Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалыТ О Л А Ғ А Й

Т О Л А Ғ А Й

Скачать материал

 

Тақырыбы: «Т О Л А Ғ А Й»

 

Өтілетін күні: 12.02.2016

Өтілетін орны: спорт зал

Уақыты: сағ. 10.30

Қатысушы:   1 ТДО, 3 – 4 ТДО сынып оқушылары, ата – аналары, ұстаздары, 

                         тәрбиешілері

Мақсаты:  Оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

 

Түрі:  эстафеталық спорттық сайыс

 

Құрал – жабдықтары:  доптар, кіші доптар, шелектер, кеглилер, шариктер, қасықтар, қарындаштар, ұш шығарғыштар, ақ қағаздар.

Ө т і л у    б а р ы с ы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

II. Негізгі бөлім

1 – жүргізуші:

- Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар    арасында өткізгелі отырған «Толағай» атты эстафеталық спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын, ұстаздарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып, балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

2 – жүргізуші:

Топтардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір топтарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ қатысушыларына сәт сапар тілейміз!

1 – жүргізуші:

- Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық!

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен – тек жоймайық!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып жарысайық!

2 – жүргізуші:

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын.

Болашақ спортшы топтар  келді ортаға,

Қол соғып, қарсы алайық, кәне, халқым!

- Енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. (Эстафеталық  спорт сайысына қатысушы бастауыш  сынып оқушыларынан  құралған 4 топ ортаға шығады.)

І топ: «БӘЙТЕРЕК» тобы

ІІ топ: «ШЫМЫР» тобы

ІІІ топ: «ҚЫРАН» тобы

ІV топ: «ЖАС ҚЫРАН» тобы

1 – жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті!

Кімдердің бірліктері кәміл мықты!

Спортшы топтар сайысында,

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты...

2 – жүргізуші:

- Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған сайыскерлер  тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділқазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар.

1. Мұхамбетова Ақтоты Курманаевна – тәлімгер

2. Сайнов Нұрбек Бекболатұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

3. Князбаев Жомарт Алдоңғарұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

1 – жүргізуші:

- Сайысымыздың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады. Ал әділқазылар алқасы әр кезеңнен кейін 5 балдық жүйемен өз  бағаларын  беріп, сараптама жасап отырады. Сайыстың шарттарымен таныс болайық.

1. «Өз тобыңды таныстыр»

2. «Ептілер»

3. «Суретші»

4. «Доптармен эстафета»

5. «Қақпашы»

6. «Шеңбер».

2 – жүргізуші:

Бәйгені ат жаратып шапқан алар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар, - деп сайысқа қатысушы топтарға «Сәт сапар» тілейік, ағайын.

1 – жүргізуші:

Өнер қуып топ өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

2 – жүргізуші:

Ал,  ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі «Өз тобыңды таныстыр».

Шарты: Әр топ өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.

Олай болса,  ортаға «Бәйтерек», «Шымыр», «Қыран», «Жас қыран»

                                    тобын шақырамыз.

1 – жүргізуші:

Жалқаулықты тастаймыз!

Шынығамыз жастай біз!

Босқа тұрмай, қанекей,

Жаттығуды бастаймыз!

Би: «Флешмоб». Музыка ырғағымен би қимылдарын топ қатысушыларымен бірге көрсете орындайық.

2 – жүргізуші: Әділқазылар алқасы сайыстың тұсаукесер кезеңіне беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер! 

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі сайысымыз «Ептілер»

- Екінші кедергі қасық,

Қасықта бар азық.

Жүгіруге болмайды,

Түсіруге болмайды.

Тез барып, тез қайтуға асық!

Шарты: Топ мүшелері кезекпен кедергілердің арасымен қолына ұстаған қасықтағы шарикті түсірмей алып өту. Сайыс кезінде кедергілерді құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.

 

Екеуі: Сайыскерлер дайынбыз ба? Қалыспа! Дайындал! Алға!

 

2 – жүргізуші: Әділқазылар алқасы бағалап жіберсек.

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі үшінші сайысымыз «Суретші»

Шарты: 1 – кезекте ойыншы ұш шығарғышты апару.

2 – кезекте ойыншы  қарындашты апару.

3 – кезекте ойыншы қарындашты ұш шығарғышпен ұштау.

4 – кезекте ойыншы  қарындашты ақ қағаз қасына жеткізу.

5 – кезекте ойыншы  не салу керектігін ыммен, қимылмен түсіндіру, көрсету.

6 – кезекте ойыншы берілген суретті салу. Соңында барлық құралдарын жинап, әділқазыға тапсыру.

 

Екеуі: Дайынбыз ба?  Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:

-         Жарайсыңдар! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі сайысымыз «Доптармен эстафета»

Шарты: Топ мүшелері кезекпен екі қолына екі допты алдына ұстап, сол мезетте тағы бір допты алдында аяқпен теуіп жүріп, көрсетілген нысанға дейін бара айналып кері қайту.  

Екеуі: Дайынбыз ба?  Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:

-         Сәт сапар!

-         Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі бесінші сайысымыз «Қақпашы»

Шарты: Топбасшы өз  тобына қарама – қарсы белгіленген нысанға барып, қолына шелек ұстап тұрады. Қалған топ мүшелері  кезектесіп кедергі арасымен жүгіре барып, қолындағы үш кіші допты кіші шелекке лақтырады. Шелек ұстаған топбасшы  лақтырған кіші допты қолындағы кіші шелекпен қағып алуы керек. Қағып алынған әр кіші доп 1 ұпай болып есептеу.

Екеуі: Дайынбыз ба?  Қалыспа! Дайындал! Алға!

 

2 – жүргізуші:

- Жарайсыңдар! Әділқазылар алқасы бағалап жіберсеңіздер!

 

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі соңғы сайысымыз «Шеңбер»

Шарты: Топ мүшелері  ретсіз орналасып, қолдарымен ұстасып тұрады, осы тізбекпен шеңбер құра кедергілер арқылы өту, кері қайту.

Екеуі: Дайынсыздар ма?  Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:

- Жарайсыңдар! Бәрекелді! Әділқазылар алқасы соңғы сайысымыздың бағаларын берсеңіздер!        

III. Қорытынды бөлім

1 – жүргізуші:

- Қазылар орнықтырар әділдікті!

Кімдердің бірліктері кәміл мықты!

Спортшы сайыскерлер сайысында,

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты...

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз,

Жеңілсек жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен,

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз!

- Олай болса, құрметті сайысқа қатысушылар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша кезеңнің қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге әсем әуенді ән шашу ұсынамыз.

2 – жүргізуші:

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! - дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер топтарды  мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

І орын – «ШЫМЫР» тобы                                      ІІ орын – «ҚЫРАН» тобы

ІІІ орын – «ЖАС ҚЫРАН» тобы                            ІІІ орын – «БӘЙТЕРЕК» тобы

Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Топтарды дипломдармен марапаттайды.

1 – жүргізуші:

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен «Толағай» сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, спорттық  сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір топқа  алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Қош сау болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Т О Л А Ғ А Й"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 401 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.04.2016 467
    • DOCX 25.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейітов Әсет Тасқынбайұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейітов Әсет Тасқынбайұлы
    Сейітов Әсет Тасқынбайұлы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 537
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Психолого-педагогические аспекты деятельности тренера-преподавателя по велоспорту в организациях физкультурно-спортивной направленности

Тренер-преподаватель

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности тренера по теннису

Тренер-преподаватель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Методика осуществления тренировочного процесса по футболу

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 298 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек