560391
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыСтатья "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ".

Статья "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ".

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.



Статья

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ.

Айтмухамбетова Раушан Кентайовна

ШҚО Өскемен қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі

  Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ. 

Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея.

Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз».

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

-  дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік,  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыра отырып,  жеке  тұлғаның  әлеуметтік-психологиялық  жауапкершілін арттырады.

-  қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

-  оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

-  саралап   деңгейлел   оқыту   технологиясында   оқытудың   мазмұны   мен   әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

- ақпараттық  бағдарламалап   оқыту – оқытудың  мазмұнын  пәнаралық  байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

- ізгілендіру технологиясында  педагогика ғылымының  алдыңғы  қатарлы  ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект»,  «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да,  ал  ғылыми   білімдер «оның  тұрмысының  әлеуметтік  жағдайы  мен  іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

Қазақ тілі пәні сабағын оқытуда жаңа технологиялардың элементерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлу қажет. 
Өйткені бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. 
Ол халықаралық білім стандартының шарттарымен үндес келеді, К. Роджерс жасаған әдістеменің төмендегідей бағыттары жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан. 
1. Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу; 
2. Оқу материалын сұрыптап ұсына алу; 
3. Оқу әрекетін ұйымдастыра алу; 
4. Диалог жүргізе алу; 
5. Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу; 
6. Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу. 

Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. 
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. 
А. Андреева пікірі бойынша деңгейлеп оқытудағы диалогтық қарым-қатынас 3 сипатқа ие. 
1. Коммуникативтік (оқушылардың бір-бірімен ақпарат алмасуы) 
2. Интерактивтік (оқушылар білімдерімен ғана емес, сонымен бірге оқу әрекеттерімен де өзара алмасуы) 
3. Шығармашылық жұмыс( оқушының жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір әдіс)

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды. 
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ сол мұғалімнің ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. 
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: 
- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; 
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; 
- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; 
- мұғалімнің уақытын үнемдейді; 
- қосымша мәліметтер береді. 
Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. 
Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап талдануға бағынады. Сатылай комплексті талдаудың маңызы зор деп ойлаймын: 
- оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады; 
- оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі; 
- ізденуге жетелейді, қызықтырады; 
- талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады; 
Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық.

Соның бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады: 
- қызығушылықты ояту; 
- мағынаны тану; 
- ой-толғаныс. 
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. 
Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс “Мен не ұқтым?” және “Мен нені білгім келеді?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. 

Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын мұғалім жүзеге асырады. 
Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады: 
«Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс». Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 жолдық өлең” (синквейн)жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін. 
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады.

Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

















Әдебиеттер

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау.

А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім.

//Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы.

А.:Өркен, 2007

5. Көшімбетова С. Инновациялық технологиян және білім сапасы

қазақ тілі және әдебиет мұғалімі


Краткое описание документа:

Статья о том, как можно использовать новые инновационные технологии по Кембриджской системе, на уроках казахского языка. Эти технологии могут использовать учителя - предметники на своих уроках. Я хочу показать на сколько удобно и правомерно для учителей использование новых модулей на уроках. Какие плодотворные и правильные по методике проходят уроки. Учащиеся с большим желанием готовятся к урокам, более ответственно выполняют домашнее задание. Работа по группам заставляет учеников сплотиться и помогать друг другу, даже более слабым учащимся.

Общая информация

Номер материала: 293254

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс «Мерчендайзинг»
Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс «Инспектор по кадрам»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС педагогических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.