Инфоурок Другое Другие методич. материалыТатулық - достықтың киелі бесігі (1 мамырға арналған фестивалі)

Татулық - достықтың киелі бесігі (1 мамырға арналған фестивалі)

Скачать материал

Татулық - достықтың киелі бесігі

(1 мамырға арналған фестивалі)

1 – жүргізуші:
  Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты фестивалімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2 – жүргізуші:
 1 мамыр - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
1 – жүргізуші:

 Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2 – жүргізуші:

 Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пен украин
Терезесі тең жатыр - дей сахна төріне біздің кішкентай қыздарымызды «Қазақ» биімен шақырамыз!
                                                                   бастауыш сынып
1 – жүргізуші:
  Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
2 – жүргізуші:

  Сахнаға 5сынып оқушыларын «Орыс» биімен шақырайық!

                                                                       5  сынып
1 – жүргізуші:
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.

  Сахнаға  Манап Мадинаны «                                          » әнімен шақырамыз!

                                                             Манап Мадина

2-жүргізуші:                                                      

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

8 сынып «Өзбек би»

8 сынып

2-жүргізуші:

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

 Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

 Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

 9 сынып «Қазақ би»

9 сынып

1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

                        Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

                        Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

                        Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                        Қайта тудым өмірге қайта келдім.

                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

                        Айта бергім келеді, айта бергім.

Сахнаға 10 сынып қыздарын «Қара жорға» биімен шақырамыз!

10 сынып

1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

                        Төбемізде бір аспан

                        Барлық ұлттың баласы,

                        Достығымыз жарасқан.

2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,

                        Ортақ жердің байлығы.

                        Еңбек ортақ, жыр ортақ,

                        Ортақ бізге барлығы.

Сахнаға 5 сынып қыздарын «Украина» биімен шақырайық!

5 сынып

1-жүргізуші:  Тілегі бір,

                        Жүрегі бір.

                     Достармен біз біргеміз.

                    Туыс барда құрыштан да,

                    Берік біздің іргеміз!

7 сынып «Орыс би»

 

1 - жүргізуші:
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын. - дей келе «Ақ көгершін» әніне кезек берейік.

бастауыш
1 – жүргізуші:
Жүргізушінің қорытынды сөзі: 1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.
2 – жүргізуші:
«Татулық достық киелі бесігі» атты мерекелік фестиваліміз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Татулық - достықтың киелі бесігі (1 мамырға арналған фестивалі)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2017 1248
    • DOCX 42 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманханова Гайнель Ермуханбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7897
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой