Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыТәрбие сағаты "Таңғажайып жаңа жыл"

Тәрбие сағаты "Таңғажайып жаңа жыл"

Скачать материал

                              Таңғажайып Жаңа жыл

Мақсаты:  Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салыды  үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Жаңа жылдық сахна.  Дүйсен Шұғыла ән шашу.

1-жүргізуші:  Армысыздар, қадірлі ата – аналар  мен  Жаңа жылды көптен күткен Қапайлықтар!

2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге,

Жаңа табыс тілейміз ісіңізге.

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Білесің бе,осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп,әрі ең керемет тойланатын мереке екенін?

1-жүргізуші:  Дұрыс, айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен.!

2-жүргізуші: Құтты болсын Жаңа жыл барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық.-дей келе Жаңа жылдық дастарханға    5-9 сыныптарын шақырсақ.

Қиындықтан сірә олар қашпайды,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштайды.

Қияларға самғап ұшқан құстайды,

Шегінбейді жеңістерге бастайды.

Уа,халайық,халайық,

Өнерлі,9-сыныпты қарсы алайық

 

Бәйгеге түспей, жарыспай,

Бұл сынып алда болар ма?

Біліммен өнер жарысып,

Тәрбие,тәлім озарма ма?

Уа,халайық,халайық,

Білімді ,7-сыныпты қарсы алайық!

 

Ғылымның сырын ұғына,

Шығады білім шыңына.

Ұқыптылықпен зеректік,

Жеткізер сендей өренді,

Білімдінің шыңына.            

Уа,халайық,халайық,

Арманшыл, 6-сыныпты қарсы алайық.

 

Олар дайын бұл сайысқа достарым,

Көрсетер  өздерінде қандай күш барын.

Алға қойған мақсаттары бір екен,

Сәтті болсын сапарлары әрдайым.

Уа,халайық,халайық,

Жарқын көңіл 5-сыныпты қарсы алайық.

 

І жүргізушіЖаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Өмірбаев Даулет Қазбанұлына береміз.

2-жүргізуші:

                        Уа, халайық, жараңдар,

                        Айналаға қараңдар!

                       Жаңа жылдың бұл тойын,

                      Салтанатқа санаңдар

                      Бишілерді қарсы алып,

                      Қуанышпен қараңдар.

                     7- сынып көрсетер қазір бізге өнерін,

Камила: Біз өнер көрсетпейміз, Аяз атамен Ақшақарсыз Жаңа жылдың еш мәні жоқ.

2-жүргізуші:Ендеше,балалар Аяз атамызбен  Ақшақарымызды шақырсақ!

Балалар:Аяз ата,Ақшақар ау-у-у-у-у

Аяз ата:  Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

1- жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе би билемейміз деп, бишілеріміз реңжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, биге шақырсаңыздар.

Аяз ата: балалардың би билеуін сұрайды.

1-жүргізуші: Кел, Жаңа жыл! Төрле, төрле жеріме!

                       Құт береке боп келгейсің еліме!

                      Үміт артып армандарға аяулы,

                      Шаттығыңа бөлегейсің мені де!

 2-жүргізуші: Өзінің құттықтау  ән шашуымен Жеңіс Сауяны  «» әнімен қарсы алайық!

1-жүргізуші: Гүлшаш  мен Васильковка мектебінің оқушылары жайдарман Республикалық деңгейде ойын көрсетеді деп естігенім бар. Сол топтардың бірін ортаға шақырсақ қалай қарайсың?

2 – жүргізуші: Олай болса, 7 сыныптың  «Жастар» КВН командасын шақырамыз.

Әсет: Балалар! Мен сендерге шығыстың түні қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзінді жұмасын, ал екінші көзімен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады…..  (Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды).  Қалай, көрдің ба? (Ойыншы ештене көрген жоқ)

Әсет:  (ашуланып): Бұны қалай түсінуге болады? Бұл не сұмдық сен ештене көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз осы ғой.

Айнабек: (күліп): Ой, қойшы күлкімді келтірмей. Сондай да фокус болады ма екен. Одан да ойнайықшы.

Айнабек ойын ойнатады. Тағамдар туралы.

2-жүргізуші:

- Мейірім,нұрым-ұстазым,

Нәр алған сенен ұрпағың.

Әлемнің жарық сәулесі,

Шұғыласындай нұр таңның,-дей келе мейірімді ұстазымыз  Жанат Абзаловна мен

Салтанат Серікқанқызына сөз кезегін берсек.

 

1- жүргізуші: Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымызда бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата бізде ақын жастар да бар еді.

2-жүргізуші: Мынау жатқан қазақтың жері емес пе?

                        Ақындарын сыйлаған ел емес пе?

Ендеше бабына келіп отырған өлең жүйріктерін жібер ортаға! Өнеріне бізде,сізде тамсанайық! (5,6,7,8,9 – сынып өлең жолдарын арнау)

Аяз ата: Көрдің бе, Ақша қар! Қазақ халқы сөздік қорға бай әрі тілдің майын тамыза сөйлейтін халық деп, саған жол бойы айтып едім ғой.

1-жүргізуші:  Біздің сыныпта «ойын» ғылымдарының докторы Бижанов Дәулеттің бауыры Бақытбек Тілек деген атағы жер жаратын, өз ісінің білгірі бар еді. Құрметтеп шақырайық ортаға.

Тілек ойын ойнатады.  Сурет салу.

1-жүргізуші:  Гүлшаш  мен осы 9 сыныптың оқушыларын тікелей эфирден көріп қалып едім.Сол нөмірді қайтадан көре алмай жүрмін. Шіркін, жаңа жыл кешінде армандар орындалады дегендей.

2-жүргізуші:  9 сыныпқа сөз   кезегін берейік! Мүмкін сенің көре алмай жүрген нөмірінді көрсетер.

1-жүргізуші: 6 сыныбымыз жеке дара ғой,

                        Алыстан атойлататын қара ғой.

                       Ұлдары мен қыздары дана ғой.

6 сыныптың ару қыздары мен сымбатты ұлдарынан ән шашу. Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Бізге қонаққа Америкадан «Жаңа жыл» биімен кішкене аяз аталар тобы келіп қалыпты .ортаға шақырамыз. тамашалап көріңіздер!

2-жүргізуші: Уа, халайық той бүгін,

                        Бақыт, шаттық  мол бүгін.

                       Қарсы алайық алтының,

                       Әзілімен шындығын.(6-сынып әзіл)

1-жүргізуші:  Сөз кезегін тағы Тілекке берейік, баларға ойын ойнаған ұнап қалды ғой деймін. Сыйлықтар туралы ойын.

  2-жүргізуші: Ел байлығын жер байлығын сақтаймыз

                         Бабалардың аманатын ақтаймыз.

                        Қазақстан мәртебесін көтеріп,

                       Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.

5 сыныптың көрінісіне баға бере отырыңыздар!

 

  1-жүргізуші:  

Жаңа жыл  қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып .

5,6,7,9 –сыныптардың жүрек жарды тілектерін тыңдайық.

Тілек ойын ойнатады. Түйме жайлы.

2-жүргізуші: Қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ деген екен.

  1-жүргізуші:  Ия,сондықтан: Тышқан жылы  тыныштық,

                                                      Сиыр жылы  сыйлық,

                                                      Барыс жылы бірлік,

                                                     Қоян жылы қамбалы,

                                                     Ұлу жылы үлгілі,

                                                   Жылан жылы жайлы, деген екен.

 2-жүргізуші:                           Ал жылқы жылы жұтсыз,

                                                  Қой жылы құтты.

                                                 Мешін жылы мерейлі,

                                                Тауық жылы  табысты,

                                                   Ит жылы  игілік,

                                                   Доңыз жылы дүниелі, деп , қазақы қалыппен баға берген. Әр жылдың қадір қасиетін ұлықтап түсіндіріп отырған.

  1-жүргізуші:  Иә, бұл адамдардың жан дүниесінде ешбір жылдан қорықпау керектігі туралы сенімді ұялатады. Олай болса қой жылы мен мешін жылына сөз берейік.

Қой жылы:       Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.

Мешін жылы:  Жақсылыққа бағыттаған
Мешінмін мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Қой жылының мерекесін,
Мерекеге  жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.

Бірге:    Қой жылы той жылы

Мешін жылы вечер жылы

      1-жүргізуші:  Біз тілейміз Жаңа жылда шаттықты!  

                              Біз тілейміз Жаңа жылда бақытты!

      2-жүргізуші:   Біз тілейміз Жаңа жылда махаббат!

                                  Біз тілейміз Жаңа жылда шапағат!

1-2-жүргізуші:  Тілейміз біз баршаңызға жақсылық,

                            Құт береке боп келгейсің еліме!

                           Үміт артып армандарға аяулы,

                           Шаттығына бөлегейсің мені де.

1-жүргізуші:  Жаңа жыл құтты болсын! Жүздеріңізден күлкі кетпесін.

2-жүргізуші:   Біз Сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше дейміз. Келгендеріңізге рахмет!

 

 

                   

 

           

 

          

 

  

   

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Таңғажайып жаңа жыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 111 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.01.2016 18025
    • DOCX 28 кбайт
    • 245 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каирбеккызы Асемгул . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каирбеккызы Асемгул
    Каирбеккызы Асемгул
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67320
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек