Инфоурок Другое Статьи"Тарих сабағында белсенді оқу әдістерін қолданудың тиімділігі"

"Тарих сабағында белсенді оқу әдістерін қолданудың тиімділігі"

Скачать материал

Тарих  пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мақсаты оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету болып табылатындығына қарамастан, мұғалімдердің немқұрайдылық танытып, оқушылардың өз бетімен отыруына жол бермеуі аса маңызды. Оқушылардың жеке-дара жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін белсенді сабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Оқушылар алға ілгерілеген сайын, оларға мұғалім тарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсетудің қажеті болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыру керек. Сырттан көрсетілетін қолдау тоқтағанда ғана, оқушылар жоспарлы нәтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат етілсе, олар ештеңені үйренбейді деуге болады. Осыған орай Рата (Rata, 2012) өзін тек «үйлестіруші» ретінде ұстайтын мұғалім «мұғалім» деп аталуға лайық емес деп тұжырымдайды.

Мұғалімнің ең алдымен оқушының оқуға деген уәжін қалыптастыруға баса назар аударғаны дұрыс, себебі жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өсу осы психологиялық өлшеммен тығыз байланысты. Оқушыға тиісті еркіндік беру, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру, оқу материалын маңызды ақпараттармен қамтамасыз ету оқушының оқуға деген ішкі уәжіне игі ықпал етеді. Сонымен қатар, заман талабына сай оқушысына берері, айтары көп болуы үшін мұғалімнің өзі де үнемі білімін жаңартып, жетілдіріп отыруы тиіс.

Мұғалімдер кері байланыстың көмегімен және модельдеу, көрсету, сұрақ қою, бақылау, танымдық ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуіне үнемі қолдау көрсетуі керек. Оқушылардың пән бойынша терең білім алу мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әр түрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегімен білім беру шараларының табысты түрлерінің ретінде танылып, халықаралық деңгейде мойындалып отыр.

Белсенді оқу барысында мұғалімдер:

  • Барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ахуалын қалыптастыруға;
  • Сенімді, белсенді, жауапты, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
  • Оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс-тәсілдерді қолдануға;
  • Алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып; бүкіс сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға;
  • Оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға;
  • Оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.

Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалаптастырып,жағымды психологиялық орта қалаптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін ұялату үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін жаттығулар оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады.

Оқу үдерісінде оқушылар толықтай өздігінен білім алатын сабқтардан гөрі, мұғалім қажетті жағдайларды жасап, көмекпен қамтамасыз ететін сабақтарда жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін. Осы нәтижелерге жетудегі маңызды тәсілдердің бірі мұғалімнің әрбір оқушымен кері байланыс орнатып, келешектегі мақсаттарды айқындауы болып табылады.

Белсенді оқу үдерісінде мұғалім үшін:

  • Ой салып, ынталандыратын материал ұсыну;
  • Оқушылар ғылыми жоба барысында пайдалана алатын тәжірибелік және эксперименттік дағдыларды қалыптастыру;
  • Оқушыларға өздері қызығатын салаға қатысты сұрақ тұжырымдауға көмектесу;
  • Жұпта, шағын топта және құрамы өзгеріп отыратын жұпта жұмыс істеуге арналған жаттығу дайындау;
  • Оқушыларды бір-бірімен сұхбаттасуға жетелеу;
  • Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және мүдделерін есепке алу;
  • Оқушыларды өз бетінше ойлануға бағыттау;
  • Оқушыларға өздерінің ойлау және зерттеу дағдыларын қолдануды еске салу;
  • Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу;
  • Оқушыларға өз бетінше жұмыс істегенде жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды ойлап табу және ұйымдастыру маңызды болып табылады.

Белсенді оқу оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Хеттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуы дағдалуары меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді. Қызметтің мұндай түрлері оқушылардын өздері тапқан ақпаратты талдау және түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді бақылауды және талдауды қажет етеді.

Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, өз бетімен білім тапқандай қылса», «материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» (Ж.Аймауытұлы, 1929) оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс.Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады.

Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынастың дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тарих сабағында белсенді оқу әдістерін қолданудың тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тарих пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мақсаты оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету болып табылатындығына қарамастан, мұғалімдердің немқұрайдылық танытып, оқушылардың өз бетімен отыруына жол бермеуі аса маңызды. Оқушылардың жеке-дара жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін белсенді сабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Оқушылар алға ілгерілеген сайын, оларға мұғалім тарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсетудің қажеті болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыру керек. Сырттан көрсетілетін қолдау тоқтағанда ғана, оқушылар жоспарлы нәтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат етілсе, олар ештеңені үйренбейді деуге болады. Осыған орай Рата (Rata, 2012) өзін тек «үйлестіруші» ретінде ұстайтын мұғалім «мұғалім» деп аталуға лайық емес деп тұжырымдайды

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 296 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2018 1137
    • DOCX 21.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байгазиева Алтынкул Алыпбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13606
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе