Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий на международный женский день! (каз.яз)

Сценарий на международный женский день! (каз.яз)

Скачать материал

№ 13 бөбекжай – бақшасы

 

 

 

 

 

 

 

«Ана – өмірдің шуағы»

Екінші кіші топ: «Айналайын»

 

 

 

 

Өткізген: Мырзагалиева Ж.М

                                                                Ермекова Ж.Т 

 

 

Қостанай – 2016 ж.

Тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы»

Мақсаты:

*    мерекелік көңіл-күйін құру

*    анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту

*    ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру

*    балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру

*    өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Тәрбиеші, Көктем, Жүргізуші.

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, себеттер, киімдер және киім салатын себеттер.

Музыка әнімен залға балалар кіреді. Жарты щеңбер жасап тұрады.

Жүргізуші: Балалар, бізде қазір қандай мейрам?

Балалар:  Аналар, қыздар мейрамы.

Жүргізуші: Қараңдаршы, біздің қыздарымыз қандай әдемі, бүгін көктемнің қызғалдағындай жадырап,  құлпырып кетіпті!

Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында  салқын болып, қар жатсада. Көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді аналарымыз бен қыздарымыз  өмірге, жылылық пен әсемділік сыйлайды.

Бүгінгі көктем күнінде,

Барлық адам қуанар,

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар.

Аяулы аналар балаларыңыздың әнін қабыл алыңыздар!

Ән «Нұрын төккен маған!» (орындалады)

Жүргізуші: Балалар бүгін бізде қандай мереке?

Балалар: Көктем мерекесі.

Жүргізуші: Ендеше балалар, ортаға Көктемді шақырайық!

Балалар: Балалар шапалақтайды! Залға Көктем кіреді!

Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Көктем!

Көктем: Мен гүлдерді жақсы көремін. Менің мезгілімде әртүрлі әдемі гүлдер өседі. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендердің ойнағыларын келеме?

Балалар: Иә!

Көктем: Ендеше, балалар мен сендермен ойын ойнаймын. «Гүл жинау» ойыны. Маған ортаға  2 ұл және 2 қыз бала шықсын. Көктем ортаға гүлдерді шашып жібереді, ал балалар себетке жұп-жұп болып тез жинаулары тиіс.

Көктем: Рахмет, балалар! Ойынды қалай тамаша ойнадыңдар!

Би «Қуыршақ» қыздар биі.

Көктем: Балалар сендер өте тамаша биледіңдер! Бәрекелді!

Жүргізуші: Балалар, ендеше біз Көктемге өздеріміздің тамаша тақпақтарымызды айтып берейік! (Ортаға: Сабина, Ернар, Айнұр,Арнұр).

Сабина:

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Ернар:

Құттықтаймын мейраммен,

Құрметті анашым!

Айнұр:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Дильназ:

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым!

Арнұр:

Өзің жайлы әнімде,

Арнадым саған бәрің де!

Көктем: Қандай жақсы тақпақтар, би. Сендерге көп рахмет! Маған әндерін, билерін, тақпақтарын қатты ұнады. Көңіл-күйім бір көтеріліп қалды.

Жүргізуші: Ал, балалар, енді сендермен тағы бір ойын ойнап жіберейік.

«Үйді жинау»  Ойынның шарты: ортаға екі бала шығады, алдарында шашылып қалған ойыншықтарды бір-бірден себеттерге жинау керек. Әртүрлі ойыншықты шашып қою керек. (ойын 2-3 рет ойнатылады).

Жүргізуші: балалар қалай жақсы ойнайдындар. Жылдам, шапшан ойнайды екенсіңдер. Бәрекелді!

Би: «Вальс» биі.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, Көктемге тағы да тақпақ айтамыз ба?

Балалар: Иә!

Жүргізуші: Ендеше өздеріміздің тамаша тақпақтарымызды айтып берейік! (Ортаға: Дильназ, Т.Малика, К.Малика, Айару, Әмір).

Дильназ:

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамынмен құттықтаймын.

Т.Малика:

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

К.Малика:

Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын.

Айару:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулесін шашасын.

Әмір:

Айналайын анашым,

Аялайсын бағасын.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз!» (Балалар орындарынан тұрып ән айтады)

Көктем: Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі қойылған ертеңгілерін маған қатты ұнады. Сендерге көп-көп рахмет! Маған басқа да балаларға бару керек! Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші: Сау болыңыз Көктем! Бізді ұмытпаңыз, бізге келіп тұрыңыз!

Жүргізуші:  Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар, қонақтар, қыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шаттыққа толсын, әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий на международный женский день! (каз.яз)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 531
    • DOCX 49.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзагалиева Жанагул Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12796
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой