Инфоурок ИЗО, МХК Статьи"Тарих сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану"

"Тарих сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану"

Скачать материал

Іс-шараның тақырыбы: «Кейкі батыр: тағдыры, тарихы, тағылымы»

Барысы:

Мұғалім:-Қайырлы күн, құрметті оқушылар, қонақтар, ұстаздар! «Кейкі батыр: тағдыры, тарихы, тағылымы» тақырыбындағы Дала өлкесі мұражайымен бірлескен іс-шараға қош келдіңіздер.

 

(«Ассалаумағалейкум» әні)

Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923 ж.) -  1916 жылғы  Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы  Қыпшақ тайпасының Құлан қыпшақ руынан шыққан. Көп кісіге қосылмай жасынан аң-құс аулап, кісіге онша жоламай, кейкиіп жапан далада жалғыз жүргендігінен жеңгелері «Кейкі» атап кеткен. Сөйтіп, ел арасына «Кейкі» атымен танылған. Шежіреге зер салсақ, Кейкі бес ағайынды болған: Көкембайдан Оспан, Қосжан, Омар, Кейкі және Шұбар. Осылардың ішінде бүгінде тек Қосшанның ғана ұрпағы бар. Кеңес дәуірінде Көкембайдың кіндігінен тараған ұрпақтары «банды», «басымашының» туыстары деп айыпталып, билік басындағылардан тепірешті көп көрді.

Батыр мінезді Кейкі өзімен рулас Торғай өңіріндегі атақты бай Шашамбайдың Рахметі деген кісінің бетке ұстар жылқышысы болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деп сипаттайтын ғажайып қолмергендігі ақиқаттан шығып, аңызға айналып кетті.

 Кейкі балуан денелі, түсі суық, ашуланғанда екі көзі от болып жанып кететін, бірбеткей, қайсар, Арқа, Торғай даласын жатқа білген, күн райын алдын ала дәл болжаған адам болған деп сипаттайды көзін көрген қариялар. Сонымен қатар қолына Құран ұстап, намаз оқыған, ғайбат сөз айтпаған, теріс қылық жасамаған, әдептілігімен ауылдастарының ерекше сый-құрметіне бөленген. Оның қамшыгерлікпен де аты шыққан. Қашқанда да, қуғанда да қамшыдан адам құтқармаған. Дала ойындарында не түрлі сайыстарға қатысып, қыр елін қызықтарымен қуантып, таң-тамаша қалдырған өнерпаз. Кейкі батыр көне замандардан мұра болып келе жатқан қазақтың халық термесі мен халық жыр-дастандарын беріле тыңдаған, өзі де домбыра тарту өнерінен құр алақан қалмаған. Ел арасында «Кейкінің салауаты» деген жыр да сақталған.

Иә, айта берсек өте көп. Бүгінгі әңгімемізге арқау болған «Кейкі батыр кім?» деген сауалға жауап алу үшін сөз кезегін Дала өлкесі мұражайының ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлына берейін.

(Кейкі батырдың өмірбаянымен таныстырады, Әубәкір Қылышбайұлының естелігінен түсірілген деректі фильмнен үзінді көрсетеді).

            Мұғалім: -Оқушылар, тарихтан білесіздер, Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған  Торғай  қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне Кейкі батыр алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабының ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды. Кейкі батыр Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1919 жылы 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады. Ақыры, 1922 жылдың көктеміңде комиссар Александр Токаревті атып кеткен Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді: батырдың екі қолы, басы кесіп алынды, айы-күні жетіп отырған Ақжанның ішін жарып, нәресте етік табанына тапталды және інісі Түскен де азаппен өлтірілді. «...в доказательство, что Кейка был убит, отрублена голова и доставлена в Тургай» деп көзімен көргенін жазса И.Деев, тағы бір куәгер С.Искаков «Кейкінің басын қанжығасына байлап  М.Сафарғалиев қалаға кіргенде жұрт таңырқап көруге барды. Бас көше шамына байлаулы тұрды кешке дейін. Оны ілу себебі Кеңес үкіметіне қарсы шыққандарға осындай өлім деп айбар етілді» деп көрсетеді естелігінде. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 жылы республика астанасы  Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кетіп, антропологиялық қордың  кунсткамерасында сақталды.

Туған өлкесі Торғай даласын жетік білетін жазушы ағамыз Сабыржан Шүкірұлы Кейкі батыр туралы былай деп жазады: «Атыс өнеріне әбден жаттыққан аңшы Кейкі қолмерген атанған. Көздемей, оңы-солы, алды-арты демей, атүсті айқаста «желкесімен де көріп» жауынан бұрын қимылдап үлгіреді екен.  Жергілікті өлкетанушы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдин «Кейкі батырдың қазасы жайлы ақиқат пен аңыз» атты мақаласын жазды. Осы мақаладағы Кейкі тағдыры туралы 11 «А» сыныбының оқушылары Әдемі, Аруна, Майра, Бекзат, Лағыл, Ерсін сіздерге әңгімелеп береді.

Мұғалім:-Кейкінің бейнесін көркем әдебиетте Ғабит Мүсіреповтен Серік Тұрғынбековке дейінгі қалам қайраткерлері суреттеді: Ғабит Мүсіреповтің «Амангелді» пьесасында Кете батыр болып бейнеленсе, Мақан Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда», М.Қаратаевтың «Даладағы дауыл», Қ.Сәрсекеевтің «Қызыл жалау» кітабында жұмбақталып айтылады. Ал, қарасөзде Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты романы бар. Алайда совет заманында шыққан, онда да аты анық айтылмаған. Астарлап айтылса да бұл кісілер Кейкінің шын мәнінде кім екенін, ұлт тарихында қандай орын алуы тиіс екенін жеткізе білді. Кейкінің шынайы бейнесі көзін көрген замандастарының аузымен айтылып, тарихи деректер негізінде жазылған кітаптың авторы – Шөптібай Байділдин. Сондай-ақ поэзияда батырдың бар болмысы түгел ашыла жазылған эпикалық туынды – Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» дастаны.  Тәуелсіздік алған уақыттан бас­тап тарихи тұлғаның тағдырына ар­нап К.Әмірқызы, Ахметхан Бай­жан, Әубәкір Қылышбайұлы, Қайсар Әлім және тағы басқалары мерзімді баспасөз беттерінде қалам тартты. Осы тұста 10 «А» сынып оқушысы Қабдрахим Ұлмекенді ортаға шақырып,  назардарыңызға жергілікті ақын Мұрат Жүнісұлының «Кейкі баба» өлеңін ұсынамын.

Мұғалім: -Дала өлкесі мұражайының «1916 жыл» деп аталатын бөлімінде Кейкі батырдың тұтынған кебежесі бар. 10 «А» сынып оқушысы Табылдинова Адина сол кебеженің тарихы туралы әңгімелеп береді.

Мұғалім:-Кейкі батырдың бассүйегін туған еліне жеткізу – қазақ халқының көп жылдан бергі ізгі арманы еді. Батыр басын қайтару мәселесі республикада әлденеше рет көтеріліп, сонымен қатар хан Кенесарының бассүйегі де қайтарылса деген талап қойылған. Тек 2016 жылдың мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы батыр бабамыздың бас сүйегі елге қайтарылатыны туралы хабарлаған болатын. «Қазір біз бұл мәселені шеше аламыз. Ресейден келісім келді. Біздің ғалымдар да керек мәліметтерді жинап қойды. Тек оны әкелудің техникалық процедураларын шешу ғана қалды», – деген болатын министр А. Мұхамедиұлы. Мәскеуде экс-премьер-министр Кәрім Мәсімов өзінің ресейлік әріптесі Дмитрий Медведовпен өткен кездесуінде кунскамерада жатқан қазақтың соңғы ханы Кенесары мен Кейкі батырдың бас сүйегін елге қайтару мәселесін талқылайтынын мәлімдеді, іле-шала 12 тамыз күні Ресейге жасаған сапарында көршi елдiң үкiмет басшысынан Кенесары хан мен Кейкi батырдың басын қайтару мүмкiндiгiн қарастыруды ресми түрде сұрады. Батырдың бассүйегі Қазақстанға 6 қазан күні жеткізілді. ҚР орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бас сүйегі антропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Бассүйекті көрген ол Кейкі батырдың «басы кетпенмен шабылғанын», бірнеше жерде кетпеннің ізі барын айтты. «Басын тізерлетіп қойып кетпенмен шапқан. Мойнынан шапқан, оң жақ бетін шауып түсірген. Барлық ізі бар. Өтпейтін кетпенмен бірнеше рет шабу деген сұмдық қой», – деді Н. Әлімбай. Оның сөзінше, бассүйектің паспортында бастың кетпенмен шабылғаны жазылған. Бас сүйектің барлық бөліктері бар және оларды қалпына келтіруге болады. Бассүйекті толық қалпына келтіру үшін қазіргі уақытта Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары мұражайында арнаулы мамандар, антролог ғалымдар жұмыс істеп, батыр бабамыздың бейнесін қалпына келтірді. Антропология ғылымының машақатты жұмысымен осы салада тәжірибесі мол әрі Абылай ханның келбетін қалпына келтірген Агнеш Куштар, Шандор Эвингер мен Андраш Биро тікелей шұғылданды. Мажар мамандарының батырдың сүйегіне сараптама жасап, оның қайтыс болған кезде жасы шамамен қаншада болғанын, неден қайтыс болғанын анықтады. «Біз Кейкі батырдың қалай қайтыс болғанын тарихтан білеміз. Ал, біздің жасаған сараптамадан оның қандай жарақаттар алғанын көруге болады. Оны желкесінен металдан жасалған затпен кем дегенде жеті рет ұрған. Содан сүйегі сынып кеткен. Қатты жарақат алған. Рентгеннен де жарақаттардың барлығы көрініп тұр», – деді олар.

Осылай Кейкінің шынайы бейнесі қалпына келтіріп, туған елімен қауышты. Қыркүйек айында республикалық деңгейдегі мемориалдық кешенде батырдың бассүйегін жер қойнына беру рәсімі жасалды. Осы рәсімнің құрметіне түйе палуан жарысы, ат бәйгесі, ақындар айтысы, ғылыми-тәжірибелік конференция, спектакль ел назарына ұсынылды. Көрермен қатарынана табылған Жанатбек пен Нұржанға, Ақботаға сөз кезегін берейін.

(«Самға» әні)

 

Бұл – еліміздің тәуелсіздігінің арқасында, Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде қол жеткізіп отырған дүйім елдің жетістігі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде жүзеге асып жатқан құндылықтарымыздың жарқын көрінісі.

Болашақ үшін, ұлттың ертеңі үшін жанын қиған ардақты бабамыздың асыл бейнесі ұрпақ жадында сақтау үшін алда тағы да іргелі шаруалардың іске асырылатыны анық. Назарларыңызға рахмет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тарих сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Перезентация по казахскому языку на тему "Материалдар, олардың қасиеттері мен жұмыс істеу техникалары" 7 класс
  • Учебник: «Искусство», Сергеева Г.П., Кашекова И.Э., Критская Е.Д.
  • Тема: Искусство в жизни современного человека
  • 22.12.2017
  • 432
  • 0
«Искусство», Сергеева Г.П., Кашекова И.Э., Критская Е.Д.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2018 745
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисенгалиева Адеми Галымжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37411
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания МХК в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Курс повышения квалификации

Формирование метапредметных компетенций учащихся на уроках ИЗО и искусства

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Обучение архитектуре детей от 12 лет. Проектный подход

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1732 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 258 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 80 человек