Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Талантыңмен таныл» ойын түріндегі тәрбие сағаты

«Талантыңмен таныл» ойын түріндегі тәрбие сағаты



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


«Талантыңмен таныл» ойын түріндегі тәрбие сағаты

Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Оқушылардың математика, қазақ тілі, тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

Ойын түрінде өткізілетін тәрбие сағатына 6«а», 6«б» және 6«в» сынып оқушылары 3 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады.

Ұйымдастыру.

Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

1-жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер! Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

2-жүргізуші:

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өреңдер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жыр салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Қазақ тілі тілінде

Шабыт тасып шалқысып

Бименен біз жарысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

2-жүргізуші:Ендеше сайысымызды бастаймыз! Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады. Ойын барысымен таныстырып өтсем:

1. Таныстыру (өлеңмен)

2. «Дизайн үлгісі» (жапырақтардан киім үлгісін жасап қағазға жабыстыру)

3. «Ұшқыр ой» (сұрақтарға жылдам жауап беру)

4. «Мен биші» (қойылған музыкаға сай қимылмен билеу)

5. «Менің арманымдағы интернат...» (өз арманындағы интернат қалай болуы керек соны қағазға түсіру)

1-жүргізуші:

Шақырамыз үш топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.

2-жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

1-жүргізуші:

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық — дей келе сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыру.

(сөз кезегін әр топқа береміз)

1-топ. Топтың аты «Сұңқар»

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты «Тұлпар»

Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты «Болашақ»

Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз.

2-жүргізуші: Келесі кезекте 2 бөлім «Дизайн үлгісі». Оқушылар жапырақтардан киім үлгісін жасап, қағазға жабыстырады. Оқушылар дизайн үлгісі дайын болғанша ортада _________________________________________________

1-жүргізуші:

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең

өте алмайсың бөгеттен - дей отырып 3 -ші «Ұшқыр ой» бөлімін бастаймыз.Әр топқа сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 3 оқушы 1 сұраққа жауап береді. (әр дұрыс жауап 10ұпай).

«Сұңқар» тобына:

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

7. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

8. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)

9.Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш

қалады? (5)

10. Заттың атын білдіретін сөз табы (зат есім)

11. Әріптерің рет - ретімен тізілген жиыны (алфавит)

12. Бір метрде неше сантиметр бар? (100см)

13. Қойдың төлі (қозы)

14. Жігіттің неше жұрты бар? (3)

15. Үш кемеңгер би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

16. Республикамыздың рәміздерін ата. (әнұран, ту, елтаңба)

17. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)

1-жүргізуші:

«Тұлпар» тобына:

1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)

3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)

4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

7. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? (50)

8.Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)

9.Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөль)

10.Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

11.Адам алғашқы құралды неден жасады?(тастан)

12. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)

13. Түйенің төлі (бота)

14. Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады? (7)

15. Екі кісінің сөйлесуі (диалог)

16. Киелі құс (аққу)

17. Баланың тұсауын қандай жіппен кеседі? (ала)

2-жүргізуші:

«Болашақ» тобына:

1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)

2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)

3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )

4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)

5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)

6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

7.Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың

қаншасы қалды? (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

8. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар. ( 2 1 )

9.Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )

10. Көне заттарды сақтайтын орын (мұражай)

11. Жылдан құр қалған жануар (түйе)

12. Бір жылда неше күн бар? (365)

13. Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада? (Түркістан)

14. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

15.Алматының алмасы (апорт)

16.Ешкінің төлі (лақ)

17. 1 ғасырда неше жыл (100 жыл)

1-жүргізуші: «Өмір деген көк мұхиттың толқыны


Бір бірімен жатқан шулап, жалғасып.


Бір бірімен жатқан тулап арбасып


О, Толқындар, арпалысып алға шық


Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын


Құштарлықтың толғағы мен көктемі» -деп Т. Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Ал, олай болса, келесі «Мен бишімін» бөлімін бастаймыз.

2-жүргізуші:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып, V айналымды бастаймыз. «Менің арманымдағы интернат»

1-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. Әділ қазы алқасы ойынның қорытындысын шығарғанша ортада ______________________

2-жүргізуші:

Келесі сөз кезегін сайыстың қорытындысын шығару үшін әділқазылар мүшелеріне береміз.

1-жүргізуші:

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа.

2-жүргізуші:

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды. Cау- саламатта болыңыздар!




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров191
Номер материала ДВ-369968
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх