Сабақтың тақырыбы: Сурет бойынша
түрлі ойыншықтарды модельдеу және құрастыру. Жылжымалы және жылжымайтын
құрастырмалардың байланысуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қағаз және қатырма
қағазбен жұмыс істеуге үйрету; оқушыларды дайын шаблонды қағаз бетіне
дұрыс бастырып,орналастырып, қиып жапсыруды үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың
эстетикалық талғамын қалыптастыру және қағазды ұқыпты ұстауға,желімді
дұрыс пайдалануға, тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі шаблондар,
балапан мен кеме суреті.
Жұмысқа
қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, ақ
қағаз, қатырма қағаз, қайшы, қарындаш, сызғыш, желім, қол сүртетін сүлгі.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдерме балалар! Отырыңдар. Бүгінгі
еңбекке баулу сабағынан сендерге мен беремін. Менің аты-жөнім Әйкен Гүлжанат
Мұғалімбекқызы.
Оқушыларды
түгендеу.
Сабаққа
дайындықтарын тексеру.
Құрал-жабдықтарын
тексеру.
Психологиялық дайындық.
Шырылдады
қоңырау,
Біз
сабақты бастаймыз.
Партамызға
отырып,
Өзара
көз тастаймыз.
Табыс
тілеп көзбенен,
Жаңа
білім алуға,
Алға
қадам бастаймыз.
II. Өткен
сабақты пысықтау:
-
Өткен сабақта қандай тақырып өттіңдер?
-
Не жасадыңдар?
Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ.Жаңа сабақ:
-
Бүгінгі сабақта біз геометриялық фигуралардан суреттер құрастырамыз.
-
Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
-
Фигураларды қай сабақта қолданасыңдар?
Қызығушылығын ояту: Жұмбақ жасыру
1.Сары
ғана ол
мамық,
Жұмбақтың шешуін көр тауып.
(балапан) 2.Жерде
жүрер жөні жоқ, Судан
басқа жолы жоқ. (кеме)
- Жарайсыңдар, балалар бүгін біз балапан мен кеме
жасаймыз.
- Балапанның түсі қандай болады?
- Кеме дегеніміз не? ІV.Практикалық
жұмыс: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Қауіпсіздік
ережесі:
1. Жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды үнемдеп
пайдалану; 2.
Жұмыс кезінде басқа оқушыларға кедергі
жасамау; 3. Қайшыны
жолдасыңа үшкір жағымен бермеу; 4.
Қайшы ұшын жоғары
көтермеу;
5. Желімді пайдаланып болған соң, қақпағын
жабу; 6.
Практикалық жұмыс біткен соң, жұмыс орнын ретке келтіру;
-Балалар, бірінші біз
балапан жасаймыз. Ол үшін бізге қайшы, желім, бір ақ парақ, түрлі-түсті қатты қағаз
қажет. Шаблондар тарату. V.Балапанның жасалу
реті.
1. Балапанның денесін бастырып қиып аламыз.
2. Басы мен көзін
бастырып, қиямыз.
3.
Келесі енді балапанның аузын қиып алайық. Жабыстырайық.
4. Енді балапанның
аяқтарын бастырып, қиямыз.
5. Соңғы мүшесі
құйрығын қиямыз.
-
Жарайсыңдар, балалар міне біздің балапанымыз дайын болды.
- Балапанымыз неше фигурадан
тұрады?
-
Қандай фигуралар қолданылды?
-
Жұмыс орнымызды ретке келтіріп, кеме жасауға дайындалайық.
VI.1. Кеменің астыңғы жағын жасаймыз.
2.
Үстіңгі бөліктерін басып, қиямыз.
3.
Жалаушасы мен саңылауын жасаймыз.
-
Жарайсыңдар, кемені де аяқтадық.
- Кемеміз неше фигурадан тұрады?
-
Қандай фигура қолдандық?
Қане
жұмыс орнымызды жинайық.
VII.Қорытынды:
-
Барлық балалардың жұмысын тексеру.
-
5-6 баланың жұмысын бағалау.
-
Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-
Сендер түрлі-түсті қағаздан қандай бұйым жасадыңдар?
-
Балалар өте жақсы еңбектендіңдер.
-
Осымен сабағымыз аяқталды.
VIII.Үйге тапсырма:
-Кемені
аяқтамағандар жұмысты үйде аяқтап келу.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.