Инфоурок Другое Другие методич. материалыТоптық жұмыс "Табиғатты аялау" Флеш-моб

Топтық жұмыс "Табиғатты аялау" Флеш-моб

Скачать материал

«Келер ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтайық!»

экотоптар флэшмобы

ШҚО, Тарбағатай ауданы

Үштөбе ауылы

«Өкпеті» орта мектебі

Қошыманова Салтанат Тунгатовна

 

 

Мақсаты : табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Экологиялық мәселелерді шешу жолдарын табуға ат салысу.

2. Өз атамекенін сүюге тәрбиелеу. Өз туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін сақтай отырып, оның табиғатын, табиғат байлықтарын қорғауға ұмтылдыру.

3. Экологиялық сауаттылық деңгейін көтеру,табиғатқа табиғат көзімен қарау, жанашырлық таныту, ауыл жастарын қоғамдық тазалыққа шақыру.

 

      Табиғат тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.  «Қазақстан-2030» бағдарламасында Елбасы  Н.Ә.Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті , ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радияция бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінәратсыз толыққанды өмір сүретін болады»,- деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау –әрбір адамның төл міндеті.

 

Эколог : Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті –ол өзінің бөліп шығарған қалдығын адамның көмегінсіз-ақ тазартып алады. Ал адам баласының іс-әрекетінен болған қалдықтардан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып ластанады. Таза табиғат үшін күрес-өмір үшін күрес.

 

Экология !

Бөтен сөз.

Бір туғаның бірақ та.

Білгенге бұл көсем сөз

Мәңгі қалар құлақта.

Эко-эко-үй, Отан

Ежелден-ақ ерекше.

Сөз патшасын ұнатам

Жүрегіме гүл ексе.

Тұтқасы бар әлемнің

Бізше ғылым-логия.

Онсыз мекен, жоқ ұя

Жоқ киесі өлеңнің.

Өз үй-өлең төсегің,

Табиғат боп қалады.

Оған атқан кесегің,

Өз басыңды жарады.

Экология деген сөз « тіршілік ету мекені» өмір сүрген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет бұл терминді 1886 жылы неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

Көрініс

Ерте, ерте, ертеде Жер-Ана бүкіл байлығын жер астына, үстіндегі бар асылын алтын сандығына сақтап жүріпті. Бір күні ойлап отырып, « Осы мен осыншама байлықты жиып-теріп не істеймін, мен қартайдым, одан да балаларыма бөліп берейін», дейді. Сөйтіп АТМО, БИО, ГИДРО, ЛИТО деп 4 баласын шақырады.

Жер-ана:

-         Балаларым, жиған-терген байлығымды сендерге бөліп беремін. АТМО-ға –ауа, БИО-ға –тіршілік, ГИДРО-ға-су, ЛИТО-ға –жер

Сендер осы байлықты көздің қарашығындай сақтап құрметтеңдер, бір-біріңе қамқор болыңдар-деген екен.

Содан қаншама уақыт, жыл, ғасыр, дәуір өтеді. Төрт баласы тату тәтті өмір сүре отырып , жер байлығын көздің қарашығындай сақтап ХХ ғасырға да жеткен екен. Ал бұл ғасырда адамазат өз қорғаушыларына тас лақтырады.

 

АТМО тобы

Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –АУА.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат

 

Шындығында ауадан қымбат ешнәрсе жоқ. Адам бар жоғы 1-2 минут қана дем алмай тұра алады. Адам баласы күніне 1кг ас пен 2 литр су пайдаланатын болса ,ал оның тыныс алуы үшін 25 кг ауа қажет.  Ауа оттегінен тұрады.Республикамыздан күніне ұшып жатқан ұшақтардың әрқайсысы 50т оттегін жұтады. Миллиондаған машиналар да осылар қатарында.

Жер бетінде 502 адам отсыз тамақ іше алмайды. Тіпті өзімізді алсақ, әрбір үй қыстай кемі 5-6 тонна көмір жағып шығамыз. Сонда әлемдік ауа бассейнінің бүлінуіне көкке ұшып жатқан ракеталардан бастап, үй шаруасындағы әрбір  от жағатын әйелдерге дейін ат салысады екен. Ал пайдасыз жанып жатқан оттар қаншама. Климат өзгеріп, ауа-рай бұзыла бастады.

Болмасын ауа ешкімнің арман-мұңы,

Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы , кімге керек боламыз біз?

Жұтудан таза ауаны қалған күні.

Көптеген қалаларда атмосфералық ауа зиянды заттармен мөлшерден тыс ластанған. Әсіресе өз аймағымыздағы Семей,Өскемен, Зырян, Риддер қалаларын атауға болады. Экологтардың пайымдауынша бұл аса зиянды ауыр түсті металдармен ластануына қорғасын-мырыш, полиметалл , цемент комбинаттары тікелей қатысты.

Пәк ауаға кешегі кім налады,

Түтін, тұман аспанды тұмшалады.

Кір шалады аққулардың қанатын

Соны ойласаң көңілді кір шалады. Сексеуілдің орнында көмір қалып

Аман ба өзі тұрған өңір налып?

Ақ мамықтай ақша қар шаһарларға

Енді жауса жауады қоңырланып,

Адам бірінші Табиғи-Ананы ренжітсе ,екіншіден өзіне-өзі қастық жасады.

Мен сөзімнің соңында былай дегім келеді «Ей адамда, Табиғат-Ана саған дем ал деп ауа сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама. Ауа-құдірет. »

 

ГИДРО

-Табиғаттың көркін ажарландырушы, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлықпын мен!Себебі, Жер-Ана суды маған мұра еткен. ҚР мол сулы өзен көлдер, теңіздер бар. Осы суды есепсіз пайдалану менің басыма үлкен проблема тудырып отыр. Толқынды теңіз, шалқақатаған шағала қайда? Қайықтарым аударылып, балықтардың қаңқасы қалды. Жердің шаңы шығып тілім-тілім болып жатыр.

Су құрыған жерде тіршілік бітер. ШҚО аумағында 2000 астам өзен ағып жатыр. Республикадағы жер үсті суларының 30 пайызға жуығы облысымызда шоғырланған. Ертіс өзені облыстың бас су артериясы және трансшекаралық болып табылады. Ол Қытай, Ресей, Қазақстан аумағынан ағып өтеді. Облысымызда бір тұрғынға есептегенде ауыз су ресурсы 50 текше метр. 

Суды ластайтын көздер:

1.     Тұрмыстық және өндірістік қалдықтар.

2.     Минералды тыңайтқыштар

3.     Қышқыл жаңбырдың жаууы

4.     Адамдардың жауапсыздығы

Талай жаны асырап ем қиында,

Талай олжа салып едім қиырға .

Тіршіліктің таңдайына дәм берген

Тағдырымнан көрген сиым осы ма?

Су-алтын. Табиғатқа аялы-алақан, жүрек жылуы керек екенін түсінейік.

 

БИО

-         Ел мен жер ! оның көгілдір орман мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары –біздің басты байлығымыз. Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты.Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деген. Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын деген соның айғағы.

-         Табиғаттың әні де сәні де қалықтай ұшқан құстар. Олар табиғат сақшылары. Ата-бабамыз сұлу қыздары мен батырларын құстарға теңеген. Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғайық.

-         Табиғаттың көркі келбеті –хайуанаттар.халқымыз ежелден жануарларды жоғары бағалаған.

 

Отыра алмас ұл шыдап, қызың шыдап,

Жоғалғандар тізімі ұзын-шұбақ,

Қызыл кітап мезгілсіз кеткендердің ,

Бастарына қойылған қызыл шырақ.

Келеді кез, күрделі біздің бұл кез.

Жаутаңдайды адамға түз де мұңсыз.

«Қызыл кітап» опат боп кеткендердің

Бастарына қойылған қызыл күмбез.

 

ЛИТО

-барша байлық атасы-Жер. Жерді күтіп баптау, қазба байлықтарына ие болу біздің еншімізде. Жер күллілі тіршілік атаулының анасы. Жерді дұрыс пайдалансақ киім де, тамақ та болады. Топырақтың ластануы, шектен тыс пайдалану жер бетінің бедерін өзгертті. Адамзат жер қабатынан жылына 100 млрд тонна руда мен құрылыс  материалдарын алады.

Ластанған топырақтан өндірілген азық –түлік құрамында нитраттар мен нитриттердің шамадан тыс болуы адамдарды әртүрлі ауруларға ұшыратуда.

Табиғатты аялау- адам, сенің парызың,

Жер- ананы бүлдірмеу- бұл міндетті қарызың

«Қолда бардың алтынның қадірі жоқ» демей ме

Кеш болмасын ойлайық, табиғаттың маңызын.

Бар байлығын сұрамай, табиғаттан аламыз.

Ағаш кесіп «отын бар» деп, мәз болып бір қаламыз.

Ойламай ұрпақтардың болашағын ,

Өзімізіді өзіміз құрбандыққа шаламыз.

Табиғат пен Жер-Ана, үнсіз ғана жылап тұр.

Адамдардан, тазалық пен аялауды сұрап тұр.

Оян елім, қарашы, айналаңа халайық

Мезгілінен кеш тұрып, өкініп бір қалмайық

 

ХОРМЕН: Табиғатты қорғайық

/би/

-Табиғат бұл бізді қорашаған орта

-Адам жер анаға түкіреді. Бірақ оның өзіне және басқа адамдарға , ортасына қаншалықты зиян екенін аңғара бермейді.

-егер адамзат баласы тазалықты сақтамаса өз қоқысына  түбі өзі тұншығады.

-автокөлік түтініндегі қорғасынмен демалмайық десек, жер бетінде жасыл желекті көбейтейік.

-Заводтар мен өндіріс орындарының  мұржаларынан шыққан улы газдарға  жол бермеу үшін мұржаларына сүзгілі қондырғылар орнатуды  және қалдықсыз технологияны  пайдалануды жүзеге асыру керек.

-ауаға күкіртті газ бөлінуі қышқыл жаңбырдың жаууына бірден-бір себеп.

 

ХОРМЕН-Табиғат-ана тазалығын сақтай білейік!

 

Жер ананың тілегі :

Қан төгіліп, соғыспаңдар,

Өтінемін!Куәсә едім соғыстың,

Ұлы істің де.

Жетпейді екен ешнәрсе тыныш күнге,

Ақылынан адамның азап тауып,

Алмағайып тұрмайық қыл үстінде

О, адамдар!

Мезгілден сыр күткендер,

Бейбіт күнде жерді пір тұтты елдер.

Тұруы үшін бұлбұлды тұнық таңдар,

Таза ауаны түтінмен құрытпаңдар

Хиросима тағдырын ұмытпаңдар!

Тынышы жатсын құстар да ұясында,

Күрсінбесін қария  қия шыңдар,

Қару алмай,

Қастаспай, достасып-ақ

Барлығың да төсіме сиясыңдар.

 

ХОРМЕН: Жас ұландар алға,

Жас қырандар алға,

Үштөбенің жастары

Табиғатты қорға !  / «Табиғатты қорғайық» парақшалар тарату/

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Топтық жұмыс "Табиғатты аялау" Флеш-моб"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 990 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2017 3542
    • DOCX 22.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кошыманова Салтанат Тунгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47623
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой