Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Теміржолға білікті де білімді маман даярлаудың алғы шарттарының бірі – теория мен тәжірибені ұштастыру»

«Теміржолға білікті де білімді маман даярлаудың алғы шарттарының бірі – теория мен тәжірибені ұштастыру»

Скачать материал

«Теміржолға білікті де білімді маман даярлаудың алғы шарттарының

   бірі – теория мен тәжірибені ұштастыру»

 

 Қазіргі таңда заман талабына сай біліммен қаруланған, жаңа технологияларды меңгерген, сапалы кәсіби мамандар даярлау –мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып отырғаны белгілі.

    Әлемдік стандарттарға сай өнім өндіріп, дүние жүзілік сауда ұйымына кіруді мақсат еткен, бәсекелестікке қабілетті, дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді басты бағдар етіп алған еліміздің экономикасын көтеруге, дамытуға үлес қосатын  қазіргі оқушы-жастарды, болашақ мамандарды даярлау ісінде кәсіптік техникалық білім беру орындарының маңызы өте зор, сондықтан да олардың  материалдық- техникалық базасы мен қажетті оқу –әдістемелік материалдары қазіргі таңдағы қойылып отырған талаптарға сай болуы тиіс.

    Бәсекелестікке қабілетті, сапалы мамандар даярлау үшін оқушыларға берілетін кәсіптік білім беру сапасын арттыру қажет.

   Жалпы, сапа және білім беру сапасы дегеніміз не? Кәсіби білім беру сапасы мен оның нәтижесі қалай анықталады?

   Сапа- нәтиже, тиімділік ретінде жалпы қабылданған стандартқа немесе орындалу қажеттілігіне сәйкестікті білдіреді.

   Сапа- мақсатқа сәйкестік ретінде сыртқы мақсат пен күтілетін нәтижелері тексеруге жатпайтын ұйымның ( бағдарламаның) нақты мақсаты мен міндеттерінің шоғырлануы.

   Сапа- қызметтің барлық аймағының жақсы жақтарының өзгеруін кіріктіруші. Білім сапасы- оқушы деңгейінде тұлғалық даму, алдағы өмірде жетістіктерге жету мүмкіндіктері.

   Білім сапасы -  негізгі өнім, түлек құзырлылығының сапасы болып табылатын білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігі.

   Білім сапасы- объектінің, әр деңгейдегі білім сатыларының, топтың, сыныптың, білім үрдісінің, білім ұйымдарының, білім жүйесі түлектерінің көрсеткіші.

 

Кәсіби білім беру сапасына әсер ететін негізгі факторларды мынадай бағыттарға бөлуге болады:

        I.            Колледждің (кәсіптік лицейдің) жалпы дамуы;

      II.            Балалардың білім алу құқығын жүзеге асыру;

    III.            Оқыту сапасының деңгейі;

    IV.            Оқушылардың білім сапасы;

      V.            Колледждің (кәсіптік лицейдің) тәрбие жұмыстары;

    VI.            Оқушылардың тәрбиелік деңгейі;

  VII.            Оқушылардың денсаулығы;

VIII.            Ата-аналармен жұмыс.

   Осы бағыттар бойынша жақсы жұмыстар атқарылатын болса, онда білім нәтижесінің сапасы да артады.

Білім нәтижесінің сапасы- оқушылар, түлектер білімінің деңгейі, көлемі, толықтығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, қалыпты өсуі,  өмірмен, практикамен ұштасуы сияқты тұтастығымен анықталады.

   Осыған байланысты колледжіміздің  «Теміржол мамандықтары» бөлімшесіне қарасты 1108000 «Теміржол жылжымалы құрамаларын жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету» және 1203000 «Теміржол көлігінде  тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару » мамандықтары бойынша теміржол мекемелеріне мамандар  даярланады. Осы мамандықтар оқушыларына оқу процесіне сәйкес теориялық білімдер арнайы пәндер бойынша макеттермен, модельдермен, стендтермен, интерактивті тақтамен, компьютерлермен , мультимедиалық құралдармен, оқу- әдістемелік нұсқаулықтармен және арнайы оқулықтармен жабдықталған дәрісханаларда өткізіледі.

 Оқу процесінде көрсетілгендей оқушыларға оқу тәжірибелері арнайы жабдықталған колледжіміздің өз шеберханаларында өтіледі. Мұнда слесарьлық іс, металдарды кесіп өңдеу, слесарлы- монтаждық, электромантаждық , электрмен пісіру жұмыстары  тәрізді тәжірибелер бойынша сабақтарды бөлінген оқу жүктемелеріне байланысты мамандандырылған оқу шеберлері өткізеді.

    Мамандықтарына сәйкес оқушыларға жұмысшы мамандығын игеру, өндірістік технологиялық және диплом алдындағы тәжірибелері теміржол мекемелерінде өтіледі. Бұл тәжірибелер колледжіміздің директоры және теміржол мекеме басшылары арасында жасалып, заңдастырылған арнайы келісім- шарт негізінде орындалады. Осы келісім –шарттарға сәйкес теміржол мамандықтары бойынша оқушылар жоғарыдағы көрсетілген тәжірибелерден төмендегі аталған теміржол мекемелерінде өтеді:

1.      Қызылорда локомотивтерді пайдалану депосы

2.      «Қызылорда жолаушылар вагондарын жөндеу - 1  зауыты»

3.      Қызылорда « Вагонсеровис» АҚ

4.      « Вагондарға  техникалық қызмет көрсету бекеті»

5.      РМК «Қазақстан  теміржолы » Қызылорда тасымалдау бөлімі

6.      Қызылорда стансасы

7.      Белкөл стансасы

8.      ПЧ-57 жол дистанциясы

9.      Қазалы «Дәулет-А» локомотив жөндеу депосы

10.  Қазалы «Вагон жөндеу депосы»

11.  Қазалы стансасы

12.  Арал вагон жөндеу зауыты

13.  Арал стансасы

14.  Сексеуіл «Тербенбес» локомотив жөндеу депосы

15.  Жалағаш стансасы

16.  Шиелі вагондарға Техникалық қызмет көрсету және бақылау бекеті

17.  Жаңақорған стансасы

18.  Жаңақорған вагон бақылау бекеті

 

    Аталған теміржол мекемелерінде оқушылар колледжде алған теориялық білімдерін іс жүзінде тәжірибелерден өту арқылы теміржолға қажетті, заман талабына сай білікті де білімді маман болып шығады.

 

Дайындаған: « Теміржол мамандықтары пәндері» циклының төрағасы:  Әбдіқадыр

                                                                                                                                      Айтбай  Тәжібайұлы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Теміржолға білікті де білімді маман даярлаудың алғы шарттарының бірі – теория мен тәжірибені ұштастыру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 689
    • DOCX 18 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абуова Айжан Турашовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абуова Айжан Турашовна
    Абуова Айжан Турашовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 755
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой