Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / Статья на тему "Диалогтық оқытуды енгізу туралы рефлексиялық есеп"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Статья на тему "Диалогтық оқытуды енгізу туралы рефлексиялық есеп"

библиотека
материалов

Диалогтік оқытуды енгізу туралы рефлексиялық

есеп

Мен Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде өткерген тәжірибемде тізбектелген 4 сабақта диалогтік оқыту модулін кіріктіруді жоспарладым.

Мен сабақтарымда түрлі әдістерді қолдана отырып топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың сұрақ қою дағдылары мен олардың идеясын анықтау мақсатында диалогтік оқыту әдістерін қолдандым.  Әңгімелесу арқылы оқушылардың қызығушылығын оята отырып, олардың сұрақ қоюы және оны өзара пікірлесіп талқылауы олардың сыни ойлануына  септігін тигізді деп есептеймін. Сонымен, оқушылардың сұрақ қою біліктіліктерін бақылауға және нақты сұрақ қоя отырып, сыни ойлауын дамыту бағытында  тізбектелген төрт сабағымда әңгіме-дебат, комулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме түрлерін қолдандым. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылатындықтан, сұрақтарды дұрыс қою жағына да көп көңіл бөлдім. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу мақсатында сұрақтардың «жұқа, қалың, төмен, жоғары» түрлерін тиімді қолдануға тырыстым. Осы бағытта жұмыс істеу кезінде мен сабақтарымда «Екеуі үйде, үшеуі қонақта» стратегиясын қолданып, оқушыларды әңгімеге тарту  арқылы түсіну мен білім беруге қол жеткіздім. Әрбір оқушы өзінің ақылға қонымды мәліметін ұсынады, бір-біріне сұрақ қояды, айтқандарын дәлелдейді. Топтағы бұл бірлескен сұхбат оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, басқа адамдардың идеясын түсінуіне, басқаларға өз идеяларын дәлеледеуге және мұғалімге оқушылардың білім, білік деңгейінің қандай дәрежеде екендігін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар «Айналмалы бекет», «Ыстық орындық», «Сократ семинары» стратегияларын және «Түрткі болу, басқаға бағыттау, жұқа, қалың сұрақ» түрлерін  қолдандым. Соның ішінде «Ыстық орындық» стратегиясын қолдануда «төмен» және «жоғары» дәрежелі сұрақтарды қоя отырып оқушыларды ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға жетеледім. hello_html_m20739ffd.png

Осының нәтижесінде, бұл жұмыс формалары оқушыларды белгілі бір тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге, білімге құштарлықтарын дамытуға, зерттеуге ынталандыруға, сын тұрғысынан ойлауға, басқа оқушылардың идеясын құрметтеуге, ойын жинақтап, іс-әрекетін шоғырландыруға себін тигізді деп ойлаймын.

Мен осы тәжірибемнің нәтижесінде диалогтің сабақта маңызды рөл атқаратынына көз жеткіздім. Ғылыми зерттеу нәтижелері де осы тұжырымдаманың дұрыстығын дәлелдейді. Мысалы, Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Яғни, интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыс балалардың танымдық дамуына әсер ететіндігін дәлелдейді. Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда , әрине, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын мұғалімнің рөлі осы жерде зор. Выготскийдің пікірінше бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және оқытудың негізгі құралы болып есептеледі. Сонымен, менің байқауымша мұғалім сабақта оқушылармен қысқа жауап беретін сұрақтарға қарағанда, диалогтік сұхбаттасу арқылы білім алуға қомақты үлес қоса алады. Мен сабақтарымда оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаландым. Менің тізбектелген сабақтарымда көбінесе зерттеушілік әңгіме көп орын алды, себебі ол білім алуда, табысты сұхбат жүргізуде тиімді деп білемін. Белгілі ғалым Мерсердің сөзіне жүгінсек, ол білім беруде, табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдылыққа ие болады дейді.

Шын мәнісінде қоғамды адамсыз елестету мүмкін емес.Ал қоғамға адам қалай керек болса, адамға да қарым-қатынас соншалықты деңгейде қажет екендігі барлығымызға мәлім. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін және білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын тұжырымдайды. Барнстың бұл айтқан тұжырымдамасымен мен толық келісемін, себебі бұл жайттарды өз сабағымда көре алдым. Диалогтік оқыту әдісі ағылшын тілі сабақтарында негізгі орын алады, себебі шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырып дамыту. Осы себепті диалогтік оқыту, менің түсінігімше, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын сөйлесу, пікір алмасу құралы болып табылады.

Ал, пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Диалог репликалардан тұрады, оның бәрі – сөйлеуге уәж жасайтыны, екіншісі-жауап ретіндегі реакция-реплика. Диалогта ой ауысып отыратыны белгілі, сондықтан әңгімелесушілер бір – бірімен ақпаратпен алмасады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты әңгімелесуге шақырады ( сұрайды, бұйырады, келіседі, келіспейді, өтінеді). Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық, лексикалық немесе грамматикалық қателер диалогта кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына баса мән беріледі.

Жоғарыда айтылғандай, диалогтік оқытуды сабақ барысында жүзеге асыру мақсатында мен бірнеше стратегияны қолдана алдым. Әрбір сабағымда оқушылармен ағылшын тілінде қарым-қатынасқа түсуге, сұрақ-жауап алу, өз ойларын ашық айтқызуға тырыстым. Мысалы, үйден оқу пәнінен өткен «The nightingale and the rose» мәтінін таныстыру, тақырыпты ашу барысында түрткі болу, төмен, жоғары дәрежелі сұрақтар қойып оқушыларды әңгімеге тарта алдым. Әрине, сұхбатқа түсу үшін оқушының сөздік қоры мол, грамматикалық тұрғыдан жақсы қаруланған болуы керек. Осы жерде топ оқушылары өздерінің сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін көрсете алды, бір-бірінің пікірімен келісіп, не келіспегенін дәлелдеп ойларын білдіре алды. Бірақ, кейбір үндемейтін,баяу оқушылар жұмыс темпіне ілесе алмай, жауаптарын жылдам құра алмағандықтан, әңгімеге жиі араласа қойған жоқ. Оқушылар көбіне кумулятивтік әңгімеге белсене араласып, зерттеушілік әңгімеге тілді жетік меңгерген оқушылар ғана қатыса алды. Осындай қиындықтарға қарамастан оқушылар әртүрлі әңгіме-сұхбаттарға, сұрақ-жауап жаттығуларына үлкен қызығушылықпен қатысып, ағылшын тілінде өз идеяларын жеткізуге тырысып бақты.Олардың кері байланыс парақтарынан осындай сабақ формасы, белсенді қарым-қатынас өте ұнайтындығын жазып, смайликпен көрсетті. Сонымен бірге, диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады. 
Жалпы сабақта диалогті пайдалану өте пайдалы, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, бір бірімен тіл табыса білуін қалыптастырады. Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, оларды өз ойын анық жеткізе білуге, мәнерлі, мағыналы сөйлей білуге үйрету үшін сабақ үрдісінде диалогтық әдістің тиімділігіне өз тәжірибемде көз жеткізе алдым. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Осындай қызықты, әсерлі, мәнді стратегияларды өз ой електерінен өткізген колледж бітірушілері болашақ тәжірибелерінде, кейін жас маман ретінде өздерінің сабақ үрдісінде «Ыстық орындық», «Сократ семинары», «Айналмалы бекет» және тағы басқа стратегияларды, әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме формаларын тиімді қолдана алады деп сенемін.
hello_html_m4a1c8419.jpg

Сөйтіп, оқушылар бойында диалогтік оқыту әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдылары, Блум таксономиясына сүйене отырып сұрақтар дайындау, төменгі дәрежелі сұрақтардан жоғары дәрежелер сұрақтар қою дағдылары қалыптасты. Сонымен бірге диалогтік оқыту басқа модульдермен де ықпалдастырылды.

Қорыта келе, сабақтарда балаларды диалогтік әңгіме тарту- оқытудың тиімді жолы екенін көрдім. Соның нәтижесінде оқушылар бір-бірін тыңдауға, өздерінің жаңа идеяларын айтуға, проблемалық сұрақтарды бірге шешуге үйренді. Өзіне деген сенімі туып, іздену және зерттеу дағдылары пайда болды. Оқуға қызығушылықтары туды. Сабақ соңында оқушылар рефлексияда өз ойларын жаздып отырды. hello_html_m19c00f89.jpg

Кейбір оқушылар пікірлерін ауызша, көбіне жағымды, да айтып отырды. Олар ойларын  өз мүмкіндіктеріне қарай жүйелі түрде жеткізе білді.

Менің тізбектелген төрт сабағым да «Үйден оқу» ағылшын тілі пәнінен болғандықтан диалогтік оқыту әдісін қолдануға, талдауға, зерттеуге көп мүмкіндік болды.

Келешекте осы модульмен жұмыс істеу барысында әңгімелесу тәсілдерін жетілдіремін. Сұрақтарды оқушылардың жастары мен даму деңгейіне қарай қою керектігін ескеремін. Топтық жұмыста пікір алмасуға түгел дерлік оқушыларды қатыстырамын. Өткізген сабақтарымның кемшіліктерін ескеріп, оларды кейінгі сабақтарда болдырмауға көңіл бөлемін.


Қолданылған материалдар:

1.Студентке арналға нұсқаулық, 2015

2.Үлестірмелі материалдар, 1-2-ші апта, екінші «Бетпе-бет» 2015











Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.09.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Статьи
Просмотров523
Номер материала ДБ-190722
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх