Инфоурок Другое ПрезентацииШолпан жұлдызының бесік әлдиі- презентация-оқушының ғылыми жұмысы

Шолпан жұлдызының бесік әлдиі- презентация-оқушының ғылыми жұмысы

Скачать материал
Скачать материал "Шолпан жұлдызының бесік әлдиі- презентация-оқушының ғылыми жұмысы"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Описание презентации по отдельным слайдам:

  •  

Шолпан жұлдыздың бесік  әлдиі
 Жоба авторлары : Башаев Сүндет
			Ақы...

    1 слайд


     

    Шолпан жұлдыздың бесік әлдиі
     
    Жоба авторлары : Башаев Сүндет
    Ақыл Айдана
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
      МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
    ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ
    «АҚШҰҚЫР МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
     

  • Жоспар: 
І. Кіріспе  бөлім
1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына қы...

    2 слайд

    Жоспар: 
    І. Кіріспе бөлім
    1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу
    а) Мағжан – сыршыл ақын
    ә) Мағжан – философ ақын
    б) Мағжан – эпик ақын
    ІІ. Негізгі бөлім
    Сыршыл ақын Мағжанның бесік әлдиі
    а) «Бесік жыры» өлеңінің тақырыбы мен идеясы
    б) «Бесік жыры» өлеңінің құрылысы
    в) «Бесік жыры» өлеңінде кездесетін айшықты сөздер
    г) «Ел болам десең, бесігіңді түзе!»
    ІІІ. Қорытынды
    Қолданылған әдебиеттер
    Қосымша материалдар
     

  • А   Б    С    Т    Р   А    К    Т
Зерттеу  тақырыбының маңызы: Қазақ  халқын...

    3 слайд

    А Б С Т Р А К Т
    Зерттеу тақырыбының маңызы: Қазақ халқының біртуар сыршыл ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын насихаттау, өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа үлгі ету.
    Зерттеу мақсаты: Ақынның өлеңдерінің тақырыбын ашу, шығармаларын жырсүйер қауымның назарына ұсыну, насихаттау, аудан,облыс мектептерінде «Мағжантану» факультативтік курсын оқытуға ұсыныс ету, ақынның «Бесік жыры» өлеңі арқылы қазақ халқының бесікке салу дәстүрін насихаттауға ат салысу.
    Зерттеу кезеңдері:
    І кезең: Ғылыми жоба жұмысының тақырыбына таңдау жасадық.
    ІІ кезең: Бесіктің пайдасы туралы мәліметтер жинап, ақ жаулықты аналар мен бесік ұсталарына жолығып, олардан сұхбаттар алдық.
    ІІІ кезең: Мағжан шығармашылығынан әдеби кеш ұйымдастырдық.
    ІV кезең: Мағжан Жұмабаев туралы кітаптар, ақпараттар мен материалдар, бейнефильмдер жинадық.
    V кезең: Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқып, жаттадық.
    VІ кезең: Қажетті слайдтар, суреттер дайындадық.
    Зерттеудің жаңалығы: «Не көрсем де алаш үшін көргенім,
    Маған атақ алаш үшін өлгенім!
    Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,
    Істей берсін қолдарынан келгенін!» - деп туған
    халқының азаттығы үшін жар салып, аянбай еңбек етіп өмірден өткен қазақ халқының сыршыл ақыны Мағжан өлеңдерінің тақырыбын ашып, өскелең ұрпаққа оның ғибратты өлеңдерін насихаттап, өнегелі істерін үлгі ету.
    Қорытынды: Сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, еліміздің елжанды, халқымыздың ұлтжанды адал ұл – қыздарын тәрбиелеу.
    Ұсыныстар:
    Сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа терең меңгерту мақсатында
    аудан,облыс мектептерінде «Мағжантану» факультативтік курстарын оқыту;
    Өмірбаянына қатысты мәліметтерді әлі де болса ғылыми тұрғыдан зерттеп, нақтылау;
    3. Мағжан Жұмабаевтың есімін жадымызда мәңгі есте сақтау үшін ақын атындағы көшелер санын көбейту;
    4.«Бесік жыры» өлеңі арқылы халқымыздың бесік салу салтын насихаттауға үлес қосу;
     

  • Қазақтың поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрне...

    4 слайд


    Қазақтың поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын – Мағжан Жұмабаев. Мағжан – қазақ поэзиясының Шолпан жұлдыз -
    дарынының бірі әрі бірегейі. Ол - артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен ақын.Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышты.


    Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.Оқушының жүре-гіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.
    Жүсіпбек Аймауытов
     

  • Өмірбаяны
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам...

    5 слайд

    Өмірбаяны
    Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім.
    Мағжан алғашында ауыл молдасынан сауатын ашты.
    1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жаныннан ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
    Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алаы. Онда татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтен дәріс алып, көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
    Ғ.Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады.
    “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды.
    1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
    “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады.

  • 1951 жылға дейін Магадан  абақтысында Мағжан Жұмабаевпен  бірге  болған  93...

    6 слайд

    1951 жылға дейін Магадан абақтысында Мағжан Жұмабаевпен бірге болған 93 жастағы атыраулық Абдолла Әбдірахманов ақсақал
    1951 жылға дейін Магадан абақтысында Мағжан Жұмабаевпен бірге болған 93 жастағы атыраулық Абдолла Әбдірахманов ақсақал

  •  
 Мағжан – сыршыл ақын
 Мағжанның...

    7 слайд


     
     
    Мағжан – сыршыл ақын
     Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырды. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған.Мағжан – лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Лирикалары романтикалық асқақ сезіммен өрілген, жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар – адамгершілік, шынайы махаббат, табиғат т.б.
     

  • Мағжан – философ  ақын
 
	Мағжан – философ ақын. Ақынның философиялық көзқа...

    8 слайд




    Мағжан – философ ақын
     
    Мағжан – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама – қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да, сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді
     

  •  
Мағжан – эпик  ақын
Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазу саласында да аса...

    9 слайд

     
    Мағжан – эпик ақын
    Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазу саласында да аса өнімді еңбек етті.Мағжан поэмалары қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Ақын қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Оның поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.Жеке адам мен ұлт тағдырын драмалық сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді. «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі», «Шын ертегі», «Жүсіпхан». «Тоқсанның тобы» секілді поэмалары бар
     
     

  • Мағжан  Жұмабаевтың   қазақ  халқының  тұрмыс – салт  жырының  бір  түрі  бе...

    10 слайд

    Мағжан Жұмабаевтың қазақ халқының тұрмыс – салт жырының бір түрі бесік жырының үлгісінде жазылған «Бесік жыры» өлеңінен мейірімді ананың перзентіне деген ыстық сезімі мен ақ тілегін аңғарамыз.
    Өлең – белгілі бір тақырыпқа арналған, 10 - 15 шумақтан аспайтын, ырғағы мен ұйқасы бар шағын поэтикалық шығарма.
    Жалпы кез - келген шығармада ең алдымен тақырып болады. Шығарманың иесі сан - алуан ойларының ішінен біреуін ғана негізгі ойының қазығы етеді. Сол ой шығарманың тақырыбы болып табылады. Тақырып әр түрлі болады. Мысалы, туған жер, Отан, табиғат, махаббат, т. б. болуы мүмкін.
    Әдеби шығарманың тақырыбы – өнер туындысының іргетасы. Әдеби шығарма белгілі дәуірдегі қоғвмдық шындықтың сәулесі. Ал, идея дегеніміз - автор осы тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.Сол арқылы өз мақсатын, өз мүддесін, арманын білдіреді. Бұл өлеңнің тақырыбы тұрмыс – салт жырының бір түрі бесік жырына арналса, идеясы ұлттық педагогикамыздың бір тармағы жаңа туған сәбиді бесікке бөлеу мен бесік жырын дәріптеу.
     

  • Өлең  - көптеген  компоненттерден  құралатын   бір тұтас шығарма. Сол  көпте...

    11 слайд

    Өлең - көптеген компоненттерден құралатын бір тұтас шығарма. Сол көптеген бөлшектердің бірі – шумақ.
     
    Шумақ – кемінде төрт жолдан (кей жағдайда екі немесе алты) құралып, аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіретін өлең бөлшегі.
    Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі он алты шумақты.Бұл өлеңнің әр шумағы алты жолдан, яки алты тармақтан тұрады.Себебі, тармақ дегеніміз өлеңнің әр жолы.
     
    Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.Бұл өлең 1, 2 бунақты.Өлеңнің бірінші тармағы
     
    Күнім, / айым, / - 2 бунақты
    Еркетайым, / - 1 бунақты
    Бөлейін енді / - 2 бунақты
     
    Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. «Бесік жыры» өлеңі 4 – 5 буынды.
     
    Жұмсақ бесік,
    Жылы төсек,
    Жата ғой, қозым.
     
    Мағжан Жұмабаев поэзиясында төрт буынды өлең өлшемдері көптеп кездеседі. «Бесік жыры» өлеңінен басқа «Қайың», «Жұмбақ» өлеңдері де төрт буынды, 1 – 2 бунақты болып келеді.
     

    «Бесік жыры» өлеңінің құрылысы

  • Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең...

    12 слайд


    Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек.
    «Бесік жыры» өлеңінің ұйқасы а - а - б болып келеді.

    Мініп тұлпар,а
    Алып сұңқар,а
    Тауға кетерсің.б
     
    Ақынның «Бесік жыры» өлеңі 6 тармақты,
    4 – 5 буынды, 1 – 2 бунақты, ұйқасының а - а - б болып келуі - Мағжанның қазақ әдебиетіне әкелген өзіндік жаңалығы.
    Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі арқылы төл әдебиетімізге сегіз аяқ деген ұйқас енгізген болса, Мағжанның 6 тармақты, 4 – 5 буынды өлеңдерін алты аяқ ұйқасына құрылған шығармалар деп атауға негіз бар сияқты.
     

  • Қайталау -белгілі   бір  ұғымға  назар  аударту  үшін  бір сөзді   не  сөйлем...

    13 слайд

    Қайталау -белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта – қайта айту. Олардың үш түрі бар: жай қайталау, анафора және эпифора.
    «Бесік жыры» өлеңінде қайталаудың анафора мен эпифора деген түрлері кездеседі.
     
    Анафора –өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол басында қайталануы.
     
    Эпифора -өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы.
     

  • Құлыншақтар,
Қозы, лақтар –
	Бәрі – ақ   ұйқыда.
Сен – жұлдызым,
Сен – көз  н...

    14 слайд

    Құлыншақтар,
    Қозы, лақтар –
    Бәрі – ақ ұйқыда.
    Сен – жұлдызым,
    Сен – көз нұрым,
    Кір тәтті ұйқыға ...
     
    деген бір шумақта қайталаудың анафора мен эпифора деген түрлері кездессе,

    Беу – беу, бөпем,
    Беу – беу, бөпем,
    Әлди, әлди – ай!
    Сәулем, еркем,
    Күні ертең
    Толарсың сен ай...
     деген шумақтың бірінші және екінші тармағы анафора мен эпифорадан құрылған.Бұл да - ақынның қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы.
     

  • .Мағжан   Жұмабаевтың  «Бесік  жыры»  өлеңі  өне  бойы  айшықты   сөздерге, т...

    15 слайд

    .
    Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі өне бойы айшықты сөздерге, троптың метафора және метонимия секілді түрлеріне өрілген. Троп дегеніміз – сөзді тура мағынада емес, бұрма мағынасында, әсірелеп, әдемілеп беру.
    Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Қазақ халқының ірі ғалым лингвисі, қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушы, аудармашы, түрколог, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов өзінің әйгілі «»Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде метафораны ауыстыру деп келтіреді.
    Мағжан ақынның «Бесік жырындағы» ана сәбиінен небір айшықты сөздермен толғанады.
    1.«Күнім, айым, 2.Жұмсақ бесік,
    Еркетайым,Жылы төсек,
    Бөлейін енді. Жата ғой, қозым.
     
    3.Сая жаным,4.Қуанып қалқам,
    Балапаным, Ерке марқам,
    Соқсын дауыл, жел. Қысып сүйермін,
     
    5.Ұйқың тәтті,6.Сен – жұлдызым,
    Ұйқың қатты,Сен – көз нұрым,
    Қозым, құлыным. Кір тәтті ұйқыға.
     
    - деп ана сәбиін «Күнім, айым, балапаным, ерке марқам, қозым, құлыным, жұлдызым, көз нұрым, қарашығым» деген метафоралармен еркелетіп қана қоймайды, «жас бөрім, сырттаным, арыстаным, жас жолбарыс» деп ана баласының «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты», жауынан тайсылмайтын, елі үшін атқа қонатын батыр болатынына үміт артады.
    7.Сен еріме,8.Алмас қылыш,
    Жас бөріме,Найза құрыш,
    Қарсы кім тұрар? Белге буарсың.

    9 Сен, сырттаным,.10. Жас жолбарыс,
    Арыстаным, Жаумен алыс,
    Жауды қуарсың Шаңға, қанға бат.

  • Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын...

    16 слайд



    Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Бесік жыры - халық педагогикасының мәйегіне айналған. Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз - әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру.
     

  •  
 Жас  ұрпақтың  болашағына  алаңдаған  қазақ  халқының   хас  батыры,  қаһ...

    17 слайд

     
     
    Жас ұрпақтың болашағына алаңдаған қазақ халқының хас батыры, қаһарман қоолбасшысы Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан жа қорықпаған Бауыржан едім.Енді қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам.Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді.Оның қолына қылыш берсең, кімді де шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке жоқ, шеше жоқ» деп жазған болатын.
     

  •  
Біріншіден, қол - аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды...

    18 слайд

     

    Біріншіден, қол - аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.
    Екіншіден, баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етедi. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.
    Үшіншіден, баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп - созылып, рахаттанады. Денесінің әр түрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.
    Төртіншіден, сәбидің тұла бойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.
    Бесіншіден, бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды.  Құрғақ болады. Ол - мықты денсаулық  кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.
    Алтыншыдан, бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.
    Жетіншіден, бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
    Сегізіншіден, бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.
     

  • Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының бір парасы ғана. Бесікті  пайдаланбау...

    19 слайд

    Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының бір парасы ғана. Бесікті  пайдаланбау арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз. «Бесікке салу», «Тыштыма», т.б. жоғалды.
    Данышпан халқымыз: «Тәрбие – тал бесіктен», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал», - деп айтып, болашағының, ұрпағының тәлім –тәрбиесіне баса назар аударған болса, қазақ халқын «Абай жолыдай» көлемді де ғибратты туындысымен әлеиге танытқан Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» дегенді тегін айтпаса керек.
     
     

  •  
 	Қорыта келгенде, Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясында  жарқын жырларымен о...

    20 слайд

     
     
    Қорыта келгенде, Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясында жарқын жырларымен от шашып, өшпес із қалдырған тұлға. Көркем сөзбен көрікті өлеңдерді әдебиетіміздің әлеміне сыйлаған ерекше жан.
    Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу- маржаны махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық стихиясының сан алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі жымдаса ұласқан, ықшам, жинақы, жұп-жұмыр жауһар дүние.
     

  • ҰСЫНЫСТАР:
 
Жұмысымыздың  соңында, төмендегідей  ұсыныстар  айтамыз:
1. Сырш...

    21 слайд

    ҰСЫНЫСТАР:
     
    Жұмысымыздың соңында, төмендегідей ұсыныстар айтамыз:
    1. Сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа терең меңгерту мақсатында аудан,облыс мектептерінде «Мағжантану» факультативттік курстарын енгізу;
    2. Өмірбаянына қатысты мәліметтерді әлі де болса ғылыми тұрғыдан зерттеп, нақтылау;
    3. Мағжан Жұмабаевтың есімін жадымызда мәңгі есте сақтау үшін ақын атына берілген көшелер санын көбейту;
    4.«Бесік жыры» өлеңі арқылы халқымыздың бесік салу салтын насихаттауға үлес қосу;
     

  • Назарларыңызға рахмет!!!

    22 слайд

    Назарларыңызға рахмет!!!

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2015 2376
    • PPTX 2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Картбаева Гулзира Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Картбаева Гулзира Балтабаевна
    Картбаева Гулзира Балтабаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17357
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 82 человека

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе