Инфоурок Другое Научные работыСценарий по русскому языку на тему "Ана тілі - жүрек үні"

Сценарий по русскому языку на тему "Ана тілі - жүрек үні"

Скачать материал

«Аққайың» ясли бақшасы

 

 

 

 

 

Ана тілі жүрек үні

(ойын – сауық)

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Ахметова А.М.

 

 

 

2016 жылы

 

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Ән, тақпақтар, мақал,

                   ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Сан 

                   ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жалғасып, ұрпақтан – ұрпаққа 

                   мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ 

                   тілін ұрпақтың бойына сіңіруге білуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, слайд, тіл тақырыбына   

                     байланысты қанатты сөздер.

Әдісі: Слайд түрінде

Тәрбиеші:  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде» деген болтын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және ркімге де парыз саналады. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениет мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.

Осындай мақсатпен біздің балабақша ішіндегі екі топтардың арасында «Ана тілі – жүрек үні» атты тақырыбында ұйымдастырылып отыр. Алдарыңызда «Тапқырлар» мен «Тұлпар» тобы.

Сайыс кезеңдері:

1.     Таныстыру

2.     Тіл туралы мәнерлеп тақпақтар айту.

3.     Мақал – мәтелдің жалғасын тап.

4.     Аудармашылар сайысы (жұмбақ жасыру)

5.     «Әуенін тап»

6.     Дәл тигіз ойыны. (сұрақ – жауап алу)

Таныстыру.

1 топ. «Біз тапқырлармыз»

Тапқырлармыз деп ұрандап,

Өмірде біз келеміз жарқылдап.

2 топ. «Біз тұлпармыз»

Тұлпардай жүйрік болу арманымыз

Жетуге соған тырысамыз.

Тіл туралы мәнерлеп тақпақ айту.

«Тапқырлар» тобы:

1.     Ана – тілім ұраным

Ана тілім – құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр әнім.  Аяулым

2.     Ана тілім ырысым

Ана тілім қылышым.

Ана тілсіз тарылар

Кең дүниеден тынысым. Мерейлім

3.     Отан – сенің ата – анаң

Отан – досың бауырың

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың. Нұрдана

4.     Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп тірілді елім.

Аралыммен, арыммен қатар қойдым.

Тілді қорғау – парызым бүгін менің.Медина

5.     Рәміздерім – елдігімнің белгісі.

Білу керек балаға дейін ең кіші

Әнұран, Көгілдір ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.Әлина

«Тұлпар» тобы:

1.     Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадында талмай санжар қанат тілінн,

Жыры – қуат, сөзі – ана уызындай

Жасай бер, Ана тілім – қазақ тілім! Әли.Ғ

2.     Қайта туды қазағымның ай – күні

Күннен – күнге асар ма екен айбыны

Жетпіс жылда өтті талай көнуден

Қатар көріп шаттық, табыс қайғылы. Нұрдәулет

3.     Туған тілім – бабам тілі – өз тілім,

Туған тілім – анам тілі – өз тілім,

Туған тілім- далам тілі – өз тілім.

Туған тілім – адам тілі – өз тілім

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әні менен сәні бар

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. Жансая

4.     Ана тілім – күнім менің қуаныш

Жырым сенің  жүрегімнен туатын

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды

Тізерлеп қатар жазса мың ақын

5.     Ана тілім

Жүрегісің ананың

Жүрек – ана

Мен өзіңнен жаралдым

Өсірген ой – білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Мақал – мәтелдің жалғасын тап.

Білім туралы

Тапқырлар тобы

1.     Оқусыз білім жоқ,

      Білімсіз күнің жоқ.

2.     Өнерлі бала сүйкімді

Тұлпар тобы

3.     Білім – қымбат, білу қиын.

4.     Ойна да күл,

     Оқы да біл.

Отбасы  туралы

Тапқырлар тобы

1.     Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала

2.     Ата балаға сыншы

Тұлпар тобы

3.     Есер баладан ерке бала жаман.

4.     Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Достық туралы

Тапқырлар тобы

1.     Жақсы адамда – жаттық жоқ.

2.     Жақсы туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

     Тұлпар тобы

1.     Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

2.     Жақсы дос үшін жан пида

Тіл туралы

Тапқырлар тобы

1.     Көз жетпеген жерге,

Сөз жетеді.

2.     Өнер алды қызыл тіл.

Тұлпар тобы

3.     Тіл тас жарады

     Тас жармаса бас жарады.

4.     Тіл тиексіз.

Аудармашылар сайысы (жұмбақ жасыру)

Тапқырлар тобы:

1.     Қабат – қабат қаптама,

     Ақылың болса аттама. (кітап - книга)

Тұлпар тобы:

2.     Сырт – сырт соғады

Уақыт озады. (сағат - часы)

Тапқырлар тобы:

1.     Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (күн- солнце)

Тұлпар тобы:

2.     Үй үстінде ұсақ тас

Алайын десем алынбас. (жұлдыз - здезда)

«Әуенін тап»

Тапқырлар тобы:

1.     Балабақша

2.     Ертегілер әлемі

3.     Қуыршақ

Тұлпар тобы:

4.     Әже

5.     Қошақаным

6.     Ана тілі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, әуенді дұрыс таптыңдар. Ендеше біздер,      «Ана тілі» әнін орындап берейік.

        «Дәл тигіз» ойыны. (сұрақ – жауап алу)

Шарты: Ойын асықпен ойналады. Асықты дәл тигізе сол бала мерген аталады, егерде асыққа тигізе алмаса сұраққа жауап береді.

1.     Тудың түсі қандай?

Ненің суреті бейнеленген?

2.     Тіл туралы мақал – мәтел айтып бер.

Жасың нешеде?

3.     Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

Қай қалада тұрасың?

4.     Қазақстан Республикасының Елбасы кім?

Қазақстанның бас қаласы?

5.     Біздің Республика қалай аталады?

Сенің ұлтың кім?

6.     Қазақтың қасиетті үш биін ата.

Сенің атың кім?

Келесі кезекті «Аққайың» ясли бақшасының меңгерішісі мен әдіскеріне сөз кезегі беріледі.

Марапаттау.

Тәрбиеші:   Тәуелсіздік алғалы бері тіл туралы көптеген кедергілерге, қиындықтарға кездесіп келеміз Балалар сол қиындықтан мүдірмей өтеді деген үміттеміз, сол үшін ерінбей, жалықпай, ана тілімізді жақсы білуге тырысамыз. Жасай бер, гүлдене бер менің Қазақстаным!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий по русскому языку на тему "Ана тілі - жүрек үні""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 158 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2016 692
    • DOCX 23.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Алмагуль Мухабдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10811
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой