Инфоурок Технология СтатьиТақырыбы: "ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ"

Тақырыбы: "ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ"

Скачать материал

ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

 

Санқайбаев Б.Б.

технология пәні мұғалімі

"Әлкей Марғұлан ат.№40 орта мектеп" ММ

Астана қ.

 

       Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының бір саласы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Эстетикалық тәрбиенің ең алғаш адымы жанұяда басталып, мектепте оқу тәрбие жұмыстары үстінде ілгері дамытылады. Мектепте айналадағы тұрмыстағы көркем шығармалар мен өнер туындыларындағы әдемілікті дұрыс көруге, қабылдауға, түсінуге үйрету мұғалімге жүктеледі. Мұғалімдердің әр сабақта балаларға өздігінен жұмыс істетіп, олардың интеллектуалдық белсенділігін, еңбексүйгіштігін және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтіндей жұмыс жүргізуге мүмкіндіктері бар. Осы талап, мүмкіндік тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.  Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына, сауатты сурет салуға деген білім дағдыларын меңгертіп, ойын тұжырымдап, еркін қарым-қатынас жасауына жол ашу. Осы орайда өнерге деген қызығушылықты тудыруда оқушылардың практикалық жұмыс істеу мүмкіндіктерін дамыту.

           Әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылыктары артады. Оқушылар сызбада күнделікті қолданып немесе көріп жүрген заттарын көретін болса өтетін тақырыптарды жақсы түсініп игереді, оған мен өз тәжірибемде көзім жетті. Олар сызбаны тез және жеңіл түсінеді, сызбаға және сабаққа қызығушылықтары артады, білімдері мен логикалық қабілеттері тез дамиды. Технология  пәнінде әрқашан жаңа сабақты қысқа, түсінікті және логикалық құрылымды жеткізуге тырысамын. Басында оқытылатын материалдағы бастыны хабарлап, оқушымен бірге шешім жасау, артық ұсақ-түйекті сөз қылмау. жаңа материалға 7-10 минут жеткілікті. Қалған уақыт жаңа сабақты бекітуге жұмсалады. Әр сабақ мақсатын сабақ басында жеткізіп айту. «Қима», «Тілік» сияқты күрделі тақырыптар қайталанып түсіндірілуге тиіс. Технология пәні оқушыларға дайын мәліметтер ұсынбайды, оларды ойлауға, әр нәрсеге сын көзбен, салыстыра қарауға, есептердің шешудін мүмкін жолдарын табуға, ішінен тиімдісін табуға ұмтылдырады, ғылыми ізденістерге жетелейді. Өз іс-тәжірибемде оқытудың техникалық және басқа әр түрлі көрнекі құралдарын мүмкіндігімше пайдаланып, сабақта берілген сұраққа оқушылардың нақты жауаптарына және сол жауаптарын біртіндеп практика жүзінде дәлелдеп шығу білігіне негіздеймін. Оқушылардың техникалық бөлшектерді дұрыс оқуы және олардың сызбаларын сапалы орындауына бұл әдіс тиімділігін көрсетті.

Технология пәні сабағы оқушыларды тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс жасай беруді үйретеді, модель жасау барысында баланың психологиясы жайлап өзгереді, мысалы, оқушы ойлау арқылы заттың моделін жасағанда, пәнге деген өзіндік жауапты сезінеді. Жұмыстың бұл түрі оқушының шығармашылық қабілетін дамытады. Технология пәнінің ұлттық бағытта өткізілуі, оқушылардың қоршаған ортаға, салт дәстүрге деген көзқарастарын оны эстетикалық тұрғыдан қабылдауларын қалыптастырады. Мысалы ою-өрнек тақырыбын өткенде ең алдымен өрнектердің пайда болғанынан бастап айтылады сонымен қатар жеке оюдың атауымен, түстердің сәйкестігімен, композиция негіздерімен танысады. Тағы бір оқушыларды сабаққа қызықтыратын әдіс-тәсәл тақтаға суретін салу немесе сызу, оқушылар өздері салған суреттерді дәл мұғалімдікіндей қылып салуға тырысады, тақтаға салынған суреттің негізінде жасатын заттың моделі құрастырылады.

           Технология сабағы басталар алдында оқушылардың көңіл күйлерін білу үшін мынадай ойын жүргіземін. Бұл ойынға таза қағаз бен гуашь болуы қажет. Оқушылар қағаздың жарты бетіне қылқаламмен кез келген дақ салады содан кейін қағазды бүктеп екінші жартысына жабыстырады. Сонсын қағазды ашып пайда болған дақтан қандай бейне шыққанын айтады.

1.                  Көңіл күйлері төмен оқушылар дақтан нашар нәрселерді көреді, олар көк немесе сиякөк түстерді таңдайды. Ондай оқушыларды сабырлы оқушылармен отырғызған жөн.

2.                  Сабырлы бала ашық түстен дақ жасайды және  шыққан суретінен жақсы нәрселерді көреді.

3.                  Ашуланшақ балалар қызыл немесе қара түстерді таңдайды.

    Оқушылардың логикалық ойларын дамытуға тағы мынандай ойындарды қолдануға болады. Оқушыларды кез келген түсті айтып, сол түсті бес нәрсені тез арада айтуларын талап ету. Бір минуттың ішінде бес нәрсені атай алмаған бала ойыннан шығады. Аталған нәрселерді қайталауға болмайды. Бала тез ойланған арқылы түстерді қайталайды.

   Оқушылар тақырыптар бойынша жасаған жұмыстарды ұнатады. Ақын жазушылардың шығармалары оқылады, олар оның қандай жанрға жататынын тауып, суретін салады.

Қорыта келе, білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Технология пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай-ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады. Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық дамуын, өзіндік, кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.

    Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі білімді, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 244 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2017 835
    • DOCX 19.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Санкайбаев Берик Болатханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Санкайбаев Берик Болатханович
    Санкайбаев Берик Болатханович
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1702
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 073 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 093 человека

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 985 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 582 человека

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 247 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов