Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі"

Тәрбие сағаты "Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі"

Скачать материал

Сынып: 3 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: Ата – баба дәстүрі – әдептілік негізі

Мақсаттары: Қазақ халқының салт –дәстүрлері, асыл қазыналары, мұраларымен танысу Күтілетін  нәтиже : Қазақ халқының салт – дәстүрі  туралы түсінік алады, салт – дәстүрді сақтау жас ұрпақтың парызы екенін ұғынады.

Модульдері: АКТ, СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін  бағалау және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Ресурстар: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, ұлттық қолөнер бұйымдары

Әдіс тәсілдер: «Ассосация»,  «Сахналау», «Серпілген сұрақтар»

 

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Сәлемдесу

2 мин

1.Сыныпта «Қазақ осы» әні орындалып тұрады.

2. Тегінде әдеп амандасудан басталады.Үлкенге сәлем беру – кіші адамның міндеті.Сондықтан, біз алдымен сабағымызды қонақтармен сәлемдесу салтымен бастайық!

Туылған соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп

1.Келген қонақтарды қарсы алады.

2.Сәлеметсіздер ме, қонақтар?!

 

Қызығушылық

тарын  ояту

3 мин

Шаттық  шеңбері

Бір – біріне жылылық сезімдерін сыйлау Сабақтың мақсатымен таныстыру.Өз алақандарын қағазға салып, қиюды тапсырады

Алақандарын салып, қағаздан қиып, бірі – біріне сыйлайды.

Ой қозғау

5 мин

«Сахналық көрініс»

Сыныпқа әже кіреді.

-Амансыңдар ма, балаларым?  Мен сендерге сонау қаладан келдім. Бүгінгі өтіп жатқан іс – шараларыңды мен де тамашалағым келді. Мен бірақ құр қол келгенім жоқ. Сендерге базарлық ала келдім. Әлгі Жексенбайдың үйі немересіне шілдехана той жасапты. Сонда берген тыштырманы ала келдім сендерге. Ала қойыңдар.Мынау Жексенбайдың бәйбішесі берген сарқыт

- Әже, әлгі базарлығыңыздан маған да беріңізші.

-Міне, ал ғой

- Әже, базарлық деген сонда ұзақтан келген адамның балаларға беретін сыйлығы ма?

- Иә, дұрыс айтасың

- Әже, шілдехана деген жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той екенін білемін, бірақ тыштырманың не екенін білмейді екенмін.

-Тыштырма деген балам, сәбидә бесікке салатын кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт , ірімшік, тәтті өткізіп, «тышты», «тышты» дейді. Осыны тыштырма дейді (Әжейдің замандасы келеді)

- Замандас – ау, осында екенсің ғой. Жүр, Амнкүлдің үйі көршісін ерулікке шақырыпты. Бізді де шақырған

- Жарайды балаларым, мына тәрбие сағаттарыңды өткізе беріңдер. Өздеріңді көрдім,базарлығымды бердім. Ендігі жүрейін.

- Оныңыз не әже? «Қуыс үйден құр шықпайтын қазақ» емеспіз бе? Еш болмаса дәмнен ауыз тиіңіз. «Орамал тон болмайды, жол болады» дейді ғой. Мына орамал сіздерге.

-Рахмет балам. Ал енді қолдарыңды жайыңдар бата берейін.

Әлемнің бетін жарық ет,
Ұл – қызды түгел білімді ет,
Келесі оқу жылына
Аман – есен түгел жет!
«4» пен «5»-болсын алар бағаңыз,
Білімнен бақыт табасыз!
Өнер білім көп тоқып,
Өсе берсін санаңыз! Әумин!

 

Жаңа сабақ

 

 

 

7 мин

1.«Серпілген сұрақтар» әдісі

-Балалар, мына көрініс туралы не айта аласыңдар? Көріністен қандай салт – дәстүрді көре алдыңдар?

2.«Ассосация» әдісі

-Сендер тағы басқа қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?

3.Бейнебаян көрсетеді

 

 

- Шілдехана, бата, базарлық, ерулік т.б

 

 

 

Салт – дәстүр сөзін топтастырады

 

 

 

Бейнебаянды тамашалайды

Жеке жұмыс

3 мин

Ой қозғау

Көрнекілік бұрышындағы заттарды ортаға қойып, не екенін, қандай мақсатта қолданылатынын сұрайды

Оқушылар ол заттардың әрқайсысына түсінік береді. (қамшы, домбыра, бесік,киіз үй т.б)

Топтық жұмыс

15 мин

Топқа бөлу

Оқушыларға қоржыннан асық алуды ұсынады.

Тақтадан сары, көк түсте тапсырма ұсынылады.

1-топ Наурыз мерекесі

2-топ Айт мерекесі

 

 

Алған асықтарының түсіне қарай сары, көк болып 2 топқа бөлінеді.

 

 

Топтар Наурыз тойы мен Айт мерекесі туралы ойларын постерге түісіріп, сынып алдында қорғайды.

Қорытынды

3 мин

-          Наурыз бен айт мерекесін қазақ халқынан басқа тағы қай ұлттар тойлайды?

-          Бұл ұлттардың барлығын қалай атасақ болады?

-          Иә балалар, қазақ қырғыз бір туған дегендей, бұл халықтардың бәрі бір атаның балаларындай тату болу керек

Өзбек, қырғыз,татар,ұйғыр, түркімен, тәжік т.б

Мұсылман халқы

Рефлексия

7 мин

-Біздің еліміздегі ұлттардың барлығы татулықта, достықта өмір сүреді. Мейлі олардың салты, діні, тілі басқа болса да бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп келеді. Біз де сол ынтымақтастықтың белгісі ретінде өз үлесімізді қосайық. Алақандарымызды мына шар бетіне орналастырайық.

Оқушылар сабақтың басында дайындаған алақандарын жер шарына жабыстырады.

Жабыстырып болған оқушы шаңырақтың астына тұрып жайғасады.

 Хормен достық туралы  ән орындайды.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.11.2016 3660
    • DOCX 18.3 кбайт
    • 33 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапакова Несибели Сабитбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сапакова Несибели Сабитбаевна
    Сапакова Несибели Сабитбаевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3748
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой