Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сырласайық, жеңеше тәрбиелік шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сырласайық, жеңеше тәрбиелік шара

библиотека
материалов

«Сырласайық, жеңеше» атты «Қызғалдақ» қыздар клубы мүшелерінің арасындағы байқаудың өту жоспары

Мақсаты: Арулар үшін мереке тұсында демалыс кешін ұйымдастыру;

Сайыс қатысушыларының жан-жақты қырын ашу;

Ептілікке, шеберлікке, білімділікке баулу, жеңгелерімен туыстық қарым-қатынасын күшейту

Көрнекілік: Әсем безендірілген сайыс өтетін орын, қанатты сөздер, музыкалық аппарат.

Кештің жүру барысы.

Жүргізуші. Бала – әке-шеше перзенті. Ол – ұл, қыз деп, ал жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Осы жасөспірім шағында оларды тағы бозбала және бойжеткен деп жіктейміз. Міне, мектебіміздің осы бойжеткендерінен құрылған «Қызғалдақтар» тобының «Сырласайық, жеңеше» атты мерекелік байқауына қош келдіңіздер.

Бұл мереке – негізінен аналар мерекесі.

Ана – жүрек, жүректі құдірет де,

Ана – тірек, тіректі құрметте.

Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана – күнің, күніңе табынып өт! – деп өлең шумақтарында айтылғандай, Ана алдында бәріміз де баламыз. Әуезовше айтсақ, «Ана - бір қолымен әлемді, бір қолымен тал бесікті тербетіп,» бүкіл баланың тәрбиесін жауапкешілігіне алған тұлға. Әсіресе, оның тәрбиесі қыздарының бойынан көп көрініс береді. Олай болса, мектебі-мізде сыныбының сенімін арқалап шыққалы тұрған, тәуекелшіл, әр ананың гүлі, олардың санасына құйған тәлімін ісімізбен көрсетеміз деп отырған қыздарымыздың және гүл қыздарымыздың шашбауын көтере келген аға-інілеріміздің асыл жары, қыздарымыздың сырлас жеңгелерінің өнерін талқыға салу мақсатында бас қостық. Қатысушыларымызға демеу болалық, құрметті көрермендер! Ендеше:

Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын, - дегендей бүгінгі кешімізде сайысқа түсер сұлуларымызды,

Ағайынға аймақ болған жеңешем,

Абысынға қаймақ болған жеңешем,

Жасық болмай, жайнап жүрші, жаным, деп

Сіңлілерге қайрат болған жеңешем!

Ақ жеңешем, үлгі-өнеге көзіндей,

Қазағымның дәстүрінің өзіндей.

Қалпыңменен жет келешек ұрпаққа

Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей! – деп, ару қыздарымыз бен сырлы жеңгелерімізді ортаға шақыралық.(қызыл кілеммен, ұлдардың жетегінде)

1. Қабденова Назаргүл жеңгесі Мөлдірменен 9-сынып

2. Айтолқын жеңгесі Гаухарменен 9-сынып

3. Сағынғали Ақсәуле жеңгесі Әсемгүлменен 10-сынып

4. Нығмет Ақкербез жеңгесі Зүлфияменен 10-сынып


Қадірменді, көрермендер, қонақтар,

Қажет бізге енді әділ-қазылар.

Әділетпен сайыскерді сынайтын

Қазыларды шақыралық іске адал, - деп әділ-қазыларды ортаға шақырамыз:

  • Әлия Темірханқызы – «Қызғалдақ» қыздар клубының бұрынғы жетекшісі

  • Майра Хангерейқызы - қыздары «Алтын белгі» иегерлері атанған Ана

  • Сая Өтепбергенқызы – оқу ісінің меңгерушісі

Ал, қане, енді негізгі бағытымызға көшелік.

Сайыскерлер, сайысқа қалайсыздар?

Сендер өтер алда әлі талай сын бар.

Жереби ал, кезегіңді біз білелік,

Сайыстарда сүрінбей бас жүлде ал, - деп жереби суыру кезіне кезек береміз.

(Қатысушыларды кезегімен орналастыру, шарттарды таныстыру)

І. Қыр гүліндей жайнаған,

Бойын өнер жайлаған.

Сұлулармен танысалық

Өлеңмен сөз саптаған. - «Кәне, таныс болайық...» атты таныстыру сәті.

Музыкалық үзіліс:

ІІ. Бұлбұл құстай сайраған,

Әнмен бойды жайлаған.

Көңілге ән қондырған

Өнерлі қазақ қыздары- ай, - деп,«Өнерлінің өрісі кең» айдарына кезек берелік.


ІІІ. Мектеп, сені сүйем мен, аялаған анамсың,

Ақ сүтің – маған оқуың, деп берген көңілің ағарсын.

Бауырында анамның, еркелеймін, есейем,

Еліме ертең біліммен бітіріп шығып нұр себем.

Қуанады жүрегім, мектепті әлі-ақ бітірем,

Бәйшешектей гүлдеген, мен – қызыл гүл, мен берен.

Мен бой түзеп бойжеткем, көңілімде көзім бар,

Мектеп көрген жаспын мен, ұяты бар, ары бар.

Оқыған сайын жоғары, шыңға өрлей беремін,

Қанша оқысам соншама, білімділігімді білемін, - дегендей «Қыз еркем – білімімен көркем» немесе «Зерделі болса жеңешем» деп, «Сұрақ бізден, жауап сізден» кезегіне орын берелік. (Сұрақтар жазбалай ұсынылады.)

ІҮ. Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктетер аласаны.

Болмаса сұлу қыз, ару, әйел,

Табынып ер кімдермен таласады. - дегендей, «әдемі жүріп, сыпайы күліп, сұлу жүретін» сұлуларымыздың «Сұлулық сыры» кезеңіне кезек береміз.


Ү. Қазақ даналығында «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке дейін құлыңдай қина, он төрттен кейін досыңдай сыйла» деген бар. Әдетте аналарымыз осы қағиданы ұстанып, «құлындай қинаған» болса, біз бұл жасқа дейін біраз нәрсені үйреніп те алған шығармыз. Жеңгелер үшін «Тосын тапсырмамыз» - астың нанын дайындау, ал аруларымыз ою ояды.


ҮІ. Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Иісімен-ақ талайларды тамсантыпты?

Таңдайдан дәмі кетпес тәтті асқа

Қыздарым аянбай-ақ жан салыпты. «Таңдайдан дәмі кетпес тәтті астың» кезеңін тамашалаңыздар.

ҮІІ. Ата дәстүр абырой көтергенге,

Пайдалы кеңес аз емес ізденгенге.

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Жеңгелер айтар пайдалы кеңестерге. «Пайдалы кеңестер» айдары




«Толғаныс сәтіне» де келіп жеттік. Тауы қайтпаған қыздарымыз бен олардың тілегін жерде қалдырмаған асылдан да ардақты жеңгелеріміздің ағынан жарылып, мерекелік тілектер жолдар сәті. Кәне, іске сәт.

Жеңгелерге:

Ауылыма көрік болған жеңешем,

Бақ құсындай келіп қонған жеңешем.

Қиынын да, қызығын да тең бөлген,

Жақсы ағаға серік болған жеңешем!

Қыздарға:

Балалықпен қоштасып, бойжеткен шаққа беттедің,

Арыңды сақта жасыңнан, адалдық болсын серігің.

Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр,

Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір – күрес, жеткізе ме мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң егер ұғатын.

Ортада әділ-қазылар.

М а р а п а т т а у сәті.

Бүгінгі ару – ертеңгі жар, келін, ана, әулеттің ұйтқысы әже. Осылардың бәрін де абыроймен алып жүру – маңдайларыңа бақ боп жазылғай! Қай сәтте де «әттеген-ай» дегізбейді деген үмітпен:

«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.

Сырлас жеңге, сұлу қыздар көбейсін,

Осымен бұл кешіміз тәмамдалар.


Сау болыңыздар. Мереке құтты болсын!




Жеңгеге сұрақ:

  1. Сіздің қайын сіңліңіз озат оқушы, алайда үй шаруасымен айналысқанды сондай жек көреді. Ештеңе жасағысы келмейді, анасы да оны жақтайды. Сіз осы кемшілікті жою үшін не істейсіз, қалай қызықтырасыз?

  2. Жеті қазынаны атап шығыңыз.


Қайын сіңліге сұрақ:

  1. Қазақтың қасиетті сандары қатысқан мақал-мәтелдер айтыңыз.



Жеңгеге сұрақ:

  1. Сіздер ата-енеден бөлек тұрасыздар. Қайынсіңліңіз сіздің үйге қонуға келіп, ата-анаға айтпай достарымен басқосу ұйымдастыруға рұқсат сұрап тұр. Сіз осы жағдайды қалай шешер едіңіз?

  2. Киіз үй бұйымдарын атаңыз.


Қайын сіңліге сұрақ:

  1. Қазақ жеңгелерінің «ат қою» рәсімі тіл білімінің қай саласына, қандай ережесіне қатысты?

Жеңгеге сұрақ:

  1. Сіз үлгермей жатырсыз, қайын сіңліңіз кешкі ас дайындап, ыдыс жууға болысу керек, оның орнына ол теледидардан көз алмай, тапжылмай отыр. Сіздің әрекетіңіз.

  2. Қазақтың көне үй жиһаздарын атаңыз

Қайын сіңліге сұрақ:

  1. Қыз балаларға қатысты мақал-мәтелдер айтыңыз

Жеңгеге сұрақ:

  1. Қайын сіңліңіз сізге «ешкімге тіс жармаңыз» деп, бір сырын ашты, ал естіген соң бұл сырды отбасынан жасыруға болмайтын әңгіме екенін түсіндіңіз, қайын сіңліңізге уәде беріп қойдыңыз, ендігі әрекетіңіз.

  2. Қазақ әйелдерінің басынан аяғына дейінгі байырғы ұлттық киімдерін атаңыз.

Қайын сіңліге сұрақ:

  1. Тарихта есімі белгілі батыр қыздарды атаңыз.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Қызғалдақ» қыздар

клубы жетекшісі – Есентемирова Мейрамгүл Наурызбайқызы

Жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешені

БҚО Сырым ауданы Қособа ауылы

Автор
Дата добавления 26.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров158
Номер материала ДВ-557117
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх