Инфоурок Музыка Другие методич. материалы"ШЕРТПЕ КҮЙЛЕР ШЕБЕРІ" 2- 4 сынып аралығындағы жас күйшілер байқауы

"ШЕРТПЕ КҮЙЛЕР ШЕБЕРІ" 2- 4 сынып аралығындағы жас күйшілер байқауы

Скачать материал

Байқаудың  мақсаты: Қазақ  халқының   атадан- балаға ,  көзінің  қарашығындай  сақтап   жеткізген,  қымбат  қазынасы -  шертпе  күй  өнерін  насихаттау , шертпе   күйдің  негізін салып, мектебін қалыптастырушы  күйші- композиторлар есімін  жас  ұрпақтың  жадына  сақтау, жас  өнерпаз жеткіншектің   ата-  баба  мұрасына деген  құрметін  арттыру.

Кіріспе:  Қазақтың  дәстүрлі  ұлттық  музыкасы, оның  ішінде күй  жанры жөнінде  сөз  қозғасақ, тіпті  алыс  ғасырларға бармай-ақ, ХІХ ғасыр  мен  ХХ ғасырдың басындағы  күйшілік  өнері  өте  дәуірлей  өсіп, мазмұн- маңызымен, тақырыптық  кеңдігімен, көлемінің молдығымен, әуен, саздарының айшықты да ауқымды кәсіби  жоғары  деңгейлерімен  ерекшеленеді. Жалпы  қазақ  халқы  домбыра күйлерін  құрылымдық және орындаушылық  мәнеріне, қағыс түрлеріне,әуеніне, ішкі  мазмұнына  қарай  екі  үлкен  арнаға  жіктеп, «төкпе»  және  «шертпе» күйлер деген атау  берілген.  Төкпе күй  сипаты  жағынан күй тарту  шеберлігі  жағынан  жігерлі,екпінді болып  тыңдаушысының  көңіл- күйін  көтеріп  отырады. Бұл  мектептің  басты  өкілдері  Құрманғазы,  Дәулеткерей,Түркеш, Қазанғап, Сейтек,  Дина  сынды  композиторларын  айтамыз. Күйдің  екінші  бір  үлкен арнасы  ел  ішіне кең  тараған  « шертпе  күйлер».Қазақта  «сыр  шерту», «көңіл күйін  шерту» деген  сөздер   бар.Шертпе  күйлер  көбіне   терең  ойға, философиялық  тұжырымға  құрылады.  Шертпе  күй  шеберлері дегенде Арқадан Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Қаратаудың теріскейінен  Сүгір, Бапыш, Әлшекей сияқты  күйшілер  шықса, Шу  бойынан Байсерке күйшінің  өткендігі  тарихымызға  мәлім.Бүгінгі  күні  Тәттімбет  мектебін  жалғастырушы  белгілі домбырашылар Мағауия  Хамзин,Әнике  Әбенова, сондай-ақ  Сүгір ,Бапыш, Әлшекей, Байсеркелердің  өнерін  жалғастырушы Төлеген Момбеков,Генерал  Асқаров,Боранқұл Қошмағанбетов. Күй  -  қазақ  халқының  асыл  мұрасы, қымбат қазынасы.Күй -  ғаламдағы  мыңдаған  ұлт, ұлыстардың ішінде тек  қазаққа ғана  тән  өнер. Қазаққа  ғана  тән  қасиет!   Қазаққа  ған  тән  білім!  Қазаққа  ғана  тән  парасат!  Қазақ  өзін  сөзбен  жеткізген. Сөзі  дәрменсіздік  танытқан  кезде  әнмен  жеткізген.  Сөзі  мен  әні  жеткізбесе, міне  осы   күймен жеткізген. Күй -  қазақ үшін  өнер  ғана  емес,  күй -қазақтың болашаққа  қалдырған  ізі!

Жүргізуші:  Қайырлы  күн қадірменді  өнер сүйер  қауым. «Шертпе  күйлер  шебері»  атты  мектепшілік  жас  домбырашылар  байқауына  хош  келіпсіздер!!!

Қоңыр үн күмбірлесе қос ішектің

Сиқырлы әуен еді бұл бір неткен

Келеді көз алдыңа өркеш-өркеш

Белесі бабалардың жүріп өткен

Сан ғасыр санамызда сақталады,

Күйлері бабамыздың жатталады.

Қазағым осындай бір болды деген

Сахнада домбыра үні сақталады

Жүргізуші:  Бүгінгі  сайысқа  қатысушы  жас  өнерпаздарды  ортаға  шақырамыз!

Жүргізуші:  Байқауға  қатысатын  өнерпаздарға  сәттілік  тілей  отырып,бүгінгі  сайыстың  әділ бағасын  берер әділ қазы  мүшелерімен таныс  болайық:

Жүргізуші:  Сайысымыздың  шарты  бойынша   әрбір  сайыскер  2  күй  орындауы  керек, біріншісі   шертпе  күй  болса, екіншісі  өз  қалауы  бойынша  бір  күй.

 

1.Қазақ  музыка мәдениетінде  «Шалқыма» деген атпен көптеген  ән- күйлер  бар. Жантөренің «Шалқымасы»,Үкілі  Ыбырайдың «Шалқымасы», Ғазиздің  «Шалқымасы»,Әренжанның  «Шалқымасы»,т.б «Шалқыма»  атты шығармалардың  негізгі  өзегі  көтеріңкі, шалқыған  көңіл- күйді  білдіреді.  Сүгірдің  «Шалқымасы»  адам  көңілінің шалқып  отырған  шағынан  әсер  береді.

Ортада  4- сынып  оқушысы Жұмағалиев  Ернар

Сүгірдің  күйі  «Шалқыма»

Қазанғаптың  күйі  «18  жасар  Балжан  қыз»

 

2. « Әлқисса» күйі. Күйдің  бұлай  аталуы «сөздің  басы, күйдің  басы, бастамасы» дегенді білдіреді.

2- сынып  оқушысы  Көшетова  Назерке

Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Әлқисса»

Қазанғаптың  күйі «Шыныаяқ»

 

 

3. «Қосбасар»  тармақты  күйлер  тізбегі. Әр  күйші-композитордың   өз   «Қосбасары»  бар. Аттары  бірдей  болғанымен  заттары бөлек.Қосбасар  атауы  «дүние  астарлы» деген  мағына  береді. «Қосбасар»  ұғымы  терең философиялық  ұғым.

 

4- сынып  оқушысы  Әбденов  Берікбай

Тәттімбеттің  күйі  «Сырнайлы  Қосбасар»

Құрманғазының күйі  «Саранжап»

 

4. «Кеңес» сөзінің  мағынасы  би-  шешендердің, ақсақалдардың   ақылдасып, шешім  қабылдауы,жиналысы.

Майысып  қос  ішегіңе күй  өткенде 

Ой туар  жүрек  түгіл, сүйектенде

Домбырам  қайран  менің ,қайран  менің

Ризамын  сені  маған  сый  еткенге

1- сынып оқушысы  Қоңырбаева Нұршат

Халық  күйі  «Кеңес»

Жасарал Еңсеповтің  күйі  «Әке  толғауы»

 

5. Үзбестен болашақтың  күдерінде,

Күйлерің  жетті  аман  осы  күнге

Сақтаған  кеудесіне  ғасыр  сырын

Шертеді  домбырасын  күймен  бірге.

4- сынып  оқушысы  Көпжасар  Меруерт

Қаршыға  Ахмедияровтың  күйі  «Ақ  қайың»

Құрманғазының  күйі  «Ақсақ  киік»

 

6.  Шертпе  күй  дәстүрінде «Қосбасар» атты  тармақты күйлер  тізбегі  әрдайым  атадан- балаға ауысып, әр  заманның  кескін- келбетін  келтірумен  бүгінгі  күнге  дейін  жалғасып  келеді.

3- сынып  оқушысы  Жалғас  Ұлжан

Тәттімбеттің  күйі  «Қосбасар»

Қазанғаптың күйі  «Шыныаяқ»

 

7. Домбыра  мұнша  шешен болдың  неге?

Күй  толған  көкірегің  шежіреме?

Сыр  қозғап  ғасырлардан  жетемісің,

Саусағым тиіп  кетсе  ішегіңе.

3- сынып  оқушысы  Әзиева  Еркеназ

Халық  күйі  «Кеңес»

Құрманғазының  күйі  «Түрмеден  қашқан»

 

8. Арқа  өңіріндегі  күйшілік  дәстүрдің  аса  дарынды  өкілі  Қыздарбек Төребайұлының 100-ден  астам күйлері бар. Соның  бірі  «Терісқақпай» күйі.Терісқақпай – сұлу  сазды , берері  бар  бедерлі  туынды.

4- сынып  оқушысы Баймұратов  Мұратхан

Қыздарбектің  күйі  «Терісқақпай»

Әбдімомын  Желдібаевтың  күйі  «Ерке  сылқым»

 

9. Тәттімбет  Арғын  асқан  ардагерім,

Шығарған  қырық  күйін  өрім-өрім.

Арқада  одан  асқан  күйші  барма,

Сусынын  қандыратын  туған  елдің.

«Сылқылдақ» Тәттімбеттің жүрекжарды  қуанышынан,  жүрегін  кернеген отты  сезім, шалқыған  шалқар  шабытынан  туған  күйі.

3-  сынып  оқушысы  Сұлтанов  Бекжан

Тәттімбеттің күйі  «Сылқылдақ»

Құрманғазының  күйі  «Түрмеден  қашқан»

 

10.  Ақыл жастан, асыл  тастан,

Күй  ойлыдан  туады,.

Күйді  оятты,

Бұл  жалғанның  дауылы  мен  шуағы.

Сыр  айтқызбай тіл  буғанда  замана 

Күй  әуені  көкірекке  тұнады.

3- сынып  оқушысы  Жаңабайқызы  Айшат

 Н.Тілендиевтің  күйі  «Әлқисса»

Е.Үсенов  «Қосбасар»

 

11.Алайық  ескі  күйдің бәрін  жиып,

Жандандырған ой- қиялды  қалың  түйіп,

Шерттіріп  құнарлырақ домбыраға

Тербелтіп  ырғағына  тамылжиық.

4- сынып  оқушысы Сайлаубаев  Дулат

Боранқұл  Қошмағанбетовтың күйі  «Кеңжайлау»

Махамбеттің  күйі «Өкініш»

 

12. Аңсатса  алыс  азат күн,

Төгілтіп  ойлы  үн- нөпір,

Жүрегіне  қазақтың

Тәттімбет  салды күй- көпір.

 

Сұңғыла  саздан  көшелі,

Қару  мен дәру  таптым  көп.

Шертпе  күйдің  көсемі,

Үдетсін  үнін  Тәттімбет.

 

2- сынып  оқушысы Наурызғалиева  Аружан

Тәттімбеттің  күйі  «Қосбасар»

Қазанғаптың  күйі  «Шыныаяқ»

 

13.Тарт  күйіңді,домбыра!

Төгіл,төгіл  тәтті  күй,

Тау  суындай  сылдыра,

Желпін,желпін жел  соқтыр!

Көкте бұлттар  ыдыра!

Тыңдамаған  қоймасын,

Ойды- қырды  қыдыра,

Құлшына  тарт домбыра!

4- сынып  оқушысы Қойбағар Алшын

Н.Тілендиев «Әлқисса»

Дайрабайдың  күйі «Дайрабай»

 

Жеңімпаздарды  анықтап, марапаттау.

Жүргізуші: «Шертпе  күйлер  шебері»  атты  мектепшілік  домбырашылар  байқауы аяқталды. Хош  сау  болыңыздар.  

 

 

 

        Қазанғап  Тілепбергенұлы  атындағы  саз  мектебі

 

 

 

 

 

 

 

    «Шертпе  күйлер  шебері» 

 

   атты  мектепішілік  домбырашылар  байқауы

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                       Жауапты: М.Қосмамбет

     

 

 

 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ШЕРТПЕ КҮЙЛЕР ШЕБЕРІ" 2- 4 сынып аралығындағы жас күйшілер байқауы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 003 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2016 2116
    • DOCX 24.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қосмамбет Мира Сидағаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қосмамбет Мира Сидағаликызы
    Қосмамбет Мира Сидағаликызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 39351
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкально-эстетическое развитие младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 136 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания сольфеджио и элементарной теории музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 402 человека

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 590 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 229 человек