Инфоурок Другое Другие методич. материалыДарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру

Скачать материал

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ушкулакова Г.Ж.

Қостанай қаласы.

 

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың

әдістері мен түрлерін жетілдіру

 

«Дарынды тұлға – халқымыздың ең қымбат байлығы»
                                                                                               Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай: «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш – адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі». Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды.
Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау – белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес, дарынды балаларды іздеу- арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде іздестіруді қажет ететін процесс.
Ал, дарынды баламен жұмыс жүйесі дегеніміз – мектептік және мектептен тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелерінің өзара байланыс пен қарым-қатынастағы басқару органдарының жиынтығы. Балалардың, мұғалімдердің, ата-аналар мен ұйымдастырушылардың дарынды балалар мен жастарды айқындауға, қолдауға бағытталған  іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, нысандары мен әдіс-тәсілдері кіреді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім беруде мектептің өзіндік сара жолы бар. Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №28 орта мектебінде атқарылып жатқан өнегелі істер өте көп. Мектепте дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсаты - жан-жақты, білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, бәсекеге барынша қабілетті, дарынды жастарды қалыптастыру. Мектепте 967 оқушы қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде оқып, білім алдуа. Білім саласы ұстаздардың сапалық құрамына байланысты болғандықтан, 82 мұғалім еңбек етсе, соның 50 пайызы жоғары тәжірибелі мамандар. Мектептегі атқарылып жатқан игі бастаманың бір саласы – дарынды баламен жұмыс жасау.
Бес жылдық тарихы бар мектепте «Жас Дарын» орталығы жұмыс істеп келеді. Арнайы кабинет жабдықталған, техникалық құралдармен де (магнитолла, музыкалық орталық, ксерокс, фотоаппарат, видеокамера т.б.) қамтамасыз етілген. Кітапханасы бағалы кітаптармен, оқулықтармен, әдістемелік кітаптармен, журнал-газет жинақтарымен қамтылған. Бұл орталықта пән иелерінің көмегімен және оқушылардың өз тілегі бойынша, дарынды оқушылар үш сала бойынша (спорт, өнер, білім) топтастырылды. Білім саласы бойынша, «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамында ғылыми жұмыспен айналысатын оқушылар, әртүрлі өре бәйгелерге, ғылыми жоба жарыстарына қатысатын 40-қа жуық дарынды оқушылар қамтылған. Өнер және спорт салалары бойынша 300-ге тарта бала әртүрлі үйірмелерге, секцияларға қатысады. Шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл, баланың бойындағы тылсым дүниені аша білетін 20 ұстаздан құрылған «Дарын» бірлестігі жұмыс істейді. Бірлестіктің алғашқы отырысында жылдық жоспары жасалынып бекітілді. Жылдық жоспар бойынша айлық, апталық жоспарлар құрылып, жұмыс жүйелі түрде жүргізілді. Қазақстан Республикасында дарынды оқушыларды анықтау, қолдау, дамыту концепциясымен таныстырылады. «Дарын» бірлестігінң отырысы айына бір рет болып отырады.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жүзінен нұры, жүрегінен шуағы төгіліп, әрбір іс-қимылынан өнеге өрбіген ұстаздар туралы көптеп айтуға болады. Болашақ жеткіншектердің бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынын аша білген ұстаздар аз емес.
«Дарынды, талантты тұлға – халқымыздың ең қымбат байлығы». Мектептегі ғылыми ізденістер мен шығармашылық танытып, түрлі деңгейдегі сайыстардан абырой биігінен көрініп жүрген ұстаздар мен шәкірттер де аз емес.
Ұлы ойшыл, ағартушы-демократ ақын Абай Құнанбайұлы «Ұстаздық – жүректің асылдығы» деп тегін толғанбаса керек. Расында, мұғалім мамандығын таңдаған адам баласының артына қалдыратын жарқын  ізі - өз кәсібіне лайықты еңбек етіп, кейінгіге ғибратқа толы            тәлім-тәрбие қалдыру болса керек.
Егеменді еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған, өрелі азамат болып қалыптасуындағы мектеп ұжымының игі істері өз нәтижесіне алдағы уақыттарда да берері сөзсіз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 1375
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ушкулакова Гулдана Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10741
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе