Инфоурок Директору, завучу СтатьиСтатья "Роль педагогического сообщества в школе"

Статья "Роль педагогического сообщества в школе"

Скачать материал

Джакупова Қарлығаш Берикказыновна
бірінші (ілгері) деңгейлі сертификатталған
ағылшын тілі мұғалімі

№15 жалпы орта білім беретін мектеп,

Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы

 

 

Мектептегі кәсіби қоғамдастықтың рөлі

 

Қазіргі білім саласына қойылып отырған басты міндеттердің ең өзектісі – білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүние жүзілік деңгейге сәйкес келетін, үш тілде еркін сөйлейтін  жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр.

Қазіргі таңдағы осындай жаңашылдыққа жол ашып, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік жаңа бағдарламасы бой көтерді.

Ұстаздарды үш ай бойы жаңаша бағытта оқытып, әдіс-тәсілдерін ұғындыратын бұл бағдарламаның берері мол деп ойлаймын. Біздің мектебімізде осы бағдарлама бойынша 3 айлық курсты оқып келген 8 мұғалім күнделікті сабақтарын 7 модульге негіздеп өткізу барысында оқушының ой еркіндігі мен сөз еркіндігінің дамуына мол мүмкіндік береді. 

Мектептің деңгейлік курс бітірген мұғалімдері мен шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерден құрылған «Самғау» кәсіби қоғамдастығының жетекшісі ретінде әр түрлі іс - шаралар ұйымдастырып, білім сапасының өсуіне, жас мамандарға бағыт - бағдар беріп, педагогикалық шеберліктерін шыңдауда тәлім алушылармен жұмысқа мән беріп отырамын.

Мұғалімдерді шығармашылыққа баулу мақсатында «Ізденіс-шығармашылық-нәтиже» тақырыбында зерттеу алаңы ұйымдастырылды. Ұжымды бірнеше топқа бөліп «Әлем өзгереді, мұғалім өзгереді», « Сабақты қалай қызықты өткізуге болады?»,  «Оқушыларды оқуға ынталандыру жолдары», «Дарынды балалардың дамуына жағдай жасау», «Оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын тиімді қолдану»,  «Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту үшін диалогтік оқытуды қолдану», «Бағалау - оқытудың маңызды үрдісі», «Ұлттық біріңғай тестілеуге нәтижелі дайындау» зерттеу тақырыптары берілді. Әр топтың модераторлары мен сыншы достары топ мүшелерімен жұмысты жандандырып, мұғалімдердің шығармашылық ой - өрісінің артуына, өз әрекетіне сын тұрғысынан қарап, тұжырым жасап, қорытындылауға оң әсерін тигізді.

Жаңа әдіс - тәсілдерді енгізе отырып, тәжірибе бөлісу мен алмасуға бағытталған орта  құру және сапалы  білім жүйесін дамытуға арналған оқу кеңістігін ұйымдастыру мақсатында жұмысын бастаған  «Самғау» кәсіби қоғамдастығы коучинг дағдыларын жетілдіріп, сабақтарына жеті модульді ыкпалдастыра қолданып, әріптестеріне бағыт - бағдар бере бастады. Сынып сағаттарын, ата -  аналар жиналыстарын жаңа форматта өткізу дағдыға айналды.

«Жаңашылдыққа жол сілтер, жеті модуль идеясы» атты айлық аясында, мұғалімдерге әдістемелік шеберхана ұйымдастырылды. « Оқу мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды сапалы білім алуға бағыттау» тақырыбында  мұғалімдерге теориялық және практикалық жағынан бағыт - бағдар берілді.

Осы жұмыстардың нәтижесі ретінде мұғалімдердің шығарған кітапшаларын мектеп кітапханасындағы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің әдістемелік құралдар бұрышынан көруге болады. 

Биылғы жылғы Елбасының дәстүрлі Жолдауынан кейін тіл саясатында да біраз тың өзгерістер орын алды. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі.
          Осыған орай 2015 - 2018 оқу жылдарына арналған "Тілдің үш тұғырлығын" дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру жоспары құрылып, мектебімізде тіл мамандарынан тұратын шығармашылық топ құрылды.  Бағдарламаның басым бағыттары айқындалып, әр-түрлі іс-шаралар әзірленді.

Мектебіміздің оқушыларына, мұғалімдеріне және ата-аналарға арналған «Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде біріңғай базалық лексикалық, грамматикалық және тақырыптық минимум»  құрастырылды. Жаратылыстану  пәні мұғалімдеріне ағылшын тілін үйретуге арналған курстар ұйымдастырылды.

Мектептің  басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан,  сол ұстаз заман  талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Сонда ғана оқушыларымыздың  ойлау белсенділігі дамып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйренеді. 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Роль педагогического сообщества в школе""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 481
    • DOCX 520 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джакупова Карлыгаш Берикказыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 550
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Эмоциональный интеллект (обучающий тренинг)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 563 человека

Курс повышения квалификации

Гостиничный бизнес: коммуникационный менеджмент в индустрии

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек