыздың өзге аймақтарында жазушы Ғ.Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романының бас кейіпкерінің прототипі ретіңде жастармен кездесіп, олардың жүректерінде Отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік деген зор қасиеттің ұялауына себепкер болды. Біз танысқан «Жаңа достар» әңгімесінен бала Қайрош, бақташы Қайрош, оқушы Қайрошты көреміз. 


Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

  1. Шығарма оқиғасы кімнің атынан баяндалады?

  2. Роман қай кездегі өмірді суреттеп отыр?

  3. Қайрош қалаға кіммен және неге қашып келеді?

  4. Жайық өзені, Каспи теңізі көріністері мен Қайроштың көніл күйінде қандай ұқсастық бар?

  5. Шеген мен Бораштың сыртқы кескін – келбетін, мінез – құлқын, іс – әрекетін, тұрмыс – жайын суреттейтін көріністерді мәтіннен табыңдар. Шегеннің портретін ашу үшін жазушы қандай теңеулерді қолданған?

  6. Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен қарайды, оған қандай қамқорлық жасалы, қандай шарт қойды? Балалар күнкөріс жолында не істеді?

  7. Қайрош балалар үйіне қалай әікелінді?

  8. Қайрош ана құшағында қандай шаттық сезімге бөленді?

  9. Қайрош шешесімен бірге ауылға қайтып кетпей, неге балалар үйінде қалды? Ол нені арман етеді? Апасы оған қандай аманаттар тапсырды?

  10. Шығарманы ең басты – басты мәселелер бойынша бөлімге бөліп, әр бөлімге лайық ат қойыңдар.

  11. Шығармада жазушы қолданған мақал – мәтелдерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Осы нақыл сөздердің оқиғаға қандай қатысы бар екенін анықтаңдар.

  12. Жазушының табиғатты суреттеу шеберлігіне ықылас аударыңдар.



Ү. Жаңа сабақты бекіту:

«ВЕНН диаграммасы» стратегиясын беремін.

Мұнда олар Бораш,Қайрош,Шегенге мінездеме беріп, салыстырады.


Ортақ қасиеттері

Айырмашылығы

Адами қасиеттері

Шеген

Балалар үйінде тәрбиеленген,достыққа адал,білім алуға құмар,уәдеге тұрақты

Өнерпаз, ақылды, досқа қамқор, денелі, өжет, жүйрік.

Жүйрік,Епті, Достыққа адал, бауырмал.

Білімге құмар,екі тілге бірдей

Бораш


Қыз мінезді, қағілез, шыдамды, ұқыпты, әнші.

Өнерпаз, әнш ,Достарына қамқор ,

Шыншыл

Қайрош


Қиындықты жеңе біледі, шыныққан, батыл,шыншыл, анасын да, достарын да қадірлейді.

Білім алуға ынталы

Қиындықты жеңе білуі

Балалармен тіл табысуы

Досқа адал, уәдеге берік

Ана құшағында тұрып оқуға қалу тілегі.



Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» мазмұндау.

2. ойтолғау жазу.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров1028
Номер материала ДВ-456297
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх