Инфоурок Информатика СтатьиСтатья решение логических задач

Статья решение логических задач

Скачать материал

ИНФОРМАТИКАДАН ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ, ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Уразгалиева Ш.М., Марат Ж. Абай ат.ҚазҰПУ

 

Аннотация

 

В статье расматриваются вопросы по решению логических задач по информатике. Описаны понятие логика и логические мышление а также логические задачи и виды логичеких задач. Приведены примеры логических задач по информатике.

Аннотация

 

Мақалада логикалық есептерді шығару әдістері, шығару жолдары талқыланған. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, логикалық ойлауды қалыптастыру процесінде информатика мұғалімі шешетін негізгі міндеттері де қарастырылған.

                                                               

Қазіргі уақытта адамның жетістігі оның нақты ойлау қабілетіне, оның ойларын логикалық тұрғыда дәлелдеп, нақты айқындауға байланысты болады. Сондықтан, ойлаудың дамуы мектепте білім берудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мұғалімнің алдында бағдарламамен  қамтамасыз етілген білім беру ғана емес, оқушылардың логикалық ойлауының жоғары деңгейін қалыптастыруға үлес қосу міндеті қойылған. Сонымен қатар, информатика осы мақсатты жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.

Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану қажет. Информатика сабағынан оқушылардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Логика термині гректің «logos» – «сана», «ой», «ұғым» деген мағынаны білдіреді. Логика философияның нормативті саласы, ойлаудағы сәйкестік критерийіне, ой тұжырымдау ұстанымдарына қатысты. Логика соңғы нәтижемен емес тек пайымдау процесімен ғана айналысады.

Логикалық ойлау тек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады және бала ойлауы дамуының жоғарғы сатысы болып табылады. Бұл сатыға жету – ұзақ және күрделі процесс, толыққанды логикалық ойлауды дамыту ақыл-ой қызметінің белсенділігін талап етіп қоймайды, сонымен қатар заттар мен құбылыстардың жалпы және жекелеген белгілері туралы негізгі білімі болуын қажет етеді. А.Н. Леонтьев «Логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. «Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Логикалық ойлауды қалыптастыру педагогикалық үдерістің маңызды бөлігі болып табылады. Студенттерге өздерінің қабілеттерін толығымен көрсетуге, бастаманы, тәуелсіздікті, шығармашылықты дамытуға көмектесу қазіргі заманғы мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, проблемаларды шешу логикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді [1].

Логикалық ойлауды қалыптастыру процесінде информатика мұғалімі шешетін негізгі міндеттер:

• оқушыларға оқу материалымен байланысты емес типтік емес,  іздеу және шығармашылық есептерді шешуге үйрету;

• табысқа жету жағдайын жасау, балаға өзінің күшіне деген сеніміне жеткізуге көмектесу;

• оқушының іздеу белсенділігі мен мен ақыл-ойларын дамыту.

Логикалық есептерді шешу оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Қарапайым есептерден олардың айырмашылығы, есептеуді  талап етпейтіндіктен, дұрыс пікір (пайымдау) айту арқылы шешіледі. Әдістемелік әдебиеттерде «логикалық» есеп ұғымы келесі түсініктерді білдіреді:

- «логикалық» тапсырма;

- стандартты емес есептер;

- тапқырлыққа арналған есептер.

Мектептегі логикалық есептердің ұғымын талдау, ұғымға бірыңғай көзқарас пен логикалық есептердің жіктелуін көрсетпейді. Логикалық есептерді жіктеу кезінде, бірыңғай қағидат жоқ, оның негізінде келесі есептерді айтуға болады:

- логикалық кестелердегі есептер;

- графтарға арналған есептер;

- жиындармен орындалатын операциялар бойынша есептер;

- жиын элементтерін таңдау есептері;

- комбинаториялық есептер;

- соңғы ереже бойынша есептер.

Информатикадан логикалық есептердің  келесі екі типін және олардың ішіндегі түрлерін атап өтуге болады:

1. Теориялық материал бойынша есептер:

• математикалық логика арқылы шешілген логикалық есептер;

• жиын теориясының элементтерін пайдалана отырып шешілетін логикалық есептер;

• графтар теорияның элементтері, ойын теориялары;

• комбинаторика элементтер бойынша есептер.

2. Шешiм (әдіс) тәсiлi бойынша есептер:

• дәлелдеу арқылы

• жиын элементтері арасындағы сәйкестікті орнату

•  кестелердің көмегімен

•  графтың көмегімен

•  іздеу әдісі

• алгебра логикасы формуласы түрінде математикалық модель құрастыру.

Логикалық есептер талдау жасайтын, ой пікірін дәлелдеп өткізуге ептілік талап етілетін есептер.

Енді логикалық қысқа есептерге тоқталайық. Оларға қысқа тұжырымдағы есептер жатады, олар әдетте жалғыз сөйлемнен тұратын – сұрақ, негізгі мәліметтері дұрыс жауапқа жақын немесе алыс болуы мүмкін. Осы тәрізді логикалық есептерді жай сұрақтар мен есептер жүйесіне қосып сабақты бекіткенде немесе ауызша сұрақ арқылы қолданған дұрыс болады. Бұндай есеп қойған соң оқушылар оның типін анықтау керек, сосын жауапты тұжырымдап соған байланысты етіп дәлелдеу керек [2]. Мысалы сұрақ түрінде логикалық қысқа есептер:

1.   «Алгоритм» сөзі қандай европалық математиктің атымен аталған ?

2. Екі символды альфавитті хабарламада қанша символ болуы мүмкін ?

3. Қандай программа компьютерлік вирусты іздеуге және өшіруге қызмет етеді ?

Логикалық есептер мысалы:

1. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар ?

2. Екі қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар ?

Әзіл есептер

Кей бір жағдайларда олардың шешімінде арнайы ақпарат болмайды, сол үшін әзіл сипатта жауап беруге рұқсат етіледі. Бұны жай сұрақтар мен есептер жүйесіне қосып материалды бекіткенде немесе ауызша сұрақ арқылы қолданған жөн. Бұндай есеп қойған соң оқушылар оның типін анықтап сосын жауапты соған байланысты етіп құрастыру керек.

Мысалы:

1. Екі адам тоғыз құмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады ?

2. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр ?

3. Үстелдің төрт бұрышы бар еді, біреуін кесіп тастады. Неше бұрышы қалды ?

Шарты толық емес есептер. Бұндай сұрақтарда жауап сұрақтың ішінде болады, бірақ сол сұрақты жауап берушіге қойғанда жауабы жасырын қалады. Бұндай есептерді өткен тақырыпты қайталауда, сабақты бекіткенде қолданған пайдалы болады.

Мысалы:

1. Менің 100 бауырым бар. Кенжесі 1000 жаста, ал үлкені 1111 жаста, үлкені 1001 сыныпта оқиды. Бұндай болуы мүмкін бе ?

2. Мен 10001 жасымда мектеп бітірдім, ал 10110 жасымда академия бітіріп, электронды сарайда  қызмет еттім.Ол кезде сендер бар болғаны 111жастасыңдар. 11110 жасымда ғылыммен айналысып, 11 жылдан кейін ВИРУС атанып сиқырға ұшырадым. Мені сиқырдан құтқару үшін осы есепті шешу керек.

3. 145С саны 8-дік санау жүйесінде жазылған. Тұжырым дұрыс па?

Енді логика алгебрасына мысал келтіреміз. Логика алгебрасында жай пікірлер латынның бас әріптерімен белгіленеді.

 

Мысалы: А={Астана - Қазақстанның астанасы}

     В= {Билл Гейтс – Apple компаниясын құрды}

                        С={2*2=5}

Шешуі:  А=1, B=0, C=0

 

Осы сияқты логикалық есептерді оқушылардың шығаруы - логикалық  жаттығуларды  орындау  баланың  ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын  дамытудың ең  ұтымды  тәсілі.

Білім беру саласында болып жатқан өзгерістер оқушыларды бәсекеге қабілетті жеке тұлға болып қалыптастыруды көздейді. Бұл өз кезегінде оқушының жеке шығармашылық қызметін, қызығушылығын арттыруды талап етеді. Бұл мақсатқа жетудің жолдарының бірі мектеп оқушыларының логикалық қабілетін қалыптастыру болып табылады Сондықтан информатиканы оқытуда оқушылардың логикалық қабілетін дамытуда логикалық есептер маңызды рөл атқарады.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Әбілдаева Т. Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту. // ИФМ. 1997. -№3

2. Л.Л.Босова, А.Ю.Босова, Ю.Г.Коломенская. Занимательные задачи по информатике. – М.:Бином, 2006.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья решение логических задач"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 947 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2019 404
    • DOCX 22.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Urazgalieva Sholpan Muratbayevna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Urazgalieva Sholpan Muratbayevna
    Urazgalieva Sholpan Muratbayevna
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7777
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 720 человек

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе