Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сынып сағаты " АЛҒАШҚЫ АЙБЫН БЕРГЕН АЗАТТЫҚ "

Сынып сағаты " АЛҒАШҚЫ АЙБЫН БЕРГЕН АЗАТТЫҚ "


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:


Мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: желтоқсан оқиғасына байланысты слайд, бейнефильм.


Алға таман ақырындап жүргізушілер шығады.


Альбина:

Ерлерді ел ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ел ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі-

Ерлерді ел ұмытса да ел, жел ұмытпас!-деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Бүгінгі " Ұлы таулар алсармайды,

Ұлы есімдер ұмытылмайды ", деген рубрикамен өтілетін " АЛҒАШҚЫ АЙБЫН БЕРГЕН АЗАТТЫҚ " атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.


(Әнұран )


Гульнара:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып.

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.


Альбина

70 жыл Ресей отрашылығынды болып Мәскеуге тәеулді болған қазақ халқы үнемі аңсаған болатын. Сондықтан 1986 жылы тәуелсіздік үшін ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында жастар ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттігің «ұлтшылдық, бетімен кеткендік» деп көрсетті. 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісі» тарихта мәңгі қалмақ.


Дина

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базар кетіп бұл күнде,

Қайғығы халық батқан күн.

әділдік пен шындықты

өтірік жала еткен күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн.


Досжан

Қақап күннің ызғары,

Сүйектен де өткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын,

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл қан боп жатқан күн.


Алира

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін.

Жаншыды-ау жанын батпан күн,

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн!


Альбина

Желтоқсан көтерілісі! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған, толқу күшпен басылғанмен, оның мәні үлкен, маңызды, енді еш уақытта өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен халқымыздың жүрегінде мәңгі қалды. Желтоқсан көтерілісінің ақ-қарасына жеткен азаматтардың бірі – Мұхтар Шаханов.

Уақыт зымырап өтіп жатыр,

Тарих жылжып өтіп жатыр.

1191 жылы Еліміз 16-желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекет болып жарияланды.

1992 жылы Қазақсатн Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың мемлекеттік Жалауы, елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Дүниежүзі халықтарының І құрылтайы болды.


Алтынсауле

Ұяңнан ұшып шығып оралмадың,

Туып өскен Ақжазыққа қона алмадың.

Шілде айы туған күнің екен сенің,

Ол күннің қонағы болып келе алмадың.

Азаптады қарақшылар қанқұйлы,

Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.

Арпалысып теңдігі үшін халқының,

Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды!


Архат.

Желтоқсанның алаулаған ызғары,

Жүректерді тербеттіде, мұздатты.

Сол мұзарды жарып шыққан алаулар,

Ерболдайын, Қайрат сынды ұлдары!


«Желтоқсан желі» әні орындалады


Айша.

Атыңнан айналайын Тәуелсіздік!

Бабалардың рухымен кеңескем,

өзіңмен бекіп белім өскен.

Егеменді елдігіме бүгінгі

Қол жеткізбей аруақ – ұран емес пе ең?

Жаңа заман, жаңа дәуір өркендеп,

Еңсем биік, көрінсе екен ертең деп.

Көкбайрақ ту желбірейді көгімде,

Елтаңба тұр елдігімді көркемдеп.

Жүрегімнің отын үрлеп маздаған,

әнұраным жыр боп ұйытқып қоздаған.

Егеменді елдің жайын бүгінгі,

Ақын емес ой толғатып жазбаған.


Динара.

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік!

Менің байтақ отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар, абай, Шоқаным.

Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік – ақ батасы атаның.

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім,

Көкбайрақ пен Елтаңба, Әнұраным.

Мен атыңнан айналдым

Қолда елімді, қасиетті Құраным!


Кеңес.

Ерлік жыры

Отан сені жырламаса болмайды,

Елін, жерін сыйламаған оңбайды.

1986, Желтоқсан!

Қазағым әкелді ғой зор қайғы.

«Ағасы бардың-тынысы бар» асқақ үн,

«Інісі бардың – тынысы бар» қостап үн.

Димаштайын ұлы адамды қорғауға,

Жастра үшін санасында басты ұғым,

Кім Димашқа жасамақшы қастығын.

Қазақ халқын билейтін Колбин кім?

Деп жастарым мың-сан болып қосты үн.

Содан бері өтсе дағы жиырма жыл,

Көрсетпе деп сол жылдардың тозағын.

Бейбітшілік шырқалады жаз-әнім,

Тәуелсіздік шырқалады жаз-әнім.


«Қара бауыр қасқалдақ» әні орындалады.


Жанерке

Намыстың ерттеп мініп сәйгүлігін,

Исатай керді ұлттың адырнасын,

Азаттықтың ашуда ақ түндігін,

Ер Махамбет бәйгеге тікті басын.

Кенесары жоғары ұстап теңдік туын,

Тұншыққан елдің рухын кетті оятып.

Сәуле құйды көкірекке ұлтшыл буын,

Алаш үні-Ахмет, Мағжан, Міржақып.

Намысын желтоқсанда мұзға жаққан,

Қайсар жастар әділдіктің қылын жарып.

Ұлтының қамын ойлап, мұңға батқан,

Азаттықтың гүлі кеудесінде бүрін жарып.

Желтоқсанда жұлынған қызғалдақтар,

Көмескі тартып санамызды сансыратқан.

Қайрат, Ләззат, Сабира-әз боздақтар,

Құрбан болып, тәуелсіздік шамын жаққан!


Халамжан (өзінің өлені)

Бейне фильм «1986, желтоқсан»

Көрініс: Алаң. Құлпытас жаны. М.Шаханов және қыз бен жігіт, ана, оқушы.


Жігіт: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Алаңға кіре бергенде денем түршігіп, жүрегім шымырлап кетеді. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі. Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де болған едім.


Қыз: Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не айтасың дегендей болады.

Ақтық сөзің армандарың хатта қалды

Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды

Кайрат! Кайрат!

Сен мені естимісін

Есін жиған халқымыз Зек халқымыз

Лагерде шірітпей, ақтап алды,- дегім келді және келген сайын осы сөзді қайталай беремін.


М. Шаханов: Ия дұрыс айтасындар!

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның

Желтоқсанда шындық жырын шырқамай деп шарқ ұрдын,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Кеуденде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!


Ортаға ақырындап ана шығады. Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қояды. Жанында немерісі болады.


Ана: Ия, айналайын балапандарым!

Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.


Гульнара:

Жарқыра мәңгі, Желтоқсан!

Бодандық елдің кісенін үзген Желтоқсан,

Қол соғып әлем, соңына еріп үн қосқан.

Серпілді бұлты кеудені қысқан, тіл тістеп,

Тәуелсіз таңы арайлап атты ел тосқан.


(Әнұран )


Осымен " Алғашқы айбын берген азаттық " атты тәуелсіздік тақырыбындағы тәрбие сағатымыз аяқталды!





Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров211
Номер материала ДВ-418378
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх