Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий воститательного мероприятия : «Қысқы орман»

Сценарий воститательного мероприятия : «Қысқы орман»

Скачать материал

 

 

Наименование школы: Областная специальная школа-интернат-комплекс для детей с нарушением слуха и речи

Адрес: Западно- Казахстанская область

г. Уральск.ул. Ескалиева 130

Сот.тел: 8 7016727257

Сценарий воститательного мероприятия : «Қысқы орман»

Автор- составитель: Кумаргалиева Жанылганым Дуйсеновна (воспитатель высшей категории)

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Қысқы орман»

 Мақсаттары:

Коррекциялық- білімділігі: оқушылардың  дұрыс, жылдам, зерделі оқу дағдыларын қалыптастыру, табиғаттың қысқы көріністерін таныстыру.

Коррекциялық- дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілеті жайында алдын- ала әңгіме, қорытынды әңгіме арқылы арттыру. Тіл байлығын дамыту, жаттықтыру. 

Коррекциялық- тәрбиелігі: Айналамызды қоршаған табиғаттың көріністерін, ондағы өзгерістерді көре білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қысқы орман суреті, аңдардың суреті, қосымша   тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ- жауап, көрнекілік түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас- сабақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Жоспар:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

     II. Үй тапсырмасын сұрау.

     III. Негізгі бөлім.

    IV. Оқушылардың білімін бағалау.

 

Сабақтың барысы:

        I.Ұйымдастыру бөлімі.

Тілдік жаттығу

Қыс қағады қанатын,

Ағаштың  үзіп бұтағын.

Ішін тартып,  жел соғып,

Ашар емес қабағын.

             II. Үй тапсырмасын сұрау.

     III. Негізгі бөлім.

 

Балалар, ұлы ақын Абайдың қыс мезгіліне арналған өлеңіне құлақ түрелік

 (Чайковскийдің әуені)

             Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

            Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

             Үсті- басы  ақ қырау, түсі суық,

             Басқан жері сықырлап келіп қалды.

             Дем  алысы- үскірік аяз бен қар,

             Кәрі құдан- қыс келіп, әлек салды.

             Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

             Аязбенен қызарып ажарланды.

             Бұлттай, қасы жауып екі көзін,

             Басын сілксе  қар жауып мазаңды алды.

             Борандай бұрқ- сарқ етіп долданғанда

             Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Балалар сендер қандай сезімге бөлендіңдер? Не елестеттіңдер?

Ендеше, балалар, біз орманға серуендеуге шығамыз. Ол үшін біз жылы  киінуіміз керек. Қандай қысқы киімдер білесіңдер? Кім айтады?

         Міне, біз орманға да жеттік. Алдымыздан аққала шықты.

         Аққаланың сөзі:

              - Ал, балалар, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.

1)      Қай айлар қыс маусымы болып саналады?

2)      Бұл мезгілде күннің қызуы қандай?

3)      Тағы да қысқы  ауа райы туралы айтып беріңдер.

4)      Биылғы жылы алғашқы қар қай кезде жауды?

Жарайсыңдар!

Қысқы табиғат ерекшеліктерін білесіңдер. Ал енді мынау қандай аң алдымызда тұрған?

Алдымыздан түлкі шықты.

Оның тапсырмалары бар. Жұмбақ жасыру.

1.Табаныма байладым,

                  Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)

              2. Қолы жоқ,  сурет салады,

                  Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)

              3. Аппақ, аппақ, ақ мамық,

                  Жерде жатыр тапталып. ( қар)

              4. Отқа жанбас, суға батпас. ( мұз)

              5. Зулап түсіп төменге,

                  Шықпас менсіз төбеге. ( шана)

Бәрекелді, балалар, түлкімен қоштасайық. Сау болыныз.

Ендеше, серуенімізді әрі қарай жалғастырайық.

Мынау қандай әдемі аң,  бізге тамсана қарап тұрған. Біз оны үркітіп алмайық, балалар.

Балалардың  сөзі: Сәлеметсіз бе?

Арқардың  бір өтініші бар. Оны да орындайық, балалар!

Нүкте орнына керекті сөздерді  қойыңдар.

( боран, ақ мамық, түн, күн, қыс)

( Не?)... келді.

(Не?)... қысқарды, ( не?) ... ұзарды.

Жер ( неге?)... оранды.

(Не?)... соқты.

Арқардың да өтінішін, балалар, мүдіртпей орындадыңдар. Жарайсыңдар. Ал, балалар, мына ағаштың түбіне қараңдар. Бір аң тығылып отыр. Қай аң екенін анықтау үшін, біз үш тапсырманы орындауымыз қажет.

I.Орман, балалар, серуен, келді.

II.Отыр, ағаш, қоян, түбі.

III.Қар, көрінбейді, ол.

Ал енді, балалар, тапсырманы тез әрі дұрыс орындасаңдар, тығылып отырған аң шығады. Аң шықты.

Балалар, бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Бұл қандай аң? Ол- қоян. Ендеше қоян туралы өздерін жаттаған «Ақ қоян» тақпағын айтып беріңдер.

        Ақ қоян, ақ қоян,

        Үркеп қоян, сақ қоян.

        Дыбыс шықса, қашасың,

        Белден бір- ақ асасың.

        Отырасың паналап,

        Қалың шидің тасасын.

        Ақ қоян, ақ қоян,

        Үркеп қоян, сақ қоян.

Ал, балалар, қыста сендер  сағына күтетін қандай мейрам болады? ( Жасыл шырша мейрамы) Дұрыс айтасыңдар!

Шыршада ілулі  тұрған тапсырманы алайық. Кім шығады? Аңдар қысқа қалай дайындалады? Ал, шыршаның да тапсырмасын орындадыңдар. Жарайды.

-          Мына тиінге не болды екен өзі?

Тиіннің сөзі: Балаларға жазылған хатымды сауысқан алып кетті. Маған көмектесіңдерші. Оны да балалар  тез арада  тауып, алып келеді.

Тиын: - Түзеп беріңдерші.

Тақтаға хат ілінеді ( кітаптағы алмастырмалы мәтін). Балалар оқиды. Үш сөйлемін  жазады, қалғанын үйде жазыңдар ( үй тапсырмасы)

-          Қорытынды әңгіме

IV. Оқушылардың білімін бағалау.

(Аққала бағалады) Сабақ аяқталды, орындарыңнан тұрыңдар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий воститательного мероприятия : «Қысқы орман»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 117 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 641
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кумаргалиева Жанылганым Дуйсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 786
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой