Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Конспекты / Статья "Тіл мәртебесі" 10 сынып

Статья "Тіл мәртебесі" 10 сынып

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ


Сеилханова Гулдерай Аскаровна


«Теміртау қ. № 11 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы



Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден терең теңіз жоқ.

Ғ.Мүсірепов.


Ата – бабамыздан мирас болып жеткен баға жетпес асыл мұраларымыздың бірі де бірегейі – ана тіліміз екені ақиқат. Тіл – елдің мақтанышы, асыл қазынасы. Ана тіліміздің тұғыры мықты, іргетасы берік болуын көздеп мақсатты іс – әрекеттерге бару – әрбір қазақстандық азаматтың Отан алдындағы жауапты міндеті.

«Тәрбие басы – тіл» дегенді Махмұд Қашқари неге айтты? Бүгін біздің ортада неге өз ана тілін білмейтіндер көбейді? Осылай тізе берсең қазақ тілінің бүгінгі жайы, ақын тілімен айтқанда, «Мың өліп, мың тірілген» қазақ ұлтының дәл өзі сияқты. Бірақ айтылуы көп, орындалуы жоқ мемлекеттік тіл туралы заңды орындамайтындар бізде жетіп жатыр. Ата заңда «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған [1].

ХХ ғасырдың басында ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп еді. Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз, әйтсе де біздер оны құрметтеп, қолдап, аялау керектігі жөнінде көп ой толғаған емеспіз. Еліміз тәуелсіздік жолының жиырма төртінші жылына қадам басқан тарихи шақта, басқа елдермен иығын тең тіресер кезеңде мені тіліміздің қазіргі жайы толғандырады. Әсіресе, жастар, өкінішке орай, ана тіліне менсінбей қарауға әуес. Көшеде жүрген екі қазақтың бірі орыс тілінде сөйлейді, дүкенде де, қоғамдық орында да жүрсек те көретініміз – сол. Жасы да, кәрісі де тілін бұрап орыс тілінде сөйлеп жатқаны. Өз тілімізде сөйлеуге неге арланамыз? Білмесек, үйренуге неге тырыспаймыз?

Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл” деп атайды. Қазақ тілі – “еліміздің мемлекеттік тілі” екендігі Конституцияда заңдастырылған. Мемлекеттік Тіл мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі [2]. µ1993§ жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш µКонституциясында§ қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. µ1995§ жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді, алайда сонымен қатар орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен қатар қолданылады. µ1996§ жылы 4 қарашада µҚазақстан Республикасы§ µПрезидентінің§ Жарлығымен “Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы” мақұлданды [3].

Мемлекеттік тіл - көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, µбаспасөз§бен байланыс (почта, µтелеграф§ т.б.) орындарында, µқұқық§ қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын (сфера) кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалады. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. 

Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.
«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді [4].

Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас» екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. Мемлекеттік тіл  тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек,  Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны.  Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. “Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас” демекші  өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. М.Шахановша айтатын болсам, қазіргі таңда өз тілін өгейсіп, «мәңгүрттеніп» жүргендер көп. Шынында қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жәйт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік! Өзге тілді ұлт мектептеріне қазақ тілін негізгі пәндердің бірі ретінде қою тілді дамытуға жасалған дұрыс қадамдардың бірі деп айтуыма болады.  Себебі, жоғарыда рышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалуда.

Тіл туралы заңның қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы мектептерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз. Сол себепті басты жауапкершілік тіл мамандары біздерге жүктеліп отыр. Ата заңының баптарында сонымен қатар «Тіл саясатының тұжырымдамасы» мен «Тіл туралы Заңда» айтылған басты мәселе мемлекеттік қазақ тілін дамыту.

Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында: “Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері” — деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын.

Бұрынғы даналардан қалған: «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген сөз бар. Әрине, құптарға боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден көз жазып қалмайық! Қазақстандықтардың бәріне жуығы көпұлтты ортада өмірге келген. Қазақстанның көпұлтты болуы – ешкімнің қолдан жасаған әрекетінің нәтижесі емес, тарихи даму жолымен солай қалыптасты. Және бұл біздің еліміздің кемшілігі емес, басқалардан артықшылығы. Өйткені, көптүрлі мәдениеттің, діннің, дәстүрдің, білімнің, т.б. арасынан шыққан жақсылықтарды бойымызға сіңіре аламыз.

Тәуелсіздіктің негізгі  тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған  сыйы да  — тіл. Ол- қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай.  Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.

Тілді оқып-үйренуді барынша жоғары деңгейге көтеру қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тіл туралы талап міндеттерінде «Қазақ  қазақпен қазақша сөйлессін» деген. Бұл әр қазақстандықтың қастерлі парызы.  Қазақ тілінің өз мәртебесіне  сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін, жан-тәнімізбен түсіне отырып,  бүгінде «Тіл туралы» заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына  аударарымыз анық.  Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес  бөлшегі ретінде  тек қазақ топырағында  ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады [6].

Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Жалпы мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып,  жұрттың оған деген сенімін нығайтуға  күш салғанымыз дұрыс [1]. 

Осыған орай өзім қызмет ететін «Теміртау қаласының № 11 ЖББОМ» КММ өткізілген және қатысқан іс – шараларға тоқтала кетсем: қыркүйектің 15-24 аралығында тілдер апталығында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған мектептепішілік сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді. Солардың ішінде тілдер күніне арналған апталық өтті. Елбасымыздың «Қазіргі замандағы қазақстандық үшін үш тілді білу-міндетті шарт» бағыты негізге алынып, іс шаралар үш тілде өткізілді. Сыныптан тыс шаралар дәстүрлі емес әдістермен, интерактивті тақтаны қолдана отырып өткізілді. Бұл шаралардың мақсаты тек коммуникативтік іс-әрекетке емес, сонымен бірге шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, өз ара ұжымда қатынас жүргізуге негізделген. Апталықта әр сыныптар бойынша, барлық тіл мамандары іс шаралар өткізді. Мақсаты: мемлекеттік тілді, шет тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейту; Қазақстан халқының басқа да тілдерін сақтауға жағдай жасау.

3 сыныптар «Тіл мәртебесін ұлықтайық » сайыс-сабақта 4 бөлімнен тұратын бәйгеге түсті: 1-«Өзін-өзі таныстыру», 2-«Бәйге» (Сұрақтар), 3-«Мақал- мәтелдер», 4-«Үш тілге аударайық».

4 сыныптар «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты әдеби-музыкалық монтажға қатысты. 1-«Танысу», 2-«Бәйге», «Мақал-сөздің мәйегі», 3-«Өлең-сөздің патшасы», 4- «Жұмбақтар әлемінде» сайыстарында өз білімдерін көрсетті.

Апталықтың соңында 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттарды біріктірген ел» атты әдеби-музыкалық монтаж өткізілді. Бұл іс-шарада әр ұлттың өкілдері өз тілінде өнерін көрсетті. Ағылшын, орыс, қазақ тілінде өлеңдер, әндер, сайыстар ұйымдастырылды. 5-6 сыныптар қабырға газеттері арқылы тіл білудің маңыздылығын насихаттады.

Мұғалімдердің жұмысын қорытындыласам, тілдер апталығы жоғары деңгейде өткізілді деуге болады. Сыныптан тыс шаралар тақырыпқа сай, тәрбиелік мақсаты қарастырылған, шығармашылық тапсырмалары бар. Бұл шаралар оқушылардың сөздік қорына, танымдық қабілеттерін қалыптастыруға үлес қосты. Әр шараның жоспарланған мақсаты мен міндеті орындалды. Мектеп оқушыларының көпшілігі іс-шараларға қатысуға тілек білдірді, бұл тілдерді үйренуге мотивациясы жоғарланды дейміз.

Жыл сайын 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері апталық өткізеді. Апталықтың негізгі мақсаты оқушылардың отанына сүйіспеншілігін, мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, елтану бойынша білімдерін, ой-өрістерін арттыру.

Орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сыныптарында оқитын ұлты қазақ емес оқушылар қатыса алатын «Жарқын болашақ» олимпиадасына қатысты. «Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтиды: қазақ тіл білімі мен әдебиеті, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс, мәнерлеп оқу, ән айту. Олимпиада 3 кезеңнен тұрады: қалалық кезең, облыстық кезең, республикалық кезең. Бұл олимпиаданың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту; қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге, сөздің мәнін жете түсінуге баулу, көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге үйрету. Аталған олимпиаданың 2 кезеңінен жүлделі орындарды иелендік.

Сонымен қатар, биыл қалалық Абай оқуларынан «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өзге ұлт өкілдері қызметкерлер арасындағы сайысына қатысып, мұғалімдер алғыс хатпен марапатталды. Бұл сайыс өте жоғары деңгейде өтті, өзге ұлт өкілдерінің Абай Құнанбаев өлеңдері мен әндерін өз нақышына келтіріп орындағанда «Құлақтан кіріп бойды алар, тәтті ән мен күй» демекші, жүректі тебірентіп халық көңілінен шықты. Осындай іс – шаралар жиі өткізіліп отырса екен...

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Сөзімнің соңын Елбасының ана тілі туралы айтқан мынадай көрікті ойымен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқысы болған – оның ғажайып тілі» [7].



ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті” республикалық ғылыми – әдістемелік басылым. №4,6/2012, №9/2013 ж.

  2. Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ж.

  3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007 ж.

  4. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл

  5. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы № 769 қаулысы. // Егемен Қазақстан. 1998. 11 қыркүйек, 14 тамыз

  6. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде” республикалық ғылыми – педагогикалық басылым. №6/2013 ж.

  7. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты. 2006. 11 мамыр.



Автор
Дата добавления 23.12.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров231
Номер материала ДВ-281763
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх