Инфоурок Информатика Другие методич. материалы"Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

"Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Скачать материал

Пән Информатика  сынып 10а,ә  Күні  28.10.16 ж.

сабақ №: 9

Тақырып: Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер),  оқиға және  әдістер

Мақсат: Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер),  оқиға және  әдістер тақырыптары

бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Білімділік – Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер),  оқиға және  әдістер тақырыптары

бойынша оқушылардың түсініктерін қалыптастыру, Visual Basic бағдарламасында жұмыс істей

алуға үйрету.

Дамытушылық – тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма

орындауда тиімді пайдалануға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ типі: аралас

Құрал-жабдықтар: оқулықтар, компьютерлер, тест тапсырмалары, дәптерлер, интерактивті

тақта, Visual Basic 6.0.

 

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

- Сәлеметсіздер ме, достар! Сабағымызды ерекше түрдегі тілек-амандасудан бастауды ұсынамын. Ісіміз сәтті болсын!

- Тілек қысқа да нұсқа болуы керек және аз сөзбен.

   Амандасады, шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне допты лақтыру арқылы тілек айтады. «Сәттілік серік болсын!», «Арайлап атсын әр таңың!», «Баршаңызға мейірімділік тілеймін!»т.с.с.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

8 мин

      Тест тапсырмасын дәптерлерінде орындайды, орындап болғасын көршілерімен дәптерлерін ауыстырып, тақтадағы жауаптармен бір–бірлерін тексереді.

  Тест тапсырмасын дәптерлерінде орындайды, орындап болғасын көршілерімен дәптерлерін ауыстырып, тақтадағы жауаптармен бір–бірлерін тексереді.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

7 мин

 

 

     Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және оның дизайнін жасау үшін қызмет атқаратын басты терезе Пішін деп аталады.

      Пішін түрлі қасиеттер мен әдістерге, оқиғаларға ие. Пішін ұсақ нүктелі тордан тұрады. Тор пішіндегі нысандардың дұрыс орналасуы үшін қызмет атқарады. Пішін – пішін конструкторы терезесінде орналасады.

      Егер экранда пішін көрінбесе, онда оны келесі бұйрықтарды орындап шығаруға болады:

1.      Бас мәзірден View Object  бұйрығын шерту арқылы;

2.      Shift+F7 функционалды батырмалар үйлесімін шерту арқылы;

3.      Project терезесіндегі сәйкес батырманы шерту арқылы.

Егер экранда  Форма  көрінбесе, онда оны келесі командаларды орындап шығаруға болады:

1. Бас менюден View-Object  командасын  орындау арқылы;

2. Shift+F7 функциональды клавишаларын басу арқылы;

3. Project  терезесіндегі сәйкес батырманы басу арқылы

1-кесте. Пішіннің жиі қолданылатын қасиеттері

Name

Жобаның тақырыбын өзгерту

Caption

Пішіннің тақырыбын өзгертеді

Appearance

Пішіннің көлемін өзгертеді (0 – ені бойынша созылады, 1 – көлемі бойынша созылады)

BorderStyle

Пішіннің шекара типін орнатады

BackColor

Пішіннің түсін өзгертеді

Left және Top

Пішіннің сол жақ бұрышы тұрған орнын көрсетеді. Өлшем бірлігі – твип.

Height жәнеWidht

Пішіннің биіктігі мен енін орнатады. Өлшем бірлігі – твип.

ScaleMode

Өлшем бірліктерді береді (0- қолданушы өзі белгілейді, 1 – твип, 2 - пунктир, 3 - пиксель, 4 – символдар, 5 – дюймдер, 6 – мм, 7 – см).

ScaleHeight

Пішін маштабының координаттарын орнатады

ScaleLeft

Пішін маштабының сол жақ төменгі бұрышының координаттарын орнатады

ForeColor

Пішінге Print  әдісімен шығатын мітін түсін береді, басқа мәтіндік нысандарға әсер етпейді және пішіндегі нүктелердің түсін өзгертеді

Initialize

Қосымшаны іске қосқанда пайда болады

Activate

Пішін екпінді күйге түскенде пайда болады

Unload

Пішінді жапқанда пайда болады

Click

Нысанның үстіне меңзерді апарып, тінтуірмен сол жақ батырмасын шерткенде пайда болады

Өлшем бірліктері:

1440 твип - 1 дюйм;

1 см - 567 твип;

72 пункт - 1 дюйм;

2,54 см – 1 дюйм

Басқару элементтері (нысандар)

       Қолданбаның интерфейсін жасау үшін түрлі нысандар орнатамыз. Нысандар Toolbox құрал – саймандар тақтасында орналасқан.

10 сынып1

Visual Basic ортасының Комоненттер  панелінде  келесі элементтер орналасқан:

1. Pointer – панельдегі екпінді күйде тұрған компонент батырмасының түрін  кәдімгі режимге ауыстыру үшін қолданылатын көрсеткіш.

2. Label – текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент.

3. Frame – формаға ішіне әртүрлі компоненттерді топтастырып орналастыру үшін қолданылатын компонент.

4. CheckBox – формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент.

5. ComboBox – формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар құрастыруға болатын өріс шығару үшін қолданылатын компонент.

6. HscrollBar – формаға жатық айналдыру белдеушесін шығаратын компонент

7. Timer – формаға уақыт-өлшеуіш шығаратын компонент

8. DirListBox – формаға таңдалған дискінің құрамына кіретін каталогтар тізімін шығаратын компонент.

9. Shape – формаға әртүрлі геометриялық фигуралар шығаратын компонент

10. Image–формаға әртүрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент.

11. OLE – Visual Basic ортасын Windows операциялық жүйесіне орнатылған басқа қолданбалы программаларымен байланыстыратын компонент.

12. PictureBox –формаға графиктік өріс шығаратын компонент.

13. TextBox – формаға текстік және сандық шамаларды енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.

14. CommandButton – формаға командалық батырма орналастыру үшін қолданылатын компонент.

15. OptionButton – формаға жанында ауыстырып қосқышы бар жазу шығаратын компонент

16. ListBox – формаға бірнеше қатарлардан тұратн жазулар тізімін шығаратын компонент

17. VscrollBar – формаға тік айналдыру белдеушесін шығаратын компонент

18. DriveListBox – формаға компьютерге орнатылған дискілер тізімін шығаратын компонент

19. FileListBox – формаға таңдалған каталогта орналасқан файлдар тізімін шығаратын компонент

20. Line – формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент

21. Data – формаға белгілі бір объектілерді деректер қоры сақталған mdb-типті файлдармен байланыстыратын және олардың жұмысын басқаратын компонент.

     Оқиға – нысанның өзгеріске ұшырауы немесе нысандардың бір-бірімен әрекеттесуі. Нысандар оқиғаны шақырып, оқиғаға қарсы жауап іздейді.

   Жаңа тақырыпты өздігінен меңгереді, оқулықпен жұмыс жасайды, негізгі ұғымдарды дәптерлеріне конспектілеп алады.

ІV. Тәжірибелік тапсырма

15 мин

       Оқулықпен жұмыс. 69-71 б.б. Тәжірибелік тапсырмаларды ДК-де Visual Basic6 бағдарламасында орындау.

Тәжірибелік тапсырмалар

1.  Төмендегі тапсырманы орындаңдар:

1) Жаңа жоба ашып, пішінге Label1

батырмасын апару арқылы орнатыңдар.

2) Caption қасиетіне “Мен оқушымын”

деп жазыңдар.

3) Жобаны Run/Start не F5

батырмалар үйлесімімен іске қосыңдар, жобаны Run/End  батырмасымен жабыңдар.

4) Жобаны Exe қосымшасы түрінде

сақтаймыз, ол үшін: File/Make Project1.Exe батырмасына шертеміз, диалогтік терезе пайда болады.

5) Қажетті буманы таңдап, өздерің

жобаға атау беріп, сақтаңдар.

6) Енді жобаны File/ Open Project

батырмалары арқылы ашыңдар.

7) Пішін мен Label нысанының өлшемін

берілген кестедегідей етіп өзгертіңдер.

Нысан қасиеті

Left

Top

Width

Height

Пішіннің өлшемі

2800

2800

5500

3800

Label

235

110

5300

1200

8) Нысанның әрпі мен түсін

Қасиеттер терезесінен BackColor батырмасын шертіп,  System (Жүйелік түс) және Palette (Палитра) ішінен керекті түсті таңдап, Label батырмасының түсін өзгертіңдер.

9) Сөздің әрпін Font  қасиеті арқылы

өз қалауларыңша өзгертіңдер.

10) Нысан ішіндегі сөзі ортаға

орналасуы үшін: Aligment  қасиеті арқылы ортаға орналастырыңдар.

11) Пішінге сурет кірістіру үшін:

суреттерді ғаламтордан, дискіден жүктеп алуға және дайын суреттерді қолдануға болады.

12) Сендер Image нысанын пішінге

кірістіріп, қасиетін мынадай етіп орнатыңдар: Left-230, Top-1300, Width-2015, Stretch қасиетін True етіп өзгертіңдер, осыдан барып, Picture қасиетіне кіріп, керекті суретті таңдап алыңдар.

13) Жобаны басқаратын бұйрықтық

(commandbutton) кірістіреміз.

14) Өлшемін, түсін өз қалауларыңмен

өзгертіңдер.

15) Батырманы   “Жабу” деп

атаңдар, ортаға орналастырыңдар, сөздің түсін, өлшемін өзгертіңдер.

16) Style қасиетіне Graphical қасиетін

таңдаңдар.

17) Батырманы екі рет шертіп,

кодтау алаңына көшіңдер.

18) Кодтау алаңына “End” деп

жазыңдар.

19) Жобаны іске қосып көріңдер.

2. Қасиеттерін қалағаныңша өзгертуге болатын негізгі нысандармен жұмыс.

Мақсаты: белгілермен, мәтіндік тереземен, жиектемемен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

1) Жұмыс алаңына 2 Textbox, 2 CommandButton, 2  Label, 1 Frame нысандарын орналастырыңдар.

(17-сурет).

10 сынып2

2) Нысандардың қасиетін кестеде берілген мәлімет бойынша өзгертіңдер.

Нысан

Қасиеті

Мәні

Label 1

Caption Font

Бос қалдырасың. Бұл жерден Мәтіндік терезеге не жазсаң, сол мәтін көрінетін болады.

Label 2

Caption Font

Есімің Name

Label 3

Caption Font

Тегің Fam

Command

Button1

Name Caption

Сәлем

Command

Button2

Name Caption

Тазалау

TextBox1

Name text

Есімі (бос қалдырасың)

TextBox2

Name text

Тегі (Бос қалдырасың)

Frame

Name Caption

Жиектеме

3) Backcolor, ForeColor, Font қасиеттерін өз қалауларың бойынша орнатыңдар.

4)  “Салем” нысанының код процедурасын жазыңдар:

Frame1. Caption= “Қош келдің, қымбаттым”

Label1. Caption= Text1. Text + “  ”  + Text2. Text

5) “Тазалау” нысанының код процедурасы:

Frame1. Caption=“  ” 

Label1. Caption=“  ” 

Text1. Text=“  ” 

Text2. Text=“  ” 

6) Нәтижесін тексеріп, басқа да қасиеттерін өзгертіп, тағы да тексеріңдер!

7) Жұмысты сақтаңдар.

V. Сергіту сәті

2 мин

    Видео көрсетіледі

  Видеода көрсетілген қимылдарды орындайды.

VІ. Бекіту

5 мин

    Сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақты бекітемін. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

1. Visual Basic қосымшаларын жасауда қандай терезе қолданылады?

2. Project – AddForm бұйрығы қай кезде

қолданылады?

3. Оқиға дегеніміз не?

4. Оқиғаның түрлерін атаңдар.

Сұрақтарға ауызша жауап береді

1. Пішін

2. Егер бір жобаға бірнеше пішін

орналастыру керек болса AddForm бұйрығы орындаймыз.

3. Оқиғанысанның өзгеріске ұшырауы

немесе нысандардың бір-бірімен әрекеттесуі.

4. Click оқиғасы, MouseDown оқиғасы,

MouseMove оқиғасы, KeyPreview оқиғасы.

VІI.Рефлексия

2 мин

     Оқушыларға кері байланыс жасау үшін, мұғалім оларға толтыруға  парақ  таратылады.

     Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын, көңіл күйлерін параққа жазады.

Не білдім?

 

Не ұнады?

 

Не әлі үйрену керек?

 

Тілек.

 

VІIІ. Оқуды бағалау. 2 мин

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Бағаны күнделіктеріне қойдырады

ІХ.Үй жұмысы

2 мин

 ІІІ тарау, §8,10 оқу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Терезелер, пішіндер және нысандар (объектілер), оқиға және әдістер" тақырыбы бойынша сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.11.2016 4340
    • DOCX 1.6 мбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Гульмира Талгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 71102
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе