Инфоурок Дошкольное образование Статьи"Спорттың адам өмірінде алатын орны" мақала

"Спорттың адам өмірінде алатын орны" мақала

Скачать материал

    Жунусова Алуа Сериковна,тәрбиеші, ЖШС «Ақ ерке» балабақшасы, Қарағанды қаласы

 

                             «Спорттың адам өмірінде алатын орны»

Жас жеткіншектерді жан- жақты дамыған, тұлғасы сымбатты, ой- өрісі биік азамат етіп өсіру үшін дене шынықтырудың  алатын орны ерекше. Ал бұны неғұрлым ерте кезінен бастаса, дұрыс жолға қоя отырып жүргізсе, соғұрлым нәтижелі болары сөзсіз. Болашақ тұлғаның денсаулығы мықты, жігерлі әрі қайратты болып, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасуына, көпшілік дағдыларын бойына сіңіруіне мектепке дейінгі кезеңде көңіл бөлу керек және оның негізі дұрыс қаланғаны өте маңызды.                                          Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев дене тәрбиесі туралы «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан- сау денеде ғана болады» - деген. Ендеше бүлдіршіндердің денсаулығын нығайту , жүйке жұмысын дұрыс қалыптастырып, жігерлі, сымбатты, өмірге икемді етіп өсіру, және тәрбиенің басқа салаларымен байланыстыра жүргізу балабақшаның негізгі мақсаты мен алға қойған міндеті болуы тиіс. Өйткені бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс , дене бітімінің дұрыс жетілуі мектепке дейінгі жаста қалыптасады. Сондықтан , бала ағзасының қызметін жетілдіру қабілетін арттыру осы кездегі ең басты міндет болып табылады. Ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан бала сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды, сондықтан сүйектің , буынның дұрыс әрі мерзімді жетілуіне, бел омыртқаларының физиологиялық иіндерінің қалыптасуында дене шынықтырудың маңызы ерекше. Ол үшін күн режимі дұрыс ұйымдастырылуы қажет.   Ертеңгілік балабақшаға баланы уақытылы әкелудің өзінің маңызы өте зор. Жақсы көңіл күймен келген бала мен көңіл қошы болмай жылап келген баланың айырмашылығы көзге көрініп тұрады.

 Ертеңгілік жаттығудың пайдасы бәрімізге белгілі. Баланың физикалық дамуына әсер ететін көптеген табиғи факторлар бар. Соның біреуі- серуен. Таза ауада серуендеу баланың денсаулығы үшін өте маңызды. Далада көп серуендеген баланың ағзасы оттегіні көп сіңіреді. Серуен барысында ойын түрлерін дұрыс ұйымдастыру керек. Ал ойын дегеніміз- ұшқын, еліктеу мен құмарлықтың маздап жанар оты. Ойын дүние әлеміне ашылған үлкен, жарық терезе сияқты,ол арқылы баланың рухани әлемі кеңейіп, өмірді тануына көмектеседі. Ойын арқылы баланың күш қуаты молайады, шапашаңдыққа төселеді, дәлдікке үйренеді,ақыл ойы толысады. Ең басты мақсатымыз- бала денсаулығын шыңдау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ойынның түрлері өте көп. Ойынды ұйымдастырғанда сөз жоқ жыл мезгілін, ауа райын ескеру керек. Қыс мезгілінде ойында қозғалыс көп болғаны абзал. Ал ыссы ауада керісінше жай қозғалыста болғаны жөн. Ойын дұрыс ұйымдастырылса бала жалықпайды да, шаршамайды.Ойын кезінде баланың денесін,аяғын,  түзу ұстауын қадағалау қажет. Осылайша дұрыс ұйымдастырылған серуен баланың жан- жақты дамуына ықпал етеді.

Қазіргі кезде балабақшада қосымша бағдарламалар мен инновациялық технологиялар қолданылуда.Баланың ақыл- ойын күнделікті арттыру үшін танымдық мағлұматтар көп беріледі. Спорт ойындарындағы арнайы жаттығулардың маңызын арттыра отырып спорттың түрлеріне қарай баланы ыңғайлау баланың болашақта қалыптасуына зор ықпал етеді. Бала өзіне ұнаған спорт түрін таңдайды да,  болашақта соған икемделіп кетуі де мүмкін. Сәби шымыр болсын десек – денешынықтыру сабағын спорттық ойындармен ұластырып, белсенді жаттығулар жасау керек. Осы мақсатта біз келешекте де ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында тиімді іс- шараларды іске асыруымыз керек. Олар: спорттық ойын- сауықтар,түрлі сайыстар және отбасымен өтетін кештер. Өз балабақшамызда ұйымдастырылған бірқатар мерекелік ойындарды айтып кетсем «Әкем, шешем және мен» , «Эстафеталық ойындар», «Отбасым- алтын ұям» т.с.с.

         Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.Бұл туралы ойшыл Ибн Сина өз шығармаларында айтқан. Ол сондай –ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Кішкентайынан шыныққан баланың өскен сайын спорттың бір түріне бейімделіп биіктерді бағындырып жатқанына күнделікті куә болып отырмыз.

         Елбасы болашақ азаматтарға зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни дені- сау, білімді, білікті, жан- жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Болашақ жастар тәрбиесі балабақшадан басталатыны баршаға белгілі. Ендеше, ата- аналарға  «Отбасында салауатты өмір салтын дұрыс ұстанса» деген тілегім бар.

         Алаш жерінде өткен, жаhан жұртының назарын аударған Алатау бөктерінде Алматыда өткен ХХVІІІ Қысқы Универсиадада биікті бағындырған кешегі балалықтың бал дәуренінің балын татып, балабақша қабырғасынан шыққан бүлдіршіндер екенін естен шығармағанымыз жөн болар. Біздің әнұранымыз орындалып жатқанда жүрегінің тұсын кішкентай ғана қолымен ұстап, бірге қосылған бүлдіршіндеріміз аман болғай. Болашағымыздың жарқын боларына сенімім мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             «Спорттың адам өмірінде алатын орны»

Қолданылған әдебиеттер:

1.Ақпанбек Г.Қазақтардың дүниетанымы. –Алматы,Қазақ университеті,1989

2.Алмаханова Х.Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.

3.Қ.Р үздіксіз білім беру жүйесінде Салауатты денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру – 2003.

4.Богословский В.т.б. Жалпы психология –А,. Мектеп,1980.

5.Бержанова Қ.Тәрбие мен спорттың бірлігі.-Алматы,1973.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Спорттың адам өмірінде алатын орны" мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 657 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.12.2018 717
    • DOCX 15.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусова Алуа Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жунусова Алуа Сериковна
    Жунусова Алуа Сериковна
    • На сайте: 5 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2095
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Менеджмент и управление проектами в ДОУ в условиях реализации ФГОС

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс повышения квалификации

Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 165 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность советника руководителя по воспитательной работе в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 247 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 644 человека

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек