Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Мен мамандықтар әлеміндемін"

Тәрбие сағаты "Мен мамандықтар әлеміндемін"

Скачать материал

«Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен мамандықтар әлеміндемін»

 

Тәрбие сағатының мақсаты: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: пікір алмасу

Көрнекілігі: нақыл сөздер,  Н. Назарбаевтың нақыл сөзі, интерактивті тақта, слайдтар

Тәрбие сағатының жоспары:

I. Кіріспе сөз

II. Ауызша журнал «Мамандық әлемінде»:

1. Еңбек нарығындағы жетіспейтін мамандар (өзекті мәселе).

2. Мамандықтар классафикациясы (Сен білесің бе?).

3. Психологиялық тренинг « Мен қандай маман боламын?».

4. Қонақпен сұхбат

5. «Оқырмандар хаттарынан»

6. Ең тапшы мамандықтар (Қызық деректер).

III. Қорытынды

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті  қонақтар, Қазақстанның жарқын болашақтары! Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді,» Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар. Бүгін сабақта біздер осы маңызды тақырыпқа тоқталамыз.

 Мамандық таңдау- жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдерінің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық  таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе,» -деген сөзін басшылыққа алу керек.

Әлемде 50000 жуық мамандық бар екен, және жыл сайын оған 500 ге тарта жаңа түрі қосылып отырады . Олардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап алу үшін бізге икем, қабілет және мінез қажет. 

Сондай –ақ енді- енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай  ұсынатын қызметтері бар.

Міне, адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы, тұлғаның қабілеті осы үш фактор

мамандық  таңдауда бірін -бірі толықтырады. Осы мақсатта « Мен мамандықтар әлеміндемін» тәрбие сағатымызды

бастаймыз .Ендеше ,бүгінгі кешімізге өз ойларын ортаға салуға және ақыл кеңестерін беруге арнайы келген

қонақтарымызбен таныстырып жіберейін.    Өздеріңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіздер.

Асал: Қайырлы күн құрметті қонақтар,ұзтаздар,оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мен мамандықтар ілеміндемін» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер! Бәсекеге қабілетті білікті маман, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Алдыңнан шыққан қиындыққа төзіп, сабырлылықпен жауап берсең, болашағыңның жарқын арнаға ығысары сөзсіз. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы қанатымызды қатайтып, өрісімізді кеңейтіп, білім жарысының мәресіне жеткеннен кейінгі ойланатын мәселе – болашақ мамандығым қандай болмақ? Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі.

Бүгін біз «Мен мамандықтар әлеміндемін» ауызша журналымызбен таныстырмақпыз.

Біздің журналымыздың бүгінгі саны мамандық туралы болмақ. Сіздер журналымыздың «Өзекті мәселе», «Жаңалықтар таспасы», «Оқушылар жобасы», «Қызық деректер», «Оқырмандар хаттарынан»айдары , «Сен білесің бе?» «Психологиялық тренинг» айдарын тамашалайсыздар. Ендеше, журналымыздың бірінші бетін ашайық. «Өзекті мәселе» айдарында Ирада Бурханованың. Және Абдуманапова Дилфузаның еңбек нарығында жетіспейтін мамандықтар» атты мақаласын тыңдаймыз.

Ирода : Сарапшылардың айтуынша – заңгерлер, экономистер, басқарушылар шамадан тыс көп. Бiрақ, дәл осы мамандық иелерi кей компанияларда жетiспей жатады. Былтырғы түлектер бәсекесiнде жастардың арманы – бай болу екенi тағы байқалды. ЖОО-ның ақылы бөлiмдерi қаржы, кеден, салық саласының мамандарын көптеп дайындаса да бұл кәсiптi таңдаушылар саны азаяр емес. Осы мамандықтарға үмiткерлердiң көптiгiн былтырғы жылы бiр орынға шамамен отыз адамнан келгенiнен байқауға болады. Соңғы үш жылда “Қаржы және кредит”, “Бухгалтерлiк есеп және аудит” мамандығына құжат тапсырушылар тiптен көбейген. Аталған мамандықтарға елiмiз зәру емес. Осы орайда сарапшылар жергiлiктi еңбек нарығына дәл қазiр ақпараттық технология (программистер) және электроника бойынша инженерлер, инженер-технологтар тапшы екенiн алға тартып отыр.

Сол сияқты Қазақстанға кәсiпқой, бiлiктi басқарушылар керек. Инновациялық жобаны дайындап, сату iсiне дейiн жеткiзетiн басқарушының экономика мен қаржыдан хабары бар екендiгi және өндiрiстен тәжiрибесi молдығы маңызды. Қай кезде де өз iсiне шебер мамандар барлық жұмыс орны үшiн таптырмас кадр.

Дилфуза: Бүкiл әлемдегi секiлдi  Қазақстанның еңбек нарығына денсаулық саласы бойынша мамандар жетiспейдi. Жылына медицина саласындағы арнайы оқу орнын бiтiрген мамандардың тек төртеуi ғана өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады екен. Қалғаны басқа салаға бас сұғады. Тапшы кадрлардың бiрi – биотехнологтар мен медицина құрылғыларының тiлiн бiлетiн маман. Жыл сайын жаңарып отыратын медицина саласына көзi ашық, көкiрегi ояу, технология тiлiн бiлетiн кадр ауадай қажет. Бұл салада фармацевтер тiптi жоқтың қасы.

Мемлекет экономикасы дамыған сайын кадр тапшылығы сезiле түседi. Дәл қазiр Қазақстанның еңбек нарығында жаңа технологиялардың тiлiн бiлетiн маман қажет. Экономика дамыған сайын кадр мәселесi шешiлмейтiн түйiнге айналуда. Дәл бүгiнде елiмiз аса зәру болып отырған салалардың бiрi – ғарыш саласы. Осы орайда астрофизик, астроном мамандықтарының қажеттiлiгi жылдан-жылға артып келедi. Мемлекеттiк стандарт бойынша бiлiм беру жөнiндегi Ұлттық орталықтың мәлiмдеуiнше, елiмiз зәру болып отырған механик, картограф және геодезист (бұл кәсiпке өте аз грант бөлiнген), геолог, баспа iсi мамандығына ұмтылушылар саны мардымсыз немесе жоққа тән.

Бүгiнгi таңда елiмiз металлургия және тау-кен өнеркәсiбi мамандарына зәру болып отыр. Сол сияқты техникалық мамандықтар, тұрғын үй және жол құрылысы (темiржонушы, ағаш өңдеу, кiрпiш қалау, монтаждаушы т.б.) бойынша мамандар дайындау аса қажет.

Асал: Келесі «Сен білесің бе?» айдарында «Мамандықтар классификациясы» атты мақаласымен  Мадыханова Назима          

Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

 адам – техника,

 адам – адам,

 адам – белгі жүйесі,

 адам – табиғат,

 адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.                                       

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

Енді, «Қызық дерек» айдарына көшейік. Әлемде ең сирек кезедестін мамандықтар туралы дайындаған Жасур Гайбуллаев және Роза Хайруллаева.                                                                                                                

Жасур: Хош иісті әрі дәмді шыны шайдан дәм тарту – көпшілігімдіздің бой тынықтырып, туған-туыс, жақындармен әрі достармен араласудағы өте жақсы желеу екені белгілі. Алайда, дүниежүзінде шай ішуге мамандық ретінде қарайтын адамдар да бар. Ол титестер – адамдар, яғни шайдың сапасы мен дәмдік беделін анықтайтындар. Дәл осы адамдар түрлі сұрыптан шай жиынтықтарын жасайды. Өздері жасайды әрі алғашқы болып өздері татып көреді.

Тетистер немен айналысады?

Тетистер шайды тестілейді. Алдымен құрғақ шай тестіленеді, одан кейін қайнатылған шай жапырағы зерттеледі. Шай тұнбасын тестілеуде титестер шайды ішпейді, тек онымен ауыз қуысын шаяды. Содан кейін шай тамшысын тіл арқылы таңдайға тигізу жолымен оның дәмін анықтауға тырысады. Хош иісін анықтау барысында ол ыстық шайға мұрнын тигізбейді, тек қайнатылған шайдан босаған құтыны иіскейді немесе шайы төгілген, ыстық емес қайнатылған шай жапырақтарын абайлап иіскейді.

Роза: Жарнамалық роликтер жасайтындар біледі, қазіргі таңдағы ең тапшы кәсіп - ол спецэффект шеберлері. Бұл шеберлер экрандағы азық- түліктерді арнайы заттармен ауыстырып көрсетуді ойлап табады.

Жарнамада көріп жүрген газды сусын, йогурттар, шоколад, мөлдір сыралардан шығып жататын ауа түйіршіктері - бұл біз ойлағандай дәл сол иогрут емес - ал оның алмастырушылары. Мәселен, тұшпаралар экранда қайнап жатқан суға әдемі салыну үшін оның орнына пластикалық заттар қолданылады, ал су - суық. Қайнап жатқан суды арнайы компрессормен немесе мотор арқылы қайнап жатқан кейіпке енгізеді. Кейін барлық сурет компьютерде дәлденеді. Мынадай нәтижелерді жүгезе асыру өте қымбат тұрады. Сондықтан жарнама аушылардың жалақысы да жоғары.



Келесі кезекте аты аталмайтын көп адамдар ескере бермейтін және бүгінгі қоғамға қажетті, сұранысқа ие болып жүрген мамандықтарға тоқталсақ

Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфилмдерге арналған суреттер салушы. 3D - аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған.
Ал шетелдік театрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.

Интерьер дизайнері - үйіміздің кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.


Импресарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы. Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге болады. Аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.
Көркемдік әрлеуші - көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.

Клипмейкер - бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап, қысқа бейне хабарламалар жасайды.

Колорист - түстердің ұтымды қолданудың маманы.
Көркемдік суретші - басылымдарды көркемдік және техникалық жағынан әрлеуші маман.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп те айтуға болады.
Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет - бейнені жасап, режиссермен тығыз байланыста жұмыс істейді

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»-

Диара:   Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.                                            Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады                                                                Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігар.

Кезекті «Конақпен сұхбат» атты  айдарымызга береміз.

«Оқырмандар хаттарынан» айдарына кезек берейік.     

Жұмбақ жан- бізге кейіпкеріміз хат жолдапты .Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.

Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.

Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалады өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !

Сұрақ.

1.       Қалай ойлайсыздар жұмбақ жан өзінің қалаған мамандық иесі бола алады ма?

2.       Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

  Қорытынды сөз:

Мамандық таңдаудың 7 қадамы. 
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін. 
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін. 
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін. 
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін. 
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін. 
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық! 

«Мен мамандық әлеміндемін» атты тақырыбындағы кешімізді қорытындылау үшін қонақтарға сөз береміз.

Кештен алған әсерлеріңізді бір-бір ауыз сөзбен жеткізсеңіздер.

 

Құрметті апайлар, ағайлар, қонақтар! Бүгінгі біздің кездесу кешімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау-саламатта болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Мен мамандықтар әлеміндемін""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2017 3349
    • DOCX 25.8 кбайт
    • 209 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Назарова Мадина Абдикаримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Назарова Мадина Абдикаримовна
    Назарова Мадина Абдикаримовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93372
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции