Инфоурок Технология Другие методич. материалыТехнологическая карта "Бесік жасау" (9 класс)

Технологическая карта "Бесік жасау" (9 класс)

Скачать материал

БЕСІК ЖАСАУ

Б.САТАЕВ,

№152 қазак. орта мектебінің технология   пәнінің  I санатты   мұғалімі.

Шиелі ауданы, Қызылорда облысы.

Сабақгың тақырыбы: ТСД-120 станогында сызба бойынша көп бөлшекті бұйым жасау. Сабақгың мақсаты:

Білімділік: окушыларды бүйым сызбасын сызуға, оқуға және сызба бойынша жүмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды іскерлікке, ұқыптылықка баулу. Тәрбиелік: үлттық қол өнерді қүрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру. Сабақгың   түрі: үштік немесе интеграциялық. (Технология, әдеп және әсемдікке баулу, әуез пәндері).

Сабақгы ұйымдастыру формасы: топқа бөліп оқыту. Сабақгы оқыту әдісі: әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс. Сабақтың кұрылымы:

1. Үйымдастыру кезеңі (2-3 мин.).

2.  Жаңа материалды оқып үйренуге дайындық (1-2 мин.).

3.  Технология пәні   мұғалімінің бесіктің тұрмыстағы қолданылуы мен оның түрлерін, құрылысын түсіндіруі (4-5 мин.).

4. Әдеп және әсемдікке баулу пәні мұғалімінің халық арасындағы бесікке байланысты әдет-ғұрыптар жайында түсіндірмесі (7-8 мин.).

5. Әуез пәні мұғалімінің бесік жырының түрлері, тәрбиелік мәні туралы түсіндірмесі (4-5 мин.).

6.  Технология пәні   мұғалімінің бесіктің жасалу жолдарын үйретіп, қауіпсіздік ережесі жайындағы нұсқауы т.б. (12-14 мин.).

7.  Жаңа материалды пысықгау (2-3 мин.).

8.  Оқушыларды топқа бөліп, оларға жеке-жеке тапсырмалар бөліп беріп, оны түсіндіру (4-5 мин.).

9.  Сарамандық бөлім  (125-130 мин.).

10.  Қорытывдылау (5-6 мин.).

Жұмыс объектісі:  кдзақгың қастерлі бұйымдарының бірі-бесік жасау. Бөлінген уақыт: 4сағат. Сабақгың көрнекілігі: 1. Бесік жасаудың нұсқау картасы.

2.  "Ағашты қолмен өндеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі" плакат.

3.  "Ағаш өндейтін токарь станогімен жүмыс кезівдегі техникалық қауіпсіздік ережесі".

4.  Қосымша әдебиетттер, баспасөз материалдары.

Сабақка кажетті құрал-саймандар, материалдар: ТСД-120 ағаш өңцеу станогі. Ағаш материалдар:

1.  Бесіктің арқалығы үшін:  60 х 60 х 1000

2.  Бесіктің сирақгары үшін:  60 х 60 х 800    2 дана

3.  Жақгаулары, сабауы, шыбықтары үшін: 60 х 60 х 1000

4.  Басын жасау үшін жас тал: 60 х 10 х 700

5. ДВП 900 х 350

6.  Ағаш желім. Сыр.

7.  Ара, сүргі, қашау, токдақ, кдйрақ, кағаз, қалш, сызғыш т.б. Сабақгың барысы.

I. Бесіктің тұрмыстағы қолданылуы.

Бесік - казақ халқының тұрмыстағы мәдениетін көрсететін асыл мұраларының бірі. Бесікті

Орта Азия халықгарының басым көпшілігі пайдаланған, әлі де пайдаланады. Киіз үйде өмір сүрген көшпелі халықгар үшін бесіктің тиімділігі, пайдасы орасан зор. Көшкен кезде бала бөленген бесікті арбада, түйенің қомында немесе салт атқа өңгеріп те алып жүрген. Ортасында ошағы бар кигіз үйде сәби отқа түсіп кетпес үшін немесе үй шаруасымен айналысып жүрген анасының аландамауы үшін де, ашық-шашыққалып суықгап қалмас үшін де, сәбидің тазалығы үшін де бесіктің маңызы зор.

Бесікті ата-бабамыз киелі дүние санап қастерлеген. Бала тәрбиесі бесіктен деген халқымыз, қазынамыз ортаймасын, үрпағымыз азаймасын деген ниеттен болса керек, бесік пен қазанды саудаламайтын болған. Бесікті аяқ-асты етпей, атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған. "Ел болам десең, бесігіңді түзе", "Ауылың-алтын бесігің", - деп бесік сөзі кең мағынада да айтылады. Қазіргі ғылыми медицина да бесіктің бала денсаулығына пайдалы жақтарын, гигиеналық жағынан тиімділігін дәлелдеп отыр. Бесік - қазақ ұлтының көнеден келе жаткдн киіз үй секілді тендесі жоқ қол өнер туындысы ретінде де халыкгың ескірмес қымбат қазынасы.

II. Бесіктің түрлері

Бесікті халық шеберлері өз қалауынша сәндеп жасаған.

Бесікке байланысты әдет-ғүрыпты, бесік той т.б. жөн жоралғылар туралы әдеп пәнінің мүғалімі түсіндіреді:

IV. Бесік тойы

Бала қырқынан шыкқан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақгы жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды. Бесікті көбінесе баланың нағашы жүрты алдын ала арнайы жасатып, бесік тойына алып келіп тартатын болған. Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берсін, үрім-бүтағым, өрісім көп болсын деген ой пікір кезделген. Қызды өріс, жиендерді үрпақ, жүрағат санаған.

Егер нағашы жүрты алыста болып, бесік тойына келе алмаған жағдайда үрім-бүтағы өскен, бала-шағалы аналардың бірі бесікті тойға тарту етеді. Оның себебі сәбидің өмір жасы ұзақ болсын, осы үй балалыгщағалы бодсын деген ырым.көзделген. Баланы бесікке салуды да үрім-бүтағы өскен, беделді қариялардың біріне тапсырған,

Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады, әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен. ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және камшы сияқгы бүйымдар жабылады. Тон, шапан жабу - ер жеткенде бала халықка қадірлі болсын деген тілек: жүген, жабу- ел қорғайтын батыр болсын деген тілек.

Бесік баланы емізгенге өте ыңғайлы. Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке асылып емізе береді. Тіпті анасы емізе отырып мызғып та алады. Және бесік баланың денесінің

Бесік түрлері

Қоддану боймніш

I     I

1

 

 

 

1

 

3

 

о Я

.3

 

1

1

 

8

 

 

 

Жасалынуы бойынша

1     1

 

 

 

н

 

 

В

 

3

 

 

о

 

о>

 

 

ю

 

 

 

 

с.

 

в-

 

 

н

 

0

 

 

I

 

я

 

Материалы бойыншя

Ц

о

а "3

18

й

о а

ю

 

 

 

III.  Бесіктің құрылысы

I.  Бел ағаш, аркдлық, арыс.

Бесіктің арқалығы үстіне жапқан көрпені баланың бетіне түсірмеуге, бесікті тербету әр түрлі сылдырмақ, ойыншық, тұмарша, үкі тағуға қолайлы. Нәресте оянған кезде екі қолын босатып қояды. Сонда ол сол ойыншықтармен ойнап жатады.

2,3. Алдыңғы бас, артқы бас немесе бөген. Жас талдан немесе қайыңнан иіп жасалынады.

4.  Сирағы-төрт бүрышты кемесе дөқгелектеп. оюлап, тал, кайың немесе қарағайдан жасауға болады.

5.  Жақгау. Екі басын қосып түрады.

6.  Сабау. Баулардың ұшын тігіп қояды.

7.  Шыбық.

8. Тақгай. Ортасын түбек орнататын жерін тесіп қояды.

9. Жорға (табан) табаны дұрыс тербетілуі үшін дөңестеу болып келеді.

10.  Түбек үлкен дәрет үшін. Қазақтар киізден жасап орталап күл салып қойған.

II.  Шүмек (кіші дәрет үшін) қойдың асық жілігінен жасаған.

тазалығына, үйықгауына қолайлы. Баланың нәжісі денеге жайылмай шүмек, түбек арқылы кетеді. Денесі қүрғақ бала жайлы жатып, тыныш ұйықгайды. Бесікке салушы сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбек түратын тесіктен, шашуға әкелген қүрт, ірімшік, бауырсақ, қант, кәмпит, күміс ақшаны өткізіп, "тышты, тышты" жасайды бүл салт "тыштырма" деп атайды. "Тыштырманы" әйелдер ырымдап - бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді. Балалы болғысы келген жас әйелдер ырым етіп шашудан дәм татып, қалталарына салып алады. Шашу үлестіріп болған соң бесікті отпен аластайды. Бесіктің арқалығына бірнеше жерден темірмен қарып белгі салады. Бәйбішелер қырандай көреген болсын деп, бесіктің арқалығына бүркіттің түяғын байлайды, жын-шайтаннан, көзден сақтасын деп тұмар жаздырып тағады. Сүлу болсын деп, басына айна, тарақ жастайды. Алғаш бесікке саларда нәрестеден жын-шайтан аулақ болсын деген ниетпен бесікті отпен аластайды (отпен аластау біріншіден, діни үғымға байланысты болса, екіншіден, микробтарды өлтіру, үшіншіден, иіс қоңысты кетіру, яғни, гигиеналық тазалық көзделген). Бесікті аластау кезінде:

"Алас, алас, баладан алас.

Иесі келді, пәледен көш!

Алас, алас, пәледен алас.

Көзі жаманның көзінен алас.

Тілі жаманның тілінен алас,

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас, - деп пәле-жала, жын-шайтан, тіл-көзден сақтасын деген тілек айтылады. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжың, үлт ойындарын ойнап көңіл көтереді. Жас нәрестеге бәйбішелер бата беріп, немерелеріне сарқыт алып қайтады.

Бесікке бала емшектен шықканша жатады. Ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре бастаған кезде баланы бесіктен мүлде шығарады. Бесікті тазалап үйдің ең сенімді жеріне сақгап қояды. Ол келешек үрпақ тезірек дүниеге келсін: " Бесік тілеу- телуші, енді оған келер бала жатсын" деген ырым. Бесікті қазақтың күрмет түтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке бөлеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

V. Бесік жьфы

Кдзіргі кезде сирек немесе мүлдем айтьшмайтын бесік жырының, оның халык арасында тараған бірнеше нұсқасын әуез пәнінің мұғалімі айтып береді.

Бесік жырының бала өмірінде айырыкдіа орны бар, ол сәбидің ана аузынан еститін тұңғыш әні. Бала дүниеге келгеннен кейін тал бесікке жатып, анасының әлдиі арқылы бесік жырымен ауызданып, бесікжырына бөленіп, бесік жырына тербетіліп өседі. Бесікжыры- қазақ баласының өміріне мән береді, жүрегіне адамдық қасиетті ұялатып, білегіне куат береді, бойына жігер береді.

Сондықган да бесік жыры баланың жадында қалып, азамат боп қалыптасуына тигізер әсері мол.

Бесік жырының халық арасында кең тараған көне нұсқаларының бірі мынандай болып келеді:

Әлди, әлди бөпешім, Қазы жүнді көкешім, Жұрт сүймесе сүймесін Өзім сүйген бөпешім. Жылама, балам, жылама, Ата-анаңды қинама. Құрығыңца майырып, Түнде жылқы қайырып, Қызмет қылар ма екенсің?! Бармақгарың майысып, Ою-өрнек ойысып, Үста болар ма екенсің?! Тандайларың тақылдап, Сөйлегенде сөз бермей, Шешен болар ма екенсің?! Кең балакты түрісіп, Ойға-тауға жүрісіп.

Балуан болар ма екенсің?! Қылған ісің оң болып, Кигенің жақсы тон болып, Момын болар ма екенсің, Жылама, балам, жылама, Әлди, бөпем, ақ бөпем, Алтынмен шоқтап бөрікті Берсек пе екен осыған! Біз садаға, біз зекет. Кетсек пе екен осыдан? Бал қайнатып шай ішкен, Қазы кертіп, жал жеген, Асты болар ма екенсің?! Үзақжасап, көбірек Басты болар ма екенсің?! Әлди бөпем, әлди-ай...

Бесіктің жасалыну жолдарын, жүмыс кезіңцегі қауіпсіздік ережелерін, әдіс-тәсілдерін нұсқау карта бойынша т.б. көрнекіліктерді пайдалана отырып, технология пәнінің мұғалімі түсіндіріп береді.

VI. Бесіктің жасалынуы

Казақ бесігі талдан немесе кайыңнан иіліп жасалады. Иіп жасаған бесік казақ бесігінің негізгі түрі болып табылады. Бесік бөлшектері тербетіп, қозғаган уакңтга сықырламас үшін бір-бірімен желім, ағаш шеге арқылы берік қиыстырылады. Бесікгі жасап болган соң, оны ашық, жылы түсті бояумен боадды, казақ халқы әр бояудың түсіне өзіңцік мән берген. Мұвдағы ақ түс - касиетгі саналып, бакытгың, үлылық пен ададдықгың белгісі мағьшасьша ие болған, жасыл түс - бакьпты жастық шақ пен ерке көктем белгісіне ие. Қызыл түс - жылылықгы, күш куатты, сергектікгі, отгьщ, күннің белгісін білдіреді. Ал, сары түс - ақыл парасатгың, тұпсіз мұңнЫң, сағыныштың белгісі ретідце кабылданған т.б. Мұғалім нұскау карта бойынша атқарылатын жұмысты түсіндіріп болған соң, оқушылар жұмыска кіріседі. Сарамандық бөлімді топка бөліп үйымдастырғанда жақсы нәтиже береді. Қортындылау.

Ағаішы крлмен өндеу кезівдегі КДУШСІЗДЖ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жаракат алу себептері дұрыс емес саймаңцарды қолданудан немесе кұрал-саймаңцарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін. Сондықган: Жұмыскд дейін

1. Жұмыс киіміңде киін (фартук, халат).

2.  Жұмыскд кэжетгі кұрал-саймандарынды түгевдеп, мүқият   тексер ( верстактың қысқыш кораптарын, тіреуішін және сыныларын т. б.).

3. Жұмыс орнынды, саймандарынды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орнывда артық ешнәрсе тұрмасын. Жүмыс кезінде

1.  Дайындаманы верстакқа мықгап бекіт.

2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен аткдр. Саймандарың қайралған әрі жарылмаған болсын.

3.  Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (кесу, жону, тесу, біріктіру, т. б.) өзіне тиісті қүралдарды пайдаланып атқар.

4.  Жұмыс орнынды әрдайым тазалап отыр.

5.  Жүмыс кезінде әр нәрсеге аландама.

6.  Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал. Жұмыстан кейін

1.  Жасап жатқан бұйымынды, материалдарды кезекшіге немесе мүғалімге тапсыр.

2. Жұмыс орнынды ретке келтір. Қолэден сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптарының арасын 2-5 мм етіп қой.

3.  Өзіңді ретке келтір.

4.  Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.

Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі КДУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:

1.  Жаңкдның үшуынан көз жарақаты.

2.  Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты.

3.  Дұрыс пайдаланбаудан қол жаракдты.

4. Дайындаманы станоккд дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықган:

Жұмысқа дейін

1.  Жұмыс киімінді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді ретте.

2.  Станокті тексер (ременді берілістің қорғаныш бөліктері, заземление т. б.).

3.  Жүмыс орнында артық ешнәрсе тұрмасын.

4.  Дайындаманы мүқият тексеріп (көз, жарық, т. б.) станоккқа дұрыс бекіт.

5. Пышақ тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықгығы 2-3 мм болсын.

6.  Жүзін тексер.

7.  Станокті бос айналдырып тексеріп көр.

8.  Көзге көзәйнек ки. Жұмыс кезінде

1.  Кесу жүмысын станок толық күшімен айналған соң баста.

2.  Пышақгы дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.

3.  Пышақ тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2-3 мм.).

4.  Жарақат алмас үшін:

а) Станокқа қатты жақындама. ә) Станок үстінен алыс-беріс жасама. б) Өлшеу жүмыстарын станок толық тоқгаған соң жүргіз. в) Қолыңмен тоқгатушы болма. г) Жұмыс істеп түрған станокті тастап кетпе. Жұмыстан кейін

1.  Жұмыс орныңды ретке келтір.

2.  Станокті мұғалімге тапсыр.

3.  Өзінді ретке келтір.

Бесік жасаудың нүскру картасы мүк/абаның 2 - 3 ші беттерінде берілген.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Технологическая карта "Бесік жасау" (9 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 394 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация проектной работы "Лоскутное шитьё"
  • Учебник: «Трудовое обучение. Технический труд в 8 классе», Гузов В.В.
  • Тема: 2.1. Организационно-методические особенности поурочной практической деятельности (согласно варианту I) 
  • 12.01.2017
  • 1820
  • 11
«Трудовое обучение. Технический труд в 8 классе», Гузов В.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2017 2920
    • DOCX 622 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абикеев Маргулан Мухадесович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абикеев Маргулан Мухадесович
    Абикеев Маргулан Мухадесович
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5905
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 094 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 243 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 074 человека

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 989 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 585 человек

Мини-курс

Личностный рост и развитие: инструменты для достижения успеха

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек