Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты тақырыбы: "Мерекелік саяхат"

Тәрбие сағаты тақырыбы: "Мерекелік саяхат"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Мерекелік саяхат».

Жүргізуші: Армысыздар, ақ жаулықты әжелер, ақ жүректі аналар. Бүгін біз көктемнің алғашқы күні осы әсем залға «8-наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Сіздерді көктемнің шуақты күні аналар күнімен құттықтаймыз.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған;

Аялы қолда талпынтқан

Қаймақты сүттей қалқытқан:

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан;

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан;

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

Жүргізуші: Құрметті аналар, келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Бүгінгі ән, би, өлең тек қана сіздердің құрметтеріңіз үшін. Балаларыңыздың сәбилік сәлемін қабыл алыңыздар.

Дильназ: Бала, бала, бала-деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Ол – қымбатты анашым!

Нұрдәулет: Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Сая: Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, мерекем.

Апатайым, құттықтаймын.

Бүгін сенің мерекең.

Темірлан: «Күнім, жаным» дегенді.

«Ботақаным» дегенді.

«Қошақаным» дегенді

«Айналайын» дегенді

Ойлап тапқан аналар,

Аналарға мың алғыс!

Ән («Құттықтаймын Мама, мейрам күніңмен! »)

Жүргізуші: Балалар, бүгін біз барлығымыз мерекелік саяхатқа шығамыз. (Әуен).Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі паровоз бізді күтіп тұрғанын. Тездетіп орындарыңа жайғасыңдар. (Балалар «Поезд әнін» орындайды. М.Қуатбаев).

Жүргізуші: Балалар біз сендермен «Би станциясына» келдік. Қараңдаршы, мында бізді көңілді қуыршақ қарсы алады. (Әуен: қуыршақ кіреді).

Жүргізуші: Қараңдаршы, бізге жол бойымен көңілді қуыршақ келді.(Қарайлап, таң қалып балаларға сәлем береді.) Сәлеметсің бе, қуыршақ, біз «би станциясына» би билеп, көңіл көтеру үшін келдік. Себебі, бүгін біздің аналарымыздың, ақ жаулықты әжелеріміздің, сүйкімді қыздарымыздың мерекесі 8 наурыз мейрамы.

Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Кәнеки, ұлдар қыздарды көңілді биге шақырыңдар.

(Жұппен би).

Қуыршақ: Жарайсыңдар, балалар! Сондай керемет биледіңдер, маған қатты ұнады.

Жүргізуші: Ал, сен қуыршақ, бізге билеп бересің бе?

Қуыршақ: Ал, балалар маған қол шапалақтап, қолдау көрсете ме?

Жүргізуші: Кәнеки, балалар қуыршаққа қол шапалақтап, қолдау көрсетейік. Қуыршақ бізге би билеп береді.(Қуыршақ билейді.)

Жүргізуші: Көңіл аударыңныздаршы, біздің де кішкентай қуыршақтарымыз бар. Олар бүгін гүлдей жайнап,құлпырып тұр.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

дей келе ортаға қуыршақтар биімен сүйкімді қыздарымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!(«Қуыршақ биі»).

Қуыршақ: Жарайсыңдар, қыздар! Жақсы билейді екенсіңдер.

Жүргізуші: Сағанда рахмет қуыршақ! Бізге сенімен өте көңілді, бірақ бізге ары қарай жол жүру керек. Балалар, кәнеки қуыршаққа рахмет айтып, қоштасайық.(Қуыршақ қоштасып,сахнадан кетеді.)

Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме әуенді, бізді поезд күтіп тұр. Кәнеки, арықарай жол жүрейік.(Балалар поезд әнінің айтады.)

Жүргізуші: Мәссаған, біз қайда келіп қалдық? (Музыка: залға тазша бала жүгіріп шығады).

Тазша бала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер «ойын алаңы» станциясына келдіңдер.Мен өте қуаныштымын. Мен балалармен ойнағанды өте жақсы көремін. Ал, сендер менімен ойнағыларын келе ме?

Балалар: Иә.

Тазша бала: Ал, онда кәнеки «Ұясыз құс» ойынын ойнайық. Ойын шарты: Балалар кішкентай шеңбер құрып тұрады. Бұл шеңберлер-құстың ұясы. Әр ұяда торғай отырады. Бөлменің ортасында ұясы жоқ торғай отырады. Балалар әдемі әуенмен қол ұстасып айналады. Әуен аяталысымен қолдарын көтеріп, ұянын есіктерін ашады. Торғайлар ұяға кіріп-шығып жүреді. Музыка аяқталысымен әрбір құс ұясына кіріп үлгеруі керек.Ойын осылайша жалғаса береді.

«Тақия тастамақ» Балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал. Жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

Тазша бала: Жарайсыңдар, балалар! Сендер сондай көңілді және тату екенсіңдер.Рахмет сендерге балалар.

Жүргізуші: Рахмет саған Тазша бала ойындарын өте қызық болды.Сенімен тағы ойнар едік, бірақ бізге арықарай жол жүру керек. Балалар орындарына жайғасыңдар. («Поезд әні»).

Жүргізуші: Ал, енді біз «Әжейдің ауылы» станциясына келіп жеттік. Алақай, қараңдаршы балалар, ала қоржынын арқалап әжеміз келе жатыр. Қарсы алайық қадірлі қонағымызды.(Сәлемдеседі.)
Отырыңыз әже, балалар сізге арнап тақпақ, ән айтып, би билеп бергілері келіп тұр.(Тақпақтар: Алия, Айымгүл, Әскер Ермек, Дархан).

Жүргізуші: Ал, енді әже балалардың сізге арнаған әнін тыңдаңыз.(«Менің әжем қандай»)

Әже: Рахмет айналайын балаларым.Әнді жақсы айтасыңдар, ал, билеу білесіңдер ме?(«Отырып-тұру» биі.)

Әже: Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Керемет биледіңдер. Сонау алыстан мені мерекемен құттықтап келгендеріне үлкен рахмет. Мінеки, менің сендерге деген базарлығым бар.

Жүргізуші: Сізге де рахмет әже. Сау болыңыз. Біз енді бала бақшаға оралайық.

Әже: Сау болыңдар! Жолдарың болсын!

Жүргізуші: Кәнеки, балалар тездетіп орындарыңа жайғасыңдар. («Поезд әні»).

Жүргізуші: Мінеки, біз балабақшағада келіп жеттік. 8 наурыз – аналар мерекесі, көктемнің сахнасы. Жылы нұрын төгіп көктем келді. Шуағына адамзатты баурап. Табиғат құлпырып бір әдемі әлемге бізді апарады. Кәнеки, балалар аналарымызды мерекемен тағыда құттықтап қояйық.(Тақпақтар: Альмири, Ақбаян, Алдияр, Диас).

Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар! («Апатай»әні).

Жүргізуші: Құрметті аналар қоштасатын сәтте келіп қалды. Құрметті абзал жанды аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 28.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров305
Номер материала 294468
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх