Инфоурок Информатика КонспектыТест на зачет (каз. отделение мед колледжа )

Тест на зачет (каз. отделение мед колледжа )

Скачать материал

Молдажанова Б.А.,

ЖББК информатика пәнінің оқытушысы,

Алматы медициналық колледжі (Алматы қаласы)

 

КОМПЬЮТЕРДІҢ АДАМ ӨМІРІНЕ ЗИЯНЫ

 

Түйін : мақалада компьютердің адам денсаулығына зияны туралы айтылған. Бұл мәселе жөніндегі дау электронгды көмекшілердің алғашқы пайда болған кезінен бастап туындап келеді. Автор электронды құрылғыларға ұқыппен қарауды ескертеді, себебі адам денсаулығы кз-келген уақытта зиян шегуі мүмкін.

Түйін сөздер: компьютер, зиян, ақпараттық құрылғы, ауру, ақпараттық процесс, жүйке жүйесі.

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады.

Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

·                     Көздің көру қабілетін төмендетеді;

·                     Омыртқалардың қисаюына әкеледі;

·                     Жүйкеге салмақ түсіреді;

·                     Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады. Тірі пендемен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын пенделер қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шетелдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті. Күндіз-түні мониторға қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге жұмыс істейтін әріптестер, бала-шаға дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Компьютер әлеміне терең еніп, фәни жалғаннан қол үзіп бара жатқан пенделер қазір Батыс елдерінде көп кездеседі. Компьютерге кештеу көшкен ТМД елдерінде бұндай жағдайлардың шет-жағасы енді ғана байқалып жүр. Ол, әсіресе, жастардың арасында жиі көрініс беріп жатады.

Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, басқа да фәни игіліктермен қамтамасыз еткен компьютер бізді ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде. Күнұзақ балабақшада болып, анасын сағынған бүлдіршін оған еркелеп ойнағысы келсе, сүйікті сериалын көруге ынтыққан әйелге сәбиіне көңіл бөліп, бір сәт онымен жылы қарым-қатынаста болу мүлдем қызықсыз көрінеді. Осылайша, ана мен баланың, ерлі-зайыптылардың, көршілердің, әріптестердің ара-қатынасы алшақтап, әр пенде теледидар мен компьютерден, ұялы телефоннан өз қызығын тауып, оқшау тірлік кешуге көшкен түрі бар1.

Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бөлінеді: 1. Көздің көру қабілетінің нәшарлауы. 2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің нәшарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы. Көздің барлық көру қабілеті белгілерін біріктіріп, мамандар оны компьютерлік көру қабілетінің синдромы деп атайды. Дәрігерлердің айтуынша, компьютерлік көру қабілетінің синдромдары уақытша рефракцияның нашарлауына немесе күшеюіне, қарама-қарсылық сезімталдығының, сезіну қабілетінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Жалпы, бейне монитордың, жазу столының, отыратын орындықтың, тағы да басқаларының орналастырылуы дұрыс болуға тиісті. Орындықтың биіктігін, арқалығының дұрыс тұруын, клавиатураның тұрған орнын, дисплейдің көлемін, экранмен ара қашықтықта жұмыс істейтін адамның өзіне ыңғайластырып қойғаны абзал. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, көп жағдайда дисплей өте жоғары тұрады, жүйелік блоктың үстіне қойылады. Соның салдарынан, басты үнемі көтеріп отыруға тура келеді де, мойын омыртқа тұсы ауыратын болады. Жарыққа да мән берген жөн. Мамандар бөлмеге жарықтың 300-500 люкс шамасында біркелкі түсуіне ақыл-кеңес береді. Негізінен, жарықтың қапталдан түскені қолайлы және бөлменің төбесі қабырғасына қарағанда ашық, ақ болуы шарт.

      Компьютерден шығатын электромагниттік сәуленің адам ағзасына зиянды екендігі жөнінде көптен бері айтылып келеді. Алайда бұл барлық компьютерлерге тән емес. Қазіргі компьютерлерге қарағанда ертеректе шыққандары қауіпті. Олардың арасындағы айырмашылық өте үлкен. Кейінгі жылдары шығарылған компьютерлер өз құрылысына қарай үш түрге бөлініп келді: «ақ», «сары», «қызыл» болып. «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа елдерінде шығарылғаны. Олар сапалы да қауіпсіз. «Сары» құрылысты компьютерлер Азия елдерінде (Гонконг, Тайвань) жасалынғаны. Сапасы өте жоғары емес. «Қызыл» құрылысты компьютерлер өзіміздің шеберлердің құрастырғандары. Зиянды сәулені көбірек бөлетіні де осылар. Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапозаннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.

        Компьютер әсерінен қолданушылардың көру қабілеті төмендеуімен қатар, дәрігелер тағы бірнеше синдромдарды анықтайды. Яғни, ол синдромдар ЭЕМ (ЭВМ) қолданушыларда кездеседі. Олардың бірі ұзақ уақыт отыру синдромы, оның белгілері қол, мойын, белдегі ауру болып табылады. Ыңғайсыз жұмыс қалпы кезінде дененің барлық бұлшық еттерінің ұзақ жиырылуы жағдайы байқалады. Бұлшық ет ұлпасының дем алуға мүмкіндігі болмағандықтан, олардың қан айналымы төмендеп, зат алмасуы бұзылып, өнімнің түсуі көбейеді. Нәтижесінде бұлшық ет үнемі шаршау жағдайында болады және ақырында әлсірейді. Бұл белдің қисаюына және қаңқаның басқадай өзгеруіне, бұлшық ет ұлпасының өсуіне әкелуі мүмкін.

Басқа синдром бел тунелдің немесе бел каналының синдромы деп аталады. Бұның пайда болуы қол бұлшық ет сіңірлері орталық жүйке жүйесінің әсер етуімен саусақтардың ұзақ ыңғайсыз бүгілуі клавиатурамен жұмыс істеумен байланысты. Ыңғайсыз жағдайда алақан сүйектері көп қайталанантын іс әрекеттер кезінде сіңірлер білезік сүйектері мен байламдарға қажалады. Нәтижесінде жүйке мен сіңірдің қысылуы қатты жетіспеуі дамиды. Аурудың алғашқы белгілеріне: компьютерде жұмысты аяқтағаннан бірнеше сағаттан кейін ғана дірілдеу, қышыну, саусақтадың ұйюы пайда болады. Қолда ақырында ұйып, ауырсыну және ауырлау белгілері қосылады. Білезік тунельдік синдромы ауыр түрінде адамның еңбек қабілеттін ауруды хирургиялық жолмен емдеуді талап етеді.

 

Әдебиеттер:

1.            https://kk.wikipedia

2.            В. Баловсяк «Компьютер и здоровье», 2008.

3.            http://lbz.ru/books/584/

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тест на зачет (каз. отделение мед колледжа )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Данный тест предназначен для мед колледжа . Вы можете использовать при зачете по информатике на экзаменах или рубежных тестах .В этот тест включены вопросы от всех лекций и семинаров . Тест составлен из 5 вариантов , каждый тест включает себе 30 вопросов . Вы можете использовать разные варианты оценивание !

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 101 материал в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.05.2018 697
    • DOCX 24.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдажанова Бибижамал Азимхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5739
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 579 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе