Инфоурок Информатика КонспектыСұраныс және олардың түрлері.

Сұраныс және олардың түрлері.

Скачать материал

ТАЛДЫҚОРҒАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

САБАҚ ЖОСПАРЫ №9

Күні

Топ

 

 

 

 

 

 

 

Пәні:

Информатика

 

Сабақтың тақырыбы:

 

Сұраныс және олардың түрлері.

Сабақтың мақсаттары:

 

Білімділік:

Сұраныс және олардың түрлерімен танысу,  әр түрлі әдістермен  деректерді сұратуды құру  жолдарын үйрену;

 

Дамытушылық:

Сұраныс пен түрлерін жасау дағдыларын қалыптастыру;

 

Тәрбиелік:

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға; компьютерлік сауатты болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

 

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

 

Сабаққа қолданылатын әдебиеттер:

1.Е.Қ.Балапанов, А.Б.Даулетқұлов,  Б.Б.Бөрібаев «Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ»,

2. Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал

3. Үздік презентациялар

 

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен

құрал-жабдықтар:

Компьютер, интербелсенді тақта, проектор.

Сабақты жүргізу кезеңдері

I.    Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

а) Студенттермен сәлемдесу;

ә) Студенттерді түгендеу;

б) Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;

в) Студенттердің назарын сабаққа аудару

 

 

II.     Өткен сабақты қайталау (15 мин)

1.     Деректер қоры дегеніміз не?

2.     MS Access құжаттың ашылу жолдары қандай?

3.     MS Access деректер қоймасында кестелерді байланыстыру жолдарын атаңыздар.

4.     Мәліметтер базасының құру жолдары кандай?

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (30 мин)

 

Сұраныс және олардың түрлері.

        Біз бұрынырақта деректер қоймасына қатысты жалпы жағдайларды қарастырғанбыз. Онда деректер қоймасының негізгі қызметтерінің бірі ақпараттарды тез іздеу және әртүрлі сұрақтарға жауап алу екенін ескерткенбіз.

Мs Ассеss те сұранысты қалыптастыру үшін сұраныс конструкторы мен Мs Ассеss тілінің нұсқауы қолданылады.

       "Сұраныс" дегеніміз не? Сұранысты қалыптастырғанда берілген кестеде жазбаларды таңдау критерийін көрсетуіңіз қажет. Мүнда арнайы тілде сөйлемдерді баспадан шығару үшін сұраныс конструкторының терезесіңде орналасқан сұраныс бланкісін толтыруға тиіссіз.

Шебердің көмегімен сұраныстар құру

      Деректер қоймасында сұранысты құру үшін "Сұраныстар" категориясын жандандырып, Создать батырмасын басыңыз. Сұраныс конструкторы немесе сұранысты құру шеберлері бірінің көмегімен сұраныс құру опциясын таңдауыңызға болатын диалог терезесі ашылады (1-сурет). Сұраныстармен танысу үшін Қарапайым сұраныс опциясын таңдап, ОК батырмасын басыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Сұраныстар конструкторын не шеберін таңдау

 

Бір немесе бірнеше кестелерден өзіңізге керек өрісті тандай алатын шебер терезесі ашылады. Егер бір кестеден артық таңдасаңыз, шебер автоматты түрде деректердің сызбасы негізінде кестелерді байланыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Қарапайым сұраныс шеберінің терезесі

       Өрістерді таңдаған соң, Далее батырмасын бассаңыз, экранда нақты немесе қорьпынды сұраныс критерийін таңдауға керекті сұраныстар шеберінің келесі диалог терезесі пайда болады. Бұл жағдайда қорытынды сұраныстың аса керегі жоқ, сондықтан Подробный опциясын таңдаңыз.

        Сұранысты қальштастыру процесін жалғастыру үшін Далее батырмасын басыңыз. Шебердің ақырғы терезесіне көшесіз, мұнда сұраныс атын беріп, сұраныстың нәтижелерін көру опциясын таңдайсыз немесе сұратудың жаңа параметрлерін енгізу үшін сұраныс конструкторы терезесіне көшесіз. Деректерді көруге арналған сұранысты ашу опциясын ашыңыз, экранда өзіңіз құраған сұраныс нәтижесімен кесте терезесі ашылады

      Шеберлердің артықшылығы — минимум біліммен нәтижелерді тез алу мүмкіндігінде. Бұл мысалда, қорытынды және көпкестелі сұраныстар жайлы түсінгіңіз болмай-ақ, өзіңізді қызықтыратын ақпараттарды алдыңыз. Бірақ, өкінішке орай, сұраныстар шеберлері іріктеу шарттарьн, реттеу критерийлерін және іріктеудің қызық та күрделі параметрлерін көрсетуге жол бермейді.

 

Сұраныстар конструкторының терезесі.

            Сұраныстар конструкторын шақыру үшін деректер қоймасының терезесінде "Сұраныстар" категориясын жандандырып, Создать батырмасын басыңыз. "Жаңа сұраныс" диалог терезесінде Конструктор опциясын таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Ассеss нәтижесінде іріктеу жүргізілетін кестені немесе сұранысты таңдауыңызды ұсынады. Кестені тандаңыз, Добавить батырмасын басып, диалог терезесін жабыңыз. Экранда сұратулар конструкторының терезесі (4-сурет), ал негізгі менюде Запрос командасы пайда болады.

           Сұраныстар конструкторының терезесінде сүратуларды қалыптастыру үшін іріктеу жүргізілетін кестелерді және сұрату нәтижесінің өрістерін таңдап алып, деректерді іріктеу, топтау және реттеу үшін критерийлерді көрсету қажет. Сұрату менюі сұратулар конструкторы терезесінде кестелерді қосу және оларды жою, сұратудың типін таңдау, сұратуды іске қосу және т. б. командалардан тұрады. Бұл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет. Жаңа сүрату үшін сүратулар конструкторының терезесі

 

менюдің көптеген пункттері саймандар панелінің батырмаларымен қайталанады. Сонымен қатар, әдеттегідей, меню пунктінің сұратулар конструкторы терезесінің берілген аймағына қатысы бар контекстік менюді пайдалана аласыз.

           Төменде Сұрату менюі пункттерінің қызметі және оларға сәйкес саймандар панелінің батырмалары келтірілген.

          Түр менюі құрамы жұмыс режимі өзгергенде алмастырылып отырады. Сұратулар конструкторы терезесінде бұл меню сұратуды басқарушы командалардан түрады:

        Сұратулар конструкторы терезесінің жоғарғы жағында сұрату деректерінің сызбасы (схемасы) бар. Бұл сызба деректер қоймасы деректерінің сызбасына өте ұқсас, тек айырмашылығы мынада - берілген сызба сұратуға қосылған кестелер тізімінен тұрады және олардың арасындағы байланысты бейнелейді.

        Терезенің төменгі жағында сұрату бланкісі жатыр. Бүл бланкінің әрбір жолының белгілі бір қызметтері бар:

Өріс. Бұл жолда кестедегі әрқайсысы өзінің ұяшығында сұратуды құруға пайдаланатьн өрістер орналасқан.

Кесте аты. Бұл жол берілген өріс қай кестеден (немесе сұратудан) екенін көрсетеді.

Топтық операция. Деректер тобымен орындалатын операциялар типін анықтайды.

Сұрыптау. Бүл жолда өсуі не кемуі бойынша сұратуға қайта оралатын ақпаратты сұрыптау типін көрсетесіз.

Экранға шығару. Егер өрісте табылған ақпаратты Мs Ассеss көрсетсін десеңіз, өрісті көру жалаушасын орнатыңыз. Егер өріс тек сұранысыңызды қайтаратын деректерді таңдау шартын тапсыру үшін пайдаланылса, оны бос қалдырыңыз.

Таңдап алу (отбор) шарты. Бұл - сұрату бланкісінің негізгі бөлігі. Бұл жолда (және онан төмен орналасқан жолда) белгілі бір шарттарды бере отырып, іздеу критерийлері  атау қабылданған іздеудің шектеуін енгізесіз.

 

Қарапайым сұратуды құру

             Айталық, өзіңіздің клиентеріңізге жаңа қызметтер көрсету жайлы презентацияны хабарлағыңыз келсін делік. Телефон нөмірлері, мекен-жайлары және т. б. клиенттеріңіз туралы ақпараттан тұратын кестенің бағандарында жазылған. Бұл жағдайда барлық ақпараттың қажеті жоқ. Фирманың аты, өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, сонымен бірге телефон нөмірі жеткілікті, яғни бар болғаны бес баған керек. Барлық қажетті ақпарат Клиент кестесінен табылады.

          Деректер қоймасында "Сұратулар" категориясын жандандырыңыз және Создать батырмасын басыңыз.

          "Жаңа сұрату" терезесінен Конструктор таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Ашылған "Кестелерді қосу" диалог терезесінен Клиенттер кестесін таңдап, Добавить батырмасын басыңыз. Диалог терезесін жабыңыз. Экранда деректер сызбасы тек бір Клиенттер кестесінен тұратын, ал сұрату бланкісі бос болатын сұратулар конструкторының терезесі ашылады.

 

Сұрату бланкісіне өрістерді қосу

          Нәтижелі кестеде болатын өрістерді таңдау үшін оларды сұрату бланкісінде бейнелеуіңіз қажет. Мs Ассеss те нәтижелі кестеде болатын өрістерді таңдаудың екі нұсқасы бар:  Кестелерге бөлек өрістерді қосу үшін деректер сызбасында кестенің өрісін таңдап, маус батырмасын екі рет басасыз. Таңдалған өріс сұрату бланкісі Өріс жолының мүмкін болатын келесі бағанына қойылады. Кесте аты жолыңда бірден кесте аты пайда болады, ал Экранға шығару позициясы таңбаланады.

 

 

 

 

Сұрату бланкісінен өрістерді жою

        Қателесіп, сұрату бланкісінде артық өрісті қосып қойдыңыз немесе айқын өрісті нәтижелі кестеде бейнелеудің қажеті жоқ деп шештіңіз. Бұл өрісті сұратудан жою үшін бағандағы таңдау аймағын, сосын Dеlеtе пернесін басыңыз. Өріс жоғалады.

 

Сұратуды іске қосу

        Біз қарапайым сұрату құрылуын аяқтадық, енді оны іске қосуға болады. Саймандар панелінде Запуск батырмасын басыңыз немесе Запрос | Запуск командасын орындаңыз. Берген сұратуыңызды орындау нәтижесі кесте режімінде пайда болады.

 

Сұратудың сақгалуы

        Құрылған сұратуды кейін де пайдалануға болады. Ол үшін Файл | Сохранить как командасын таңдап, қандай да бір мәнді атты меншіктеп, сұратуды сақтаңыз.

 

 

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту (30 мин)

Зертханалық жұмыс (1-тапсырманы толтыру);

Сергіту сәті.

 

№1 ТАПСЫРМА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2-тапсырманы толтыру

№1 ТАПСЫРМА

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


V. Сабақты қорытындылау (10 мин)

1.Өткен тақырыпқа сараптама жасау

- MS Accessте сұраныс дегеніміз не?

- Сұраныстың қандай жолдары бар?

- Сұраныстың түрлеріне не кіреді?

- Сұрату бланкісінен өрістерді қалай жояды?

 

2. Жеткен жетістіктерін айту

3. Жіберген кемшіліктерін көрсету

4. Белсенді студенттерді бағалау

 

VI. Үй тапсырмасы (2 мин)

125-147 бб,  10 мәлімет жинау.

 

 

 

Оқытушы ________________А.С.Ишмухамедова

 

Әдіскер___________________ С.М. Кунапиянова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сұраныс және олардың түрлері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 495 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2017 14218
    • DOCX 171.3 кбайт
    • 34 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ишмухамедова Асель Сеилхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 76628
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 808 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек