Инфоурок Физика Статьи"Сын тұрғысынан ойлау" Физика пәні 7 сынып

"Сын тұрғысынан ойлау" Физика пәні 7 сынып

Скачать материал

Сыни тұрғыдан ойлау.

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын  қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.  Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды  дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.

          Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта   әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. [Мұғалімге нұсқаулық; б 46].   

            Осы орайда ұстаздарға «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасымен жұмыс жасау аса маңызды.  «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының психологиясын дұрыс түсінген мұғалім өзінің сабақ беру процесінде оның стратегияларын тиімді пайдаланып, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырады. «Сын тұрғысынан ойлау» - сынау емес, бұл шыңдалған ойлау. Оқушы өзі ойлану барысында білімге деген ынтасын дамытады, ой-өрісін кеңітеді, ең бастысы – оқушыны шаршатпайды.

            Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларды кез – келген мәселеге сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым, бір пікірдің біреуін таңдау үшін дұрыс шешім қабылдауға үйрету.  Сыни тұрғыдан ойлауға қатысты көптеген ғалымдар түрлі анықтамалар берген. Соның ішінде психолог ғалым В.Г. Крутецкий «Ойдың сыншылары – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді  бағалау дағдысы, барлық ұсынған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан – жақты тексеру» дейді.  Жаңаша ойлай білетін мұғалімнің сабақ беру әдістемесі де жаңарған  болады  дегенді негізге ала отырып сабақтарымды жүргіздім.

             Мектептегі 2 бетпе-бет  іс-тәжірибе кезінде тізбектелген сабақтар жүргізу барысында бірінші бетпе – бет кезеңінде танысқан Кембридж бағдарламасының 7 модулін кіріктіре отырып,  4 сабағымды өткіздім. Сол өткізген тізбектелген сабақтарыма кіріктірген сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін  қалай қолданғаным туралы айтып өткім келеді.

            Сыни тұрғыдан ойлауды топтық, жұптық, жеке жұмыстарда жүргізуге болады.

           Тізбектелген сабақтар топтамасында алғашқы сабағымда сын тұрғысынан ойлаудың  «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқулықтан тақырыпты оқып, белгілеп алуларын ұсындым. Таратпа материалдар мен оқулықты пайдаланып, оқушылардың арасында ынтымақтастық орнату, жаңа тақырыпты жақсы меңгеру, ойлау қабілеттерін арттыру, сыни тұрғыдан ойлау,  топтық жұмысқа үйрету мақсатында постер жасаттым. Постер жасағанда оқушыларда қызығушылық, пікір алмасу, ұжымдық жұмыс, ұйымшылдықты көрдім, тек бір оқушы  сабаққа аса кірісе алмай шеткері отырды. І топта Ә, ІІ топта  Ж. , ІІІ топта Б оқушыларды ұйымдастырып оқушыларды жұмысқа бағыттап отырды . Оқушылардың ойын жеткізу, еркін сөйлеу соның ішінде физика тілінде сөйлеуге, ғылыми ой-қорытындыларын жасау, сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге жеткізу мақсатында құрған постерлерін қорғаттым.  3 топ бойынша Ж., Б., Б., С. қорғады. 1 топ бойынша зерттеуге алған оқушы А., С., К., Ә. қорғаса, 2 топтан Д., А., Н., Д., Р., Ж. Ж. қорғады. Бұл жерде топтың барлық мүшелерінің шығып қорғауынан  олардың бойларында жауапкершіліктің артқанын көрдім. Дегенмен сыни  ойлау қабілеттері  аса дамымай, көлемді ойламай, тақырып сұрақтарына бір бағытта жауап қайтарды. Осы жерде олардың сыни ойлауын дамыту мақсатында оларға неге?, неліктен? деп ары қарай кең көлемде  ойлануын талап ететін сұрақтарды бағыттадым, оқушыларым көңіл толтырарлықтай жауап бермеді, бірақ, қара жәшіктен шығып ойлануларына жол аштым.  Топ басшысы әрі дарынды оқушы Әсел қай жерде, қай сабақта болмасын, өзінің алда екенін жауап беру мәнерімен тағы дәлелдеді. «Сын тұрғысынан ойлау» - сынау емес, бұл шыңдалған ойлау. Оқушы өзі ойлану барысында білімге деген ынтасын дамытады, ой-өрісін кеңітеді, ең бастысы – оқушыны шаршатпайды.   Келесі әрекетім оқушылар сыни тұрғыдан ойлану үшін  экраннан суреттер көрсетілді. Көзбен көретін айғақтар. 1 суретте  Қай жұмысшының энергиясы көп? Самат: 1 ші тамақ ішіп жатқан адамның энергиясы, себебі, тамақтағы энергия ішке жиналады да күшке  жиналады. 2 суретте Жұмысшылар кірпіштермен механикалық жұмыстар атқаруда. Жұмыс атқарылған сайын жұмысшылардың жұмысқа деген қарқындары азаяды. Неліктен?  Ж. Жібек: Күші азаяды. Неліктен дейді, олардың қуаттары азаяды, энергиялары шығындалады. 4 суретте төмендегілер жұмыс атқарғанда энергияның қай түрі шығындалады? 1) Автомобильдер? Жанболат: Бензинді шығындайды, 2) Самолеттер? Аян: Әуеде ұшқанда жанармайды шығындайды, 3) Заводтағы станоктар, Бақытбек: қуат көзі немесе станоктар қайда қосылады? Ток көзіне. 4) Адамдар? Адина: Адамдар жұмыс істегенде адамның күш-қуаты жұмсалады деп сыни тұрғыда ойлай отырып  жауап берді. Тағы бір зерттеуге алған төмен деңгейлі оқушым А-ның осы жерде алға ұмтылып, сабаққа деген қызығушылығының артқанын көрдім.    

          Жалпы алғанда физика пәнінен кез келген тұрғыда қойылған сұрақтар сыни ойлануға бағытталған сұрақтар болып табылады деген ойдамын. 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан жеңіл және жүк автокөліктердің қайсысының кинетикалық энергиясы артық деген сұраққа Жібек деген оқушым үлкен жүк автокөліктің энергиясы артық, себебі, оның күш қуаты, энергиясы жоғары. Салмағы ауыр болғандықтан оның қозғалыс жылдамдығы да жоғары болады деп жауап қайтарса, қарудан атылған оқ пен жүгіріп келе жатқан піл екеуін салыстыр дегенде, зерттеуге алынған Ж. деген орта деңгей оқушым оқ пен пілдің жылдамдығын салыстыра келіп, екеуінің де кинетикалық энергиясы бір-біріне тең деген қорытынды жасады.  Сабақ соңында тағы бір мәрте өз-өздеріне және қастарындағы құрбыларына сыни баға беру мақсатында бағалаттым. Бұл жерде де көштен қалмаудың жайын ойлады ма көтермелеп бағалау көрінді. Бұдан  байқағаным бұған дейінгі дәстүрлі сабақтарымда оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға аса төселмеген. Қайтарған жауаптары да қысқа, оқулық көлемімен шектеліп  қалып жатты. Ал сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін сабақтарыма жүйелі  кірістірсем оқушыларымның ой - өрістері,  ойлау дағдылары кеңейетінін көруге болады деген ойдамын. Сабақтың әр түрлі кезеңдеріндегі тапсырмалар сыни тұрғыдан ойлауға түрткі болатын сұрақтар болады. Осыны дамыту мақсатында келесі сабағымда сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі бастамасы қызығушылықты оятудан бастадым. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді  ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.  Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – оқушының белсенділігін арттыру. Осы мақсатта «Жұпта талқыла» әдісін пайдаланып, сыни ойлауға түрткі болатын сұрақтар ұсындым.  Серпімділік күшінің жұмысы неге оның орташа мәнімен анықталады деген сұраққа оқушылар  еш сыни ойланбай тек формуласын ғана айтып отырғанда орта деңгейлі  Ж деген оқушы, себебі, ол ұдайы айналмалы шама деп жауап берді. Бұдан ол оқушының сабаққа деген қызығушылығының артып, өз деңгейін көтеру үшін ұмтылыс үстінде екенін байқадым.  Келесі кезекте «Мағынаны тану» (түсіне білу). Бұл кезеңде оқушы тақырып бойынша жұмыс істеп, тапсырма орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасау мақсатында есеп шығарттым. Есепті алдымен жеке – жеке шығарып, топ болып постерге жазды. Постерге әркім  есептің шығарылуын ұсынғанда пікірталас, бір – бірінің есебін тексеру жүрді. Үшінші  кезеңі «Ой толғаныс». Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең. Оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйрету мақсатында галлерея аралаттым. Осы жерде  кедергі болған кей оқушылардан  галерея аралаған кезде басқалардың көлеңкесінде қалып қойғылары келетіндіктерін аңғардым. Осы кедергіні жою үшін алдағы уақытта 2 топтан ғана аралатуды немесе басқа әдісті ойластырдым.

           Әрбір  мұғалімнің  негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, оқушылардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс- тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқытуды жүзеге асыруды көздеп келесі сабағымда қарапайымнан күрделіге бағытталған сұрақтарды ұсынған кезде  төмен деңгейлі А деген  оқушы бірінші болып қолын көтеріп, бірінші сұраққа жауап бергісі келетінін білдірді. Диалогтік қарым – қатынасқа түсіп, ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы қандай формуламен анықталады? деген сұраққа Е=mgh деп жауабын негіздеді. Тербеліп тұрған денеде энергияның қандай түрі бар дегенде  оқушылар 2 түрі бар деп қысқа жауап беріп шектеліп қалып жатты. Сыни ойлауларын дамыту, ойларын қозғау мақсатында кері бағытталған неге?, неліктен?, қалай?  деген сұрақтар қойдым. Сол кезде ғана олар ойланып, горизонталь бағытта тербеліп тұрады және  энергия бір түрден екінші түріне беріліп тұрады деп жауаптарын негіздеді. Тағы да сыни ойлауларын жүзеге асыратын садақты тартқан кезде садақ кермесінің потенциалдық энергиясы қалай өзгереді деп сұрағанымда сыныптағы Ә. деген дарынды оқушы садақ кермесін тартқан кезде потенциалдық энергия, ал, кермесін жіберген кезде кинетикалық энергияға айналады деді, осы кезде мен ненің кинетикалық энергиясына деп жауабын нақтылау үшін кері бағытталған сұрақ қойғанымда жебенің деп жауабын нақтылады. Сыни тұрғыдан ойлаудың келесі дәлелі кинетикалық және потенциалдық энергияларды салыстыру мақсатында Венн диаграммасын құруға тапсырма бердім.  Бұл жерде оқушылар екі энергияның ұқсастықтары мен өзгешеліктерін анық айырып жазып, соңынан неге ұқсас және айырмашылықтарына жазғандарын дәлелдеп айтып берді.  Оқушылардың ойлануы, ізденуі үшін постер жасатып,  қорғаттым.   Қорғаған кезде механикалық энергияға анықтама бергенде  дәлелдерімен нақтылап берді. Механикалық энергияның сақталу заңына да допты жоғары лақтырғанда ол төмен түскенде және жерге түскен кезде энергияның түрлерінің ауысуын ашып айтып берді. Теориялық алған білімдерін практикамен ұштастырып, сын тұрғысынан ойлау үшін, есеп шығарттым. Ойлануды талап ететін күрделі есепті шығарғанда  Ж. деген оқушы сыни тұрғыдан ойлап, формуладан формула туындатып, дәлелдеп шығарып көрсетті. Бұл жерден оқушыларымның алға ұмтылып,  жылжуын көрдім.  

             Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ж. Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім» деген екен.

             Жалпы өз іс – тәжірибемде байқағанымдай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – іс - әрекеттер барысында оқушының ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттіліктердің пайда болуы арқылы дамиды.  Сыни ойлай алатын оқушы ғана шығармашылыққа ұмтылады. Осы шығармашылық деңгейге жету үшін американдық ғалым Б. Блумның таксономиясын сабағымда пайдалануды жөн көрдім. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылардың өздеріне аштыру  үшін  «Пирамида» өлең жолдарын ұсынып, соған байланысты пирамидаларды құрастырғанда қандай құралдарды қолданған дегенде ойлана келе С деген оқушым жай механизмдерді қолданған, бұл құралдар адамның жұмысын жеңілдете ме екен дегенімде ия артық күш жұмсайды деп сын көзқараспен жауап қайырды. Б. деген дарынды оқушыға алдын ала иіндікке  (рычаг) байланысты тапсырма берілген болатын. Сол оқушының жұмысында да сыни ойлауды тудырып, дамытатын  «Суретті сұрақтар» болды. Мысалы, мына суреттерден иіндікті көруге бола ма және қалай? 1) машинаның дөңгелегінде деген сұраққа балалар біраз кідіріп қалғанда дарынды оқушы Ә. бірден кез – келген осьтің төңірегінде айналатын денені иіндік деп атайды сондықтан дөңгелек иіндікке жатады деп жауап берді. Бұдан да оның көзқарасын байқадым. Блум таксономиясы бойынша талдау жүйесінде білімді талдайды, саралайды, салыстырады. Осыны оқушылардың бойынан көру мақсатында тәжірибе жасаттым. С. деген оқушы өздігінен үйде иінді таразыға сәйкес келетін тәжірибе жасау үшін құралдар дайындап әкеліпті.  Екі жаққа  массалары бірдей 2 жүкті ілгенде бір жағы басыңқы болып кетті, қысқа иінге күш көп түсті, себебі, екеуінің күш иіндері әр түрлі. Екінші жағына, яғни, қысқа иініне тағы бір жүк ілгенде теңесті. С. – ның тәжірибесі өте сәтті және мәнді болып шықты.  Барлық оқушы өздіктерінен тәжірибе жасап, салыстыру мақсатында алдарына иінді таразыны тараттым. Бұл жерде әр түрлі денелердің массасын өлшегенде қызу пікірталас, тіпті, дау-дамайдың туындағанын көрдім. Осы жерде олардың сыни көзқарастарын тағы бір мәрте дәлелдеулері үшін алған білімдерінен жаңа өнім жасап шығарғандарын көрсету үшін  жасаған тәжірибелерін ауызша баяндап айтып берді. Мысалы: 3 өшіргіш – 14 гр, 5 өшіргіш – 23 гр, 7 өшіргіш – 34 гр, 3 ауыр өшіргіш – 21 граммды құрады деп салыстыру, байқау қабілеттерін шыңдады.

           Оқушылар  ойлау қабілеттерін шыңдау үшін постерге есептер шығарды. Әр топ басқа топтардың шығарған есептерін көру үшін автобус аялдамасын пайдаландым.  Автобус аялдамасы кезінде екінші топта отырған Б деген дарынды оқушы үшінші топқа барғанда бір формуланы тастап кеткендіктерін, бірақ, жазылған формуланың да дұрыс екендігін айтып, соңында бұл есепті шығарудың екінші тәсілін ұсынды. Осы жерде мені таңқалдырғаны  бұрындары дәстүрлі сабақтарда сабаққа еш зауқы жоқ болып отыратын Р деген оқушының сол топтың шығарған есептеріне қызығушылық танытып, эстетикалық тұрғыда ескерту айтуы болды.  Бұдан мен оқушыларымның бір – бірінің әрекеттеріне, жауаптарына сыни көзқараспен қарайтындықтарын көріп қуанып қалдым.  Бұдан кейінгі әрекетім оқушылардың жұмыстарына, жауаптарына сыни көзқараспен қарап бағалаулары болды. Әр топ басшылары топ құрамындағы оқушыларға берген бағаларын «неге?» деген сұрақты басшылыққа ала отырып, дәлелдеп берді. Бұдан оқушылардың ой - өрістерінің кеңейіп, әр сабақта алға қойылатын білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттардың: өз ойын ашық айта білетін, пікір айта, таластыра білетін, бір – бірін сыйлайтын, жауаптарын бағалай білетін, өзіне және басқаларға сын тұрғысынан қарауға қалыптасып келе жатқан оқушы моделін көрдім.

           Қолданған әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Оқушының тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

          Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылатын болғандықтан өзімді де дамытып, келесі талаптарды ескеру  үстіндемін:

-         оқушыға пікірін бүкпей, ашық айтуға мүмкіндік беру;

-         оқушыға ешқашан «сенің айтқаның дұрыс емес» деуге болмайды;

-         оқушылар басқаларының, бір – бірінің жауаптарын сын тұрғысынан бағалайды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сын тұрғысынан ойлау" Физика пәні 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 007 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2017 1277
    • DOCX 62.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маканова Алия Амантаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маканова Алия Амантаевна
    Маканова Алия Амантаевна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12153
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 539 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 136 человек

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов