Инфоурок Другое КонспектыТақырыбы "Толағай" (Сауықтыру сайысы)

Тақырыбы "Толағай" (Сауықтыру сайысы)

Скачать материал

                                                 «Ақбота» балабақшасы

 

 

 

                                            Толағай

                                                  (Сауықтыру сайысы)

 

 

 

                                                                                 Өткізген: Турсунбекова Г.

                                                                                                

 

 

Тақырыбы. « Толағай»  сауықтыру сайысы.

 Жүргізуші:  Қадірменді балабақша қызметкерлері. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып саналады.Бүгінгі қоғам мүдесіне лайықты,жан-жақты жетілген,парасатты,мәдениетті,дені сау азамат өсіру балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.Балабақшамыздың да негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы дені сау сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Біздің бүгінгі «Толағай» атты сауықтыру сайысына қош келдіңіздер.

Ұстанған салауатты өмір салтын

Жасқанып ешқашан да мойымайтын

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық  бәріміз  .

Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1 жұп «Алтын сақа» тобының намысын қорғау үшін Гүлшат Боланқызы мен Серіковтар отбасын шақырамыз.

2 жұп «Ақ тиін» тобының намысын қорғау үшін Айнұр Болатқызы мен Ақылбековтар отбасын шақырамыз.

3 жұп «Қызғалдақ» тобының намысын қорғау үшін Айгүл Тұрарқызы мен Бейсенбаевтар отбасын шақырамыз.

Бала өсірген ата-ана                                                                  

Бала болып ойнайды

Бала тәрбиелеген тәрбиеші

Бала болып ойлайды

Жарысымызды бастамас бұрын

Жарысып енді көріңдер

Әділ қазы  алқасы

Әділ баға беріңдер  деп әділ бағасын беретін қазылармен таныс болайық.

1 Балабақша меңгерушісі  Нуралина Майра Серікқызы

2.Балабақша әдіскері Сарманова Көркем Каббас қызы

Жүргізуші.  Қалма жұрттың соңында

                      Қажет болса мың атта

                        Аздық етер оныңда

                       Тез жету үшін мұратқа

1.      Сайыскерлердің өз құрамын, топтарын таныстыру.

 

                                                                                          

2.      Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші.

Ептісі деп сайыстың жүрейікші « Ептілер» сайысы. Мақсаты:Шелекке салынған жемістерді кедергі арқылы біреуі жерге егіп кетеді,ал келесісі жинап келеді.

 

3.      Топ болып біз жүрейік

Ойнайықта күлейік

Достық деген тамаша

Міне  тұрмыз жараса  «Бәріміз біргеміз»    сайысы .Мақсаты. Барлығы бір шеңберге жиналып,    келесі шеңберге  өтіп,    берілген жерден оралып келу.

 

4.      Ең қызық тартыс-спорттық жарыс

Жеңу міндет емес

Қатысу міндет

Кім жеңсе тасымасын

Кім жеңілсе жасымасын. «Кім жылдам » сайысы. Мақсаты топ мүшелері     қолдарындағы таяқша мен  допты кедергілер арқылы  берілген жерден айналып келеді.

 

5.      «Кім тапқыр» сайысы.   Мақсаты  топ тәрбиешілері скакалка арқылы берілген жерге  кедергілер арқылы  өтеді. Ал   топтың әкесі мен анасы қолдарының үсітіне балаларын отырғызып, тездетіп жылдамдықпен өтіп,сол жердегі берілген  тапсырманы орындайды. Құрастыруға берілген шаңырақты баласы құрап, тәрбиешісі бір- біріне жапыстырғышпен жапыстырып, әкемізбен анамыз артында берілген жағдаяттарды шешіп жауабын береді

   

 

1.          Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?

2.          Балаңыз балабақшаға енді бармаймын апайлар ұрса береді деді,сіздің жауабыңыз?

 

1.      Теледидардан сіздің жақсы көретін сериалыңыз болып жатыр,балаңыз қарным ашты тамақ жимін дейді.Сіз не істейтін едіңіз?

2.      Қолыңыз тимей жатыр үйге кісілер келді дүкенге нанға балаңызды жіберу керек болды ,ал балаңыз бармаймын   дейді.Сіз не істейтін едіңіз?

 

1.      Балаңыз балабақшадан құлап бір жерін зақымдап алды,бала өзім құладым демей итеріп жіберді дейді.Сіз қандай күйде боласыз?

2.      Балаңызға жаңадан  етік сатып әпердіңіз,бала соны достарына мақтанамын деп жүгіріп құлап  етігін жыртып алады , тігуге келмейді өзі қымбатырақ тұратын етік.Сіз не істер едіңіз?

6.         «Кенгуру» сайысы . Ортаға  әкелеріміз баласын мойнына салып еңкейіп кедергілерден айналып өтеді, ал аналарымыз демеу болып берілген жерден баласын арқасына салып келеді. Ары қарай топтың тәрбиешілері өздерінің топтары үшін скакалканы тоқтамай теуіп кім бірінші тоқтағанша секіріп жарысады. Соңынан бала үлкен доптың үстіне отырып берілген жерден айналып келеді.

 

Ортада  спорттық  биі.   

     Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады

Бұл жарыста ренжімей

Тараса бізге жарады-демекші сайысымыздың шарттары бойынша қортындылау әділқазы алқаларына беріледі,

жеңімпазды анықтап марапаттау. «Ең жүйрік,шапшаң»номинациясы

«Ұйымшыл» номинациясы, «Алғыр,қырағы» номинациясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Алтын сақа» тобына берілетін тапсырма.

1.      Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл аударғанын   

        қалайды. Сіз не істер едіңіз?

2.      Балаңыз балабақшаға енді бармаймын апайлар ұрса береді деді,сіздің    

                   жауабыңыз?

 

             

            «Ақтиін» тобына берілетін тапсырма.

1.      Теледидардан сіздің жақсы көретін сериалыңыз болып жатыр,балаңыз қарным            

ашты тамақ жимін дейді.Сіз не істейтін едіңіз?

2.      Қолыңыз тимей жатыр үйге кісілер келді дүкенге нанға балаңызды жіберу керек болды ,ал балаңыз бармаймын қорқамын дейді.Сіз не істейтін едіңіз?

 

            

          «Қызғалдақ» тобына берілетін тапсырма.

1.      Балаңыз балабақшадан құлап бір жерін зақымдап алды,бала өзім құладым демей итеріп жіберді дейді.Сіз қандай күйде боласыз?

2.      Балаңызға жаңадан  етік сатып әпердіңіз,бала соны достарына мақтанамын деп   

                 жүгіріп құлап  етігін жартып алады , тігуге келмейді өзі қымбатырақ тұратын    

                  етік.Сіз не істер едіңіз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы "Толағай" (Сауықтыру сайысы)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 136 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2016 1442
    • DOCX 1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турсунбекова Гуляим Искаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турсунбекова Гуляим Искаковна
    Турсунбекова Гуляим Искаковна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8385
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой