Инфоурок Дошкольное образование КонспектыШ дыбысымен және әріпімен таныстыру

Ш дыбысымен және әріпімен таныстыру

Скачать материал

Баялиева А.А.

«Белый парус» ересек тобы

«Інжу» балабақша-мектеп-гимназия кешенінің тәрбиешісі

Тараз қаласы

 

Оқу қызметінің тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.

Оқу қызметінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту).

Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Ш дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету. Ш дыбысының артикуляциялық позициясын дұрыс көрсетуге үйрету. Дем алу гимнастика жаттығулары арқылы дем шығару күшін жетілдіру. Ш мен Ж дыбыстарын ажыратуға үйрету.

Оқу қызметінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, сюжетті суреттер, айна, ойыншықтар, қарындаштар, боямақтар.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: шортан, шар, шәйнек, шағала

Полингвалды компонент: шортан – щука- pike, шар-шар-ballon, шәйнек-чайник-kettie

Оқу    қызметінің әрекеттері

Тәрбиеші қызметінің әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивация

лық-қозғаушы

лық

Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ән саламыз күнде біз.

Шаттық толы іргеміз,

Біз мәңгілік достармыз.

Біз мәңгілік біргеміз.

-      Өте жақсы. Орнымызға отырамыз.

-         Балалар сәлемдеседі.

-         Шаттық шеңберін қимыл-қозғалысқа сай орындайды.

 

 

 

 

-  Орындарына отырады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-      Балалар, бүгін біз «Сауат ашу» оқу қызметін өтеміз.

-      Балалар, біз өткен оқу қызметінде қандай дыбысты өттік?

-      Өте дұрыс айтасыңдар. Балалар, енді айтыңдаршы, Ч дыбысы қандай дыбыс?

-      Қандай түспен белгілейміз?

-      Жарайсыңдар. Балалар, енді маған айтыңдаршы, дыбыс дегеніміз не?

-      Әріп дегеніміз ше?

 

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

 

- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

 

- Оны қандай түспен белгілейміз?

 

-  Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?      - Оны қандай түспен белгілейміз?

-Дұрыс айтасыңдар. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешіп көресіңдерме ?

Шатырда  бар

Үйде жоқ

- Дұрыс, ол  Ш дыбысы. Бүгін біз Ш дыбысымен және әріпімен танысатын боламыз.

- Балалар Ш дыбысы бар қандай есмідерді білесіндер?

 

- Осы дыбысты айтқанда біздің ерініміз қандай күйде болады? Қәне, айнаға қарап, «Ш» дыбысын айтып көрейікші, қандай екен?

 

- Ал тіліміз қайда орналасады?

 

- Тіліміз жалпақ па? Жіңішке ме?

- Ш дыбысы дауыстыма, дауыссыз ба?    - Ш дыбысын қандай түспен белгілейді?

- Балалар, осы Ш дыбысы неге ұқсайды екен? Кім біледі?

- Балалар, осы Ш дыбысы біздің әліппемізге қайдан, қалай келгендігін білесіңдер ме?  

- Ендеше тыңдаңдар. «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде. П әрпі орман ішінде серуіндеп жүріпті. Жолдың бойында ол таяқшаны тауып алды да, онымен ойнай бастады. Таяқшаны айналдырып, айналдырып, өзін сиқыршы ретінде елестеді. Ауада  таяқшаны сілкіп еді, Ш дыбысына айналып кетті. Бірақ, әріптің сипаты өзгеріп кетіпті. Ол шулы дыбыс болып кетіпті. Сонда да басқа әріптер оны жақсы көре беріпті».

- Ал енді, экраннан «Сиқырлы әліппені» тамашалайық.

- Балалар, тіл ұстарту жаттығуын орындаймыз:

Ша-ша-ша

Балалық шақ тамаша

Шу-шу-шу

Әжем шашты шашу

Шы-шы-шы

Қойды бақты қойшы

Аш-аш-аш

Қарағай, шырша ағаш

Ше-ше-ше

Біздің апай ерекше.

 

- Жарайсыңдар. Балалар енді біз сергіту сәтін орындап алайықшы.

 

 

 

- Өте жақсы, денеміз сергіп, жақсы болып қалдық па?

- Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешіп көреміз бе?

1. Ол өсіп әуре,

    Ел кесіп әуре....?                             

2. Қызыл, жасыл домалақ,

    Әуеде ұшар домалап. 

3. Тікен тікен тік пісте,

     Қысы жазы бір түсте.    

4. Зулап түсіп төменге,

    Шыға алмас менсіз бөгенге.

- Жарайсыңдар. Балалар, сендер жұмбақтың шешуін тауып айтып жатқанда, экраннан сол суреттер шығып жатты. Енді осы суреттерге қарап, сөздерді буынға бөлейікші?

- Балалар, Ш дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі екен. Мысалы, сөздің басында кездесетін Ш дыбысына сөздерді айтайықшы?

- Ортасында кездесетін сөздерді айтайықшы?

 

- Соңында кездесетін сөздерді айтайықшы?

- Балалар, орнымыздан тұрып, көзге арналған жаттығуды орындаймыз.

 

 

- Жарайсыңдар. Енді «Дыбысты ұста» ойынын ойнайық.

Мен сендерге допты дыбыс түрінде лақтырамын, ал сендер буын түрінде қайтарасындар.

Ш, А – ША                   А, Ш – АШ

Ш, О – ШО                   О, Ш – ОШ

Ш, У - ШУ                    Ұ, Ш – ҰШ

- Өте жақсы. Балалар, мына экранда тұрған суреттерге назар салайықшы. Мұнда ненің суреті бейнеленген?

Scan0252     Scan0252      Scan0252     Scan0252

 

- Енді осы суреттерді қолданып, сөйлем құрастырамыз. Мысалы, Арсеннің қылышы бар...

 

-Жарайсыңдар. Балалар, енді Ш дыбысының әріп таңбасымен танысайық. Алдымен қанша элементтерден тұратынын санап алайық.

 

 

 


- Дұрыс. Енді саусағымызды дайындап алып, ауада жазамыз. Жоғарыдан төмен қарай бірінші сызықты жүргіземіз, одан кейін екінші сызықты жоғарыдан төмен қарай жүргіземіз, үшінші сызықты да дәл солай жүргіземіз. Ең соңында астынан тағы бір сызықты жүргіземіз.

- Партаның бетіне жазамыз.

 

- Қолымыз шаршаған шығар, қане қол моторикасына арналған жаттығуды орындап алайық

Жаза, жаза саусағым,

Әлсіредім шаршадым.

Бір, екі, үш,

Қолға жинап күш.

Қане, қалам алайық,

Әдемілеп жазайық.

 

- Енді алдымыздағы дәптерде Ш дыбысының киімін кигізейік. Балалар, ол қандай түсті киімді киеді?

 

 

 

Балалар,  енді алдымызда тұрған үлестірмелі қағаздармен жұмыс жасаймыз. Қане, қарайықшы, қандай тапсырмалар берілгенін.

№1 тапсырма: Мына тапсырмада Тышқан қанша  Ш дыбысы бар екендігін білмей отыр, қане дөңгелектеп алып, санап берейікші

№2 тапсырма: санау таяқшаларынан Ш әріпін жазамыз.

№3 тапсырма: Ш дыбысынан басталатын төрт сөзді тауып бер

№4 тапсырма: Ш әріпін  баспа түрінде жазамыз.

- Жарайсыңдар. Тамаша орындадыңдар.

- мұқият тыңдайды.

 

-Ч дыбысын.

 

-дауыссыз, қысылып айтылады.

-көк түспен

-дыбысты естиміз, айтамыз

-әріпті көреміз, жазамыз.

-екіге: дауысты, дауыссыз дыбыстар

-әуенмен, еркін, созылыңқы

-қызыл түспен

 

-қысыңқы, кедергімен

-көк түспен

 

 

-Иә

 

- Ш

- Мұқият назар салып тыңдайды.

 

- Шолпан, Раушан, Шарапат, Шапағат, Шоқан, Шамиль

 

 

- Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді.

- Үстінгі тістердің артында.

- Жалпақ, кесе сияқты

- Дауыссыз дыбыс

- Көк түспен

- Е дыбысына, айырға, шанышқыға ұқсайды

 

- Жоқ, білмейміз

 

- Ш дыбысына қатысты ертегі әңгімені мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Ш дыбысын көрсетіп жатыр.

- Тіл ұстарту жаттығуын қайталайды:

Ша-ша-ша

Балалық шақ тамаша

Шу-шу-шу

Әжем шашты шашу

Шы-шы-шы

Қойды бақты қойшы

Аш-аш-аш

Қарағай, шырша ағаш

Ше-ше-ше

Біздің апай ерекше.

- Экраннан сергіту сәтінің бейнеролигін тамашалап, соны қайталау арқылы орындайды.

- Иә.

 

 

- Иә

 

- шаш

 

- шар

 

- шырша

 

- шана

 

- шаш (бір буын)

- шар (бір буын)

- шыр –ша (екі буын)

- ша-на (екі буын)

 

 

- шам, шатыр, шағала, шар

- шымшық, құлыншақ, қуыршақ, шаршы, қайшы

- ғарыш, ағаш, қарлығаш, шаш, қаш

- экраннан көзге арналған жаттығудың бейнеролигін көрі арқылы орындайды.

- ойынның шартын тыңдайды.

 

-ойынды белсенділік танытып, қызығушылықпен орындайды.

 

 

 

 

- қолшатыр, моншақ, қысқыш, қылыш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- суреттерге қарап, сөйлем құрастырып, өз ойларын айтады.

 

 

- төрт таяқшадан тұрады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- ауада жазады

-партаның бетінде жазады

- Жаттығуға дайындалады

- Жаза, жаза саусағым,

Әлсіредім шаршадым.

Бір, екі, үш,

Қолға жинап күш.

Қане, қалам алайық,

Әдемілеп жазайық

 

 

-көк түсті киімді киеді. Дәптердегі тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

- дөңгелектеп, санап береді

- санау таяқшаларынан Ш әріпін жазады.

- шапка, шахмат, шашки, шоколад,шляпа

- баспа түрінде жазады.

Рефлексив

тік-ттүзетуші

лік

- Балалар, сонымен біз бүгін не үйрендік?

- Ш дыбысы қандай дыбыс екен?

- Ол қандай түспен белгіленеді?

- Балалар, бүгінгі оқы қызметіміз түсінікті ме?

- Көңіл-күйіміз көтерілді ме?

-Жарайсыңдар.

-Мен сендерге оқу қызметімізге жақсы ат салысқандарың үшін жұлдызша таратып беремін.

-Ал балалар, енді біз қоштасайық. Сау болыңдар.

- Ш дыбысы мен әріпін

- Дауыссыз дыбыс

- Көк түспен

 

- Иә, түсінікті

- Иә, көтерілді

 

- алған әсерлерімен бөліседі.

 

-Сау болыңыздар.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Жаңғырта алады: Ш дыбысы мен әріпін, дыбыс таңбасын, дауысты, дауыссыз дыбыстарды.

Түсінеді: Ш дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында кездесетіндігін, буынға бөлуді, сөзден сөйлем құрастыруды

Қолданады: айна, интербелсенді тақтаны, тақырыптық суреттерді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды оқулық бойынша «Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы  «Ш»дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанын  анықтай отырып сандықшаларға салу.

 

Scan0252                     Scan0252                        Scan0252

 

 Ш .....                                                                ....Ш.....                                       ....Ш

 

Шаш   ұшақ    шам    қылыш     моншақ   шағала    шот     шар    пышақ   қаш

Сабақтың өту барысы:

-  Дем алу жаттығулары.

-  Балалар бүгін бізге Айша есімді қуыршақ қонаққа келді.

- Балалар Ш дыбысы бар қандай есмідерді білесіндер? ( шолпан, раушан, шынар, шырын, шыңғыс т.б.)

- «Айша» барлық әріптерді біледі және дұрыс айта алады екен, бірақ та Ш дыбысын дұрыс айта алмайды екен. Біз бүгін оған осы дыбысты дұрыс айтуға көмектесуге қалай қарайсыңдар, балалар?!

- Осы дыбысты айтқанда біздің ерініміз қандай күйде болады? Кәне «Ш» дыбысын айтып көрейікші, қандай екен. (Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді). Ал тіліміз қайда орналасады? (Үстінгі тістердің артында) Тіліміз жалпақ па? Жіңішке ме? (Жалпақ, кесе сияқты). Ш дыбысы дауыстыма, дауыссыз ба? (Дауыссыз). Ш дыбысын қандай түспен белгілейді? (Көк).

- Енді «Дыбысты ұста» ойынын ойнайық.

Мен сендерге допты дыбыс түрінде лақтырамын, ал сендер буын түрінде қайтарасындар.

Ш, А – ША               А, Ш – АШ

Ш, О – ШО                          О, Ш – ОШ

Ш, У - ШУ                 У, Ш – УШ

-Енді Айшамен бірге саусақ жаттығуын жасайық.

 

- Ал енді Айшаға «Ш» дыбысын машықтандыру үшін біз білетін сөз ұйқастарын айтып берейік.

Ша-ша-ша

Балалық шақ тамаша

Шу-шу-шу

Әжем шашты шашу

Шы-шы-шы

Қойды бақты қойшы

Аш-аш-аш

Қарағай, шырша ағаш

Ше-ше-ше

Біздің апай ерекше.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ш дыбысымен және әріпімен таныстыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2017 1418
    • DOCX 158.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баялиева Акнур Акылбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баялиева Акнур Акылбаевна
    Баялиева Акнур Акылбаевна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18100
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Педагог по изобразительной деятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Единый профориентационный минимум: курс внеурочной деятельности "Россия – мои горизонты"

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Курс повышения квалификации

Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 182 человека

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе