Инфоурок Другое Другие методич. материалыСтатья на тему "Дарынды балалармен жұмыс"

Статья на тему "Дарынды балалармен жұмыс"

Скачать материал

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ушкулакова Г.Ж.

Қостанай қаласы.

 

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

 «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.

Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына  өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау, мектеп тәжірибесін зерделеу – дарындылықты дамытуғы септігін тигізетін функционалды мүмкіндіктердің бірі болып табылады.

 «Дарындылық тұжырымдамалары» атты психологтар дайындаған құжатта «Дарынды бала дегеніміз – айрықша жетістіктермен ерекшеленетін және іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз» делінген.

Сонымен, дарынды деп психология  ғылымында атап көрсетілгендей, адамның бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуін айтамыз.

Дарындылықты ашудың қажетті шарттары туралы А.Владимиров «Бізге туғаннан берілген дарын өңделмеген алмазға ұқсайды. Жаңа ғана «Сібір кенінен» алынған мөлдір, қатты тас тәріздес (бірақ алмаз қаншалықты тамаша болса да, маржан тас екеуінің айырмашылығы жер мен көктің айырмашылығындай). Маржан тас деп-ерен еңбекті қажет ететін тегістелген алмазды айтамыз» деп жазды. Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен тапсырмалар – нағыз зертхана.

Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не? Оқушы дарындылығын, қабілетін қалай анықтауға болады? Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гете, Архимед) қабілеті ерте жасында байқалады? Ал кейбір адамдардың (Ньютон, Дарвин, Менделеев) ересек жасында пайда болады? Осы сұрақты талмай іздеп таба білген ұстаз ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жүргізе алады. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.

Дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін әрдайым оқу-тәрбие жұмысында басты назарда ұстау керек.

Жалпы, адам психологиясының өте күрделі екені аян. Ал дарынды баланың ой-пікірімізге тиек етіп отырған психологиялық ерекшелігі өте айқын көрінеді, оны оңай түсінуге болады деп үстірт қарауға тағы болмайды. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Себебі, өмірде осы сияқты жасөспірімдердің ерекшеліктерін үлкендердің дұрыс түсіне алмауы жиі ұшырасады. Нәтижесінде, қабілетті шәкірттің дарындылығына тән қасиеттер дер кезінде жетілмей қалуы мүмкін.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – заман талабы. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Дарынды балаларды оқыту бағдарламасы олардың мүмкіндіктері мен талаптарына және осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сәйкес келуі керек. Оқыту мазмұнының басты талаптары мыналар:

Оқу пәндерінің сандық және сапалық ерекшеліктері;

Оқыту мазмұны мен әрбір оқу пәнінің мазмұны және зерттеушілік сипатта болып келуі;

Әр тарау көлемі мәліметтер қорына байланысты түрлі мөлшерде берілуі.

Бұл тәсіл оқытудың негізгі бағыттарына, яғни білім, білік, дағдыны шығармашылық тұрғыда меңгерулеріне жақсы әсер етеді. Мұндай әдіс оқытудың жаңа бағыттарын шешуде, яғни балалардың қабілеті мен шығармашылық ойлауын кеңейтіп, оны одан әрі дамытуға мүмкіндіктер беретінімен маңызды. Дарындылықты дамытуда оқушыға талап қоя білу қажет. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс оқушының шығармашылығын шыңдап, жақсы нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтаудың жолдары мынадай:

Жеке тұлғаны (дарынды) жалпы сынып оқушылары арасынан табу, іздеу.

Іс жүзінде оны сынып оқушыларының білім деңгейінен күрделірек әртүрлі  тапсырмалар беру арқылы білім деңгейін, қабілетін бақылап, сынақтан өткізу.

Осы жұмыстардың нәтижесінен кейін қабілетті оқушымен белгілі бір бағыт-бағдар бойынша жұмыс жүргізу.

 Ол бағдарламаның негізі Қазақстан Республикасының “Білім туралы”  заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін,  дағдысын қалыптастыруға бағытталуы керек.

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың мақсаты:

Жан-жақты дамыған, білімді, білікті жеке тұлғаны қалыптастыру

Оқ у - тәрбие жұмысының  негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы, гуманды - тұлғалық педагогика идеясы  ұстанымдарын  қолдану.

Міндеттері:

Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық,  интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға  қалыптастыру;

Оқушының жеке  тұлғасын дамытуға бағытталған оқу - тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды  кеңінен қолдану;

Оқушының өмірін  ізгілендіру мен демократияландыру арқылы  жеке тұлғасының дамуына қолдайлы жағдай  туғызу;

Аузша, жазбаша тілдік қорларын арттыру. Шығарма , ойтолғау жаза біліуге дағдыландыру;

Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға,  түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту.

Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау- белгілі бір баланың дамуына талдау жасау ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес. Дарынды балаларды іздеу – арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде жүргізілуі қажет.

Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінде жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, шығарамшылық ізденістегі адам. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін қажымай-талмай еңбектену қажет.Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға күш жұмсауы керек.

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауды мынандай жұмыс түрлерін қолдандық:

1. Дарынды оқушылардың қызығушылығын анықтау;

2. Дарынды оқушылардың қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;

3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;

4. Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу;

5. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру;

6. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілтін жұмыстарға – пәндік олимиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы түрде жүргізу.

«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін ашу – мұғалім міндеті.

Қорыта келгенде, Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған.

               

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

 

            1.    Дайрабаев.Е. Мектепте шығарма жаздыру методикасының

                                            кейбір  мәселелері. Алматы, 1973

2.Ерматов.С.,Әбішева.Т. Пәнге қызығудың қалыптасу динамакасы. «Қазақстан мектебі» №2, 2007

3.Игенбаева.Б.Қ. Мен – Адаммын. Алматы, Дәуір, 2000

4 .Иманбекова.Б., Әбдіреймова.К., Мазаржанова.Қ. Оқытудың негізгі формасы – сабақ. Алматы, 2003

5. Қараев.Ж.А. «Деңгейлік саралау технологиясы»

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Дарынды балалармен жұмыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 827
    • DOCX 21.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ушкулакова Гулдана Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10739
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек