Инфоурок Другое Другие методич. материалыТема: Жыр дүлдүлі -Ілияс

Тема: Жыр дүлдүлі -Ілияс

Скачать материал

Жыр дүлдүлі –Ілияс

Жоспар

1.Ақынның өмірбаянымен таныстыру

2. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу

3.Қортынды

Мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығымен  өмірі жайлы  насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ақынның ірілігі мен парасаттылығын айқындай түсу.

Көрнекілігі: ақын портреті ,кітап көрмесі, слайд.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Жыр дүлдүлі –Ілияс» атты әдеби кешімізді бастауға  рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:                                                                                                                                                                                Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,                                                       Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар,                                                             Тату –тәтті  бармысыңдар,                                                                   Армысыңдар,Адамдар!-деп Мұқағалидің сәлемдесу салтымен  амандасайық. Қош келіпсіздер, өнер сүйер қауым!

Домбыра үні»                                                                                                             «Ағымды менің Ақсуым» өлеңін Жазерке  оқиды.

Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Бейсекенова Гүлбаршын Ахметкәрімқызына  сөз береміз.                                                                                 1-жүргізуші:

Өнерге ұмтыл,өнерді біл замандас!

Қамдан,жатпа,заманыңнан хабарлас!

Ынта салсаң,білім туын қолға алсаң,

Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас.

2-жүргізуші: Көктемнің  шапағын шашқан  шырайлы, мамыражай күнінде дүниеге келген халқымыздың дүлдүл ақыны Ілияс Жансүгіровке биыл 120 жыл толып отыр. Қазақ әдебиетінің дарынды  тұлғасы, ақын- Ілияс Жансүгіров Кеңес  дәуіріндегі эпикада, лирикада терең ойдың ,үлкен сезімнің,ұшқыр қиялдың ақыны бола білді.

Мектебіміздің әдістеме ісі жөніндегі орынбасары  Көпбаева Алима апайға сөз береміз.

1-жүргізуші:

Болашақ ақын жерінің бетін жеті өзені өрнектеп , заңғар таулары көкке сұғынған көркем өлкенің әсем бір өңірі- бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге  келген.

2-жүргізуші: Ілияс поэзиясы  - ойға  - қанат , сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.  Алғашқы  жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген. Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды.  І. Жансүгіров 1926-1928 жылдары Мәскеудегі журналистика институтында оқып, қоғамдық ғылымдар саласынан терең білім алады.  Ақыл- ойы толысқан,  өмір тәжірибесі мол, талантты жігіт, әйгілі ғалымдардың дәрісіне өздігінен оқуы қосылып, тез кемелденеді.                

   «Қара жорға» биі Назиля мен Салтанат

1-жүргізуші: Институттың соңғы курсында оқып жүргенде- 1928 жылы  «Сағанақ» атты тұңғыш  жинағы жарық көреді. Елге оралған соң, ол республикадағы аға газет-«Еңбекші Қазақта», 1934-1935 жылдары Қазақстан көркем әдебиет баспасында жауапты қызметтер атқарады. 1934 жылы КСРО Жазушыларының  І съезіне делегат болып қатысып, сөз сөйлейді.

2-жүргізуші: Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып істейді. Ақынның М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен  Сейфуллин, Мұхтар Әуезов пен достығы оның қаламгерлік жолына игілікті әсер етеді.Тұңғыш кітабы  шыққаннан жазықсыз жазаға  ұшырағанға дейінгі  10 жылға жетер -жетпес  аралықта Ілияс Жансүгіров  қазақ әдебинтіне «Жолдастар»  атты романмен байытады, әсіресе , поэзия көптеген әсерлі өлеңдері  «Жетісу суреттері», «Гималай» атты керемет көркем жыр-толғауларына қоса, артынан «Дала», «Күй», »Күйші»,  «Құлагер» сияқты классикалық поэмалар беріп , ақындық  шыңына көтерілді.                                       1- жүргізуші:

Мен  өзім  тауда, тасында  өстім,       

 Жасымнан  мұз төсеніп ,қарды кештім.                                     

 Асқарда Аршалыға қозы  жайып,                                                 

 Бұлттың астындағы қасында өстім.

2-жүргізуші:

Хақ сөйле , қызыл тілім, адал сайрап!

Тапсырдым бар ойымды саған арнап.

Көңілім,а рам ойлап алаңдама,

Алмаққа  біреуді алдап, біреуді арбап,

 

1- жүргізуші:                                                                                                Ал,сайра ,жас бұлбұлдар, мұңді үнмен,

Көңілің көтерінкі көгілжімнен,

Еркін таң ,маңайғы  жан көз тігіп тұр,

Сайра әнмен,сайра күнмен, сайра  мұңмен- деп

алдарыңызда 8 б сынып оқушылары ақынның өлеңдерін  оқиды.

2жүргізуші: Көзі тірісінде ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров 1938 жылы  жазықсызжазаға ұшырады.Әскери соттың үкімімен нақақтан  атылған Ілияс Жансүгіровті ССРО  Жоғарғы соты Әскери  алқасының  шешімімен 1957 жылы 4 сәуірде ақталады.

Ернардың орындауында ән

1- жүргізуші:  Назар аударып тыңдағандарыңызға  рахмет осымен   «Жырдүлдүлі-Ілияс»  атты әдеби кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Сау болыңыздар.                                                                                     

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тема: Жыр дүлдүлі -Ілияс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.06.2016 1147
    • DOCX 21.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кебекбаева Бахытгүл Тлепалдықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29283
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой