Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыСтатья на тему "Уровневое обучение"

Статья на тему "Уровневое обучение"

Скачать материал

Тақырыбы:

ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ.

 

Арекова Ажар Байгалиевна

 

 «Т. Әубакіров атындағы гимназия» ЖММ

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

 

 

«Мұғалімдер – қоғамның ең білімді,

 ең отаншыл, білгілеріңіз келсе,

 ең санампаз бөлігі болып табылады»

Н. Назарбаев

 

        Еңбек етіп келе жатқан білім беру саласында, 17 жылдың ішінде, мені көптеген ойлар, сұрақтар мазалайтын. Бірақ, жас болғандықтан, сол ойларымды белгілі бір жүйеге келтіре алмайтынмын. Жетіле, жетіле, аз да болсын тәжірибе жинап, өмірлік жолымды ақырындап анық басып, түрлі сұрақтарды  тудырып отырған жауаптар да өз орнын тапқан сияқты. Сол сұрақтардың бірі - бүгінгі таңда технологиялардың ішінен тиіміділігі мол екені қайсы. Солардың ішінде көп көңіл бөлетінім – деңгейлеп оқыту технологиясы. 

       Қазақстан Республикасында 2010-2015 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына, өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандардың қажет етілуіне байланысты жоғары мектеп алдына білім сапасын арттыруда. Деңгейлеп оқыту барысында деңгейлік тапсырмаларды сабақта қолдану орыс тілінде білім алатын оқушылардың қазақ тілін үйренуіне өте тиімді. Өйткені мектеп оқушыларының зейіні, қабылдауы, есте сақтау қабілеті әр түрлі деңгейде. Деңгейлеп оқыту жеке тұлғаның өздігінен дамуына жағдай жасайды. Ең маңыздысы, әрбір жеке тұлға өзінің деңгейіне сай тапсырмалар орындау барысында шығармашылығын шыңдай алады.

      Деңгейлеп оқыту технологиясының басты ерекшеліктеріне тоқталайық. Біріншіден, барлық оқылатын тақырып бойынша көзделген мақсатқа жетіп, оқушының толық білім алуына 100% кепілдік бере алады және бұл процесс мемлекеттік стандарттың барлық талаптарын орындайды. Екіншіден, әр түрлі деңгейлі тапсырмаларды меңгеру барысында оқытудың дамыту принципі жүзеге асырылады. Бұл дарынды балалардың көбеюіне әсер етеді. Үшіншіден, бақылау және бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу арқылы білім берудің демократия және ізгілендіру принципі сақталады. Бұл принциптің арқасында оқушы өзін-өзі бақылап үйренеді

ü Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:

ü Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;

ü Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;

ü Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы

ü Оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы;

ü Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;

ü Оқушы белсенділігінің оянуы;

ü Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;

ü Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;

ü Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынастың орнауы.

ü Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі

ü Деңгейлеп - саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылу

ü Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі

ü Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі

ü Оқушылардың жұмыстары әділ бағалану

ü Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы

ü Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің  орнау

ü Олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.

       Профессор Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту әдісі сынып оқушыларының білім деңгейінің қаншалықты дәрежеде екенін анықтауға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен: технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады екен. Өздігімен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат - жаңа технологиясының талаптарына сай жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың мазмұнын компьютерге кіргізуге болады себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас. Айтылғандар жаңа педагогикалық технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық ашпайды. Оның басқа да талай тиімді тұстарын күнделікті ұстаздық тәжерибемізден анықтай беретінімізге сенемін.       

       Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында  қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог – мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзырлылығы негізінде жүзеге асыру қажеттілігі туындайды.

        Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын дайындау барысында туындаған деңгейлік тәсіл тақырыбы бүгінде барлық ғылыми педагогикалық ортада талқылануда. Қазақстандық ғылымдар да ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңестігіне кіріктіру және қоғамдық сұраныстарға жауап беру мақсаттарына сәйкес білім берудегі құзырлық үлесіне зерттеулер жүргізіп,  оны мектеп тұрмысына енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда. Деңгейлер оқыту тұрғысынан ұйымдастыру педагогикалық білім беру мен білікті жетілдіру мазмұнын жаңарту құралы ғана емес, оны қазіргі талапқа сай ұйымдастырудың қажетті механизм ретінде де қарастыруға болады.  Деңгейлеп оқыту тұрғысынан ұйымдастыру білім беру мен білікті жетілдіру жұмысына айтарлықтай өзгеріс ендіріп, оған тәжірибиелік – шығармашылық бағыт береді. 

       

          Педагогикалық қызметте кәсіби - дидактикалық деңгейлік қажеттілігін саналы түрде түсінеді. Проблеманың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасқан, сабақтарды жобалай біледі, ұйымдастыра алады және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолданып өткізе алады, адамдармен тез тіл табысады, ұжымда, әлеуметтік ортада беделді.  Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы мектеп мұғалімі кәсіби қызметінің сапалық мазмұнына қойылатын талаптармен танысып, мұғалімінің үздіксіз даму үдерісіндегі әлеуметтік - мәдени ортаны бағдарлай білетін, баланың жеке тұлғалық дамуына бағытталған білім беруді жүзеге асыра алатын, оқытудың мазмұны мен әдістерін, технологияларын, құралдары мен формаларын өз бетінше ізденіспен саралап, шығармашылықпен пайдалана алатын педагог болу керек екенін өздерінің міндеті ретінде түсінді.

         Заман талабына сай қазақстандық білім беру жүйесінің ескі моделіне үлкен өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Соның бірі ғылыми жұмысқа жаңадан кіріскен жас зерттеушілердің бойында проблеманың шешімін таба білу құзыреттілігін қалыптастыру. Жас зерттеушілер алдында ізденудің әдіснамалық құрылысын құру, тәжірибелік деректерді таңдау сияқты ғылыми жұмысты зерттеу барысында, т.б. сұрақтар туындайды. Мұның бәрі зерттеу жұмысының сапасын төмендететін  түрлі қателіктерге ұрынбау үшін қажет. Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзетулер енгізіп, талданатын өзгерістер.

     Қорыта келе, деңгейлеп оқыту технологиясына сүйене отырып жасалған тапсырмалар тиімділігін байқай отырып, мен өзімнің  жұмысымды жинақ ретінде ұсындым. Кейбір тапсырмалар төменде ұсынылып отыр.

 

Тақырыбы:      5-сынып

        Менің елім—Қазақстан. Оның жері кең - байтақ. Бұл мемлекет Еуразияның  орталығында орналасқан. Астанасы—Астана қаласы. 1991 жылдың 25 қазанынан бастап еліміз тәуелсіздік туын көтерді. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан – әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан  ел. Қазір  еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ата заңы, ұлттық валютасы бар.

1-деңгей. 

      1. Мәтінге ат қою.

      2. Зат есімнің тәуелдік жалғауы бар сөздерді табу.

 

2-деңгей.

1.     Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді теріп жазып, өз сөзімен қысқаша айту.

2.     Мәтін бойынша 5 сұрақ жазу.

3.     Мәтінді бірнеше сөйлеммен жалғастыру.

3-деңгей.

1.     Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ата заңы, ұлттық валютасы туралы қысқаша мәлімет беру.

2.     Мәтінге өз ойын білдіру.

3.     Мәтін тақырыбына сай шағын эссе жазу.

    

Бағалау : 1 деңгей- «3»;   2 деңгей- «4»;  3 деңгей – «5».

 

Тақырыбы:     Менің  туған  күнім          6-сынып

Менің  туған   күнім

      Менің атым—Алуа. Мен 12 жастамын. Менің туған  күнім 10 – шы қазанда. Мен туған күніме достарымды, құрбыларымды, мектептегі  сыныптастарымды шақырдым.Туған күнге  орай мен дастарқан басында аппақ көйлекте отырдым. Анам туған күніме қазақтың ұлттық тағамы - дәмді бесбармақ әзірледі. Достарым туған күніме түрлі сыйлықтар сыйлады. Әкем мен шешем маған «Қыздар энциклопедиясы» кітабын сыйлады. Әпкем маған «Ертегі» кітабын сыйға тартты. Сыныптастарым маған ұнтаспа сыйлады. Туған күнімді достарыммен,

сыныптастарыммен  өте көңілді тойладым. (68сөз )

 

1-деңгей. 

1.     Мәтінге 5 сұрақ қою.

2.     Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу.

1. Сыйладым, мен, досыма, кітап.

2. Дүкеннен, әкелдім, сатып, нан.

3. Барамын, сағат, мен, сегізде, мектепке.

4. Оқимын, кітабын, мен, ертегі.

5. Досыма, мен, дайындадым, сыйлық

2-деңгей. 

1.     Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдер құрастыру.                День рождения, друзья, подарки, национальные блюда.

2.     Туған күн, сыйлық  сөздерін септеу.

3.     Мәтін бойынша өзара диалог құрастыру.

3-деңгей. 

1.     Шағын құттықтау тілек құрастыру.

2.     Мәтіннен 5 зат есім тауып, сөзжұмбақ құрастыру.

3.     Мәтінді жалғастыру.

  Бағалау : 1 деңгей- «3»;   2 деңгей- «4»;  3 деңгей – «5»

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»       7 сынып

 

       Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол - кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бірі талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті шебер - үйші жасайды. Үйшілер талды өзендер бойынан алады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария
Үйші киіз үйдің ағаштан жасайтын бұйымдарын көктемде бастап, күздің аяғына дейін істейді. Киіз үйдің ағаш бөлшектерін жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық құрал - саймандарды пайдаланған
Кереге қанаттардан тұрады. Қанат сағанақтан құралады. Керегенің екі түрі болады: желкөз, торкөз. Желкөз қатты желге төзімді, ал торкөз жаңбырлы күндерде су жібермейді. Сағанақтар қиғаш орналасады
Шаңырақ екі бөлшектен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері талдан жасалса, шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады. Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей, шеңбер иеді


1-деңгей.

1. Сын есімге анықтама беру.

2. Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады?

2-деңгей.

1. Мәтін мазмұнын өз сөзімен қысқаша айтып беру.

2. Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді теріп жазу.

3. Әңгіменің негізгі ойын табу, талқылау.

3-деңгей.

1.Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз

2. Отбасы, Отан, үй тақырыптарына байланысты мақал – мәтел жазу.

3. «Тәуелсіз Қазақстан» шағын шығарма жазу.

 

Бағалау : 1 деңгей- «3»;   2 деңгей- «4»;  3 деңгей – «5».

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Уровневое обучение""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.12.2015 640
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Арекова Багзий Тортпаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Арекова Багзий Тортпаевна
    Арекова Багзий Тортпаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5698
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (английский язык)

Учитель английского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 232 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 458 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе