Инфоурок Дошкольное образование СтатьиТəрбие сағаты: Аяулы анашым

Тəрбие сағаты: Аяулы анашым

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру, Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: плакаттағы суреттер, гүлдер, шарлар

 

 

 

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті аналар, ұстаздар сіздерді 8 – наурыз Халықаралық әйел – қыздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі аналарға, қыздарға арналған «Аяулы анашым!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Балалардың бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!!

 

Ән: «Ана жыры» (хормен)

 

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатына арналған оқушылардың дайындаған

өлең – шумақтарына кезек берейік.

 

1-оқушы: Ана  деген - асыл ғой даланың

Ана деген-сағынышы баланың

Бұл өмірге қуаныш пен нұр төккен

Бас иеміз алдында ананың.

 

2-оқушы: Анашым, ортамызға келсең күліп,

Болады Алатаудай еңсем биік.

Балалық қарызымды өтеймін бе,

Әлемнің жақсылығын берсем жиып.

 

3-оқушы: Менің анам - мұғалім,

Күй секілді білгенге.

Шашырайды шуағы

Ол сыныпқа кіргенде.

 

4-оқушы: Ана – біздің күніміз

Ана – біздің гүліміз

Ұлдарыңды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

 

5-оқушы: Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

 

6-оқушы: Бізді өсірген апатай,

Еңбегіңде зор екен.

Құтты болсын, апатай,

Құтты болсын мерекең.

 

7-оқушы: Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайым, құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.

 

8-оқушы: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз.

 

9-оқушы: Қуанышқа бөленетін халықпыз

Ана сыйлау – дәстүріміз, салтымыз.

Жыл құсындай әр көктемде келетін

Құтты болсын 8-наурызым!

 

Көрініс: «Әжесі мен немересі»

- Жүрегім кім менің?

- Мен!

- Тірегім кім менің?

- Мен!

- Сәнім кім менің?

- Мен!

- Ботақаным, бағлан қозым,

Не деген тәтті баласың өзің!

Ой, қарғам менің!

- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!

Жо... жоқ, қарға болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға «қарқ - қарқ» етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасыңда боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

 

Би: Қамажай

 

Мұғалім: Ендеше, оқушылардың өлең – шумақтарына кезек берейік.

 

10-оқушы: Сіздерден өсер балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар.

 

11-оқушы: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн болып жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

 

12-оқушы: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап.

Әдеппен бас иеміз.

 

13-оқушы: Өлең айтып беремін,

Нан да алып келемін

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін.

 

14-оқушы: Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын.

 

15-оқушы: Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екіетпей

Ақ сүтіңді өтермін.

 

16 – оқушы: Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір дем де.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннен де.

 

17 – оқушы: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен!

 

18 – оқушы: Әжем менің ақ  әжем

Гүлді маған баптаған

Жырды маган  жаттаған

Жұрттың бәрін мақтаған.

 

19 – оқушы: Аналарды сүйеміз

Сөзін  ойға түйеміз

Әженінініде  ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

 

20 – оқушы: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген маматайым

Сәлем  жазып  бүгін саған

Мейрамыңмен  құттықтаймын.

 

Көрініс: «Анасы мен балалары»

Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?

Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны аямайтын едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.

Ана: Жарайсың, кенжетайым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің.

 

Мұғалім: Балалардың өлең – шумақтарын тыңдайық.

 

Фатима: Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын теңдік алған.

Қуанышты берекең.

 

Махаббат: Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі – әжем.

 

Бағдаулет: Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

 

Аружан: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.

 

Маусымжан: Аялаған анашым, 
Саялаған панасың. 
Әлпештеген баласын, 
Айналайын анашым.

 

Мейрамбек: Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.

 

Ойын: «Кім екенін тап»

Ойынның шарты: Бұл ойын балалармен аналарға арналады. Аналар кезек – кезек көзін байлап, өз баласын табу керек. Ойынды балалар жалғастырады. Балалар теріс қарап тұрады. Бір баланың анасы «ботам» , «балам», т.б. сөздер айту керек. Балалар кімнің анасы екенін табу керек.

 

Ән: «Ақ мамам»

 

Мұғалім: Құрметті аналар, ұстаздар осымен бүгінгі «Аяулы анашым» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тəрбие сағаты: Аяулы анашым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2017 757
    • DOCX 38.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утепова Айгерим Савитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утепова Айгерим Савитовна
    Утепова Айгерим Савитовна
    • На сайте: 5 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5442
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Познавательное и речевое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 185 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 028 человек

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в работе педагога-психолога в ДОУ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Развитие речевых навыков у неговорящих детей в структуре группового занятия «Мама и малыш»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 110 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек